Аурухана ішіндегі инфекциялар бойынша жалпы мәліметтер

Реферат, 14 Мая 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Жүктілік кезіндегі гестоз ауруы — қазіргі акушерлік саладағы өзекті проблеманың бірі және аурулардың арасында алдыңғы орындарда тұр.�Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады. Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай аналардан туған балаларда дене пішіні және психоэмоционалды даму жағынан бұзылыс туындайды

Содержание


Кіріспе
Негізгі бөлім
Гестоз
Гестоздың түрлері
Алғашқы
Соңғы
Гестозды алдын алу
Қорытынды
Пйдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Гинекология Жиналыс Т..ppt

— 999.00 Кб (Скачать файл)

Орындаған: Еркебаева Н.М.

Топ: 301СД

Қабылдаған: Нурмағанбетова Г.Е.

 

Астана 2014

 

“Астана Медицина  Университеті “АҚ

Акушерия және Гинекология  кафедрасы

  1. Кіріспе 
  2. Негізгі бөлім
      1. Гестоз
      2. Гестоздың түрлері
      3. Алғашқы
      4. Соңғы
      5. Гестозды алдын алу
  3. Қорытынды
  4. Пйдаланылған әдебиеттер

 

 

 

Жүктілік кезіндегі  гестоз ауруы — қазіргі акушерлік  саладағы өзекті проблеманың  бірі және аурулардың арасында  алдыңғы орындарда тұр. 
Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады. Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай аналардан туған балаларда дене пішіні және психоэмоционалды даму жағынан бұзылыс туындайды.

Жүктілік гестозы  екіге бөлінеді:

 алғашқы және  соңғы. 

 

Гестоздың пайда  болуына іштен туа біткен және  жүре пайда болған нейроэндокринді  айналым жүйесінің жетіспеушілігі (гипоксия, инфекция, улану, тұқым қуалау  факторлары) және де әйелдерде  кездесетін патологиялық аурулар (жүрек-қан тамыры аурулары, гипертония  ауруы, гипотония, қант диабеті, пиелонефрит, гломерулонефрит, т.б.) әсер етеді.

 

Алғашқы гестоз жүктіліктің алғашқы үш айлығында құсу және ауыздан сілекей ағуы секілді белгілер арқылы анықталады.

Соңғы гестоз — жүктіліктің үшінші үш айында кездеседі. Негізгі үш белгісі болады — ісік, зәр құрамындағы белоктың көбеюі және қан қысымының көтерілуі. Кейде бұдан да ауыр белгілері (құрысу, кома және т.б.) болуы мүмкін. Жүкті әйел салмағына артық салмақ қосылуы гестозға шалдыққандығын аңғартады. Ол кезде жасырын ісік пайда болады. Жасырын ісік дене салмағын жиі өлшеу кезінде және кіші дәрет көлемін анықтағанда табылады.

Егер апта сайын  дене салмағы 300-400 г. өссе және  кіші дәрет көлемі нормаға  сәйкес келмесе, онда жасырын  ісіктің бар екендігін көрсетеді. Гестозда қан қысымы 170/100 мм.рт.ст. және одан да жоғары болуы  мүмкін. Гестоздың ауыр түрлерінде  белоктың жоғалуы күніне 5 г және  одан да көп болады.

 

Гестоздың жоғарыда  айтып кеткен үш симптомынан  басқа да жанама әсерлері бар. Науқастың басы ауырады, мұрны  бітеді, көз көруі бұзылады. Бұл  белгілер қан айналымының бұзылуынан  деп саналады. Кез келген сыртқы  әсерге тырысу талма — эклампсияға  айналуы мүмкін.

 

Эклампсия — гестоздың ең ауыр түрі, ол естен айырылумен, тырысумен сипатталады. Талма кезінде ми қан айналымы бұзылады, миға және оның қабаттарына қан құйылады. Кейде ішкі органдарға (ағзаларға) қан құйылуы мүмкін. нәресте өміріне де қауіпті.

 

Ацидоз пайда болады, ауа жетіспеушілік және зат  алмасуының бұзылуы күшейеді. Бүйрек  жұмысы дереу нашарлап, кіші дәрет  азаяды. Эклампсия анаға да, іштегі  нәресте өміріне де қауіпті.

Гестоз неден пайда  болады?

 

Кәмелетке толмаған  әйелдердің ауруға көп икемділігі  әйел ағзасындағы иммундық жүйесінің  толық жетілмеуіне байланысты

 

Қолайсыз әлеуметтік  жағдай, психоэмоцияның бұзылуы (некесіз  жүктілік, тұрғын үйдің жоқтығы, төменгі материалдық деңгей) аурудың  туындауына әкеп соғады. 30 жастан  асқан әйелдерде гестоз өте  ауыр түрінде өтеді (гипертония  ауруы, бүйрек патологиясы, семіру, қант диабеті).

 

Жүктілікке бейімділік  дағдысы жеткіліксіз болған жағдайда, кәмелетке толмаған әйелдер қауіпті  топ қатарына енгізіледі, ал 30 жастан  жоғары жүктілік, ол асқыну кезеңіне  әкеліп соғады.

Гестоз тұқымқуалаушылық  арқылы да беріледі. Екіқабат  әйелдердің анасы жүкті кезінде  гипертония немесе бүйрек ауруының  асқынған түрімен зардап шексе, ол баласына да беріледі.

Жүктілік кезінде  гестоздың асқынуы көбіне химиялық  заттармен байланыста болғанда, жүйке жүйесі шаршағанда, ауа  температурасының ауытқуынан және  ауа ылғалдылығының әсерінен  болады.

Гестоздың ауыр түрлерінің  алдын алу

 

!

 

Екіқабат әйелдерде, әсіресе, жоғары қауіпті топта, гестоздың  ауыр түрлерін болдырмау жөнінде  алдын алу шаралары жүргізіледі. Ол гестоздың ерте мерзімінен  басталады және жүктілік кезінде, босанғанда, туғаннан кейін фондық  патологияларды есепке ала отырып, кезеңмен жүргізіледі. 
Бүкіл жүктілік кезеңінде режим сақтау қажет. Дәрумендерді, жүйкені тыныштандыратын эффектісі бар фитожинақтарды қабылдау және бүйрек жұмысын жақсартатын, спазмолитиктерді, метаболизм және жүрек-тамыр жүйесін жақсартатын препараттар, мембранстабилизаторлар және экстрагениталды патологияны емдеу керек.

Қауіпті топқа кіретін  барлық жүкті әйелдерге 8-9 аптадан  бастап ем тағайындалады. 16-17 аптадан  бастап созылмалы холецистит, холангит  май алмасуының 1-11 деңгейінде бұзылған  науқастарға, алдын алу кешеніне  қосымша фитожинағын қосады. Өсімдіктер  жинағының жүйке тыныштандыратын  және бауыр, бүйрек функциясын  жақсартатын механизмі бар. 
Ем шаралары гестоздың қайталауын алдын алу үшін босанған әйел перзентханадан шыққан соң да жүргізіледі.

Босанудан кейінгі кезеңді  жүргізу:

 

Бақылау мен ем  жүргізу акушер-гинеколог пен  анестезиолог-реаниматологтың бірігіп  бақылауымен жүргізілуі тиіс

Негізгі белгілеі

 

Магнезиалық терапия  босанудан кейін 1 тәулік бойы  жүргізілуі тиіс

 

  • Гипотензивті терапия босанған кейінгі кезеңдегі АҚ-ға байланысты жүргізіледі

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Раисова  А.Т. Акушерия және гинекология.  АсемСистем,2006.
  2. Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие/ пер. с англ. Под ред.Э.К.Айламазяна. – 4-е изд. – М., 2009. – 650 с.
  3. Акушерство: учебник + СD/ под ред.Г.М.Савельевой, Р.И. Шалиной, Л.Г.Сачинавы, О.Б.Паниной, М.А.Курцера. – М., 2008. – 656 с.
  4. Гинекология: учебник / под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – 3-е изд. – М., 2008. – 432 с.

 


Информация о работе Аурухана ішіндегі инфекциялар бойынша жалпы мәліметтер