Казакстан Азмат согысы мен шетел интервенциясы жылдарында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 20:52, реферат

Краткое описание

Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысыболды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.

Содержание

Кіріспе.
Интервенттердің негізгі мақсаты.
Шығыс майданы.
Черкасск қорғасының тарихи маңызы.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Жетісу майданы жойылды.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 26.07 Кб (Скачать файл)

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.

Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.

Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интервенттердің негізгі мақсаты: 
1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 
2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 
3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 
4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 
5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.

Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.

Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.

1918 жылы сәуір айында Қиыр  Шығыста Жапон интервенциясы  басталды. Нәтижесінде осы жылдың  күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр  Шығысты жаулап алды.

1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.

Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.

1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.

Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.

1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.

 

 

 

 

 

1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды.

Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.

1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.

1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.

1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың  басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.

1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.

1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.

1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.

Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.

1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.

1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.

Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.

 

 

 

 

 

 

 

Черкасск қорғасының тарихи маңызы:

- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;

- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.

Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысыболды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.

Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.

Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.

Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.

Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.

Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.

Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтардаОрал майданы жойылды.

1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.

1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.

1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы –Солтүстік

Жетісу майданы жойылды.

1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.

Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.

 

Қостанай қаласындағы

№5 орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан шетел интервенциясы мен Азамат соғысы жылдарында.

 

 

 

 

                                                         Тексерген: тарих пәнінің мұғалімі

Какимжанова Б.М.

Орындаған: 9 «К» сынып оқушысы

Рахимбаева А

 

 

2014-2015 оқу жылы.

Жоспар:

 

  1. Кіріспе.
  2. Интервенттердің негізгі мақсаты.
  3. Шығыс майданы.
  4. Черкасск қорғасының тарихи маңызы.
  5. Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
  6. Жетісу майданы жойылды.

Информация о работе Казакстан Азмат согысы мен шетел интервенциясы жылдарында