Физиологияның негізгі бөлімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 16:43, реферат

Краткое описание

Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тівдері және жасушаларының әре-кеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюция-лық даму барысында бақылайды.

Содержание

Физиологияның негізгі бөлімдері.
3. Физиологияның зерттеу әдістері.
4. Физиологияның даму кезеңдері.
5.Қолданылған әдебиет.

Вложенные файлы: 1 файл

Физиология55555.docx

— 34.54 Кб (Скачать файл)

1.Кіріспе.

2. Физиологияның негізгі бөлімдері.

3. Физиологияның зерттеу әдістері.

4. Физиологияның даму кезеңдері.

5.Қолданылған әдебиет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның  жеке  жүйелері, ағзалары, тівдері және жасушаларының әре-кеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм  жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен  қатар ол әрекеттерді  жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюция-лық даму барысында бақылайды.

Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қол-данып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиоло-гиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология -тірліктану ғылымы. Ол тіршіліктік үрдістерді, олардың реттелу тетік-терін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Тірлік (функция) - жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті.

Үрдіс - белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті түрде алмасуы.

Жүйе - жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы (ты­нысалу, асқорыту, қанайналымы, қорғаныс, реттеліс, сөйлеу, өрбу т.б.).

Фшиологияльщ цалып (норма) - бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі тетіктері арқылы үйлесімді және нәтижелі деңгейде сақталады немесе жағдайға сәйкес жеткілікті мөлшерде өзгереді.

Тетік - тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі.

Реттеліс - ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру. Оның жергілікті, гуморалды (humor - сүйықтық) және жүйкелік тетіктері болады. Физиологияның зерттейтін нысаны дені сау тірі организм.

 

Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғьшыми ба-ғытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.

Жалпы физиология көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жара-тьшысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.

Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауа-бын, тітіркену, козу, тежелу, зат және қуат алмасу қүбылыстары ту-ралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.

Салыстырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, үқсастығы мен айырмашьшығьш ажьфатады.

Эволюциялық физиология - адам мен жануарлардың онтогенез (же-кедаму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әре-кеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңды-лықтары мен тетіктерін қарастырады.

Жеке физиология - кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (канайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с) бірлесіп үйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты ісәрекетіне байланысты зандьшықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

Авиация физиологиясы - ұшқыштар организмінің үшу кезіндегі жа-ғымсыз әсерленісін анықтап, оларды болдырмау тәсілдері мен амал-дарын табады.

Әлеуметтік физиология - адам организміне қоғамдық ортаның, өндіріс, түрмыс жағдайларының әсерін анықтайды.

Әскери физиология - оку - жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс жағдайларында физиологиялық әрекеттердің реттелісін зерт-тейтін әскери медицина саласы.

Ғарыштық физиология - космостық түрткілердің (салмақсыздық, гиподинамия) ғарышкерлер организміне жарамсыз ықпалын тексеріп, оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды.

Еңбек физиологиясы - адам организмінің еңбектену кезіндегі қалып-ты жағдайын, жүмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп тиімді жүмыс істеу шараларын жүзеге асырады.

Жас физиологиясы - адам организмі мен ағзалары және жүйелері қызметінің туылған сәттен жеке дамуының ақырына дейінгі қалыпта-су және жойылу ерекшеліктерін тексереді.

Спорт физиологиясы - дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми түрғыдан үйымдастырады.

Суасты жузу физиологиясы - теңізшілер мен сүңгушілер организмі-не сүңгуір қайықтардың үзақ уақыт жұмыс кезіндегі әсерін анықтайды.

Тамақтану физиологиясы - адамдардың жасына сәйкес әртүрлі көсіби топтар үшін арнайы, ұтымды тамақтану шартгарын қарастырады.

Психофизиология - адам психологиясы мен физиологиясы саласынан қалыптасқан. Ол әртүрлі психикалық үрдістер (түйсік, есте сақ-тау, сезім, ойлау, сөйлеу т.б.) кезінде ақиқат байқалатын физиология-лық өзгерістерді зерттейді.Экологиялыц физиология - адам организміне табиғаттың әралуан төтенше түрткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін тексереді. Физиологияның аса маңызды саласының бірі - ауылшаруашылъщ жануарлар физиологиясы, оның негізгі мақсаты мал мен қүс шаруа-шылық өнімдерін ғылыми жетілдіру.Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нысандары мен әдісте-ріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.

Қалыпты физиология - дені сау адам организмінің қалыпты жағ-дайы, салауатты түрмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әре-кетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты физиологияның басты мүраты - адамның денсаулығын сақтау. Мүны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология (vale - сау болу, logos - ілім) зерттейді.

Денсаулық дегеніміз - адам организмінің барынша үзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жүмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ ерекшеліктері-не сәйкес дені сау үрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидуум) денсаулығы туралы мағлүматтар физиоло-гиялық қалыпты көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады. Патологиялың физиология - ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Со-нымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айық-тыру үрдістерін зерттейді.

Клиникалың физиология - ауру организмдегі физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационарлық деңгейін тексереді.

Физиология ғьшымы медицина мен гигиенада өте маңызды орын ала-ды. Расында, организмнің қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіш-терін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты фи­зиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есеп-теледі. Демек, физиология, организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқу мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім алу бары­сында профилактикалық жүмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін үйымдастырғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым.

Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, пси­хология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.

Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуы оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде, тиісті білім қоры болған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең үрпаққа адамгершілік, әсемдік, еңбек, ақыл-ой және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

Физиологияның зерттеу әдістері. Физиологиялық үрдістер өте үде-мелі өзгеріп отьфатьш қүбылыстар. Оларды аныктау тәсілдері физиоло-гияның даму кезендеріне және шектес ғылымдардың жетістіктеріне сәйкес қалыптасты. Сондықтан мүның бірнеше бағьпъш талдауға болады:

1) Бакылау әдістері - физиологиялық  қүбылыстарды қалыпты жағдайда  және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болған-дықтан, бүл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.

2) Тіркеу әдістері - физиологиялық  қүбылыстарды механика-лык, және электрлік тәсілдермен жазып алады.

3) Тітіркендіру әдістері - тірі қүрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (түздар, қыш-қылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.

4) Электрофизиологиялык әдістер - қозғыш тіндер мен ағза-лардың электрлік қүбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.

5) Өткір тәжірибе әдістері - жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.

6) Созылмалы тәжірибе әдістері - жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін үзақ уақыт бақылайды. Бүл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртүтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.

7) Аспаптық әдістер - физиологиялық  зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диг| агноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар үсынады.

Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңі-нен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.

Осы кездегі физиологиялық зерттеу жүмыстарында ғылым мен тех­ника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен қолданады.

Физиология мен техника ғылымдарының тығыз байланысынан био­ника, физиологиялъщ кибернетика және кванттъщ медицина дамы-ды. Мүндай жетістіктер медицина ғылымының басқа да жаңа салала-рын қалыптастырды.

Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді, шектес ғылымдардың табыстарын, мәліметтерін мол пай-даланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтиже-лер алынып отыр.

Мүнымен бірге физиологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физио-логиялық жағдайларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі орга-низмді әрекеттік жүйелер теориясының түрғысынан зерттеу бастал-ды. Әрекеттік жүйелер теориясы және оның әржақты қағидалары ме­дицина, педагогика, психология, социология, техника т.б. ғылым са-лаларында кеңінен қолданыс тапты.

Физиологияның даму кезеңдері

Басқа да биологиялық ғылымдар іспетті физиология ертеден дамыған.

Физиология ғылыми даму жолында көптеген тірліктерді тексере келе, табылған зерттеу әдістерімен физиологиялық қүбылыстарды анықтау арқылы практикалық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпалын тигізді. Осы туралы атақты физиолог И.П. Павлов "медицина тек қана физиологиялық деректермен күннен - күнге тсь лықтырьшып отырғанда ғана адам денесіндегі бүзьшған механизм-дерді дәл тауып, дүрыс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды" - деді (И.П. Павлов, 2-і том; 176 бет. 1951).

Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғүламалары, дәрігерлері организмнің қүрылы-сы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жаңа дәуірге дейінгі IV ғ-да өмір сүрген грек ойшылдары Гиппократ (б.з.д.. 460-377 ж.ж) пен Аристотелъдің (б.з.д. 384-322 ж.ж) еңбектерінде адам организмінің негізін, оның кептеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекет-тері байқалады. Алайда, ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар біраз сауалдарға, казіргі тұрғыдан алғанда, дұрыс жауап таба алмаған. Өйткені, фи-зиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді тәжірибелер арқылы бақы-лау болмады. Дегенмен, Аристотель мен Гиппократтың кейбір тірліктік әрекет-тер туралы ұғымдары дұрыс бағытталған.

Аристотельдің жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоо­логия, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылым-дарының дамуына негіз болды. Ол аурудың пайда болуы сыртқы ортаның табиғи және қоғами жағдайына байланысты болатынын анықтады.

Гиппократ - бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Ол ұсын-ған ауруды анықтау, емдеу және болжау кағидалары, дәрігерлер эти-касы туралы көзқарастары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Гиппократ адам денсаулығы, дене бітісі мен жан қуаттары (темперамент) организмдегі сұйықтардан қалыптасады деп есептеді. Сон-дықтан ол аурудың себептерін жалпы (сыртқы әсерлерден) және даралама (жеке бастың ерек-шеліктерінен) болады деп екі топқа бөлді.

Бұл ғұламалардың беделінің күштілігіне байланысты жүздеген жылдар бойы олардың ілімдері өзгеріссіз сақталған.

Тәжірибелік физиологияның қалыптасуы римдік дәрігер Клавдий Гален (129-201) түңғыш рет қолданған вивисекциялық (тәнтілу) тәсілдерінен басталады. Оның жасаған тәжіри-белері бірнеше ғасырларға созылған қағидалар-дың негізін қүрады. Қазақтың үлы ғүлама ғалымы әлемге Аристотельден кейінгі "Екінші үстаз" деп танылған бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 ж.ж) - "дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына карай атқаратын қызметін білуге тиіс" - деп жазды. Әл-Фарабидің айтуынша, "медицина - ақиқат негіздерге сүйеніп, адам организмі мен оның әрбір мүшесінің аман-саулығын қамтамасыз ететін өнер". Әл-Фараби медицинаның мәнін, мақсат мұратын ғылыми материалистік түрғысынақарады. Ол адамның рухани, ойлау және басқа психикалық қабілетгеріне қоршаған ортаның әсерін, аурудың пайда болу себеп- салдарын, емдеу амалында дәрі мен тамақтың маңызын дүрыс түсінді. Әл-Фараби денсаулықты сақтау үшін дәрігерлерге жеті міндет жүктеді: 1) дене мүшелерінің қүрылысы мен қызметін; 2) денсаулыкты анықтау - диагностика тәсіддерін; 3) аурудың түрлерін және пайда болу себептерін - этиологияны; 4) аурудың белгілерін - симптомдарын және оларды өзара ажыратуды; 5) ауруды дүрыс емдеуді, тағамдар мендәрілерді жөнді тағайындауды - терапия; 6) денсаулықты нығайту шараларын үйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптпстыруды; 7) аурудың аддын алу істерін жүргізу, емдеу нәтижесін қадағалауды білуі тиіс. Оның мүндай жан-жақты ұсыныстары қазіргі кезде де медицина әлемінде кеңінен қолданылып отьф. Әлемдік медицинада ерекше орын алған шығыстың екінші дарынды ғүламасы Абу Али ибн Сина. Абу Али Әл-Хусейн ибн Ста (980-1037) -әлемге латынша аты Авиценна деп танылған дәрігер, философ, ақын, шығыс ғылымының кемеңгері.

Ибн-Синаның данышпан еңбегі "Медици­на қағидалары" (толық аталуы "Китаб ал Ка­нун фи-т-тибб") жарық көргелі бері (1012-1024 ж.ж.) бүкіл дүниежүзінде дәрігерлердің бірне-ше үрпағы медицина саласында тәлім алды. Ол өзінің білімін жетілдіруде, Аристотельдің шығармаларын үғынуда Әл-Фараби еңбек-терінің маңызы болғаньш ерекше атады. Ибн-Сина кітабында медици­на үғымына түсініктеме, денсаулық туралы толық анықтама береді. Онда анатомия, физиология деректерімен қатар, дертгену туралы көпте-ген мәліметтер бар. Ол өз заманындағы жалпы және жеке аурулардың түрлерін, олардың пайда болу себептері мен белгілерін, ауруды емдеу тәсілерін келтірген. Қағиданың "Денсаулықты сақтау" деген бөлімінде балалардың туылғаннан өскенге дейінгі және жасы ұлғайғандардың денсаулығын сақтаудың тәсілдері берілген. Абу Али ибн — Синаның баға жетпес еңбектері осы күнгі медицина, физиология, гигиена, валеология, санология ғылымдарына мызғымас негіз болып отыр.

Информация о работе Физиологияның негізгі бөлімдері