Саңырауқұлақтардың жүйелілігі, дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Микоз қоздырғыштары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 12:16, реферат

Краткое описание

Саңырауқұлақтар - эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады. Осындай саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды микоздар деп атайды. Қазіргі кезде медицинадағы өзекті мәселелердің бірі осы саңырауқұлақ арқылы таралатын ауруларға алдын алу шараларын кеңінен қолданып , тиімді емдеу әдістерін ойлап табу болып табылады.

Содержание

1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім: а) Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері.
ә) Саңырауқұлақтардың жіктелуі.
б) Микоздар қоздырғыштары: беткейлік микоздар(кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз), жүйелік (терең) микоздар( кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз), теріастылық микоздар (споротрихоз, хромомикоз), оппортунистік микоздар( кандидоз).

3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

микра реф.doc

— 417.50 Кб (Скачать файл)

«Астана медицина университеті» АҚ

 

Ш.И. Сарбасов атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтардың жүйелілігі, дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Микоз қоздырғыштары»

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Орындаған: Құсайынова Д. 211-ЖМ

Тексерген: Рахметова Н.Б

 

Астана 2013

 

 

 

Жоспар:

 

 

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:  а) Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері.

ә) Саңырауқұлақтардың жіктелуі.

                    б) Микоздар қоздырғыштары: беткейлік микоздар(кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз), жүйелік (терең) микоздар( кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз), теріастылық микоздар (споротрихоз, хромомикоз), оппортунистік микоздар( кандидоз).

                            

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 
  Саңырауқұлақтар - эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады.  Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады. Осындай саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды микоздар деп атайды. Қазіргі кезде медицинадағы өзекті мәселелердің бірі осы саңырауқұлақ арқылы таралатын ауруларға алдын алу шараларын кеңінен қолданып ,  тиімді емдеу әдістерін ойлап табу болып табылады. Сондықтан да, болашақ медицина мамандары үшін микоздардың дамуындағы саңырауқұлақтардың маңызы туралы түсінікті қалыптастыру, саңырауқұлақтық аурулармен таныстыру микробиология міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саңырауқұлақтардың  биологиялық қасиеттері және морфологиялық  ерекшеліктері.

 

 

Саңырауқұлақтардың талломасы  мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке  тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ-тардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Құрылымына байланысты саңырауқұлақтар 2 топқа бөлінеді:

  1. Мицелийлер(зең саңырауқұлақтар)
  2. Бүршіктенушілер (ашытқылар)

Мицелийлер тұрақты  түрде бұтақталып отырады: ескірген мицелийлер дәнді, ірілеу, көптеген қосындылары, вакуоль болады, жаңа мицелийлер мөлдір, нәзік, гомогенді.

 
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді.

 

Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері  арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.

 
  Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.  
 
 Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.

 

 

 

 

Саңырауқұлақтардың  жіктелуі.

 

 

Патшалық үсті

Эукариоттар

Патшалық

Саңырауқұлақтар (Mycota немесе Fungi)

Бөлім

Грибы слизевики (Myxomycota)

және нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota)


 

Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді. Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

 

Микоз қоздырғыштары. 

Саңырауқұлақтық аурулар  таралуы жағынан пиодермияларға тең. Микоздар – шартты патогенді немесе патогенді әртүрлі (200-ден көп ) кең таралған инфекциялар тобы.

Саңырауқұлақтардың метоболизмі, химиялық құрамы, морфо-функциональды  организациясы осы микроорганизмдермен  шақырылатын инфекцияның ерекшелігі болады. Саңырауқұлақтардың клеткалық құрамында хитиннің болуы және олардың көлемінің үлкен болуы иесі иммунитетінің қоздыру факторларына инактивациясын қиындатады. Осының бірі болып микоздардың қоздырғышының антибактериальды антибиотиктерге резистенттілігі табылады.

Инфекция шақыратын  саңырауқұлақтар таксономиялық  қатыныста тұқымдастыққа, подкласстарға  және класстарға бөлінеді. Олардың жүйесі және толық анықтамасы арнайы әдебиетте келтірілген (Кашкин П. Н. и соавт. 1978, 1979; Rippon J.W.,1982).

Клинико-патогенетикалық, ұлпалық тропизм, паразитарлы морфогенез және микотикалық инфекциялық қоздырғышының  патогенділік деңгейінің ерекшелігіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: кератомикоз қоздырғыштары, дерматофиттер, «шынайы» паразитарлы дермографизмі бар саңырауқұлақтар, шартты – патогенді дрожь тәрізді және көгерген саңырауқұлақтар – «оппортунистикалық» инфекция қоздырғышы. 

Микоздардың күрделі  проблемаларының қысқа анализдері көрсетеді: 
 
- соңғы кездегі саңырауқұлақтық аурулардың тез өсуі, оның ішіндегі созылмалы ағымы және терең микоздардың кездесуі; 
- даму себебінде, патогенезінде, ағымы және аяқталуында, туа біткен иммуножетіспеушілік және АИВ инфекция пандемиясында иммуножетіспеушілік жағдайдың дамуы;

- «оппортунистикалық»  инфекцияның микоздарындағы жоғарғы тығыздығы; 
- медицинада парадоксты әсер етуінен де ( антибиотико-, гормонотерапия, комбинирленген терапияда, трансплантологияда және т.б. ) жиілігі және микоздардың ағым ұзақтығының өсуі, иммунды жүйеге ұзақ әсер ететін микоздардың патогенді қасиетінің пайда болуы, бұрын микоз қоздырғышы ретінде қаралмағанын атап айту керек;

- патологиялық процесстің  локализациясына және әртүрлі  қасиетіне қарай микоздарды емдеудің  қиындығы.

 
  Қазіргі күні микоздар жеткілікті күрделі. Біріншіден, саңырауқұлақтық зақымданулар науқастың терісін бұзады, Екіншіден, организмнің аллергиясы ( кератомикоздан басқа ) дамиды, үшіншіден, көптеген ұлпалар мен мүшелер зақымданады ( жүйелі микоздар), гранулемалар дамиды, мүшелер функциясы бұзылады. 
 Жүйелі микоздардың қоздырғыштары қан жүйесіне өтіп, саңырауқұлақтық сепсис шақырып, жиі өліммен аяқталады.Кератомикоздар проблемасы көп жағдайда косметикалық, ал субкутанды микоздар тері жамылғысын зақымдаумен қатар ауыр аллергиялық формаға әкеледі. 
 Саңырауқұлақтық аурулардың таралуына біздің өмір сүру ортамыздың маңызы зор, әсіресе жылылық, ылғалдық, вентиляцияның болмауы және басқа детергенттер және аутохтонды бактериялармен бірге терінің липидті қабатын алып тастайтын сабындар. Саңырауқұлақтар адам организміне медициналық манипуляцияларда да түсуі мүмкін. Организмнің табиғи резистенттілігі қатерлі ісіктерден, қант диабеті, иммуносупрессивті терапия және кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді ұзақ уақыт қолданудан, кортикостероидтардан, плазма алмастырғыш ерітінділерден және имуножетіспеушіліктен төмендейді, экзогенді және эндогенді саңырауқұлақтардың инвазивті өсуіне әкеледі. Макроорганизмнің кез келген жағдайында маңызды орынды даму себебі, ағымы және аурудың аяқталуы алатынын ескеру керек, ол қоздырғыштың патогенді немесе шартты патогенді микроорганизм екеніне қарамайды.

 
Ариевичтің жіктемесі: (Диапозитив 1)

  1. Кератомикоздар (түрлі-түсті теміреткі)
  2. Дерматомикоздар ( шап эпидермофитиясы, табан эпидермофитиясы, руброфития, трихофития (от trichos - шаш), микроспория)
  3. Кандидоз
  4. Терең микоздар
  5. Псевдомикоздар (эритразмдар)

 

Беткейлік микоздар: кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз. 
 

Кератомикоздар 
Кебек тәрізді теміреткі

Синонимдері: түрлі-түсті теміреткі, түрлі-түсті питириаз, хромофитоз. 
Анықтамасы: дақты, қабыршақтанатын қоңыр, сарғыштау бөртпелері бар әртүрлі формалары және көлемді беткей микоз. 
Таралымы: ауру кең таралған, көбінесе ыстық климатты елдерде. 
Қауіп факторлары: терінің жоғары тершеңдігі, біреудің киімін кию. 
Этиологиясы және патогенезі: қоздырғыш дрожь тәрізді саңырауқұлақтар Pitirosporum orbiculare. Ауру науқаспен қатынастан, біреудің киімін киюден, қосымша гормональды дисбаланс, ауыр соматикалық аурулардан дамиды. 
Клиникасы: географиялық карта түрінде көрінетін әртүрлі көлемді дөңгелек, сопақша немесе полициклитикалық аймақты ашық-қоңыр немесе сарғыш түсті элементтің болуы. Дақтар қабыршақтанады, дененің жоғарғы бөлімінде көбінесе мойында, бастың және басқа да жерлердің шашты бөлігінде орналасады. Кебек тәрізді теміреткенің бірнеше варианттарын ажыратады: сары, қара, ахромды.

Диагностикасы: оң иод сынамасы, Вуд шамының сәулесінде флюоресценция, зақымдалу ошағындағы микроскопиялық чешуйкалар ( екі контурлы споралардың болуы ).

Дифференциальды диагностика: Жибердің алқызыл теміреткесі, ІІ-лік сифилиспен, Витилиго, әртүрлі аурулардағы ІІ-лік де- және гиперпигментациялармен. 
Емі: сыртқы антимикотикалық дәрілер, төсектің дезинфекциясы. Медикаментозды ем: әртүрлі антимикотикалық ерітінділер, кремдер, мазьдар (3-5%салицил спирті және 5% салицил мазь, 3-5%резорцинді спирт, 5-10% күкіртті мазь, тербинафин, циклоперокс, микозолон, клотримазол нафтифин,аморолфин және т.б.). Аурудың жайылмалы формаларында жүйелі антимикотиктерді (кетоконазол, итраконазол) қолданады.

Болжамы: жақсы.

Профилактикасы: клиникалық көріністердің өтуінен 1-2 ай өткеннен кейін антифунгальды терапияны қайталап өту. Жанұядағы барлық адамдар, балалар міндетті түрде тексерілу керек. Киімдерді, төсектерді дезинфекциялау. 
 
Эритразма 
Анықтамасы: еркектерде көп кездесетін табиғи қатпарларда кездесетін терінің кең таралған ауруы.

Этиологиясы және патогенезі: ауру қоздырғышы Corynebacterium minutissimum саңырауқұлақтарға еш қатысы жоқ, ал аурудың өзі – псевдамикоз. Аурудың патогенезінде маңызды орынды организмнің индивидуальды ерекшеліктері алады, жоғарғы тершеңдік, ылғалдық немесе ауаның жоғарғы температура терінің Рһ-ның сілтіге ауысуы, мацерация, қажалу. Инфекциялық киім, ванна, жыныстық жолмен берілуі мүмкін. 
Клиникасы: қабынусыз ошақтар ашық-қоңыр немесе кірпішті-қызыл түсті ошақтар, қосылып үлкен шектелген, кейде фестонды шетті ошақтар түзіледі. Дақтың беткейі тегіс нәзік кебек тәрізді чешуйкамен қапталған.Субъективті қышу көрінеді. Эритразма терінің ірі қатпарларында орналасады. Ерлерде шап-сан аймағында, әйелдерде қолтықастынан, сүт безінің астындағы қатпардан, кіндік маңының айналасында кездеспейді.

Диагностикасы: Люминисцентті диагностикасы, микроскопиялық зерттеу.

Дифференциальды диагностика: шап эпидермофитиясы, рубромикоз, кебек тәрізді теміреткі.

Емі: зақымдалған ошақты күніне 2 рет 1-2% октициллин, 1-2% йодтың спиртті ерітіндісі, 2-3% салицил немесе резорцинді спиртпен, фукорцинмен, 5-10%эритромицинмен, 5%күкіртті-2%салицил немесе клотримазол кремдерімен, экалин, травоген. Орунгалды 200мг 7күн. Профилактикалық мақсатпен 1-2рет аптасына 1-2% салицил немесе камфорлы спиртпен сүрту. 
 
 
Дерматофитиялар. 
 
Микроспория 
Синонимдері: микроспориялық теміреткіұсақ споралы қиылған теміреткі. 
Анықтамасы: Microsporum тұқымдастығының әртүрлі саңырауқұлақтармен шақырылатын шаштың және терінің саңырауқұлақтық ауруы. Көбінесе 5-10 жастағы балалар ауырады.

Қауіп факторлары: жабайы мысықтармен, иттермен, микроспориямен ауру баламен контактта болу.

Этиологиясы, патогенезі: Microsporum audoim, M.langeroni, M. Ferruginem антропофильді саңырауқұлақтар, M.canis, M.distortum, M.persicolor, M.nanum, M. Rivalieri зоофильді саңырауқұлақтар, M.gypseum, M.fulvum, M. Cookei, M.rasemosum геофильді саңырауқұлақтар. Зоофильді және геофильді саңырауқұлақтармен шақырылған микроспорияда инкубациялық кезеңі 1-2 апта, ал антропофильді де 1-1,5 айға созылады.

Клиникасы: Бастың шашты бөлігінде бір немесе бірнеше дөңгелек немесе сопақша эритоматозды-сквамозды ошақтар пайда болады. Диаметрі 2-6 см. Ошақтарда шаштар 2-3 мм ұзындықта сынған. Тері сұр немесе ақ муфтамен оралған, олар қиындықсыз пинцетпен жұлуға болады. волосы обломаны на 2-3мм от поверхности. Пеньки волос Диагностикасы: визуальды әдіс, люминесцентті әдіс, культуральды диагностика, микроскопия. 
Дифференциальды диагностика: беткей және де басқа трихофитиялар, фавус, псориазбен, себореямен, ошақты алопециямен. 
Емі: комплексті – ішке жүйелі антимикотикалық препараттарды беру (кетоконазол, интроконазол). Сыртқы ем кезекпен (таңертең-кешке) 2-5% йод ерітіндісін және күкіртті- салицил мазін. Басқа антимикотикалық препараттарды қолдануға болады (кетоконазол, тербинафин, аморолфин, лоцерил, бифоназол, циклоперокс, толциклад және т.б.).

Информация о работе Саңырауқұлақтардың жүйелілігі, дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Микоз қоздырғыштары