Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 22:48, лекция
Краткое описание
Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.
Вложенные файлы: 1 файл
336_6M080200 TPPG KAZ-1.doc
— 336.50 Кб (Скачать файл)Жылқыны ұдайы өсіру және күтіп-бағу технологиясы.Жылқының көбею ерекшеліктері. Жыныстық жетілуі, шағылыстыру жасы, айғыр мен биені асылдандыру және тұқым жақсарту жұмысына пайдалану мерзімі. Биенің жыныс циклінің заңдылығы, күйлеу мен овуляция кезеңдерін айқындау әдістері. Бие шағылыстыру мерзімі мен тәсілдері: қолмен, үйірде, қорада. Биені қолдан ұрықтандыру, эмбрионды ауыстырып салу /трансплантация/. Жылқының жыныстық белсенділігі, айғыр шәуетінің сапасы және биенің ұрықтану қабілеті. Жылқы зауыдтарында, ұжымдық, кооперативтік, фермерлік шаруашылықтарындағы шағылыс науқанын әзірлік жұмыстары, оны өткізу.
Айғыр мен биені шағылысуға дайындау және оларды азықтандыру, күтіп бағу. Биенің буаздық мерзімі, құлындауы. Биенің буаздығын алдын ала анықтау тәсілдері, оның маңызы. Бие шағылыстыру және құлындау кездеріндегі жүргізілетін құжаттар. Буаз биені азықтандыру, күтіп бағу, жұмысқа пайдалану, іш тастаудың алдын алу. Бие мен құлынға көрсетілетін алғашқы көмек. Құлынның өсіп жетілу заңдылықтары. Құлынды енесімен бірге бағу. Сауында бие мен құлынға берілетін қосымша азық түрлері. Құлынды енесінен айыру мерзімі мен тәсілдері, оларды өсіру. Төлді қыс мезгілінде бағу, азықтандыру, топтап серуендету. Құлын-тайларды бағу, азықтандыру. Төлдің өсіп жетілуін бақылау. Еркек құлындарға белгі салу, піштіру жасы, оның мақсаты. Жылқы өсіретін қора-жайлар.
Жылқының жұмыс қабілеті және оларды пайдалану
Жылқының жұмыс қабілетін анықтайтын факторлар: жасы, бойы қоңдылығы, дене құрылысының типі, тұқымы, темпераменті, жұмысқа дайындығы, жаратылуы, жаттықтандыруы, азықтану деңгейі, күтімі мен бағымы. Жылқының жұмыс қабілеті, күші, жылдамдығы, қуаты. Жылқыны әр аймақтағы ұжым, кооперативтік және фермерлік шаруашылық жұмыстарына және көлік ретінде пайдалану. Жылқы жұмыстарын жоспарлау, есебін жүргізу. Жұмыс аттарының жұмыс көлемінің есебі мен нормасы. Жұмыс аттарын азықтандыру, суғару, күтіп-бағу, тазалау, тағалау және тұяқтарын ақаулардан сақтау. Жылқыларды пайдалану. Жылқыны жұмыста пайдаланудағы еңбек қорғау және қауіпсіздендіру техникасы. Жылқыны жегуге пайдалану. Бір атты және қос атты жегу. Жегу әбзелдері, олардың конструкциялық ерекшеліктері, пайдалану және сақтау. Жылқыны салт мінуге және жүк артуға пайдалану. Ер-тоқым түрлері, олардың құрылысы. Жылқы ауыл шаруашылық жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану жолдары.
Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы
Жылқы еті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, калориясы, қоректілігі, дәмдік және емдік қасиеттері. Жылқы еті мен қосымша өнімдерін өңдеу. Жылқы етінің стандарты. Жылқы етін өндірудің резервтері. Жылқы етінің сойыс салмағы мен ет шығымы. Етті бағыттағы жылқы тұқымдарын таңдау. Ет өнімділігін жоғарлату үшін селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізу. Жылқыны жайып семірту және бордақылау, оны ұйымдастыру шаралары. Шағын фермаларда, жекеше және өндірістік шаруашылықтарда ет өнімділігін арттырудың тиімді жолдары. Ет өндіретін жылқы шаруашылығындағы еңбек ақы мөлшері. Етті бағыттағы жылқылар мен жылқы бағасы. Етті жылқыларды экспортқа шығару. Жылқының сүт өнімділігі, жылқы сүті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, қоректілігі және емдік қасиеттері. Бие желіні, құрылысы және сүт беру ерекшеліктері. Биелердің тұқымына байланысты сүттілігін бағалау және оның анықтау әдістері. Қымыз фермасына сауын биелерді іріктеу. Биені қолмен және машинамен сауу және оны ұйымдастыру жолдары. Сауын биелері мен құлындарды азықтандыру және күтіп-бағу. Бие сүтінен дайындалатын тағамдар. Маусымдық және тұрақты фермаларында қымыз өндіру технологиясы. Қымыз және оның құрамы. Бие сүті мен қымыздың стандарты. Биенің сүт өнімділігін арттырудың тиімді жолдары. Жылқы шаруашылығының маркетингісі.
Тебінді жылқы шаруашылығының технологиясы
Тебінді жылқы шаруашылығы, өсіру тәсілдері оның маңызы және таралу аймағы. Жылқы тебінінің құрылым ерекшеліктері. Тебіндегі жылқыларды үйірге бөлу, жайып семірту, бордақылау, шағылыстыру, құлындату, құлын бөлу, тай үйрету және таңбалау тәсілдері. Тебінді жылқылардың жыл мезгіліне қарай азықтандыру деңгейі мен күтіп-бағу ерекшеліктері. Тебінді жылқыларды зоотехникалық және мал бағылатын дәрігерлік бақылаудан өткізу. Тебінді жылқы шаруашылығындағы есеп жүргізу жұмыстары, еңбек ақы төлеу, қоражай салу. Тебінді жылқы шаруашылығы өнімдерінің арттыру жолдары және экономикалық тиімділігі. Алдыңғы қатардағы озат шаруашылықтар және оның жетістіктері.
Тренинг және жылқыларды ипподромда сынау технологиясы
Жылқының әр түрлі тұқымдарын зауыдта және ипподромда жаттықтыру әдістері, оның мақсаты. Жылқының сынау түрлері мен ипподромға қабылдау жасы. Салт мінетін, желісті және ауыр жүк тартатын жылқыларды сынаудың техникасы, тәртібі. Ипподром жұмысын ұйымдастыру. Жылқы зауыдтарында және ипподромдағы тренингті ұйымдастыру. Жылқыны машықтандыру барысында жүргізілетін бақылау әдістері.
Ипподромдағы өткізілетін ат жарыстарын ұйымдастрыу, бағалау. Ипподромдағы әділ қазылар алқасы, олардың міндеті мен мақсаты. Жылқыны сынаудағы тіркеу және есеп құжаттары. Жылқы сынау нәтижелерін жариялау. Сынақ рекордтарының көрсеткіштері. Ипподромдағы сынау кезінде бәйге аттарына допинг қолдануға тиым салу, бұл жұмысты бақылауға алу.
Ат спорты мен ат туризмі
Ат спортының даму келешегі, қазіргі жағдайы, шығу тарихы. Ат спортының түрлері, классикалық /ат билету, кедергіден секірту, үш сайыс, қашықтыққа сынау, желғорлар жарысы, үш ат жегілген арба жарысы, ат үстінде ойын көрсету/, ұлттық ойындар /көкпар, қыз қуу, аламан жарыс және т.б./. Пони клубы және ат туризмі, олардың міндеті мен ұйымдастыру шаралары. Жарыс өткізу ережелері. Ат спортшыларының жарысқа қатынасу ережелері мен халықаралық ассоциациясы. Ат спортының әр түріне арнап жылқы таңдау, оларға қойылатын талап-тілектер. Спорт аттарын әр түрлі жарыстарға дайындау, оларды бағыпкүту, азықтандыру және жаттықтыру ерекшеліктері. Ат спортына қажет қора-қопсы және құрал-саймандар. Ат спортындағы физиологиялық, зоотехникалық, малдәрігерлік және допингіге қарсы бақылау жүргізу. Спорттық аттарды әр түрлі ақаудан сақтау және үркітіп алмау. Ат спортын дамытудағы зауыдтардың, ипподромдардың, спорт мектебінің және оның бөлімшелердің атқаратын міндеті. Ат спортындағы жалпы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу.
Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысы
Жылқы зауыттық және тебінді жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы және оның мақсаты мен маңызы. Жылқы өсіру әдістері. Таза тұқым өсіру. Аталық із бен аналық ұя. Туыстық шағылыстыру /инбридинг/. Аталық іздің кросстары. Жылқы будандастыру түрлері. Жылқы тұқымын жақсарту және жаңа тұқым шығару үшін тұқым таңдау. Түраралық будандастыру. Сұрыптау және жұп таңдау. Генетикалық маркердің сапасы үшін қан полиморфизмінің жүйесін пайдалану.
Бонитировкалау мақсаты: ата тегі мен типтері, дене өлшемдері, экстерьері, конституциясы, жұмыс қабілеттілігі, ет пен сүт өнімдері, ұрпағының сапасы арқылы бағалау принциптері. Асыл тұқымды айғырды және биелерді ұрпақтары сапасы арқылы бағалау.
Жылқы шаруашылығындағы мемлекеттік шаралар
Қазақстан Республикасындаөы жылқы шаруашылығы, жылқы зауыдтары және ат спортын ұйымдастыру жүйесі, оның құрылымы. Жылқы зауыдтары. Асыл тұқымды жылқы фермалары. Мемлекеттік мал асылдандыру және қолдан ұрықтандыру станциялары. Жылқыны өсіру шаралары және тұқым сапасын жақсарту жұмыстарының негізгі мақсаты. Жылқының аталық ізі, аналық ұясы, тұқым аралық типтері және тұқымдық тобының сапасын анықтау /апробация/. Мемлекеттік асыл тұқымды жылқыларды тіркеу кітабы. Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының кеңесі. Республикалық, облыстық және аудандық жылқы көрмесі. Жылқы аукционы. Жылқы шаруашылығындағы ғылыми-зерттеу институты, оның ғылыми жұмыстарға жетекшілігі. Жылқы шаруашылығына ЭВМ қолдану. Жылқы тұқымдарын жетілдірудегі селекционер-иппологтардың және менеджерлердің ролі. Жылқы шаруашылығы мен жылқы зауыдтарында жүргізілетін жұмыстардың экономикалық тиімділігі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Красников С.С. Практикум по коневодству. - М.,Колос. 1977.
2. Свечин К.Б. и др. Коневодство. М., Колос, 1984.
3. Камбегов Б. Коневодство и коннозаводство России. – М., 1988.
4 Бозымов К. Жылқы және түйе шаруашылығы. Алматы. Қайнар. 1993.
5. Дүйсембаев К.Ы., Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. т.б. Жылқы шаруашылығы. Алматы. АЗМИ, 1995.
6. .Красников А.С., Хотов В.Х. Коневодство. М., МСХА, 1995
7. Гладенко В.Н. Книга о лошади. М. 1999.
8. Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. Жылқы шаруашыылығы. Алматы, Республикалық баспа орталығы, 2006.
9. Әкімбеков Б.Р., Муслимов Б.М.,Әкімбеков А.Р., Дәленов Ш.Д. Жылқы шаруашылығы. Қостанай, 2007.
Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы
Сүтті, етті және қос бағыттағы ірі қара сырт пішінінің, ішкі құрылысының және дене бітімінің ерекшеліктері.
Ірі қараның дене бітімі мен сырт пішініне қойылатын талаптар. Малға ен салу. Жоғарғы жүйке тамыр жүйелері және олардың даму кезеңдері (этология). Ірі қараның жоғарғы нерв (жүйке) тамыр жүйелерінің дамуына сыртқы ортаның әсері. Малдың мінез-құлық әрекеттері.
Сүт өнімділігі. Сүттің құрамы мен оның тағамдық маңызы. Сүт бездерінің құрылымы. Сүт өнімінің физиологиялық негізі. Сүтке және оның құрамына әсер ететін жағдайлар; тұқымы, жасы, сауу маусымы, суалу және бұзаулағаннан кейінгі қашыру мерзімі, азықтандыру және күтіп бағу, тірілей салмағы, тұмса сиырлардың жасы мен тірілей салмағы, сүтейту, тәуліктік сауу мезгілдері, сауу тәсілдері және т.б.әсерлері.
Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік негізде жұргізу. Механикаландырылған сүт фермасында, кешендердегі өндірістік жүйелердің технологиясы және оны ұйымдастыру. Табындағы сиырлардың сүт өнімділігін талдау.
Сиырдың сүт өнімін жоспарлау, әр сиырдан алынатын сүттің жеке және статистикалық есебі.
Ет өнімділігі. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы, тағамдық маңызы. Ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар, малды бордақылау және жайып семірту. Тірілей және сойғаннан кейінгі ет өнімін және ет сапасын есепке алу әдістері. Ірі қарадан алынатын т.б. өнім түрлері.
Ірі қара тұқымы
Әлемдік және жергілікті тұқымдар. Ірі қара шаруашылығында генефондтарды сақтау және одан әрі асылдандыру мәселелері. - сүтті ірі қара мал тұқымдары: голштин, қара-ала, қырдың қызылы, айршир, джерсей т.б. - сүтті-етті ірі қара мал тұқымдары: алатау, кострома, симментал, швиц. - етті ірі қара мал тұқымдары: қалмақ, қазақтың ақ басы, әулиекөл, герефорд, шортгорн, абердин – ангус, галловей, шароле, лимузин, киан, санта-гертруда, зебу тектес т.б.
Ірі қара табынын толықтыру. Бұзаулау аралығындағы цикл және оның мезгілдері; буаздығы, сервис-кезеңі,сауын маусымы, суалу кезеңі, олардың өзара байланысы. Бұзаулау, суалту және ұрықтандыру мезгілдерін жоспарлау. Сиырлардың қысыр қалуы жөніндегі негізгі түсінік. Сиыр табынын толықтырудың негізгі көрсеткіштері. Сиырларды қысыр қалдырмау үшін атқарылатын жұмыстар. Бұқалар мен сиырларды шаруашылықтарда пайдалану мерзімі.
Бұқаларды өсіру және шаруашылықтарда пайдалану, әрі тұқымдық қасиеттерін бағалау.
Сиырларды бұзаулауға даярлау және төл алу. Жаңа туған бұзаулар үшін уыздық кезеңнің маңызы. Сүтті және етті ірі қара шаруашылықтарында төл өсіру тәсілдері. Төлдердің ауруы және шығынымен күресудің зоотехникалық шаралары.
Төлдің өсуін жоспарлау. Алғаш рет қашырылатын тайыншалардың жасы мен тірілей салмағы. Сиыр табынын жас төлмен толықтырудың негізі. Арнайы шаруашылықтардағы төл өсіру технологиясының ерекшеліктері. Төл өсірудегі жайылымның маңызы.
Сүт өндіру технологиясы
Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда бағып-күту тәсілі. Мал азығымен қамтамасыз етуді анықтау. Мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану әрі екпе көкмайсамен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету жолы. Мал қиын жинау, шығару және сақтау. Сауу тәсілдері. Сүтті тазалау, дайындау, әрі өткізу жолдары. Ветеринариялық-санитарлық шаралар. Малдарды байлап немесе бос ұстау үшін топқа бөлу тәсілдері. Табынның құрылымы және әртүрлі маманданған шаруашылықтардағы олардың ерекшеліктері. Сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясы, оның зоотехникалық және экономикалық негіздері, осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктері.
Циклограмма жөніндегі түсінік. Сүт өндірудің үздіксіз-цехтық технологиясы, сиырдың әр цехта болу уақыты, сиыр орындарын есептеу.
Сүтті өндірістік кооперативтік, шаруа қожалық (фермерлік) т.б. шаруашылықтарда өндіру технологиясы.
Ет өндіру технологиясы
Малды бордақылау. Малды өсіру, жетілдіру және бордақылау жөніндегі түсініктер. Бордақылаумен шұғылданатын шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Циклограмма туралы түсінік. Бордақыланатын малдарды әртүрлі бағып-күту жағдайындағы операцияларды экологиялық және экономикалық негізде бағалау. Малды қант өндіру технологиясы қалдықтарымен (сығынды, барда) бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту. Мамандандырылған етті ірі қара шаруашылықтарындағы «сиыр-бұзау» технологиясының ерекшеліктері. Бордақыланған малдарды өткізу.
Фермерлік (жекелеген) шаруашылықтарда малдарды өсіру және бордақылау ерекшеліктері.
Асылдандыру жұмысы
Мал өсіру тәсілдері. Ірі қара селекциясы. Асылдандыру жұмысының ірі қара мал өнімін көбейтудегі маңызы. Асылдандыру жұмысының өз елімізде және шет мемлекеттерде дамуы. Мал өсіру тәсілдерінің асыл тұқымды және тауарлы шаруашылықтарда қолданылуы. Сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы бұқалар мен сиырлардың негізгі және қосалқы селекциялық белгілері. Селекциялық белгілердің өзгергіштігі, тұқым қуалаушылығы, қайталануы және өзара байланыстылығы. Жоғары өнім көрсеткіштердің селекциялық маңызы.
Бұқалар мен сиырларды сұрыптау схемасы: генотипі (шығу тегі, тұқымдылығы, ұрпақ сапасы) және фенотипі бойынша.
Сүтті және етті ірі қараны сұрыптау. Сүт және ет бағытындағы бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау және жұп таңдау тәсілдері. Сұрыптаудың нәтижелерін талдау. “Аталық із” және “Аналық ұя”-мен жұмыс жүргізу. Инбридинг пен гетерозисті қолдану.
Селекциялық асылдандыру жұмысы. Кең көлемді селекция және оның қолданылуы. Асылдандыру жұмыстарының әртүрлі шаруашылықтардағы ерекшеліктері. Асылдандыру жұмыстарының есебі.
Ірі қара тұқымы мен табынының селекциялық жұмыстарын жоспарлау. Селекциялық жұмыста компьютерді пайдалану. Асыл тұқымды малдардың көрмесі, аукционы, мемлекеттік мал асылдандыру кітабы.
Селекциялық жетістіктерді бекіту.
Әлемдік генофондты ірі қара мал тұқымдарын асылдандыру үшін пайдалану.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. Оқулық. Алматы 2005.
- Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы 2006.
- Арзуманян Е. А., Бегучев А. П.,Соловьев А. А., Фандеев Б.В., Скотоводство. /Под ред. Е. А. Арзуманяна/. – М.: Колос, 1984.
- Алимжанов Б.О. Интенсификация производство молока и говядины. – А.,1961.
- Востриков Н.И., Бельков Г.И., Туников Г.М. Технология производства говядины на промышленной основе.- М.: Агропромиздат, 1988.
- Всяких А.С. Производство молока на промышленной основе. –М.: Колос,1984.
- Даленов Ш.Д., Каримов Ж.К., Жомартов М.Т. Скотоводство, технология производства молока и говядины. Учебное пособие. г.Алматы, 2001.
- Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству. – М.: Агропромиздат, 1988.
- Искакбаев Б.Б. ’’Ірі қара шаруашылығы’’ – А.: Қайнар,1996.
- Каримов Ж.К. ’’Қазақстанның сүтті сиыры’’ – А.: Қайнар, 1979.
- Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.К ’’Ірі қара шаруашылығы’’– Костанай, 1996г.
- Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу. – М.: Агропромиздат, 1988.
- Панкратов А. А., Орлов А. В., Руднев О. С. Производство говядины на промышленной основе. – М.: Колос, 1984.
- Ружевский А. Б., Рубан Ю. Д., Бердик А. П. Породы крупного рогатого скота,- М.: Колос, 1980.
- Эрнст Л. К., Кравченко Н. А, Солдатов А. П. И др. Племенное дело в животноводстве. /Под.ред. Н. А. Кравченко/. – М.: Агропромиздат, 1987.
- Даленов Ш.Д., Кинеев М.А. Казахский южный тип черно-пестрого скота «Сайран». Алматы, Бастау 2009.
- Даленов Ш.Д. Методы расчетов основных показателей по животноводству. Алматы, Бастау 2009.
- Государственные племенные книги крупного рогатого скота молочных, комбинированных и мясных пород.
- Журналдар ''Жаршы'', ''Ізденіс'', ''Молочное и мясное скотоводство'', ''Животноводство'', ''Зоотехния'' және т.б.