Азаматтық құқықтық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 07:54, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі......................................5
1.2 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер......11
ІІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары...........15
2.2 Жауапкершілік түрлері..................................................................................19
2.3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................23
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.DOC

— 195.00 Кб (Скачать файл)

Профессор В.М. Хвостов  құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық  мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл  аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында  жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады. [3]

Екінші жағынан, мәжбүрлеуді  мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық қатынас нормаларында әділеттілікті  талап етеді. Мысалы, азаматтық –  құқық мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің  құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің   қатысты   құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттерді орындауда басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, - деп жазады В.Ф. Яковлев, - құқықтық қатынас субъектілерінің  мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.

Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға  айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен жауапкершілікті  жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады.

П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік  тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі  «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған  немесе орындамаған кінәлі адамдарды  қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр». Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді. 

Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды  жауапкершілік ктегориясын  қоятыны сондықтан.

Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың   табылмай  қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.

Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне  есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей заңда қарастырылады. (Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі  принциптерінен туындайды.

Сонымен, заңдық жауаптылық - өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.

Алайда, біріншіден біз  кең ауқымды жауапкершілікті  теріске шығармаймыз, олай етсек  кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек.

Жауапкершіліктің тәрбиелік  мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру  мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.

  Осы ретте «кімге  есеп беру керек» деген мәселе  төңірегінде ойланып көрейік.  Бұған жауап ретінде әрбір  саналы азамат  ең алдымен мінез-құлқы  туралы өз-өзіне есеп беріп  отыруы тиіс деген В.А.  Тарховтың  тұжырымымен толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының  даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.

   Бұл  жерде  жауапкершіліктің екі түрін назарда  ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы  жауапкершілік және үлкен рухани  құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі. Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның  өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.

Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.

Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей  байланысты. Оның алдында жауапты  адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды. [4]

Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз  міндеттілек белгісі  - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып жатады.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік  құқық бұзушылықты жою     шарасы  ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың  дұрыс   қалыптасуы үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де    міндеттеме  орындалмаса,  немесе  тиісінше орындалмаса,  онда міндеттеме      бұзылады   деп    келтіріп   қоймай,   сонымен  ақша-тауар    қатынасына   әсер    етеді. Құқық  бұзушылықтың алдын  алу  және  зиянды нәтиже   болмау    үшін азаматтық  құқықта  міндеттемені бұзғаны үшін  санкция ретінде  азаматтық   құқықтық  жауапкершілік    қолданаылады.

Алайда кейбір санкция  түрлерінде азаматтық құқықтық     жауапкершілік  туындай бермейді. Егер    де   міндеттеменің       орындалмауы       салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын  қолдану      арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге  айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін     мәжбүрлеу жүзеге асырылса  да  бұндай  санкцияны азаматтық    құқықтық      жауапкершілік     ретінде     қарастыруға   болмайды.

Азаматтық     құқықтық  жауапкершілік   ретінде   құқық     бұзушыға      қосымша  міндет  жүктеумен  байланысқан  санкцияларды  түсіну керек.  Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық      бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме  жүктеуі мүмкін    немесе  оған тиісті  азаматтық   субъективті құқығынан   айырылады.  Егер   де  тараптар  мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен  жасалған болса, онда алданған тарап әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле  азаматтық заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар      қолданылмас   еді. Құқық    бұзушыға  қосымша міндет  жүктейтін санкция     түрі азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық    бұзушылықтың  алдын алуға  көмектеседі.

Сонымен, азаматтық  құқықтың  жауапкершілік ретінде құқық  бұзушыға қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесе оған      тиесілі  азаматтық  құқығынан   айыратын  санкция  түрлерін  түсіну  қажет.    Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау      тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті       бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен        сәйкес  келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі,   алайда       жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің туынды    міндеттемені   орындаудан    босатады.

С.Н.Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық      мәжбүрлеу шараларын,  сонымен қатар  борышқордың өзіне жүктелген      міндеттемені  орындауын    түсіндіреді.

Қорғау  шаралары ретінде  құқық бұзушылықтың  алдын алу  және     тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды  қалпына  келтіру  санкция түрлерін       жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау:      міндеттемені орындауға  мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені  жарамсыз   деп  тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады.    Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық     бұзушының   кінәсінен     тәуелсіз    жүзеге  асырылуы    мүмкін.

 

1.2.  Азаматтық  –құқықтық    жауапкершілік    түсінігі    туралы   пікірлер

 

«Жауапкершілік» термині  әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық    жауапкершілікті  кездестіруге   болады.

«Әлеуметтік  жауапкершілік»  түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен     қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі  қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік  - тек  әлеуметтік  жауапкершіліктің түрі  ғана. [5]

Алайда  әлеуметтік   жауапкершілік  ерекше  мағынаға ие  болып,       әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы       жауапкершілік    түсінігіне    ұқсастыруға  тырысады. В.А. Тархованың  пікірі  бойынша: «өзінің  істеген әрекетіне  жауап  бере  отырып  міндеттеменің  реттелу құқығы- юридистикалық  жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық  жауапкершіліктің   осындай   түсінігі  жауапкершілік  түсінігін  шектен  тыс  үлкейтіп,   оның  тәжірибелік  мағынасынан  айырады.

Қоғамдық өмірде «рухани  жауапкершілік» категориясы үлкен  маңызға ие. Ол  ұнамдылықты  бұзу   нормасымен   байланысқан   және  қоғамға  жат  қылықты  қоғамдық  айыптау  түрімен  ерекшеленеді. Әдебиеттерде  және  заңдылықтарда  «экономкалық  жауапкершілік» түсінігі   екі  түрлі   мағынада  қолданылады. Барлығынан  бұрын  ол  «Мүлікті  жауапкершілік»  түсінігімен  астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық  экономикаға өтуімізге және әкімшілік  халықтық әдістің экономикалық  әдіске  өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп  көрсетеді. Яғни нарықтық  қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен  экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық  бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде  экономикалық  жауапкершілікті  юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түріне  айналдырады.

Заң әдебиеттерінде «экономикалық  жауапкершілік» түсінігіне  юридистикалық  жауапкершіліктің  ерекше  бір  түрі  ретінде  қатыстыруға тырысады.

Бұл  жағдайда  әкімшілік-құқықтық  шара  туралы  сөз  болып,   ал  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  түсінігі  қарастырылмады. Алайда, нарықтық  экономика   жағдайында  «экономикалық  жауапкершілік »  түсінігі   мағынасын  жоғалтады.Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  юридистикалық   жауапкершілікті құрайтын,  өзіне  тиісті   барлық  белгісімен   юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түрін  құрайды. [6]

Юридисдикалық  жауапкершілік  үшін  оған   негізгі  төрт  белгі  тән: юридистикалық жауапкершілік  құқық  нормасын  бұзушыға қолданылатын  мемлекттік  мәжбүрлеуге  ықпал  ететін  шаралардың  тек  бір  түрі;  екіншіден, ол  құқықтың бұзылуына жол  берген  тарапқа  ғана  қолданылады;  үшіншіден,  құқық  бұзушыға   тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін   юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға  қолданатын  санкция  заңымен  белгіленуі  керек.

Юридистикалық  жауапкершілік  құқық  бұзушыға  қолданатын мемлекеттік мәжбүрге  ықпал ету   шараларының   ерекше  бір түрі  ретінде саналады.   Сонымен қатар адамдардың  іс-әрекетіне әсер  етет ін   басқа да  тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара  -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық   жауапкершілік  бола  алмайтын  оперативті  ықпал   ету  шаралары  болып  табылады.

Информация о работе Азаматтық құқықтық жауапкершілік