Сүйектің құрылысы мен құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 14:29, курсовая работа

Краткое описание

Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жүлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Сүйектің құрылысы мен құрамы.
2. Қаңқаның құрылысы.
2.1 . Омыртқа жотасы
2.2. Көкірек қуысының сүйектері.
2.3. Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері.
2.4. Бас сүйектері.
3. Баланың сүйектерінің ерекшелігі.
4. Баланың қимыл-қозғалысы.

ІІІ Қорытынды
Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі.



Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

1347___.docx

— 48.43 Кб (Скачать файл)

 

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы.

 

Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек ұлпасы клеткаларының бөлінуіне және сүйек ұлпаларына айналып отыруына байланысты. Адамның қаңкасы 22—25 жаста қалыптасады. Гипофиз гормоны жетіспегенде немесе жоқ болғанда, шеміршек клеткаларының көлемі үлкейеді, құрамында минералды зат азаяды. С витамині жетіспегенде, сүйек ұлпасының химиялық морфологиялық (құрылымы) және қызмет атқару жүйелері бұзылады.                  D витаминінің жетіспеуі ересек адамдарда, әсіресе әйелдерде кездеседі. Жас босанған аналарда D витаминінің жетіспеуінен сүйек аздап қисаяды.                      D витаминінің жетіспеуі күн сәулесінің аз болуына, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың қажетті мөлшерінің өзгеруіне, ішек және бүйрек ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына байланысты.

Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Адамның бұлшық еттерінің жақсы жетіліп, дамуынан ішкі мүшелердің жұмысы жақсарады. Тірек-қимыл жүйесі мен ішкі мүшелер жүйелерінің арасындағы функциялық тығыз байланыстар адамның сымбатының дұрыс қалыптасуынан байқалады. Сымбат дегеніміз — қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі. Сымбатты адамның денесі жарасымды, ісі өнімді болады.

Денесі, аяғы түзу, иығы, бұлшық еті жақсы жетілген, жинақы, аяқ алысы дұрыс адам сымбатты болып көрінеді. Сымбаттың дұрыс болуы — ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ол өзгерген жағдайда, дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор. Тамақтың құрамында минералды заттар, витаминдер жетпеген жағдайда және денеге ауырлық күші біркелкі түспегенде, сымбат бұзылады. Дұрыс отырмаудан оқушылардың, студенттердің, кеңседе және тағы басқа мекемеде жұмыс істейтін адамдардың омыртқа жотасы қисайып, иықтары бүкірейіп, кеуде қуысы ішіне карай қабысуы мүмкін.

Сымбаттың қалыптасуы жүре пайда болады. Ол бала кезден үстелге, партаға дұрыс отыруға және өзін жинақты ұстап, жүріс-тұрысын бақылауға байланысты қалыптасады.

Сымбаттың дұрыс қалыптаспауы дене пішінін өзгертіп, ішкі мүшелердің қызметін бұзады, адамның ойдағыдай мамандықты таңдап алуына кесірін тигізеді. Сымбат бұзылғанда, дер кезінде дәрігерге қаралу қажет. Мұндай жағдайда дәрігердің кеңесімен жаттығулар тағайындалып, сымбаттың дұрыс қалыптасуына жәрдем көрсетеді.

 

Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп, еңбек ете алмайды. Адамның дене және ой еңбегімен шұғылдануы үшін қимыл-қозғалыс қажет.

Адамның өміріндегі алуан түрлі өзгерістердің бірі пайдалы болса, енді біреулері денсаулыққа зиянды әсер етеді. Мысалы, көліктің неше түрі дамыды. Үй тұрмысын жақсарту үшін үйге су мен газ тартылды. Мұның бәрі — адамның дене және ой еңбегінің бірлескенінен туған жетістік. Бірақ бұлар адамның аз қимылдап, бұлшық ет қуатының төмендеуіне әсер етті. Адам дене еңбегімен аз шұғылданса, оның ішкі мүшелерінің қызметі дұрыс болмайды. Осының әсерінен жүрек пен өкпе қызметі өзгереді. Адам организмінің ауруға қарсы күресу қабілеті әлсірейді, адам семіреді немесе арықтайды.

Әр ұлттың, халықтың сан алуан әдет-ғұрыптары адамның денсаулығын сақтап, өмірін қызықты, мағыналы етіп өткізуіне мүмкіндік береді. Олар адам денесінің қимылын жетілдіріп, күшін арттырып, ой-өрісін дамытады, көңіл-күйін көтереді. Қазақ халқында толып жатқан ойын түрлері (жүгіру, секіру, шайқалу, т.б.) бар. Мысалы, алтыбақан, аксүйек, ат жарысы, қыз куу, бәйге, күрес, көкпар тарту және т.б. Бұл ойындар адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты болуына, құрыштай нығайуына, көңіл-күйіне зор әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. "Биология" З.Ж. Асқарова

2. "Адам және жануарлар физиологиясы" Несыпбаев, 2005 жыл

3.  Биология: "Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық". Алматы: Атамұра, 2008.

4. "Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы" С.Жұмабаев. Алматы 1996.

5. "Жас және педагогикалық психология" М.М.Мұқанов. Алматы. 1982.

 

 


Информация о работе Сүйектің құрылысы мен құрамы