Казакстан тарихы
Лекция, 09 Декабря 2014
Шаңды жорық» - қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған жорығы халық арасында осылай аталған. Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады. Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни оның шығыс жағын; дүрбітпен хошауыттар оң жағасын алып жатқан еді.
Менин отаным казакстан
Творческая работа, 27 Ноября 2013
Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.
Казакстан Азмат согысы мен шетел интервенциясы жылдарында
Реферат, 09 Октября 2014
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысыболды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.
Казакстан Республикасындагы жумыссыздык пен инфляция және оны шешу жолдары
Реферат, 04 Декабря 2014
Жұмыссыздықтың пайда болуы және түрлері.
Жұмыссыздықтың зардаптары және оны шешу жолдары.
Казакстандагы жумыссыздык сипаты
Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
Казакстан
Сайт-партнер: referat911.ru
Реферат, 10 Апреля 2014
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Казакстан
Сайт-партнер: yaneuch.ru
Реферат, 10 Декабря 2014
Күнделікті жөндеуге – терең сорапты ауыстыру, көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.
Казакстан-2030
Сайт-партнер: referat.yabotanik.ru
Реферат, 15 Февраля 2011
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 30 жылдан астам уакыт алға озатын даму бағдарламасын бекіте отырып 1997 жылы айтарлықтай батыл қадамға барды. "Қазақстан-2030" Стратегиясы шенберінде реформалаудың ұзак мерзімді бағдарламасының негізгі жеті басымдықтары белгіленді, олар — ұлттык қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастыру, экономикалық өсу, азаматтардың денсаулығын сақтау, білім алуы және жақсы тұрмысы, энергетикалык ресурстар, инфрақұрылым, кәсіби мемлекет. 12 казанда Астанада "Қазақстан-2030" Стратегиясының кабылдануының 10 жылдығына орай конференция өтеді. Қазақстан басшылығы бағдарламаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын шығармақ, расында да олардың мақтанарлықтай реті бар.
Казакстан Тарихы
Сайт-партнер: referat911.ru
Реферат, 28 Января 2013
Облыс экономикасы Қазан революциясына дейін жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген шағын 242 диірмен (оның ішінде 4 су, 47 ат күшімен істейтін және 191 жел диірмені) мен тоң май, сабын және кірпіш зауыттарынан, Қалқаман мен Тобылжан көлдеріндегі тұз өндіру кәсіпшілігінен тұрды (1908). Облыс қойнауының кен байлықтарына мол екенін білген шетелдік кәсіпкерлер 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында тау-кен өнеркәсібіне инвестиция берді. Орыс кәсіпкері Попов 1839 ж. Благодатно-Стефанов зауытын салды.