Қатты қанаттылар тобының жіктелуі.Морфо-биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2015 в 10:59, реферат

Краткое описание

Қатты қанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді.Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3 мм-ден 155 мм-ге дейін. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп,қанат жүйкелері жойылып, қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған. Ол, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Қатты қанаттылар
Ә)Жартылай қатты қанаттылар
Б)Жапырақ жемірлер
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қатты қанаттылар тобының жіктелуі.Морфо-биологиялық ерекшеліктері.docx

— 292.20 Кб (Скачать файл)

       Бізтұмсық қоңыздар (Сurculіonіdae) – қатты қанаттылар отрядының қоңыздар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде 45 мың,Қазақстанда 1,4 мың түрі кездеседі. Тұмсығы созылыңқы келген, кеміргіш ауыз қуысымен аяқталады, буылтық мұртшалары бар. Бізтұмсыққоңыздардың ұзындығы 25 мм-дей, көк жасыл, күлгін жолақты қара қызыл, сарғыш түсті болады. Дернәсілдері аяқсыз, ақ түсті, көбелекжұлдызқұрттарына ұқсас; жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ сатылары арқылы көбейеді. Ұрғашы Бізтұмсық қоңыздар 1,5 мыңға дейін жұмыртқа салады. Топырақта немесе өсімдік сабақтарында, гүлінде, тамырында, жемісінде өніп-өсіп, жасырын тіршілік етеді. Бізтұмсық қоңыздар тұмсықтарының құрылысына қарай қысқа және ұзын тұмсықтылар болып, ал қоректену ерекшеліктеріне қарай монофагтар, олигофагтар жәнеполифагтар болып бөлінеді. Бізтұмсық қоңыздар – өсімдік қоректі жәндік, көпшілігі ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкестері. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін бүлдіріп, ағаш сүрегін зақымдайды.

Шел қабық коңыздары (Scolytus) - қабықжегіштер туысынан. Денесі 1,5-7 мм, қара немесе коңыр қоңыз. 200 түрі белгілі; ТМД-да 50 түрі оңтүстік аймақтар мен Қиыр Шығыста таралған. Жапырақты ағаштардың кабығының астын мекендейді. Қабықты және қабық шелін жеп, үнгіп жол салады. Ормандар мен жеміс ағаштарының зиянкестері. Ең зияндылары әжімді Ш.қ.қ., (S. rugulosus) жеміс ағаштарында, кайың Ш. Қ . Қ . , (S. ratzeburgi), қайында және шегіршін Ш.к.К., (S. scolytus), шегіршінде дамиды.

 

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

 

 

       Қатты қанаттылар немесе қоңыздар отряды  -  Coleoptera.  Қатты қанатты насекомдар немесе қоңыздар үлкен кішілігі (0,3-180 мм дейін), дене құрылысы, түсі және тіршілік ету жағдайы алуан түрлі болады. Ауыз мүшелері кеміргіш, 2жұп қанаты бар. Кейде қанаттары толық жетілмеген немесе мүлде болмайды. Личинкалары камподео немесе құрт тәрізді, қуыршақтары ашық. Көпшілік түрлері моновольтинді, кейбіреулері жылына 2-3 рет ұрпақ береді, генерациясы көпжылдық түрлер де кездеседі. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Көпшілігі ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, сонымен қатар қоңыздар шіріген заттарды (сапрофагтар), зиянды жәндіктерді (жыртқыштар) жеп көп пайда келтіреді, табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебеттер:

 

 1. Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология, Алматы, «Қайнар», 1994, 336 б.

2. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар  зоологиясы, Алматы, 2005.

  3.www.google.kz

  4.wikipedia.kz

 


Информация о работе Қатты қанаттылар тобының жіктелуі.Морфо-биологиялық ерекшеліктері