Ашытқы саңырауқұлағын биостимулятор ретінде пайдалану
Курсовая работа, 23 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Адамзат микроорганизмдердің ашылуына дейін олардың биохимиялық әрекеттерін нан пісіруде, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, сонымен қатар сүт қышқылды тағамдарды даярлауда қолданып келді. Қазіргі кезде микроорганизмдер спирт, ацетон, глицерин, лимон қышқылын, амин қышқылдарын, әртүрлі антибиотиктер мен вакциналарды және тағы басқа пайдалы заттарды алуда, сонымен қатар, мал азығының құнарлығын арттыруда, ағынды суды және ластанған топырақты тазартуда, биогаз алуда және басқа да бағыттарда баға жетпес көмекшілер ретінде танылып отыр.
Содержание
КІРІСПЕ..............................................................................................
3
1. Микроскоптық саңырауқұлақтар.................................................
5
1.1. Микроорганизм ферменттері және олардың заттарды түрлендірудегі рөлі............................................................................
7
2. Азықтық ашытқының қолдану тарихы.......................................
10
2.1 Азықтық ашытқының өнімі – ақуыз..........................................
12
2.2 Азықтық ашытқыны алу әдістері..............................................
12
2.3 Ашытқының микробиологиялық әдістемесі.............................
18
3. Зерттеу нәтижелері........................................................................
20
Қорытынды.........................................................................................
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
....................................................
24
Вложенные файлы: 1 файл
Алдиярбек нурлан СОҢҒЫ.docx
— 141.45 Кб (Скачать файл)Ашытқы саңырауқұлақатарының систематикасы көбею тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі тұқымдасқа бөлінеді сахаромицеттер және сахаромицет еместер.
Сахаромицеттер. Бұлар мәдени ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Олар бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді. Сондықтан бұларды нағыз ашытқы саңырауқұлақтар деп атайды. Мәдени ашытқы саңырауқұлақтарға: нан, шарап, сыра ашытқы саңырауқұлақтары жатады. Өндірісте, әсіресе олардың сахарамицес серевизде және сахарамицес эллепсойдеус деген түрлерінің маңызы зор.
Сахарамицес церевисте клеткасы шар немесе жұмыртқа тәрізді. Олар шарап спиртін алу үшін, сыра қайнатуда және нан ашытуда қолданылады. Бұлардың белгілі бір температурада және жағдайларда тіршілік ететін топтары - рассалары бар. Ал сахаромицес эллипсойдеустің клеткасы эллипс тәрізді шарап өнеркәсібінде қолданылады, оларды кейбір рассалары шараптағы хош иіс түзуге тікелей қатысады.
Сахаромицет емес ашытқы саңырауқұлақтар негізінен жалған ашытқы саңырауқұлақтар. Олай аталатын себебі: ашытқы саңырауқұлақтарының спора түзуге қабілеті болмайды бүршіктену арқылы көбейе алады. Бұлардың көпшілігі әр түрлі өндірістердегі өнімдерді зақымдайды. Дегенмен оларды ішінде шаруашылық үшін маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма.
Торула туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтар шар тәрізді келеді және ашу процесі барысында аз ғана мөлшерде спирт түзеді. Торула кефир деп аталатын өкілі қымыз және кефир сияқты сүт тағамдарын даярлауда пайдаланады, ал торула утилис – тағамдық және мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өндіруде үлкен маңызы бар. Микодерма туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтардың клеткасы ұзынша. Олар спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бар спиртті және органикалық қышқылдарды су қышқыл газына дейін тотықтыра алады.
Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса, микодерма қатпарланған қабықша түзеді де, оның иісімен дәмін бұза бастайды. Сонымен қатар микодерма сүт тағамдарын тұздалған көкөністерді бүлдіріп сірке және нан ашытқы саңырауқұлақтарын жасайтын өндірістерге өте зиянын тигізеді.
Май және май тектес заттар негізінен бактерия клеткаларының қабығында және цитоплазманың бетінде кездеседі. Май тектес заттар клетканың құрғақ затында 3-7% шамасында болады. Азықтық ашытқы саңырауқұлақтар денесіндегі май тектес заттардың мөлшері 60%-дай.
Сонымен қатар бактерия клеткаларында минералды заттарда бар. Олар бактерия тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Мәселен, фосфор клеткадағы нуклеопротеидке және май тектес заттардың құрамына енсе, күкірт кейбір амин қышқылдарын, калий – ақуыз бен көмірсуларды түзуге қатысады, темірдің тотығу және тотықсыздану реакциясына маңызы зор кейбір ферменттердің құрамына енеді. Микроэлементтер ферменттер мен витаминдер құрамына кіреді және ақуыз түзу процесіне де белсене қатысады.
Клеткадағы ақуыздар, көмірсулар және майлардың мөлшері бактериялардың түріне және олардың қоректену тәсіліне тікелей байланысты. Микроорганизмдердің химиялық құрамын білудің іс жүзінде маңызы зор.
3. Зерттеу нәтижелері
Қоретік ашытқыларды биостимулятор ретінде пайдалануды зерттеу үшін , кәдімгі тағам дайындауда пайдаланатын ашытқыны алдық. Ол өсімдік шаруашылығында барлық жағынан тиімді болды. Яғни, арзан әрі қол жетімді. Кәдімгі ашытқы өсімдікке қажетті бірнеше зат бөліп шығарады. Соның бірі – цитокинин гормоны. Сонымен қатар ауксин, В витамин тобы анықталды. Олар өсімдіктің клеткаларының тез бөлініп, дифференцияцалануына мүмкіндік береді. Осы қасиеттеріне байланысты оларды биостимулятор ретінде алып, тәжірибе қойдым.
Ең алдымен 10 г ашытқыны 1 л суда ерітіп, ерітінді жасаймыз.
1. Бидай дәндеріне жасалған тәжірибе (сурет-2)
2. Ыдысқа бидай дәнін алып, оның біреуін ашытқы ерітіндісімен өңдейміз, ал екіншісін жай су құйып отырғызамыз.
1
Сурет-2. 1- ашытқы ерітіндісімен өңделген дән, 2- өңделмеген дән
Сурет-3. Өскіннің өсуі
Екі апта бойы байқау жүргіздім. Байқау барысында ашытқы ерітіндісімен өңделген дән 3-4 күн ерте өнді (сурет 3-4).
Сурет-4. 8 күндік өскін
Қияр тұқымымен жасалған тәжірибе
Қияр тұқымын алып ашытқы ерітіндісімен өңдейміз . Өңделген тұқымды 1-ші ыдысқа, ал өңделмегенді 2-ші ыдысқа отырғызамыз (сурет-5).
Сурет -5 Қияр тұқымы отырғызылған ыдыс.
Дәнді екі апта байқаудан өткіздім. Ашытқымен өңделген ыдыстағы қияр тез өніп шыкты (сурет-6).
Сурет-6 Екі аптада өсіп шыққан қияр тұқымы.
Ашытқы саңырауқұлақтары топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігін арттырып, көмірқышқыл газының бөлінуін тездетеді. Нәтижесінде топырақтың минералдануы артып, азот пен фосфор бөлінеді. 1 пайыздық қоректік ашытқының ерітіндісін құю, кешенді тыңайтқыш пайдаланумен бірдей. Кәдімгі қоректік ашытқыны пайдалану өсімдік үшін биостимулятор ретінде маңызды болып табылады. Өсімдіктің өнгіштігін және дамуын арттырады. Сонымен қатар, ол экологиялық таза өнім болып табылады. Оның организмге ешқандай зияны болмайды және қол жетімді өнім болып табылады.
Қорытынды
Саңырауқұлақтар (Fungi) – табиғатта кең тараған хлорофилсіз, төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын, эукариотты, хемоорганотрофты организмдер.
Ашытқы – бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі саңырауқұлақ микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлақтары клетканың мөлшері 8- 10 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро, вакуоль басқа да май, гликоген, валютин заттар кездеседі.
Ашытқы саңырауқұлақтарының көбі спирттік ашу процесін жүргізеді. Құрамында ақуыздар мен В витаминдері бар. Шарап, сыра ашыту мен нан пісіруде, ауыл шаруашылығында (азықтық ашытқылар) кеңінен қолданылады. Сыра ашытқылары медицинада зат алмасу процесі бұзылғанда, В витамині жетіспегенде және т.б. кезде қолданылады. Азықтық ашытқылар ағаштардың қалдығынан, күнбағыс қауыздарынан және сабандардан өндірілетін саңырауқұлақтар. Құрама жем құрамына, концентраттарға және ақуызды, витаминді және минералды қоспа ретінде пайдаланылады.
Біз қоретік ашытқыларды биостимулятор ретінде пайдалануды зерттеу үшін , кәдімгі тағам дайындауда пайдаланатын ашытқыны алдық. Ол өсімдік шаруашылығында барлық жағынан тиімді болды. Яғни, арзан әрі қол жетімді. Кәдімгі ашытқы өсімдікке қажетті бірнеше зат бөліп шығарады. Соның бірі – цитокинин гормоны. Сонымен қатар ауксин, В витамин тобы бар екндігі анықталды. Олар өсімдіктің клеткаларының тез бөлініп, дифференцияцалануына мүмкіндік береді.
Жобаның мақсатына сәйкес микроорганизмдерді өсімдіктердің өніп-өсуіне биостимулятор ретінде әсерін зерттеу үшін ашытқы саңырауқұлағының бидай және қияр тұқымдарының өсіп-өнуіне әсерін анықтадық. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ашытқы сағырауқұлағы қосылған ерітіндімен өңделген тұқым ерте және тез өніп шықты.
Зерттеу жұмысын қорытындылай
отырып, кәдімгі қоректік ашытқыны экологиялық
таза, эканомикалық тиімді биостимулятор
ретінде ұсынамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусология. ‒ Алматы, 2008. – 376 б.
2. Қ. Х. Әлмағанбетов, «Микроорганизмдер биотехнологиясы», Астана-2008;
3. Жизнь растений. Энциклопедия в шести томах. Том 2. Грибы. ‒ Просвещение, 1976. ‒ 480 с.
4. Тулемисова Ж.К. Учебное пособие по сельскохозяйственной микробиологии. -Алматы, Издательский Центр АГУ им.Абая 2001.
5. . Смирнов В. В., Зайченко А. М., Рубежняк И. Г. Микотоксины: фун-даментальные и прикладные аспекты // Современные проблемы токсико-логии.— 2000.— № 1
6. Никуленко Т.Ф., Чкаников Д.И. Токсины фитопатогенных грибов и их роль в развитии болезней растений. – Москва, 1987. – 54 с.