Орман мен дала

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 19:27, реферат

Краткое описание

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.

Вложенные файлы: 1 файл

казахский1.docx

— 25.70 Кб (Скачать файл)

Орман мен дала

     Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.

    Ертедегі египеттіктерге  алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр,  лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің шипалық қасиеті  белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен исі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет.

              Халықтық медицинаның ел арасына  көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу.

   Қазақ халқының емшілік  салтында шипалы өсімдіктерді  пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин заты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, ит-мұрын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.

Айта кететін бір жайт – қазақ халқы дермене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені дермене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шетелдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде жоғары бағаланған. Себебі бұл жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.

Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімінің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.

Кейінгі жылдары ғалымдар алтын  тамырдың құрамындағы экстракттың  ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-буын жүйесін жақсартып, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.

Қазақстан бойынша семізот (алтын  тамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар.

Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері «алтын тамыр» және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайдаланып келді. Халық медицинасында пайдаланылғаны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі.

Терек мамығының зияны.

Кейде адамдар терек ағаштарынан  көрместі көріп жатады. Жаз басталар шақта теректің ақ үлпегі адамдардың аузы-мұрнына кіріп, әбден әбіржітіп болады. Дәрігер мамандардың айтуынша, теректің ақ тозаңы аллергия, демікпе ауруларын күшейтетін көрінеді. Статистикаға сүйенсек, терек бүршігінің ақ ұлпасына Қазақстанның әрбір үшінші тұрғынында кері реакция жүреді. Тал-теректен тараған тозаң адам бойында паленоз ауруын тудырады. Терек мамығы денсаулыққа ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізуі мүмкін. Мамықтардың салдарынан өрт оқиғалары да өрши түсетін көрінеді.

Пайдалы кеңес .

Түйежапырақ.

Буын ауруына шалдыққан адамдарға халықтық медицинаның көмегіне жүгінуге болады. Мұндай ауруға түйежапырақтың берері мол. Ол үшін не істеу керек? Түйежапырақ өсімдігінің жапырақтарын тазалап алып, ет тартқыштан өткізесіз. Одан шыққан жасыл қойыртпақты жақсылап сығып, суын ыдысқа құйып аласыз да ауырған жеріңізге таңып, сыртынан ауа өткізбейтін нәрсемен орайсыз. Таң атқанша ұстасаңыз, буыныңызды қыздырып емдейді.

Ара сүтінің ем екенін білемізбе?

Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да тигізер септігі көп ара  шаруашылығына көңіл бөлінбей отырғаны қынжылтады. Бүгінде ара балының 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауданында да бал шаруашылықтары бар. Аз ғана. Әсел өндіруден де маңызды жаңалықтар орын алуда. Соңғы әлетте араның сүтінен түрлі дәрі жасауға болатындығы анықталып, әлем елдері осыған белді бекем буып, білек сыбана кірісіп кетті. Мәселен, араның сүтінің өзін кәделеп, әртүрлі салада пайдаға жарата бастады. Бұл сөздің латынша атауы – апилак, орысша «маточное молочко» деп аталады. «Жұмыртқаны жарып» шыққаннан кейін 14 күн өткен соң-ақ аналық аралар жұтқыншақ бездерінен сүт бөліп шығара бастайды. Оның құрамы көптеген пайдалы элементтен тұрады.

Араның сүтінің құрамында нуклеин, амин қышқылдары, түрлі дәрумендер, май, тағы басқа микроэлементтер бар. Фармацевтикада одан «Апилак» дәрісін дайындайды әрі косметика өндірісінде кәдеге асырады. Ара сүтінің құрамын зерттеген ағылшын ғалымдары оның көптеген дертке дауа екенін анықтаған. Мәселен, жаңадан «сауылған» ара сүті адам денесіне түскен микробтардың одан әрі өрбімеуіне, қанға түсіп таралып кетпеуіне сеп болады. Қан қысымы үнемі жоғары болатындарға таптырмайтын ем. Дәл осы диагнозбен ауыратындар ара сүтін ішкен соң, құлағының шулағаны басылып, жүрек ауруы бәсеңдеп, ұйқысы жақсара бастайды, тәбеті ашылады. Қандағы холестеринді азайтады. Шала туылған балаларға ем ретінде қолданылады. Сонда олардың салмағы артып, қалыпқа келе бастайды. Дәрумені көп ара сүтінің бұдан басқа да дерттерге дауасы бар. Демікпе дертінен жапа шегетіндерге, кейбір тері ауруларына, қан азайғанда, буындағы ревматизм ауруларына да таптырмайтын ем. Әсіресе бойын­дағы қуаты қайтып, қартайған адамдар үнемі пайдаланса, қан қысымы бір қалыпты болып, көру қабілеті жақсарады. Қан қысымынан зардап шегетіндер күніне 20-30 мг пайдаланған соң, ауруынан айыға бастайды. Урологтар мұның жыныс бездерінің қабілетін дамытатынын айтады.

Ара сүтінен жасалған дәрі — бір шаранаға зар болып жүрген әйелдерге, белсіздік танытатын ерлерге бірден-бір пайдалы ем. Жіті зерттеуден өткен ара сүтінің ерекше қасиетін тапқан дәрігерлер күш-қуатты арттыру үшін оны ғарышкерлерге, спортшыларға аса пайдалы тағам ретінде береді. Есте сақтау қабілетін жақсартуға да септігі мол.

Жуырда Ұлыбританиядағы сән  салондарында косметологтар бет  терісін жаңартудың жаңа әдісін ойлап  тапты. Олар ара уын пайдалана бастады. Бұрынырақта ара уы өте қауіпті деп саналып келсе, бүгінгі зерттеулер оны жоққа шығарып отыр. Алғашқы жаңалыққа құмартушылардың қатары тіптен артқан. Ең алғашқысы Чарльз ханзаданың жұбайы Камилла болыпты. Ол сәндік процедураның кереметтігін айтып, тамсануда. Демек, бұдан кейін жасаруға ден қойғандардың саны тіптен артатыны сөзсіз. Косметологтар ара уының ботоксты алмастыратынын айтады. Одан жасалған маска бет терісін жақсартып, ұсақ әжімдерді кетіріп, тері жасушаларының қартаюын тежейді. Бұл ғажайып жаңалықтың авторы — косметолог Дебора Митчелл. Ол жаңа әрі керемет жаңалыққа құмартушыларды бір рет қабылдағанының өзін 55 фунт стерлингке бағалап отыр. Бұл ем 30 жастан асқан әйелдерге арналған. Косметолог Дебораның айтуынша, соңғы кездері пластикалық хирургияның көмегіне жүгінетіндердің саны кеміген. Сәнқойлар пышаққа түспей-ақ, сұлулығын сақтап қалу үшін арзанырақ осындай көмекке жүгіне бастаған. Жақын арада саудаға құрамында араның уы бар гельдер мен лосьондар түсе бастайды. Оның көмегімен көптеген тері проблемасынан арылуға болады, соның ішінде целлюлитке де әсері мол.

Іркіт жайлы

 

Іркіт - бұл өте айырықша өнім. Өзінің қарапайымдылығына қарамай ол адам ағзасына пайдалы көптеген қасиеттерге ие.

Іркіт бағалы ақуызға бай, соған  орай ол аш қарынды тез тойдырады.

Сондай-ақ, сүтті іркіт майлардан  мүлдем ада, соның арқасында түрлі  диеталарға негіз ретінде және арықтау  үшін де қолданыла алады.

Іркіт калий, кальций, магний, фосфор және де көптеген дәрумендерге бай.

Іркіт ағзадан қожды (шлак), артық  сұйықтықтарды шығаруға ықпал етеді, және зиянды бөлінулерді денсаулыққа нұқсансыз жаңқалайды.

Сүтті іркіт:

-бүйректің жұмысын жақсартып, бауырдың үрдісін қалыпты түрде жұмыс істеуіне ықпал етеді

- ішектің жақсы қызмет көрсетуіне жағдай жасайды, әсіресе диеталарда пайдалы

- ағзадағы артық сұйықтықты шығарады,соған орай қож бен түрлі токсиндердің шығуына әсер етеді

- ревматизмде, гипертонияда көмектеседі,  қан айналымын жақсартады және  атеросклероздың алдын алып, оның  дамуына жол бермейді

- ісік үрдістерін қысқартады (теріде,ішекте)

- жүйке жүйесіне қалыпты әсер етеді

- теріні тазартады

- жүкті әйелдерге өте пайдалы

Сіздерге бірнеше кішкентай  айлаларды ұсынамыз:

Имунитетті нығайту үшін таңертең күн сайын бір кесе іркіт ішу керек. Ол жеңіл іш қуатын (өткізетін) әсер етеді, сондықтан оны үйден тыс түзде жұмыс жоқ уақытта өзініздің мәзірінізге енгізініз.

Бет терісін ағартқыныз келсе, бетінізді лимон қышқылы араласқан сүтті іркітпен жиі сүртініз. Бірақ мұндай кеңесті тері қабатыныз майлы немесе қалыпты болған жағдайда ғана іске асыра аласыз.

Шашыныз әлді және жылтыр болу үшін іркітпен жуыныз.

Іркіт лас-кірді жақсы кетіреді және шаштың түсуін болдырмайды. Іркітке түйе жапырақ тамырының қайнатылған суын қосса, бұдан да тамаша әсер алуға болады. 3 асхана қасығы өлшемімен ірімшік, 3 асхана қасығы өлшемімен сүтті іркітті бірге қоссаныз, мұндай далап бет секпілін игеруге көмектеседі. Бұл далапты тазартылған теріге жұқалап жағасыз, 10 минуттан кейін жылу сумен немесе көк шаймен шайып тастайсыз. Күнге күйген теріден қызыр реңді және ауырпалықты алып тастау үшін, ваннаныздағы жылу суға 2 литр сүтті іркітті құйып, 20 минут ванна қабылдайсыз.

Бетініздегі іркілдектерден (прыщ) айырылғыныз  келсе, келесі түрде дайындалған  іркітті екі ай бойы күнделікті ішесіз:

Лимон қышқылын 0,5 литр мөлшеріндегі суықтай қайнатылған сүтке косасыз.

Мұның бәрі- сүтті іркіт! Ол осындай!

Қымыздық(шавель)

Қымыздықтың адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Оны дәстүрлі және халық медицинасында көптеген дертке дауа ретінде қолданған. Емдік қасиеті өте жоғары.

Қымыздықтың құрамында С, В1, К дәрумендері, каротин, эфир май бар; онда көбінесе органикалық қышқыл, сондай-ақ минералды  заттар (кальций, магний, темір, фосфор) шоғырланған. Емдеу және аурудың алдын алу үшін өсімдіктің жапырағын да, тамырын да, тұқымын да пайдаланады. Қымыздық авитаминоз, құрқұлақ, анемеяны емдеу үшін қолданылады. Құрамындағы С дәрумені темірдің сіңірілуін тездетіп, гемоглобинді көтереді. Көп мөлшерде қолданғанда ішті айдайды, аз болса керісінше, іш тоқтатады. Қышқылдығы төмен гастритте асқазан сөлін ынталандырып,ас қорытуды жақсартады. Халық медицинасында өтті айдау үшін қымыздық шырынынан біраз беретін болған. Тамыры мен жапырағынан жасалған тұнба қан тоқтату және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады.

Қымыз - сол баяғы қымыз...

Адам баласының табиғатында  жыныстық жетілу он төрт жаста басталады  екен. Яғни, осы жаста қарсы жыныстыға  деген қызығушылық оянып, онымен қатынасқа түсуге деген табиғи қажеттілік пайда болады. Ал қажеттілік бар жерде, ол өтелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, табиғаттың жазасы қатал болмақ.

Статистика бойынша ма, әлде жай  өмірден алына салған мысал ма, қазақ жігіттері (опшым жігіттер) орта есеппен 22-27 жаста шаңырақ көереді екен. Тіпті, соңғы кездері «жас отбасына» қойылатын жас талабын 35 жасқа дейін көтеру жөнінде әңгіме шығып жатқанына қарағанда, әскерге кеткен жарынан солдат хат күтіп, бесік тербетіп отыратын үлбіреген келіншекті емге таппайсыз ба деп қалдым.

Сонымен, есептен хабары бар адам жыныстық жетілу мен үйленіп үй болу арасында кемі сегіз, артығы он үш жыл бар екенін аңғарады. Ол жылдарда жас жігіт не істейді? Әрине, қызға барады. Өйткені, ол еркек, «шыбығы сыздайды» (менің сөзім емес, Шерхан Мұртазадан ұрлап алдым). Ол қыз кім, қандай, оған дейін кіммен жатып-тұрды, бұнымен болғаннан кейінгі тағдыры не болатыны оны (қазақ жігітін) алаңдатпайды. Өйткені, ол өзінің болашаққа құрған жоспарына сай өмір сүреді: мектеп бітіру, инстөт бітіру, жұмысқа тұру, машина алу, содан кейін ата-анасына жақсы келін, өзіне адал жар, болашақ балаларына керемет ана болатын идеал қызды іздей бастайды. Міне, сол қыздың арғы-бергі тарихы ғана алаңдатады қазақ жігітін. Сперматиксикоздан зардап шегіп жүрген безеубет бозбала кезінде талай болашақ адал жар мен жақсы келіннің обалына қалғанын астында көлігі бар дипломды жас маман есіне алады дейсің бе?

Хош. Туыстарының алдында бойдақтығына ақталып «Қыздардың бәрі бұзылған, таза қыз жоқ қазір» деп қызарақтап алады да, кеш батқасын жорыққа шығады, қалған-құтқан таза қыздың түбіне жетіп, «пісілген күбінің» санын көбейту үшін. Бойдақ кезінде бәрібір, жуындыға да малып жүре береді, бірақ үйіне әкелетін күбісі стерильный таза болуы тиіс. Үйленгеннен кейін де, сырттан күбі пісіп келуге кетәрі емес, тіпті қажеттілік деп санайды: «Еркекпіз ғой» ©.

Болашақ жарына қоятын талаптары да бар: әдемі болуы керек, күтімді  болуы керек, еркекті рахатқа бөлеудің қыр-сырын бес саусақтай білуі керек. Бұл ең алдымен жүретін талаптар, де факто. Ал де юре: ата-анамды сыйласа, туыстарыма ойнап-күліп шай берсе, бар-жоқты ұқсатса, балаларымды жақсы тәрбиелесе… Де юрені қатырып отырған әйелі де фактодан ақсап жатса, оны басқа жақтан тауып ала саламыз. Екіжүзді өңкей… Де фактоны қатыратын әйел оның бәрін іштен біліп туды ма? Жоға, оқиды да бір жерден, көреді. Мысалы, «Айқаракөз» сияқты сайттардан. Ал үйдегі адал жары ондай сайттарды оқымауы керек, өйткені ол қазақтың жары, қазақтың келіні, қазақтың анасы. Оқымауы керек, бірақ ананың бәрін білуі керек. Білмей жатса, өз обалы өзіне. Бәйбіше деген құрметті «бас» рольді «под бурные апплодисменты» орындау қалған өмірінің басты міндеті болмақ. Тоқал алғыштар, қазақтар көбінесе екінші әйелді әйелді бірінші әйел неше бала тауып әбден шаршағанда, оны келіндерімен жағаластырмау үшін алғанын бір сәт ойланып көрдіңдер ме?

Информация о работе Орман мен дала