"Директ-костинг" жүйесі туралы және оның ерекшеліктері. Осы жүйе бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

"Директ-костинг" жүйесі – бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі.
«Директ-костинг» жүйесі негізіндегі басты принцип – айнымалы және шығындарды бөлек есептеу және тұрақты шығындырды есеп беру кезеңінің зияны ретінде қарастыруы. Осы жүйе бойынша өзіндік құнды калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген көлемінде тұрақты шығындарды өзгермейтін көлем деп белгілейді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
І. «Директ-костинг» жүйесініңтеориялықнегізі.
1.1. «Директ-костинг» жүйесініңпайдаболуы, мәні, ерекшелігіжәнедамуы.........6
1.2. «Директ-костинг» жүйесі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері.........10
1.3. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау.........12
II. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру.
2.1.«Директ-костинг»бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру..........................15
2.2.«Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау..........................................................................................................19
2.3.Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру......................................................21
II.«Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану.
3.1.Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау................................................................26
3.2.«Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау....................31
3.3.Калькуляциялаудың «Абзорпшн-костинг» және «Директ-костинг» әдістерін салыстыру...................................................................................................................32
Қорытынды...........................................................................................................36
Колданылған әдебиеттер............................................................................38

Вложенные файлы: 1 файл

Директ-костинг жүйесі.doc

— 113.16 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе........................................................................................................................3

 

І. «Директ-костинг» жүйесініңтеориялықнегізі. 
1.1. «Директ-костинг» жүйесініңпайдаболуы, мәні, ерекшелігіжәнедамуы.........6 
1.2. «Директ-костинг» жүйесі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері.........10

1.3. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау.........12

 

II. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру. 
2.1.«Директ-костинг»бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру..........................15 
2.2.«Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау..........................................................................................................19 
2.3.Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру......................................................21

 

III.«Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану.

3.1.Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау................................................................26 
3.2.«Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау....................31

3.3.Калькуляциялаудың «Абзорпшн-костинг» және «Директ-костинг» әдістерін салыстыру...................................................................................................................32

 

Қорытынды...........................................................................................................36 

Қолданылған әдебиеттер............................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор.

Әсіресе қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың дамуы шарттарында басқарушылық есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтижесінде басқарушылық есеп және оның жүйесі - калькуляциялаудың мәселелері өзгеріп дамуда.

Калькуляциялаудың осы шарттардағы  мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу, есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Осы кезге дейін өндірістік есепті және өзіндік құн сияқты негізгі  түсініктерге ортақ ой айтылмаған. Шығындарды 2 бөлімге элементі бойынша  және калькуляция баптары бойынша  топтау жайындағы дебаттар әлі де басылатын емес. Теорияда өндірістік есеп жоқ. Ал соңғы жылдары көп талқыланған проблема - өзіндік құнды калькуляциялау. ТМД елдері ғалымдарының назарын аудартқан толық емес өзіндік құнды есептеу әдісі, толық өзіндік құнды калькуляциялаудың альтернативті әдісі болды.

Бұл әдіс АҚШ-та «директ-костинг» деген  атау алса, Ұлыбританияда - «маржиналькост», Германияда – «шектік шығындар есеп жүйесі», ал Францияда - «маржиналдық бухгалтерия» деп аталды.

«Директ-костинг» жүйесінің негізгі  идеялары Шет елдердің Дж. Фостер, К. Друри, Дж. Риса, Р: Энтони және т.б. ғалымдардың  еңбектерінде ашылып жазылған. Ал ТМД елдерініңМ.А. Вахрушкина, К.Ш. Дюсембаева, Т.П. Карпов, В.Э. Керимов еңбектерінде қарастырылған .

Бухгалтерлік есептің №2 "Пайдалар мен шығындар туралы есеп" стандартының мазмұны ҚР-да шығындарды есептеуді ұйымдастыру "директ-костинг" жүйесі бойынша жүргізілуі керек екендігін куәландырады. Бұл есепте тұрақты шығындар өндірістік өзіндік құнға жатқызылмайтын және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығындарына жатқызылған.

"Директ-костинг" жүйесі – бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі.

«Директ-костинг» жүйесі негізіндегі  басты принцип – айнымалы және шығындарды бөлек есептеу және тұрақты  шығындырды есеп беру кезеңінің зияны ретінде қарастыруы. Осы жүйе бойынша өзіндік құнды калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген көлемінде тұрақты шығындарды өзгермейтін көлем деп белгілейді.

«Директ-костинг» жүйесінің бірнеше  айрықша ерекшеліктері бар:

    • өндірістік есепті айнымалы және тұрақты деп бөлуі;
    • өнімнің өзіндік құнын шектелген шығын бойынша калькуляциялау;
    • табыс туралы есеп берудің көп кезеңдерден тұруы.

      Осыған байланысты  осы курстық жұмыстың тақырыбы  өзекті деп айтуға болады.

Бұл жүйе өткізуге негізделген. Өткізудің көлемі қаншалықты көп болса, кәсіпорын пайданы соғұрлым көп алады. Дайын өнімді және аяқталмаған өндіріс айнымалы шығындар бойынша есептеледі. Айнымалы шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау өнімнің баға деңгейіне үлкен әсер етеді, бизнестегі өндірістің басқа да сегменттерін ынталандырады.

«Директ-костинг» жүйесін пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньң қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүйенің ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеп, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жұмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді. Өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  «директ-костинг» жүйесінің пайда  болуы және дамуы, «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау, «директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру міндеттері бойынша  толық ақпараттар беріліп, «директ-костинг» жүйесінің дамуы тарихы мен шығындарының жіктеу, жүйеге сәйкес өндірістік есепті ұйымдастыру тәсілдері көрсетіледі. Шығындар классификациясы – басқару шешімін қабылдау, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат алу және оларды жедел басқару үшін анықталған белгілері бойынша оларды топтастыру жүргізіледі. Ол өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, өндірістік шығынды талдау және есепті ұйымдастыру негізінде жатыр. Классификация бір шығынды екінші шығыннан ажырататын барлық белгілерді көрсетеді. Өндірістік есепті ұйымдастыру, біріншіден, пайдаланатын бухгалтерлік шоттар жүйесі, екіншіден, өз шығындарын топтаудағы кәсіпорынның қолданатын шешімдері бойынша жүргізілетін болады.

Екінші бөлімде «директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау, ал үшінші бөлімде  кәсіпорынның зиянсыздығын талдау, «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерін  салыстыру міндеттері бойынша мәліметтер ұсынылып, шешімдер қабылданады. Ұйымның зиянсыздық деңгейін түрлі тәсілдермен зерттеп, талдау жасалынады,сонымен қатар «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталып, әрбір бөлімше ашылып көрсетілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты –нақты кәсіпорындар мысалында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды көрсету, басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы жүйенің маңыздылығын ашу, қазіргі  еліміздегі нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бухгалтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретіндігін, «директ-костинг» жүйесін қолданудың тиімділігі мен дұрыстығын талдау.

Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттерді шешу қарастырылды:

- жүйенің теориялық аспектілерін  қарастыру;

- өндірістік есепті  ұйымдастыруды  көрсету;

- шығындардың осы жүйе бойынша  жіктемесін зерттеу;

- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау  және шығын есебін жетілдіру;

- жүйе негізінде кәсіпорын зиянсыздығын  талдау.

Жұмыстың  зерттеу объектісі  – еліміздегі сыра өндіретін кәсіпорындар.

Зерттеудің ақпараттық базасын «Директ-костинг» жүйесі бойынша Қазақстандық және шетел авторларының еңбектері, ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы, ҚР-ң Қаржы Министрлігі бекіткен «Бухгалтерлік стандарттар мен типтік шоттар жоспары» құрайды.

Курстық жұмысты орындау барысында кәсіпорынардың статистикалық көрсеткіштері, бухгалтерлік операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы,  «директ-костинг» жүйесі бойынша әртүрлі метематикалық формулалар,бухгалтерлік есептің өзіндік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қолданылды.

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі – 38 беттен, 9 кестеден, 9 суреттен, 2 графиктен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

І. «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі

 

1.1. «Директ-костинг»  жүйесінің пайда болуы, мәні, ерекшелігі  және дамуы

 

 

Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т.Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіне негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар  - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді  материалдар  мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы.

1930 жылдары «директ-костинг» идеясының   дамуына  К.Руммель, В. Раутенштараух,  Дж.Ульямс және Ч.М.Кноппель көп  үлес қосты. Олар «директ-костинг»  принципі бойынша шығын есебін  ақпараттық құрал ретінде пайдалануды  , практикалық меңгеруді, аралық  бюджет және өндірістің критикалық  көлемін дайындап  шығарды. Соңғы  графикте көлем, өзіндік құн  және пайда көрсеткіштері арасындағы  байланыс жақсы көрінеді. Бұл  жүйенің негізгі идеясын  1936 жылы  американдық экономист  Д.Ч.  Хоррис құрды.

«Директ-костинг» жүйесінің АҚШ-та пайдалана басталуы  1953 жылы американдық  бухгалтерлер ассоциациясы бұл әдісті жариялауымен байланысты болды. 1961 ж. осы ассоциация «директ-костинг» қолданған 50 ірі фирманың талдауын жариялады [1].

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін «директ-костинг» жүйесін ұйымдастыруда неміс ғалымы Г.Г. Плаут үлкен үлес қосты. Ол жүйеде жоспарлы шығын есебі мен шекті шығын есебін біріктірген «стандартты «директ-костинг»»  интегралды жүйесін құруға бас бұрды.

Халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі өзінің даму процесінде 5 эволюциялық  кезеңнен өтті:

- саудалық(1800 жылға дейін);

- кәсіпкерлік (1900 жылға дейін);

- ұйымық (1950 жылға дейін);

- оптимизациялық (1950-1975);

- стратегиялық (1975 жылдан бастап).

Басты кезеңдердің бірі оптимизациялық кезең болып табылады. Бұл кезең  бухгалтерия тактикалық мәселелелерді  шешумен  қатар ЭЕМ де есеп беруді пайдалану негізінде басқарудың  стратегиялық мәселелерін шеше бастады  және «директ-костинг» есеп әдісі негізі болып табылатын өндіріс көлеміне байланысты шығындардың тұрақты  және айнымалы болып бөлінуімен сипатталады [2].

Қазіргі уақытта әлемдік практикада «директ-костингтің» екі нұсқасы  қолданылады:

  • есепте тек айнымалы шығындар пайдалануға негізделген қарапайым «директ-костинг»;
  • дамыған «директ-костинг», бұл жағдайда өндірісте және өнімді өткізуде өзіндік құнға айнымалы шығынмен бірге тұрақты шығын есепке алынады.

Қарапайым «директ-костингтің»  екі  сипаты бар:

    1. Бұл әдіс тұтас кәсіпорындағы шығару, өткізу және шығындарды талдау үшін қолданылады.
    2. Бұйымның өзіндік құнына кіретін шығын векторының критерийі де олардың айнымалы болып келеді.

Информация о работе "Директ-костинг" жүйесі туралы және оның ерекшеліктері. Осы жүйе бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау