Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 07:08, реферат

Краткое описание

Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті.

Содержание

Негізгі бөлім
Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары
Отын-энергетикалық кешенді дамыту
Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

1 билет.docx

— 39.33 Кб (Скачать файл)

ҚҚТ әдісі бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезінде ҚҚТ-ның одан ары дамуын көздейтін бірлескен өндірістерді ұйымдастыруға байланысты трансұлттық компаниялардың өңірлік өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет болады.

Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. 

 

Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы 

 

Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы деп өңдеу саласындағы өнеркәсіптің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін кәсіпорындарының жиынтығын айтамыз.

Шикізат аймағының көлемі және құрамы өндіруші кәсіпорынның қуатына, шикізаттың түріне, оның тасымалдау мүмкіндігіне, шаруашылықтың мамандығына, шығаратын өніміне және т.б. факторларға байланысты.

Шикізат аймағының көрсеткіші көбінесе сатып алу жиілігіне, шаруашылықтардың санына, бір шаруашылықтың сатып алу көлеміне, шикізатты жеткізу қашықтығына, мамандандырудың деңгейіне, ықшамдылығына және т.б. байланысты болады.

Дайын өнімнің өзіндік құнына шикізаттың үлесі 60-80 пайыз болатын өңдеу кәсіпорындарында шикізатқа деген талап төмендегідей болады:

–       өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және құрал-жабдықтың толық қуатын пайдалануды қамтамасыз ететін шикізаттың болуы;

–       шикізат сапасының өте жоғары болуы, себебі өнімнің шығымы мен сапасы соған байланысты.

Белгілі дәрежеде (пісу дәрежесі, белок пен витаминнің шамасы, бейорганикалық тұздар, қаттылығы және т.б.) шикізатта қажетті қасиеттері болмаса, онда жоғары сапалы өнім алу екіталай.

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының шикізаттары тірі ағзалар болып саналады, сондықтан оларда биохимиялық процестер жүреді. Осы процестердің жүруіне байланысты шикізатта биохимиялық өзгерістер пайда болып, шикізаттың сапасы төмендейді, соның салдарынан ысырапшылық пайда болады. Өсімдікті пайдаланатын шикізат өндірісі, көбінесе, маусымдық болып келеді, ал олардың көп түрлері тез бұзылады және тасымалдауға жатпайды.

Шикізаттың сапасын экономикалық бағалаудың маңызды көрсеткіші ондағы пайдалы заттардың шамасы болып саналады. Мал өнімінен алынатын шикізатта адам өмірі үшін маңызы бар В тобындағы витаминдер, минералды заттар (калий, фосфор, темір), белок және т.б. болады. Өсімдік шикізатына: астықтағы – белок, қант қызылшасындағы – қант, май дақылдарының дәндеріндегі – май, картоптағы – крахмал және т.б. жатады. Осы факторлармен өнімнің сатылған көлемі, баға деңгейі, өңделетін өнімнің материал сыйымдылығы, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, өндіріс қуатын және негізгі қорларды пайдалану, сонымен қатар өндірістің тиімділігін көрсететін басқа да көрсеткіштер байланысты болады.

Өз кезегінде, пайдалы заттың көлеміне, соның ішінде өсімдік шикізатына оның сорттық құрамы, климаттық жағдайы, өсіруді қамтамасыз ететін агрономиялық технологиясы әсер етеді. Осыдан барып пайдалы заттың көлемі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, сондықтан шикізаттың бірлігінен шығатын өнім көлемі, өнімнің өзіндік құны және т.б. көрсеткіштері осыған байланысты болады. Шикізаттың келіп түсу уақытының ұзақтығы мен тасымалдау арақашықтығының маңызы өте зор. Тамақ өнеркәсібіндегі көп операциялардың механикаландырылғанына байланысты шикізат өңдеу технологиясына белгілі талаптар қойылады. Мысалы, тұмшалар жасау үшін қажетті көкөністердің үлкендігі, пісу дәрежесі, қоюлығы бірдей болуы керек.

Шикізаттың сапасы жоғары болған жағдайда өнімнің бірлігіне кететін шикізат азайып, сапасы жоғарылайды, өнімнің еңбек сыйымдылығы, энергетикалық ресурстардың шығыны, тасымалдауға кететін қаражаттар да азаяды.

Қорытынды

Қазақстанда жылдан жылға көбейіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып саналады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негізгі қозғаушы «локомотивтерінің» бірі және алдын ала бағалау бойынша ондағы көмірсутегілердің жалпы қоры 8,0 млрд тоннаны құрайды. Сондықтан ол күтіліп отырғандай, Қазақстанда көмірсутгілер өндіру дің неғұрлым елеулі өсімін қамтамасыз етеді.

Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары – шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға қарағанда аз шығын шығады.

Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсенді түрде енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөніндегі қызметті ынталандыру қажет.

Өнімді пайдалану кезеңін экологиялық сертификаттау және төлемдерді жетілдіру бағдарламаларын түзу мен іске асыру қажет.

Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді

 

 

 

 

Жер кадастры[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.[1][2]

Мемлекеттік жер кадастры

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі.

Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Жер кадастрының құрамдас бөлігі суар- 
малы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.  Мемлекеттік жер кадастры (республика, облыстар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі  және еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындаумен қамтамасыз  етіледі.

Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып саналады.

Сәлімгерей ҒАББАСОВ,

Мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа схемасы қазір Қазақстанда дамып келе жатқан жер кадастр жүйесі бұрынғы Кеңес жүйесіндегі жер кадастрынан түбегейлі басқа екендігін айқындайды. Оның ең басты ерекшелігі, айырмашылығы кадастрдің құқықтық және қаржылық байламдары мәндерінің, қызметтерінің өсуі. Бұл жағдай халық шаруашылығының барлық салаларына нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты бір айырмашылық – жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін қолдану, жетілген өлшеуші, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар, технологиялар қолданып, барлық процестерді автоматтандыру.

1)           Жер кадастрының негізгі принциптері;

2)           Жүйесінің бірыңғайлылығы;

3)           Мәліметтердің сенімділігі;

4)           Мағлұматтардың толықтығы;

5)           Үзіксіздігі;

6)           Құжаттылығы;

7)           Мәліметтердің  көрнектілігі, анықтылығы қолжетерлігі;

8)           Үнемділігі;

9)           Орталық мемлекеттік басқару.

Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.

Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жәй-күйіне, пайдалануына байланысты алқапта бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.

Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлер туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай күйі, пайдалануы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.

Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары (бағалық) – оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері кәзіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.

Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.

Жер кадастрының үнемділігі. Кәзіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және оларды кәзіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының үлестіруі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлік жұмыстарды  бірдей  әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіңдік береді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агентікке және оның территориалдық органдарына жүктелген, осы Агенттік пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды және басқа жер-кадастрлік жұмыстарды басқарады.

Ол топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспар-картографиялық материалдарды құру, жерлерді тіркеу, есепке алу, бағалау бойынша нұсқауларды, әдістемелерді жасап, бекітеді. Агенттік жер көлемдерін, олардың санаттар, алқаптар, жер пайдаланушылар бойынша үлестірілуі туралы мәліметтерді жүйелендіруді, зерттеуді, сақтауды, сондай-ақ қажетті жер кадастрлік құжаттарды жарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.

Жер кадастрлік жұмыстарды Агенттіктің территориалдық органдарымен қатар республиканың жерді үйлестіру қызметінің әртүрлі кәсіпорындары, ұйымдары жүргізеді. Ал кейбір жұмыс түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес кадастрлік фирмалар мен бюролар орындайды. Осы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен Агенттік жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары