Физиологияның негізгі бөлімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 16:43, реферат

Краткое описание

Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тівдері және жасушаларының әре-кеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюция-лық даму барысында бақылайды.

Содержание

Физиологияның негізгі бөлімдері.
3. Физиологияның зерттеу әдістері.
4. Физиологияның даму кезеңдері.
5.Қолданылған әдебиет.

Вложенные файлы: 1 файл

Физиология55555.docx

— 34.54 Кб (Скачать файл)

Организмнің тіршілік іс әрекетін бақылау және тәжірибелер ар-кылы үғынатын ғылым ретінде физиология XVI-XVIII ғ.ғ. арасында қалыптасты. Физиология дамуының екінші кезеңін 1628 жылдан бастап санайды. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер, эмбриолог Уиль­ям Гарвей (1578-1657) өзінің "Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеу-лері" деген ғылыми еңбегін басып шығар-ды. Осы еңбекте тірі организмдерге жасал-ған тәжірибелердің нәтижесінде қанайна- лымы туралы бүрынғы бірсыпыра теріс үғымдарды әшкереледі. Ол ғылыми зертте- улерге вивисекция әдісін кеңінен енгізді. Осы тәсілдер арқылы теріні, ағзаларды, тіндерді ашып, олардың қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік туды. Сөйтіп, жану-арлар физиологиясының негізгі бастамасы деп саналатын Уильям Гарвей ашқан қанай-налымының желісі осы кезде де өзгерусіз қолданылады. Оның екінші еңбегі "Жану-арлардың пайда болуын зерттеу" (1651) эмбриология ғылымының негізін қалады. Бүл кейін акушерлік ғылымның дамуына және қалыптасуына зор түрткі болды. Физиоло-гияның үдерісті (прогрессивті) дамуына рефлекстік ілімнің көп ықпалы тиді. Оның негізін қалаушы - француз философы, жа-ратылыстанушы Рене Декарт (1596-1650). Ол мидың қызметін У. Гарвей ашқан қанай-налымы жүйесінің үлгісі ретінде, сол кез-дегі механикалық қағидаларга сәйкес үғынды. Оның болжауы бойын-ша, сыртқы түрткілердің әсері, жүйке үштары арқылы қабылданып, мидан тойтарылып бүлшықеттерге оралып, оларды қозғалтады. У. Гарвей жаңалықтарынан кейін организмнің әрекеттерін тәжіри-бе арқылы зерттеу көбейіп, физиологияның екінші даму кезеңінде көптеген жаңа ғылыми мәліметтер анықталды. Осыған қоса, бүл кез­де физика, химия ғылымдары күшті дамып, олардың жаңа зерттеу әдістері мен жетістіктері физиологияда кеңінен пайдаланылды.Физиологияның осы даму кезеңіне зор үлесін қосқан орыстың үлы ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) болды. Ол 1748 ж. түңғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын үсын-ды. Ол түрлі түсті ажырату теориясын және дәм сезудің қазіргі қай-таланып отырған жіктелісін (классификация) жасады. XVIII ғ. аяғында итальян физигі Луиджи Гальвани (1737-1798) тіндердегі электр қүбылысьш ашты. Оның тәжірибелері кейін физиологияның үдере дамыған электрофизиология саласының ірге тасын қалады. Осы еңбектердің негізінде физиологияға аспаптық зерттеу әдістері енгізілді. Оның негізін қалаушы неміс физиологы, физик, психолог Герман Гелъмгольц (1821-1894). Ол физиологияның қазіргі бір сала-сы биофизика ғылымының негізін жасады. Гельмгольц бірінші болып жылу бөлу мен термодинамика зандылықтарын ашты. Дыбыс қабылдаудың резонанс теориясын жа­сады (1856). Көру физиологиясында ол көздің оптикалық қасиетін зерттеп, икем-деліс және түсті ажырату теорияларын жа­сады, осы күнде қолданып жүрген офталь­москоп аспабын үсынды (1853). Гельм­гольц термоэлектрлік әдісін қолданып бүлшықеттің жылу өндіру (1845-1847) және жиырылу (1850-1854) қасиеттерін анықтады, ең бірінші болып жүйке тал-шықтары арқылы қозудың тарау жылдам-дығын өлшеді (1867-1871). Алайда ол ақиқат болмысты мақүлдай түрып, түйсікті сезім мүшелері қабылдайтын шартты бел-гілерден, рәзімдерден пайда болады деп жаңсақ үғынды. Бүл кезенде әр елде бірнеше бағытпен физиологиялық ғылыми мектептер пайда болып, көптеген түбегейлі жаңалықтар табылды. Әсіресе, жүйке, ет жүйесі жете зерттеліп, рефлекс туралы алғашқы ақиқат ұғымдар қалыптасты. Физиологияның жедел дамуына орыс ғалымдарының көрнекті еңбектері ықпалын тигізді. Олардың ішінде атақты физиологтар И.М. Сеченов пен И.П. Павлов ерекше орын алды. Ғылым тарихында "Орыс физиологиясы-ның атасы" деп танылған И.М. Сеченов (1829-1905) бірінші болып қандағы еріген газдарды шығарып алып талдау жасады, тірі организм-дегі әртүрлі иондардың қызметін анықтады, орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жиын-тықтау қүбылыстарын көрсетті. Сонымен бірге ол ғылымның жаңа бағыты - еңбек фи-зиологиясының негізін салушы. Оның бұлшықеттің жиырылуы, қажуы және белсенді ты-нығу туралы ілімі әлі өз маңызын жойған жоқ. Орыс ғылымының даңқын алғашқы шығар-ған И.М. Сеченов ашқан - орталық жүйке жүйесіндегі тежелу. Өйткені бүл рефлекстік қағиданы жаңа түрғыдан бақылап, орталық жүйке жүйесі туралы ілімді түпкілікті өзгертуге мүмкіндік туғызды. И.М. Сеченов "Ми рефлекстері" (1863) деген данышпандық шығармасында түңғыш рет психикалық ісәрекеттердің физиологиялық зандылықтарын көрсетті. Сөйтіп, ол табиғаттың ең күрделі қүбылы-сы санаға талдау жасады, материалистік психологияның негізін қалады. И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың жүйелі еңбектерінің нәтижесін-де, олардың ғылыми мектептері бүкіл әлемге танымал болып, алдыңғы қатардағы физиологиялық ой-өрісінің орталығына айналды. Сөйтіп, физиологияның даму тарихының үшінші, Павловтан кейінгі кезеңі басталды. И.П. Павлов (1849-1936) организм ағзала-рының қызметін нервизм түрғысынан зерттеп, реттелу зандылықтарында жүйке жүйесінің же-текші мәнін көрсетті. Алдыңғы саптағы өзінің әріптестері И.М. Сеченов, СП. Боткин, В.М. Бехтерев, Г.А. Захарьин ілімдеріндегі нервизм бағыты И.П. Павловтың барлық жүмысында көрнекті орьш алды. Оньщ алғашқы еңбектері қанайналымының реттелу тетіктеріне арналды (1874-1889). Ол жүрек қызметін реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатындығын анықтады. Бүл зерттеуінде ол физиология тарихында түңғыш рет жүйкенің жүрек етіне нәрлендіру (трофикалык) әсерін тапты. И.П. Павлов жүрек-тамыр жүйесін тексерумен қатар асқорыту физиологиясын (1889-1901) зерттеді. Ол көптеген жаңа тәжірибелік хирургия әдістерін енгізіп, бүкіл асқорыту бездерінің тікелей жүйке жүйесі қатысуымен қызмет атқаруын дәлелдеп берді. Асқорыту без-дерінің жүйке жүйесі катысуы арқасында ғана тамақтың әртүрлі қүрамы мен мөлшеріне лайықты икемделетінін көрсетті. Осы асқорыту жүйесі саласындағы еңбектері үшін 1904 жьшы И.П. Пав­ловка дүниежүзілік Нобёль сыйлығы берілді. И.П. Павлов шәкірттерімен бірге физиологиялық хирургия негізінде созылмалы тәжірибелік әдісін дамытты. Ол әдіс ағзалардың қызметін сау түтас организм жағдайында, оның физиологиялық үрдістерін та-биғи қалпында синтездік зерттеуге қолайлы болды. И.П. Павлов зерттеулерінің екінші бір маңызды жағы - организмді жеке ағзалардың жай ғана жиынтығы емес, сыртқы ортамен тығыз бай-ланыста қызмет атқаратын толық біртүтас жүйе ретінде қарауы. Ол орга-низмнің қоршаған ортамен өзара байланысы оның қүбылмалы жағдайла-ры жоғары жүйке ісәрекеті арқылы атқарылытьш дәлелдеді (1901-1936). И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік берді. Әсіресе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен тежелу зандылықтары жоғары жүйке ісәрекетінің типтері олардың тәжірибелік неврозда бүзылуы үйқы, гипноз сигналдық жүйелердің басым негіздері анықталды. Соның нәтижесінде жоғары жүйке ісәрекеті туралы материалистік ілім қалыптасты. И.П. Павловқа 1935 ж. Халықаралық XV физиологиялық конгресс "Дүниежүзілік физи-ологтардың атасы" деген қүрметті атақ берді. И.П. Павлов көптеген шәкірттер даярлады. Олар кейін физиологиялық жаңа ғылыми бағыттарын жасап маңызды жаңалықтар ашты. Физиологияның бүл даму кезеңінде орталық жүйке жүйесін зерттеуге зор үлесін қосқан орыс ғалымдары Н.Е. Введенский мен А.А. Ухтомский болды. Н.Е. Введенский (1852-1922) атақты физиолог, студент кезінен бастап, И.М. Сеченовтың жетекшілігімен физиология ғылымымен айна-ЛЫСТЫ. Ғылымға олардың ләбилдік қабілеті немесе әре-кеттік ширақтығы болатыны туралы үғым енгізді (1892). Н.Е. Введенскийдің елеулі еңбектері парабиоз (тіріге жуық) ілімінің негізін қалады, қозу мен тежелудің арақатынасын көрсетті (1901). Оның түжырымды ойлары медицинада көптеген аурулардың дерттену (патогенез) себептерін және дәрілердің физиологиялық әсерін зерттеуде кеңінен қолданып отыр. А.А. Ухтомский (1875-1942) көрнекті физиолог, Н.Е. Введенскийдің шәкірті. Оның маңызы зор күрделі ілімі  доминанта туралы (1923). Доминанта (үстемдік) - жүйке ор-талықтары ісәрекетінің негізгі қасиеті. Үстемді орталықтардың жоғары қозғыштық, беріктік, жинақтылық және түйықтылык қаси-еттері болады, олар рефлекстік әсерленіске қатысы жоқ басқа қозуларды тежеп отырады. А.А. Ухтомский таным үрдісіне қатысты кеңістік пен уақыттық сипаттамалардың өзара әрекеттесу бірлігі хронотоп болатындығын тап-ты. Ол қозғыш қүрылымдардың қозу кезінде белсенділігі тітіркендіру әсерінен тәуелсіз ар-татынын көрсетті (1942). Қазіргі кезде доминанта ми қызметінің негізгі тетіктері деп саналады. Ол арқылы мидың нейродинамикалық қүбы-лыстары, жогарғы және төменгі бөлімдерінің өзара қатынасы түсіндіріледі. А.А. Ухтомский рефлекстік ісәрекетке талдау жасады. Оның ойынша, онто- және филогенезде шартсыз рефлекстер шартты бейнелістен шөжіп (редукция) немесе күрделіліктен жабайы түрге қарай дамиды (1942). Оның ырғаққа үйрену және физиологиялық үрдістердің жылдамдығы туралы ілімі мидың жеке қүрылымдарын электрофизиологиялық зерттеуде, қазіргі автоматты қондырғылар жасауға қолданылады. Бүгінде А.А. Ухтомский анықтаған физиологиялық тербелісті қүбылыстардың, жеке және тарихи даму кезінде, әре-кеттік ширақтығы артатындығы дәлелденді.Л.А. Орбели (1882-1958) көрнекті физиолог, өзінің ғылым жолындағы еңбектену кезеңін И.П. Павловтьщ көмекшісі және әріптесі ретінде бастады. Оның еңбектері әлемдік физиологияның әртүрлі саласында өзінің қалаулы орньш тапты. Ол эволюциялық физиологияньщ негізін салды. Л.А. Орбели жоғары жүйке қызметін тексе-руде және симпатикалық жүйкенің организмді бейімдеу-нәрлендіру әсерін анықтауда көпте-ген жаңалықтар ашты. Ол колданбалы физио­логия саласында (авиация, суға сүңгушілер) іс-тәжірбиеге қажетті зерттеулер жүргізудің бас-тамасын жасады. Л.А. Орбели мен оның шәкірттері жүлын мен мишықтың қозғалыс үрдістерін үйлестіруді және оны вегетативтік жабдықтауды қамтамасыз ететінін дәлелдеді. П.К. Анохии (1898-1974) академик, кернекті ғалым - физиолог. Ол И.П. Павловтьщ шәкірті ретінде, ми қызметі туралы келелі еңбектерімен, оның ілімін әрі қарай жалғастырды. П.К. Анохин әлемдік ғылымға енгізген әрекеттік жүйе теориясының түбегейлі негізін калады (1930-1934). Оның негізгі тетіктерін жәнс үйымдастырылу қүрылысын: әсерлік қүрамыс, шешім қабылдау, нәтижені салыстырушы, ісәрекеттің нәтижесі және кері байланыс бөлімдерден түратынын анықтады. Осы жүйе-нің сезімдік қүрамыс сатысына эмоция мен мотивация, жағдайлық және қозғағыш әсерлердің қатысатынын корсетті (1866-1968). Ол шартты рефлекстің жаңа әдістерін қолданып, оның қалыптасу тетіктен және ішкі тежелудің ескерілмеген жақтарын тапты (1935-1958). Мақсатты ісәрекетті орындауды мидың маңдай боліктерінің ерекше орын алатынын атады (1949). Ми қыртысы әсерленістерін белсендіруші күрылымдар-ды (1956-1962) және нейрондардың туынды пәрмендерінің жараты-лысы туралы жаңа үғымдар снгізді (1960-1964). П.К. Анохин мидың озық бейнелеу қасиеті болатындығын, нейрондардың бірлестіріс әрекетін (1967) және нейрохимиялық негіздерін, үйқы мен ауырсыну сезімінің жүйкелік тстіктерін, наркотиктер мен психотропты дәрілердің әсерін (1971-1973) дәлелдеді. Ол әрекеттік жүйелердің жас кезеңдерінде іріктеліп, кажетті кезін-де қалыптасуы туралы системогенез ілімінің негізін қалады. Ең алды-мен тіршіліктік бейімделу жүйелерінің іске қосылатынын анықтады. Оның алғашқы еңбектері қанайналымы физиологиясы, өкпе та-мырларының, көкбауырдың жүйкелік интроре-цепциялық реттелуін тексеруге арналған. Ол медицинаға жүректі зерттеудің баллистография әдісін, организмнің жер бетінде және космосқа ұшқандағы күйін бақылау тәсілдерін енгізген. Осының нәтижесінде ғарышқа үшқан адамның жағдайы мен өмірін қамтамасыз етуге және болжауға, сақтауға мүмкіндік жасалды. Қазақстанда физиология ғылымының қалып-тасуы мен дамуы өткен ғасырдың 2030-шы жылдарымен байланысты.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим  занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической  физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 с.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин  В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Информация о работе Физиологияның негізгі бөлімдері