ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 13:01, реферат

Краткое описание

Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынастар. Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-рының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

Содержание

1)Кіріспе
Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
2)Негізгі бөлім
1)Меншіктің құрылымы мен формалары
2)Меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі

3)Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері.docx

— 76.96 Кб (Скачать файл)

Жекешелендірудің  басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер  өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік  тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының  барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға,  яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендіру  бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде  жүргізілді:

  1. жаппай жекешелендіру;
  2. шағын жекешелендіру;
  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

Жаппай  жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу  болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Екінші  кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру  нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді.  Жекешелендірудің дербес  жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Қазір осы  қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен  қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен  нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай  дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің  жаңа қатынастары пайда болды. Олар:

- жеке мүлікті - жеке тұлға  ретінде кәсіпкер иеленеді;

- ұжымдық  тұлғалар тобы мен ұжымдар  мүлкінің иелері (заңды тұлға  ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);

- мемлекеттік  - меншік  пен оның халқының  меншігін үкімет басқарады.

Республика  заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің  аралас формаларын құруға болады. Қазір  әлемде меншікті мемлекет иелігінен  алып, жекешелендіру нәтижесінде  меншіктің жаңа қатынастарына көшу  дамуда деп айтуға болады.

Республикадағы  аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға  мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік  нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті  бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді  жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Республикада  жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.

Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргізілген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен  іске асырылған:

  • нарықты бейтараптандыру;

- аралас  кәсіпорындарды  құру үшін жағдайлар  жасап, оларды дамыту;

  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

- мемлекеттік  кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен  меншікті мемлекет иелігінен  алу.

Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген  жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне  әкелді.

Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне  мыналар жатады:

1. Шаруашылық  субъектілеріне меншік формасының  ерікті және сапалы түрлерін  таңдауға мүмкіндік беру. Меншік  оны кім билейтініне қарамастан  жұмыс істейді, ал ол жұмыс  жасаудан бас тартты деген  пікірлер туындаған. 

2. Меншіктік  қатынастар меншік субъектісі  мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке  меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары  жатады. Егер меншікті шеттету  жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп  шығу тек қағазда жазу түрінде  ғана болса, онда қазіргі меншік  өзінің мотивациялық күшінен  айрылып, шығармашылық бастамашылық  болуын доғарады. Нарық пен жеке  меншіктің басты артықшылығы  - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай,  нарықтың өзін-өзі реттеушілік  заңы «көрінбейтін қол» әрекетін  жоймауы.

3. Жеке  кәсіпкерді заңдық және қаржылық  қатынастарда қолдау, меншік иесін,  шағын және орта бизнесті  жеңілдетілген  несие, шикізат, материалдарға  жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз  ету.

4. Қазақстанның  өтпелі экономикадағы жеке меншіктік  қатынастарының өзгерудегі ең  қиын мәселе - мемлекеттік меншікті  билейтін органдарға бақылау  жүргізу болып табылады. Олар  мемлекет иелігінен алып,  жекешелендіруді  жүргізе отырып, еңбек етуші меншік  иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

 

Түйін

Меншік  қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар  қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынастар.

Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-рының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

Меншік  формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен  алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде  маңызды орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

 

«ЭССЕ»

Тақырыбы: «ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және  экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері»

 

 

 

Орындаған: Алибекова А.

ҚҚ 121топ

Тексерген: Төлешова Г.

 

 

 

 

Талдықорған-2013ж.

 

 

 

                         

 

                    Жоспар:

1)Кіріспе

Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

2)Негізгі бөлім

1)Меншіктің құрылымы мен формалары

2)Меншік көптүрлілігінің  объективті қажеттілігі

 
3)Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы  меншікті мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру

 

 
 

 

 

 


Информация о работе ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері