Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 15:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Респубикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әкімшіл-әміршіл жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырады.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс тәжірибелік саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару себебі сияқты арнайы ғылымдармен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3 бет
1 Ұзақ мерзімді активтерді зерттеу теориясы..............................................4 бет
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, түрлері...................................................4 бет
1.2 Материалды емес активтердің түсінігі, түрлері ..........................10 бет
1.3 Амортизация әдістері.....................................................................20 бет
2 Ұзақ мерзімді активтер................................................................................30 бет
2.1 Материалдық емес активтердің аудиті.........................................30 бет
2.2 Негізгі құралдардың аудиті............................................................32 бет
2.3 Ұзақ мерзімді инвестициялар........................................................37 бет
Қортынды ........................................................................................................38 бет
Қолдынылған әдебиеттер...............................................................................40 бет

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая по аудиту.docx

— 88.96 Кб (Скачать файл)

Мысалы. Мекеме сатып алған өндірістік жабдықтан бастапқы  құны – 54000 теңге, 5 жыл қызмет мерзімі соңында оның жойылу құны 2400 теңгеге тең болады. Негізгі құралдар нысандарының жыл сайынғы амортизация сомасы біркелкі есептеу әдісі бойынша мына формула негізінде анықталады:

Бастапқы  құн – жойылу құны =  54000-2400        =     10320теңге

                        Пайдалы қызмет мерзімі         5 жыл

 

Ай сайынғы амортизация  сомасы 860 теңгеге тең (10320/12)

 

Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын олардың  пайдалы қызмет мерзімі ішінде біркелкі есептеу әдісімен анықтау жолы төменде  көрсетілген.

 

Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын  біркелкі есептеу әдісі бойынша  анықтау

Пайдалы қызмет мерзімі

Бастпқы құн

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған амортизация  сомасы

Қалдық құн

1-ші жылдың соңында

54000

10320

10320

43680

2-ші жылдың соңында 

54000

10320

20640

33360

3-ші жылдың соңында

54000

10320

30960

23040

4-ші жылдың соңында 

54000

10320

41280

12720

5-ші жылдың соңында

54000

10320

51600

2400


 

Егер амортизация сомасын  анықтау кезінде бухгалтерге  пайыздық норманы пайдалану ыңғайлы  болса, онда амортизация шамасы (нормасы) есептелген сомадан былай анықталады:

(10320теңге*100%):54000 теңге=20%

Ескеру керек, негізгі құралдар нысандарының пайдалы қызмет мерзімі жойылу құны сияқты, қажет болған жағдайда кейін жасалған шығындарды, нысанның жай-күйінің жақсаруын есепке алып қайта қаралуы мүмкін, сондай-ақ өткізу нарығындағы технологиялық өзгерістері немесе шаруашылық қызметтің шарттарының жағдайларының өзгеру нәтижелері пайдалы қызмет мерзімінің қысқаруына әкеледі.

Азайтылатын қалдық әдісінің мәні – біркелкі есептеу әдісіне қолданылған амортизация шамасы (нормасы) екі еселеніп, әрқашан тек қалдық құнға қоланылады. Мұндай амортизация сомасы жылдан жылға азаяды, сонымен бірге алғашқы жылдары ол әжептеуір жоғары болады. Амортизацияны есептегенде болжамды жойылу құны есепке алынбайды, соңғы жылды қоспағанда. Бұл жылғы амортизация сомасы қалдық құнды жойылуға дейін азайту үшін қажетті шамамен шектелген.

Мысал. Жоғадыда айтылған өндірістік жабдықтың пайдалы қызмет ету мерзімі 5 жыл. Біркелкі есептеу әдісі негізінде амортизациялық аударымдар шамасы (нормасы) – 20 % (100%:5) болады.ал азайтылатын қалдық әдісіне екі еселенген амортизация нормасы 40% (20%*2) тең болады да, әрбір жылдың соңындағы қалдық құнға белгіленген ставка (40%) ретінде қолданылады.

Өндірістік жабдықтың  бастапқы құны 54000 тг және жойылу құны – 2400 теңге былай анықталады:

 

Пайдалы қызмет мерзімі

Бастапқы құн

Екі еселенген амортизация  сомасы

Қалдық құн

1-ші жылдың соңында

54000

5400 * 40%=21600

32400

2-ші жылдың соңында

54000

32400*40%=12960

19440

3-ші жылдың соңында

54000

19440*40%=7776

11664

4-ші жылдың соңында

54000

11664*40%=4666

6998

5-ші жылдың соңында

54000

6998-2400=4598

2400


 

Ескеру керек, бесінші  жылы біз 6998 теңгеден 40%амортизация сомасын есептесек, 2799 теңгеге тең соманы аламыз. Толық амортизацияланбаған құн сомасына мекеме босалқылар, темір сынықтарын және басқа пайдалануға немесе сатуға мүмкін баға бойынша бағалы қалдықтарды қабылдап алуы мүмкін.

Амортизация есептеудің өндістік бірлік әдісінің мәні – амортизациялық аударымдар тек нысанды пайдалану кезеңде ғана анықталады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуаттылығының арасында тікелей тәуелділік бар. Мұнда пайдалы қызмет мерзімі амортизация сомасын анықтау үшін қажет емес. Өндірістік қуаттылығы шығарылған өнім бірлігімен, пайдалану уақытымен, жүретін жол бірлігімен және т.б. өлшенеді.

Өндірісте мекеме негізгі  құралдар нысандарының өндірістік қуаттылығын  сипаттайтын көрсеткіштердің біреуін  таңдауға тиіс. Өндірістік бірлік әдісін таңдаған кезде есепке алу керек, нысанның өндірістік қуаттылықты пайдалануға  байланысты жылдан жалға қатты құбылатын  амортизация көлемі амортизацияның өзгеру тенденциясы жөнінде нақты  болжам бермейді және өзіндік құнымен  қаржылық нәтижені анықтауға тиіс.

Негізгі құралдар нысанының  қалдық құны жыл сайын жойылу құнына жеткенше өндірістік құжаттылықтың  көрсеткішіне тікелей пара-пар (пропорционалды) түрде азайып отырады.

Амортизация сомасын есептеудің өндірістік бірлік әдісі тиімді болады, егер пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен немесе мекеменің  шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен  айрықша шектелсе.

Амортизацияны есептеу әдісі  мекеменің есеп саясатымен белгіленіп, бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті  түрде қолданылуы тиіс.

Машиналарды, жабдықтарды  және көлік құралдарын тезірек жаңартуды  ынталандыру үшін мекемелерге жеделдетілген  амортизация жүргізуге рұқсат беріледі. Мұнда амортизация нормасы арттырылуы мүмкін, бірақ ол екі еседен артпауы  тиіс.

Басқа барлық негізгі құралдар бойынша амортизациялық төлемдер олардың  қызметінің барлық нақты мерзімі  бойынша жүргізіледі.

Амортизация консервацияға  жатқызылатын негізгі құралдар, кітапханалар қоры, өсім малдары, буйволдар, өгіздер  мен бұғылар бойынша есептелмейді. Жалға берілген негізігі құралдар бойынша жалға беруші амортизацияны жалпы тәртіппен есептейді.

Негізгі құралдарға амортизацияны  есептеудің негізгі талдамалы есебі  тіркелімінің мәліметтері болып  табылады, атап айтқанда өнеркәсіпте түгендеу карточкасының (НҚ-6 нысаны) мәліметтері, онда негізгі құралдардың бастапқы құнының және амортизация нормасынан амортизацияның жылдық сомасы есептеледі. Сонан кейін жылдық сомасы 12 айға бөлініп, алынған сомаға ай сайын негізгі құралдарға амортизацияны есептеу жөніндегі есептеу жасалады (5.4.1 кестені қараңыз).

5.4.1 кесте

___________________________кәсіп орын бойынша 20хх

Жылдың_____________________айына амортизациялы0 т-лемдер3 есептеу

Реттік №

Салалар, негізгі құралдардың түрлері

Өткен айға есептелген амортизация

Өтен айда түскен негізгі құралдар бойынша амортизацияның жылдық сомасының 1/12 бөлігі

Өтен айда шығып қалған құралдар бойынша амортизациясының жылдық сомасының 1/12 бөлігі

Есепті беріп отырған айға есептеледі

Дебеттелетін шоттардың коды

1

2

3

4

5

6

7

             

 

Жыл бойы осы шама негізгі  құралдардың жекелеген нысандарының түсуі мен шығуына байланысты амортизациялық төлемдер нысан іске қосылғаннан ейінгі (келесі) айдан  бастап тиісті шамаға ұлғайтылғады, немесе негізгі құралдар нысандарыжойылған, сатылған немесе берілгеннен кейінгі (келесі) айдан бастап, сондай-ақ негізгі  құралдардың жекелеген нысандарының бастапқы құнының толық өтелуі нәтижесінде  тиісті шамаға азайтылады.

Келтірілген  кесте бойынша  негізгі құралдардын амортизациясы  былай есептеледі: өткен айда есептелген амортизация сомасына өткен айда түскен негізгі құралдар бойынша  ағымдағы айда есептелген амортизация  сомасы қосылады да, өткен айда шығып  қалған негізгі құралдар бойынша  ағымдағы айда есептелген амортизация  сомасы шегеріледі.

Сөйтіп, жасалған есептеудің негізінде бір айдың амортизация  сомасы белгіленеді.

Амортизацияны есептеу есепті айдың бірінші күніне мекеменің  теңгерімдік (баластық) есепте тұрған негізгі құралдардың белгіленген  қызмет ету мерзімі бойы ай сайын  теңгемен жүргізіледі де, негізгі  құралдар шығып қалған айдан  кейінгі  айдың бірінші күніне доғарылады. Жаңадан түскен негізгі құралда  рбойынша амортизация (тозу) есептеу  түскен айдан кейінгі айдың бірінші  күнінен басталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында негізгі құралдардың  амортизация сомасын жинақтауға 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоты арналған, қажет болған жағдайда мекеме негізгі құралдардың жекелеген нысандарының амортизациясын есепке алу үшін аталған шотқа қосымша шоттар ашуына болады.

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоты бухгалтерлік теңгерімге (балансқа) қатынасы бойынша пассивті, реттеуші шот болып танылады. Бұл шоттың кредиті бойынша қалдық (сальдо), 2410 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынған негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасының жинақталуы көрсетіледі.

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шотының дебеті бойынша жинақталған амортизация сомасын негізгі құралдар нысандарының есептен шығарылғанда (жойылғанда, сатылғанда және т.б.) шығысқа шығаруды көрсетеді.

Амортизациялық аударымдарды арнайы есептеу негізінде ай сайын  негізгі құралдардың өндірісте, өнімді (тауарларды) өткізу және қызметтер  көрсету және әкімшілік-басқару  мақтаттағы нысандарына жатуына  байланысты өндірістік немесе оралымның  немесе әкімшілік шығындарын есепке алатын тиісті шоттардың дебетіне негізгі  құралдар нысанының амортизациясын есепке алынатын шоттың кредиті бойынша  амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі, ол амортизацияның түзетілген жылдық есептеу бойынша алынады:

 

Тиісті шоттардың дебеті:

7110 «Өнімдерді сату және  қызметтер көрсету бойынша шығыста» - негізгі құралдардың өнімдерді  (тауарларды, қызметтерді) өткізу  процесінде пайдаланылатын нысандарды  бойынша есептелген амортизация  сомасына

7210 «Әкімшілік шығыстар»  - негізгі құралдардың әкімшілік  басқару (жалпы шаруашылық) мақсатындағы  нысандардың амортизация сомасына 

8410 «Үстеме шығыстар»  - негізгі құралдардың өндірістегі  нысандарының есептелген амортизация  сомасына

2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» шотының кредиті

 

Негізгі құралдардың жалға  алынған немесе берілген нысандары  бойынша амортизация есептеуді  жалдау нысаны мен жалгерлік келісім-шартқа сәйкес жалға беруші немесе жалға  алушы (жалгер) жүргізеді. Негізгі құралдардың  жалға алынған және берілген нысандарының амортизациясын есепке алу тәртібі  оқулықтың 5.8 «Жалға алынған негізгі құралдарды есепке алу» бабында жан-жақты қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасындағы негізгі қорларға (құралдарды) индексациялау туралы» қаулысна сәйкес бухгалтерлік есепке алынған негізгі құралдардың тозу сомасы (тозуы толық есептелген нысандарды қоса) негізгі құралдардың құнын қалпына келтіру құнына тиісті өсім коэфиценті бойынша индексациялауға жатады.

Мұнда жоғарыда келтірілген  тәртіп бойынша есептелген амортизация  сомасының негізгі құралдары  индекасациялағанға дейін есептелген амортизация сомасынан артуы  бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен көрсетіледі:

5420 «Негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған резерв»  шотының дебеті

2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» шотының кредиті

 

Мекеменің меншік құқығына жататын негізгі құралдар нысандары  есептеп шығарылғанда (сатылғанда, шығысқа шығарылғанда, өтеусіз тегін  берілгенде және т.б.) олар бойынша жинақталған  амортизация сомасы мынадай бухгалтерлік жазба арқылы шығысқа шығарылады:

2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» шотының дебеті 

2410 «Негізгі құралдар»  шотының кредиті 

 

Негізгі құралдардың жетіспейтін  немесе толық бүлінген нысандары  бойынша жинақталған амортизация  сомасы тиісінше жоғарыдағыдай бухгалтерлік жазбамен шығысқа шығарылады.

Құны өндіріс немесе оралым шығындарына толық енгізілген негізгі  құралдар нысандары бойынша амортизация  есептеу тоқтатылады.

2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы» шоты бойынша кредиттік қалдық (сальдо) меншікті де, ұзақ мерзімді жалға берілген құралдар нысандарының жинақталған амортизация сомасын көрсетіп, шығып қалған негізгі құралдардың бастапқы құнын өтеу көзі ретінде қызмет етеді.

Негізгі құралдар нысандары  пайдалану барысында тозады да, бастапқы құнына қарағанда құнсызданады.

36-«Активтердің  құнсыздануы» LAS Халықаралаық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес активтің (негізгі құралдың – Ж.Т.) баланстық құны өтелетін сомадан асқан кезде, ол құнсызданды деп есептеледі.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі