Үндістан — федеративті республика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 09:29, курсовая работа

Краткое описание

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас),Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Содержание

• 1 Тілдер
• 2 Әкімшілік бөлу
• 3 Табиғаты
o 3.1 Геология
o 3.2 Климат
o 3.3 Гидрология
o 3.4 Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
• 4 Тарихы
o 4.1 Колониалдық дәуiр
o 4.2 Британдық Үндістан
• 5 Тәуелсіз Үндістан
o 5.1 Қазақстанмен қатынастары
• 6 Экономикасы
• 7 Мәдениеті
o 7.1 Әдебиеті
o 7.2 Өнері
o 7.3 Музыка мен би
o 7.4 Театр мен кино
• 8 Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 1.71 Мб (Скачать файл)

Қазақстан территориясы көне заманнан Қытай мен Европаны байланыстырып, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болғанына қарамастан, әлемдік туризм аренасында туристік бағыт ретінде таныла қойған жоқ. Қазақстанды әлемдік аренаға шығарып, дүниежүзілік туризмде жақсы табыстарға жету үшін көптеген шараларды жүзеге асыру қажет. Сөз жоқ, Қазақстанды туристік объект ретінде алға жылжытудың ең басты  шаралары болып, мемлекетіміздің туристік ұйымдарының халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуы болып табылады. Сонымен қатар осындай шараларды республика территориясында өткізудің маңызы өте зор. 

Қазақстанның туризмдегі халықаралық ынтымақтастығы ЮНЕСКО және ДТҰ мен Ұлы Жібек жолы бойынша жобаларды жасақтау және жүзеге асырумен, шетелдік мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімшарттар жасаумен іске асырылады.

Қазақстан туризмнің халықаралық аренасында алға жылжуы үшін тек мемлекет ішінде ғана емес, сырт елдерде де ақпараттық туристік орталықтарды құру қажет. Бұл мәселеде туристік ұйымдардың шет елдердегі мемлекетіміздің дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын ұмытпауымыз қажет.

Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл мақаланы жазу барысында Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.  

 

        Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады:

-          Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін)

-         Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы (120-130 кундей)

-         Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.

-         Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.

-         Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде маңызды орынды алады.

-         Батыс Қазақстан өңіріндегі негізгі объектілер бойынша жасалатын экскурсиялық маршруттар үлкен тарихи, археологиялық және танымдық қызығушылыққа ие болып отыр.

 

      Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз [3].     

 

       Жоғарыда айтылғандай біздің республиканың басқа елдермен қатар туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. 10 жылдан бері тұңғыш рет біздің еліміз өркениеттік туризмге бет бұра бастады. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстарындағы туризмді дамытуға арналған көптеген перспективалық жобалар жасақталды. Тіпті шағын ғана ресурстардың өзімен Батыс Қазақстан территориясында мәдени танымдық туризмді ұйымдастыруға болады. 

 

       Туристік қызметті дамытудың үлкен болашағы бар, егер де Қазақстан Республикасындағы туризм қарқынды дами бастаса, біздің ойымызша территориясының көлемімен ғана емес, экскурсиялық маршруттарының тартымдылығы және экономикалық тиімділігінің арқасында Батыс Қазақстанның алдыңғы орынға шығары сөзсіз.          

 

        Көптеген зерттеушілердің еңбектерінің негізінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты мынадай қорытынды жасауға болады. Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті, яғни ол өлкенің тарихи жағдайының өзінділігі, өлкеде әр түрлі тайпалардың өмір сүруі, ескерткіш жасауға ыңғайлы бор тас, ұлы тас, құм тас сияқты шикізат кен орындарының мол болуы, Маңғыстаудың негізгі құрлықтан оқшау жатқандығы [4] т.б.

 

        Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері дегенде ең алдымен өлкенің киелі орындары мен әулиелері еске келеді. Маңғыстау жеріндегі 362 әулиеден басқа да көптеген ескерткіштер өлкенің жерлеу-салттық кешендерінің әр алуандылығын көрсетеді. Оларға ең алдымен кішкентай территорияда шоғырлана орналасу тән. Бұл осы өлкедегі дәстүрлі мәдениеттің оғыз-қыпшақ кезеңінен жаңа заманға дейін үздіксіз жүріп отырғандығының белгісі болып табылады.

Ғылыми еңбектердің негізінде жасалған типологиялық классификацияға сәйкес өлкенің жерлеу-салттық ескерткіштерінің көп түрлілігін, архитектуралық формалардың әр алуандылығын көруге болады. Жаңа заманда Маңғыстаудың сәулет өнері дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл кездегі тас өңдеуші ұсталардың кәсіби шеберлігінің арқасында Маңғыстаудың ескерткіштері өзіндік ерекше белгілерімен өзгешелене бастайды. XIX ғасырдың әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің енуімен байланысты өлкеде сәулет шеберлердің кәсіби артельдерінің пайда болуына жағдай жасады. Осы кезде сондай-ақ қазақ сәулет өнеріндегі атақты «маңғышлақ» мектебі қалыптаса бастады. XIX ғасырдың II жартысы Маңғыстаудың сәулет өнерінің шарықтау шегі болды деп айтуға болады. Бұл кезде архитектураның үлкен құрылыстарының жаңа типтері (сағанатамдар) пайда болды, тас өңдеу техникасының күрделенуі, ескерткіштерді көркемдік безендірудің жаңа формалары қалыптасты. Сондай-ақ, жүргізілген зерттеудің

нәтижесінде аймақ ескерткіштерінің негізгі белгілері: жалпылық сипаты, дәстүрлілігі, ақпараттығы анықталды.

Ескерткіш мәтініне қарай олардың ақпараттық шынайылығының ескерткіштердің баға жетпес тарихи-мәдени екені анықталды. Яғни, ескерткіштегі таңбаларды нақтылау белгілі бір рудың қай кездегі Маңғыстауда қоныстанғандығы туралы мәлімет алынды.

Ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуының тағы бір белгісі бұл - көне заманнан бері өзінің экономикалық жағдайына (көшпелі мал шаруашылық) қарай ұқсас, кейде тіпті өзара туыстас болып келетін тайпалардың (ерте кезде массагет, дақ, сармат, кейінгі кезде оғыз-қыпшақ, түркмен) қоныстануы зор әсер етті. Бұл жайт өлкенің ерекше климаттық жағдайымен қоса, Маңғыстауда көне жерлеу-салттық дәстүрінің жаңғыртылуында маңызды роль атқарды. Бұл тұрғыдан алғанда Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері туған өлкенің тарихын танып білуде баға жетпес құнды дерек болып табылады [5].

Батыс Қазақстан сәулет өнерінің мұрасын зерттеу мен насихаттау қажеттілігі ең алдымен тарихи-мәдени ескерткіштерді жалпы ұлттық қорғау мен жөндеу, болашақта қолдану мәселелеріне байланысты туындап отыр. Жаңадан ашылған ескеткіштерді ғылыми айналымға енгізу, олармен көпшілік халықты таныстыру бүгінгі маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, жерлеу-салттық кешендер жалпы ұлттық мәдениеттің өзіндік бір элементі ретінде әлі күнге дейін зерттелмей және осыған байланысты мүлдем белгісіз күйінде қалып отыр.

Қазіргі таңда, тәуелсіз Қазақстан Республикасының «бет-бейнесі» оның тарихи ерекшелігімен, қайталанбас мәдени өзгешелігімен қалыптастырылып жатқан кезде, Батыс Қазақстанның қайталанбас өзіндік сәулет өнерінің ескерткіштерін дәріптеу өте өзекті мәселе болып табылады. Тарихи ескерткіштердің жеткіліксіз дәрежеде зерттелуі жалпы Қазақстан архитектурасының ғылыми әдебиеттерде жүйелі түрде әлі де болса бейнеленбеуіне әкеп соғуда. Мысалы, көптомдық «Қазақстан тарихы» кітабында Қазақстан архитектурасына бар болғаны 3-4 бет қана арналған. Батыс Қазақстан сәулет өнерін зерттеу тарихи-архаикалық, өнертанымдық мәселе болып табылады. Өйткені бұл ескерткіштердің өзіндік ерекшелігі (ою-өрнегі, форманың өзіндік шешімі, құрылымының өзіндік ерекшелігі) қазіргі кездегі құрылыстарда кеңінен пайдаланылуда.

 

 

  1. Халықаралық туризм нарығының ерекшелігі.

Туристік нарық – бұл туристік қызметті сатушы (жеткізіп беруші) және  сатып алушы мен (сұраныс жасаушы) бірге табыстыратын институт немесе механизм. Туристік нарық кез-келген басқа бір жай тауар нарығына қарағанда тауар қозғалысын сатушыдан сатып алушыға болжамайды. Керісінше, сатып алушы кейінге қалдырылған қызметті алу үшін белгіленген орынға аусып отырады.

Нарық – бұл ауысу саласы. Туристік нарықта ауысу саласы болып табылатындар: туристік қызметтер, яғни туристік индустрия (қонақ үй, ресторандар, саяхат ұйымдастыру және т.б) саяхаттаушылардың әр түрлі қызметтермен қанағаттандыру.

Туристік нарықты бірнеше түрге классификациялауға болады:

  • географиялық - әлемдік, аудандық, жеке елдің ел ішіндегі аудандар, қалалық және тағы басқа нарықтар;

  • халықтық территорияға қатысты – халықаралық туризм нарығы (шығу, кіру), ішкі туризм;

  • қозғалыс бағыты бойынша – нарықтар: келуші туристік лектер және  туристерді қабылдаушылар.

Туристік терминде  “аудан” деген түсінік бар. Ол үш типке бөлінеді:

  1. географиялық аудан, мысалыға Батыс Еуропа немесе Солтүстік Африка;

  1. әкімшілік аудандар, мыс: Ярославль облысы;

  1. табиғи – климаттық аудан, мыс: теңіз курорттары, Тынық мұхит аралы.

Туризм жылдан-жылға әлемдік экономикаға әсер етіп, сонымен қатар жеке елдерде әлеуметтік-экономикасының дамуына әсерін тигізіп жатыр. Осы арқылы туристік сапарға қатысушы адамдар саны әрдайым өсіп отырады.

Ең басты халықаралық туризмнің әлемдік экономикаға зерттеу ықпал бағыты – туристік нарық анықтамасы. Болжаулық туристік нарық турситік қызмет түрін ұсынушы мен келісімге келе алатын потенциалдық мүмкіншілігі бар барлық сатып алушыларды өзімен ұсынады. Бірақ шын мәнінде туристік сұраныс болжауы және нақты нәтиже сай келмейді.

Әр елде шет елдік қонақтардың келу бағалық саны ДТҰ методикасы бойынша іске асады. Бұл әр елде республика аралық деңгейде біркелкі статистикалық санақ жүргізу үшін қамтамасыз етеді. 

ДТҰ-ның мәліметі бойынша 15 жыл ішінде (1975-1990 жыл аралық) халықаралық туристер келу саны екеселенді. 1975 жылы 222 млн келуші туристер тіркелген, ол 1990 жылы олардың саны 457 млн-ға дейін дейін көтерілді. 1991 жылы халықаралық туризм дамуы жай қозғала бастады, бірақ 1992 жылы қайта орнына келе бастады. 1993 жылы келушілер саны 500 млн ға жуық жетті.

1999 жылы әлемдік  халықаралық туризмде келушілер  саны 1998 жылға қарағанда 3,2 % - ға өскен, 657 млн құрайды.

2001 жылытуризм әлемдік  индустриясында қиын кезең болды. Мысалы АҚШ-ғы террористік акт  және әлем экономикасында көптеген  салаларындағы дағдарыс жағдайлары  халықаралық туристік нарықтың  дамуына кері әсерін тигізді. Осы жағдайларға байланысты барлық  саяхаттаушылардың саны 1,3 %-ға төмендеді. Осыған байланысты 4.1 суретте керсетілген.

 

 

 

 

1970-2001 жылғы халықаралық  туристік келу және түсу

 

 

жылдар

Келушілер,

млн

өзгерістер %

ТүсімдерАҚШ млрд доллар

өзгерістер%

1970

166

        -     

17

-

1975

222

34.08

40

127.38

1980

288

29.45

103

153.93

1985

330

14.57

116

12.38

1990

457

6.17

257

20.95

1991

456

-0.32

260

1.06

1992

481

5.51

296

13.75

1993

500

3.83

324

9.35

1994

550

6.05

354

9.23

1995

565

2.73

405

14.44

1996

596

5.49

435

7.52

1997

610

2.39

436

0.09

1998

625

2.37

444

2.01

1999

657

3.2

455

-

2000

698

6.24

475.9

-

2001

689

-1.29

-

-


 

 

 

 

 

Туристік нарықтың маркетингтік бақылау және жеке елдердің салым бағасының, әлем туризмінің халықаралық туристік нарықтың даму мақсатында екі түрге бөлінеді: туризмнің шығу нарығы елден қанша рет шыққанына байланысты анықталады, ал кіру туризмі қанша рет келгеніне байланысты анықталады. Жалпы кіру, шығу саны халыаралық туризмнің ел-реципиенті және ел-генераторы арқылы орналастырылады.

Туристік потоктың генерировалық түріне туристік қызметтік импортты ұсынады, ал өз елінде шетел туристерін күтіп алу және қызмет көрсету – халықаралық туристік қызмет көрсету экспорт түрі.

ХХI ғ-ң басында халықаралық туристік қызмет көрсету экспорты бойынша, ел лидерлері бірінші ондық білгіленді. 4.2 сурет бойынша.

 

 

Таблица 4.2 2001 жылғы бірінші ондық, туристік қызметті экспорттаушылар бойынша.

Информация о работе Үндістан — федеративті республика