Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 07:08, реферат

Краткое описание

Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті.

Содержание

Негізгі бөлім
Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары
Отын-энергетикалық кешенді дамыту
Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

1 билет.docx

— 39.33 Кб (Скачать файл)

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары
  2. Отын-энергетикалық кешенді дамыту
  3. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды қажетті көлемде алу үшін ел дайын және ғылыми сыйымды өнімнің күшті экспорттық әлеуетіне ие.

Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстанның артықшылығы көп. Онда тек ішкі қажеттіліктермен қоса, әр түрлі елдерге экспорттауға жетерлік шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың ауқымды бөлігі бар. КСРО құлағаннан кейін бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналды, олардың көпшілігі үшін отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету үлкен мәселе тудырады. Бұл мәселе, әсіресе, Украина, Белорусия, Армения, Грузия елдері үшін өзекті болып отыр. Мысалы, Украинаға ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 40 млн тонна мұнай қажет болса, бұл ел оның тек 5 млн ғана өндіреді. Сондай-ақ Украина газ, ағашпен жақсы қамтамасыз етілмеген. Белорусияның да отын-энергетикалық ресурстары жеткіліксіз, сондықтан ол Ресейден 15 млн тоннаға дейін мұнай және үлкен көлемде газды экспорттаувға мәжбүр.

Қазақстанның отын-энергетикалық кешені өте күшті. Қазақстанда отын-энергетикалық ресурстарды өндіру және өңдеу, оларды қолдануға ыңғайлы етіп тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін мүмкіншілігі мол кәсіпорындар, құралдар мен құрылғылар бар.

Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:

-         минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

-         жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары

Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.

Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімі жатады. Материалдарды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.

Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды.

Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді.

Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.

Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегідей түрде көрсетуге болады:

  1. табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) – көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдің табиғи механикалық энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
  2. отын ресурстары – өңдеу кезінде пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т. б.).
  3. негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (қайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пайдаланылған газ, өндірістегі өнімдердің жылуы және т. б.).

Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Олар төменде көрсетілгендей сараланады:

–            өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші, қосымша;

–            экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;

–            алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылықтық;

–            шыққан тегі бойынша : мал, өсімдік, кен қазбасы;

–            өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;

–            өңдеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама (қалдықтар, көмекші        өнімдер).

Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары – шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға қарағанда аз шығын шығады.

Өнеркәсіпте өндіріс және пайдалану үшін кеелсілерге мүмкіндік беретін жасанды және синтетикалық материалдвр түрлері тиімді деп саналады:

–       қажетті материал деп саналатын саладағы өндіріске жоғарғы қарқынмен және көп көлемде өндіру;

–       өңдеуші өнеркәсіп салаларында техникалық базаны және технологиялық процестерді интенсификациялауды жетілдіруді;

–       бұл материалдар қолданылатын салаларда өнім сапасын жақсаруға және ассортиментін кеңейтуге;

–       бұл материалдардан жасалатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;

–       соңғы өнеркәсіптік өнімдерінің өндірісінің қоғамдық шығынын қысқартуға.

Тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарынамыналар жатады:

–       отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;

–       өнеркәсіп кәсіпорындарында шикізатты пайдалануға мұқият және сапалы дайындалу;

–       шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;

–       шикізатты кешенді пайдалану;

–       өндіріске химия саласын ендіру;

–       өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;

–       шикізатты қайта пайдалану және т.б.

Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланылатын минералдық және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кез келген өндіріс саласында пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне қарай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Шикізатты алғашқы өңдеу түрлерінің негізі болып келесілер саналады:

–       шикізатты байыту (қара және түсті металлургияның рудасы, кокс алу өндірісіндегі көмір);

–       шикізатты алдын ала тазалау және стандарттау (тоқыма өнеркәсібінде: мақта, тері);

–       бұзылмайтын етіп өңдеу (тамақ өнеркәсібінде: ет, балық, көкөніс);

–       кептіру, ұзақ сақтау (ағаш өңдеу өнеркәсібінде: ағаш).

Байыту. Бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында болатын өнімді жеке-дара алу үшін оны алғашқы өңдеу түрі. Байыту келесі мүмкіншілікті қамтамасыз етеді:

–       табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;

–       зиянды қоспаны алып тастау;

–       минералды бір-бірінен ажырату.

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі – концентрат, ал екіншісі – қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір рудасының көпшілігі, фосфориттердің барлығы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады:

–       өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;

–       дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;

–       дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;

–       шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу шығындары азаяды;

–       көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшелігіне байланысты өнімнің материалдық сыйымдылығын азайтуы тиіс. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат жүргізуі қажет.

Отын-энергетикалық кешенді дамыту

Мұнай және мұнай өнімдеріне жағдаят өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылда мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер экономикасынан табыс алу мақсатында басқа елдерге қапитал экспорттау жұмысы жүргізілуде.

Қазақстанда жылдан жылға көбейіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып саналады.

Жалпы алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзімді болашағында отын-энергетикалық кешеннің дамуы Каспий теңізінің қазақстандық секторының дамуымен айқындалатын болады.

Каспий өңірі көмірсутегіні өндіру, магистральдық, оның ішінде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктерді сақтау және ауыстырып тиеу үшін теңіз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толытыратын теміржол терминалдарын салуға, электр энергиясы мен байланыс инфрақұрылымына жаңа қуаттарды енгізуге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуір көлемде әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің қуатты өсуін бастан кешіретін болады.

Каспийде көмірсутегіні өндірудің дамуы мұнай-химия индустриясы үшін отандық шикізат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Ірі инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсіп аймағының маңында ілеспе табиғи газды ұқсату жөніндегі мұнай-химия кешенін салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия өнімдерінің сұйық және бастапқы құрамдас бөліктерінің ауқымды бөлігін – этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын және олардың негізінде пластикалық заттар алуға мүмкіндік береді.

Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға инвесторлар 80 млрд АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде. Бұл қаражат іске қосылатын кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салуға көмектесетін болады.

Аталған инвестициялық жұмсалымдар тауарлар мен қызмет көрсетулердің ауқымды түріне сұраныс тудырады. Олардың бір бөлігі Қазақстан үшін уақытша сипатта болса, ал басқа бөлігі мұнай қорлары сарқылғаннан кейін сыртқы және ішкі рыноктарда қажет болатын өндірістер құруға бағытталатын болады.

Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын дамыту демалыс және ойын-сауық индустриясын құру үшін, теңіз порттары жүктерді тасымалдаудағы көлік шығындарын азайту үшін, машина жасау зауыттары биржалар, жүк, кәсіпшілік және әскери кемелер, құрал-жабдық пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментін шығару және т.б. үшін алғышарт жасайды.

Қосылған құн тізбегін (ҚҚТ) дамыту бөлігінде шикізатты ұқсатуды кеңейте түсудің жақсы перспективалары бар.

Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте түсу іс жүзінде экономиканың барлық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын полимерлік бұйымдардың шамамен 200 түрін шығаруға мүмкіндік жасайды. Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту көп салалы трансұлттық корпорация құруға жағдай жасайды.

ҚҚт-ны дамыту үшін метеллургия өнеркәсібінің болашағы зор. Қазақстанда Д. Менделеевтің периодтық кестесінің 90-ға жуық элементін қамтитын минералдық рудалардың қоры бар. КСРО тұсында 74 элементі өнімнің алуан түрінде қолданылса, Қазақстанның түсті металлургия өнімдері ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық тауарларды – ғарыш аппараттарын, қару-жарақ, электр техникасын жасауда пайаланылады.

Қазақстанда түсті, асыл және сирек кездесетін металдардың үлкен көлемін күрделі және қоры аз рудалардан, руда үйінділерінен. Металлургиялық шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөніндегі ғылыми-инновациялық әзірлемелерді түсті металлургия кәсіпорындарында енгізудің ғылыми әлеуеті мен тәжірибесі зор. Металлургиялық қалдықтар мен руда үйінділерін ұқсату жөніндегі жаңа технологияларды енгізу орта мерзімді болашақта қосылған құны жоғары өнімді алуда мүмкіндік береді.

Қазақстанға ірі инвестицияның ағылуы түсті металлургия, химия және жиһаз өнеркәсібінің өнімдеріне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрін мұнай-газды және металдарды өңдеуді ұлғайту есебінен Қазақстанда шығаруға болады әрі болашақта бұл өнім әлемдік нарықта өз орынын табады.

Қазақстан әлемдегі ірі астық өндірушілердің бірі болып табылады. Астық өңдеу үдерісін тереңдету көп салалы ҚҚТ-ны құрудың негізгі базасы болуы мүмкін. Осындай тізбекті дамытудың бағыттары астық өңдеудің технологиялық үдерісін кеңейтуден де, жемшөп өндіру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнімін шығаруды дамытудан да көрінеді. Осы тізбекке сондай-ақ элеватор, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөніндегі зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарды, фармацевтік бұйымдарды, биотехнологиялар мен т.б. шығару жөніндегі кәсіпорындар да кіреді.

Информация о работе Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары