Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5
2 Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18
3 Ландшафттық стильдер.......................................................................................21
4 Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау............................................25
5 Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері........................................................28
6 Көркем композициялардың заңдары мен элементтері...................................29
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31
8 Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері......................................................34
9 Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37
10 Гүлзәр .............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

ландшафты дизайн нұсқаулық 2015 - копия.doc

— 6.17 Мб (Скачать файл)

 

4 сурет. а) көпжылдық бұтақты кесудің дұрыс (1) және теріс (2) тәсілдері; б) дұрыс кесілген бұтақ осылай өседі; в) теріс кесілген (түбір қалдырып) бұтақтың өсуі.

 

Қырқу ағаштарды, бұталарды жасарту, көп гүлдену т.б. мақсатта орындайды. Қырқудың кезеңдері бұталардың гүлдену кезеңіне қатысты, ал ағаштарды бүршік атпай тұрып орындайды.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ағаштарды отырғызу кезеңдерін ата.
  2. Отырғызу материалы туралы айт.
  3. Ағаштарды қалай күтіп баптау керек?
  4. Күтіп баптау қай кезеңде басталады?

 

 

Тақырып  9. Аумақтың ландшафтық дизайны

Мақсаты: Аумақтың ландшафтық дизайны туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Аумақтың ландшафтық дизайны туралы түсінік.
  2. Ландшафттық дизайнының жобасы құрамына кіретін құжаттар.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Аумақтың ландшафтық дизайны – бұл абаттандыру және көгалдандыру өнері. Ландшафтық дизайнның басты міндеті өн бойында техникалық прогресс пен табиғат жаратылысының жетістіктері астасқан әсем де үйлесімді пейзаж жасау болып табылады. Бұл көрініске ландшафттық дизайнның жекелеген элементтері – ғимараттардың, көгалдардың, жасыл екпелердің, су айдындарының, шағын сәулет үлгілерінің, жарықтың айшықты үйлесімімен қол жеткізуге болады.

Аумақтың ландшафттық дизайнын жасау жұмыстары топографиялық түсірілімдер, топырақты талдау, ыза сулардың деңгейін зерттеу, жасыл екпелерді түгендеу, учаскені жарықтандырудың ерекшеліктерін зерттеу секілді тиісті зерттеулер кешенін жүргізуден басталады. Содан соң аумағын болашақ ландшафтық дизайнының нобайы жасалады, оның көмегімен ландшафтық жұмыстар жүргізілгеннен кейін аумақтың келбетін елестетуге, әңгіме-дүкен құратын қалқаларды, су айдындарының, шағын сәулет үлгілерінің және тағысын тағылардың орналасатын орнын белгілеуге болады. Нобай сурет, сызба түрінде орындалуы немесе 3D-кескіндеменің көмегімен үш өлшемді суретпен бейнеленуі мүмкін. Нобайдың және алынған іздестіру деректерінің негізінде мамандар ландшафтық дизайнның жобасын жасауға кіріседі. 

Аумағын аяқталған ландшафтық дизайнының жобасы құрамына мыналар кіретін құжаттар пакетін білдіреді:

1. Бас жоспар. Ландшафтық жұмыстардың  ақырғы жоспары көрсетілген толыққанды  жоспар.

2. Учаскенің тігінен жоспарлау жоспары. Биіктіктердің барлық деңгей айырмаларының қате өлшемдері берілген аумағын бедері, соқпақ жолдардың биіктігі мен еңістері, суағарлар, аумақтың террасалары, топырақ үйінділері, арықтар және тағысын тағылар көрсетіледі.

3. Құрғату (дренаж) жүйелерінің жоспары. Барлық қажетті қималары, еңістері және жату тереңдігі көрсетілген дренаж трассаларының толық жоспары.

4. Электрмен жарықтандыру және электр жабдықтарын орналастыру жоспары. Сорғылар, электр қалқандары, жарықтандыру аспаптары және тағысын тағылар секілді барлық электр аспаптарының орналасуы көрсетілген электр жүйесінің түбегейлі схемаларын білдіреді. Электр жабдықтарының толық сипатқұжаты беріледі.

5. Дендрожоспар. Өсімдіктердің орналасатын орны, клумбалардың, альпинарийлердің, көгалдардың жайғасымы толық көрсетілген көгалдандыру жоспары.

6. Түржинақ тізімдемесі. Отырғызылатын барлық өсімдіктердің түрі, сұрпы және сандық құрамы көрсетілген тізімі.

7. Отырғызу сызбасы. Жермен толық тоғысатын әрбір отырғызу орнын орындалады, гүлзарлардың, альпинарийлердің, көгалдардың және тағысын тағылардың нақты кескіндері айқындалады. Отырғызу сызбасы дендрожоспар және түржинақ тізімдемесі негізінде жасалады.

8. Жайластыру сызбасы. Учаскедегі барлық жабдықтардың сызбасы, шағын сәулет үлгілері мен жерге тоғысқан жолдарды қоса алғанда. Жаңадан салынатын және қолданыстағы объектілер ретінде көрсетіледі.

9. Автоматты суғару жүйесінің жоспары. Суғару аймағы және суғару жүйелерін трассалау көрсетіледі, су шығысының нормалары есептеледі, қажетті жабдықтар анықталады.

10. Су айдындарының жоспары. Бүкіл су айдындарының – су бұрқақтардың, сарқырамалардың, тоғандардың және тағысын тағылардың барлық қажетті қималары және жабдықтар мен құрылыс материалдарының сипатқұжаттары қамтылған сызбалары.

11. Шағын сәулет үлгілерінің сызбалары.  Қажетіне қарай графикалық нобайлар мен жекелеген тораптардың сызбалары қоса беріледі.

12. Жол жабындары мен тірек қабырғалардың жоспары. Барлық конструкциялық қималармен беріледі.

13. Соқпақ жолдарға төсеніш төсеу және құрылыстарды қаптау суреттері.

14. Жұмыс көлемдерінің тізімдемесі. Қажетті жұмыстардың барлық түрлері көрсетіледі.

15. Күнтізбелік жоспар-кесте. Учаскеде  жұмысты кезең бойынша атқару, басталу және аяқталу уақытын  көрсете отырып жасау  белгіленеді.

16. Шығыстар сметасы. Учаскені салуға, абаттандыруға және көгалдандыруға қатысты барлық шығындар ескеріледі.

17. Түсіндірме жазба. Барлық сызбаларға  түсіндірмелер, жүргізілетін жұмыстардың  толық сипаттамасы және тағысын  тағылар беріледі.

Ландшафтық жұмыстардың жобасы бекітілгеннен кейін тікелей ландшафтық жұмыстарды жүргізуге кіріседі. Ландшафтық жұмыстардың сапалы орындалған жобасы материалдық және еңбек шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді және ландшафтық жұмыстардың барысын бақылауды едәуір жеңілдете түседі.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ландшафттық дизайн қандай өнер?
  2. Ландшафттық дизайн жасау жұмыстарына не жатады?
  3. Дендрожоспар дегеніміз не?
  4. Шығыстар сметасы дегенді қалай түсінесің?

 

 

    Тақырып 10. Гүлзәр, көгалдандыруда гүлдерді қолдану.Өсімдіктерді күту

     Мақсаты: Гүлзәр, оған қойылатын талаптар туралы түсінік беру. Гүлзәрларға арналған өсімдіктер туралы айту.

Жоспар:

  1. Гүлзәр,  гүлзәрға қойылатын талаптар.
  2. Гүлзарларды көгалдандыруға арналған өсімдіктер.
  3. Гүлзәрларға топырақты дайындау, оларды күту.
  4. Гүлмен әсемдеу, гүлмен безендірудің түрлері.
  5. Гүлдерді отырғызу, оларға күтім жасау.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Гүлзәр жасау. Гүлзәрдың маңызды санитарлық-гигиеналық мәні бар. Шаңды ұстап, жер қыртысының қызуын азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады, оны оттегімен, гүлдер мен шөптер, фитоноцидтермен байытады.

Гүлзәрдың жер қыртысын қорғау рөлі, әсіресе олар жеңіл құмдауыт жерлерде, жол бойында орналасқан кезде көрінеді.

Гүлзәрға деген бірқатар талаптар болады. Олар жазда да, күзде де жасыл болулары тиіс. Шөптер тығыз болу керек, шымы нығыз, тығыз, ұзақ мерзімдік, тұрақты болуы керек.

Гүлзәрды көгалдандыруда  төмендегідей өсімдіктерді, т.б. отырғызған дұрыс:

Қоңырбас көгалы көп жылдық аласа дақылдарға жатады. Құнарлы қара шірікте, құмдауыт, балшықты, орташа ылғалды, орташа қышқыл, әкті жерлерде жақсы өседі. Орташа көлеңкелі, қысқа шыдамды. Құрғақтыққа шыдамды. Бет жағындағы тамырлық жүйесі 15 см дейінгі тереңдікте орналасады. Баяу дамиды, сепкен соң, тек екінші-үшінші жылы ғана тығыз өседі. Жиі қырқып отырғанда жақсы өседі. Тұқымы ұсақ, екі аптадан кейін көктей бастайды, бес-алты жылға дейін өсуін сақтайды. Оның өмір сүру мерзімі 15 жыл.

Қызыл бетеге төзімді аласа дақыл. Жапырақтары қатты, шаш іспеттес. Өмір шеңдігі 10жыл. Топырақ талғамайды, бірақ құнарлы топырақта жақсы өседі. Құрғақтыққа орташа шыдамды, уақытша су басуға да шыдамды. Тамырлық жүйесі 15-20 см тереңдікте орналасқан.  Тығыз шөптенуі екі-үш жылдан кейін болады, ал содан кейін өсімдіктің жартысы түсіп қалып, қалғаны шоқтанып өседі. Жиі-жиі қырқып отырған соң жақсы өседі. Тұқымы ірі, сепкен соң бір жарым аптадан кейін шыға бастайды. Өнгіштігі төрт – бес жыл бойы сақталады.

Ақ суоты (полевица). Баяу өсетін аласа тамырлы дақыл. Құнарлы, орташа қышқыл, балшықты және құмдауыт топырақты ұнатады. Жарық сүйгіш, қысқа орташа шыдамды, ылғал сүйгіш, уақытша су басуға шыдамды. Жиі қырқып отырғанда жақсы өседі. Тапталуға шыдамды. Тамыры 20 см дейінгі тереңдікке кетеді. Екі жылдан кейін жақсы өсе түседі. Тұқымы ұсақ, үш-бес жылға дейін өнгіштігі сақталады, бір жарым, екі аптадан кейін шыға бастайды. Барлық гүлзәр үшін пайдалы, себебі әдемі және нығыз аласа болып өседі.

Жай суоты. (полевица обыкновенная) Баяу өсетін, тамырлы дақыл, гүлзәр үшін ең тамаша. Екінші жылы жақсы өсе бастайды. Топырақ талғамдылығы орташа, салыстырмалы құрғақшылыққа төзімді, аязға шыдамды, орташа жарық сүйгіш. Ұзақ уақыт бойғы су басуды ұнатпайды. Таптауға шыдамды, сондай-ақ жиі шабуды да жақсы көреді. Тамыры 10-15 см дейінгі тереңдікке кетеді. Тұқымы ұсақ, 10-12 күннен соң шыға бастайды, өнгіштігі бес жылға дейін сақталады.  Тіршілік ету  ұзақтығы 10 жыл.

Ит суоты (полевица собачья). Баяу өсетін аласа тамырлы дақыл. Топырақ  таңдамайды, бірақ ылғалды жақсы көреді. Көлеңкеге орташа шыдамды, аязға төзімді. Ұзақ уақыттағы су басуға төзімді. Таптауға шыдамды. Жиі қырыққан кезде жақсы өседі. Екі-үш жылдан кейін жақсы өседі. 10 жылға дейін өседі. Қалың және аласа өскен жоғары сапалы шөп береді, сондықтан да барлық гүлзәрға жарайды.

Бұл өсімдіктерден  басқа газон үшін жайылымдық үйбидайық (райграс), қарапайым жыңғылбас, шалғын атқонағы (тимофеевка луговая), жиналған тарғақшөп (ежа сборная), шалғын түлкі құйрығы (лисохвост луговой), ақ беде (клевер белый) және т.б. пайдаланады.

Тұқымдарды себу нормалары өсімдіктің қалыңдығы мен өсуіне байланысты.

Топырақты дайындау. Егер де құнарлы, орташа ылғалды, ауа өткізетін, бейтарап немесе әлсіз қышқыл топырақта жасалған гүлзәр болса, ұзақ мерзім қызмет етеді. Тамырдың жақсы дамуы үшін белгілі бір жағдай қажет: топырақ қабатының қуаты 20 см аспауы керек, топырақтың су ұстағыш қабілеті толық ылғал сыйымдылығына, жер асты суларына топырақ бетінен 60 см жақын болмау керек. Егер де топырақ қабатының тереңдігі 20 см кем болмаса, шымтезек пен шымтезек компосталары бар қоспасы бар құнарландырылған топырақ төгеді.

Күзгі тырмалау арам шөптерменде күресте жақсы пайдасы бар.   Көктемде алғаш тырма салғанда  5ц/га дейінгі суперфосфат, 3 ц/га калий тұзын, 10 ц/га ағаш күлін салады. Фосфорлық-калийлік тыңайтқыштан басқа органикалық – торфкомпост немесе қарашірік салады (50-150 т/га есебімен (А.Головач бойынша) тыңайтқышты 10-15 см тереңдікке дейін тырмалайды.

Себу. Ерте көктем (сәуірдің соңы мен мамырдың басы) гүлзәр өсімдіктерді өсіру үшін ең қолайлы кезең. Жер қыртысы жылынды, қолайды ылғалдылық пен құрылымға қол жеткізілді, топырақ өңдегіш құралдарға жабыспайды. Желсіз ауа-райы жағдайында қысқа мерзімде сепкен дұрыс.

Аталған алаңға арналған себу нормасын жартылай бөледі. Тұқымның бір бөлігін гүлзәр болатын жердің ұзына бойына, екіншісін көлденеңнен себеді. Жолдар мен тратураларға жақын орналасқан гүлзәр шеттеріне тұқымды жиілете себеді. Себілген тұқымды топыраққа мұқият түрде тырнауышпен 1-3 см көмеді және  немесе диаметрі 20-30 см асбоцементтік немесе металл түтіктен жасалған немесе ағаш катокпен таптап өтеді. Суды себелеп отырады. Топыраққа суды жақсы сіңдіру керек. Бірінші жыл бойы топырақтың біркелкі ылғалдануына көңіл бөлу керек. Әйтпесе құрғақтық пен шектен тыс ылғалданудың кезектесуі өсімдіктің дұрыс өспеуіне әкеп соғады.

Гүлзәрді жиі-жиі қырқып отырған дұрыс. Гүлзәр қырқатын машиналарының пышақтарын қалаған биіктікте орналастырып қырқа аламыз.

  Гүлмен әсемдеу. Гүлмен әсемдеу күрделі. Ол дұрыс жоспарланып, дұрыс орналасу керек.

 

 

5 сурет. Модулді гүлбақ (фото RMNT.RU сайтынан алынған)

 

Табиғи түр табиғаттың табиғи пейзажымен және өсімдіктермен табиғи бірлесуіне жақын, өсімдіктердің ассортиментімен және орналастырылуымен айрықшаланады. Гүлдер саябақтарға, орман бақтарында, бақтар мен скверлерде, бульварларда, квартал ішінде, демалыс үйлері, өндірістік нысандар мен үй маңдарын жандандыра түседі.

Гүлбақтар.  Бір жылдық гүлдер өсірілген дөңгелек, сопақ, шаршы, тік бұрышты және көп бұрышты жер телімдері. Оларды скверлердің ортасында, саябақтың кіре берісінде, ғимараттар алдындағы алаңдарда жасайды. Олардың дербес рөлі де, сондай-ақ гүлдерді отырғызудың күрделі түрлерін отырғызуда  да маңызды рөл атқарады.

Рабаткалар.  Ені 50 см асатын көп жылдық гүлдер салынған созылған, геометриялық сұлбалы. Оған отырғызудың қарпайым түрі де күрделі түрі де қолданылады.

 

6 сурет. Рабатка (фото RMNT.RU сайтынан алынған)

 

Бордюрлер. Ені 50 см дейінгі гүлдердің жолағы, олар гүлзар мен раттардағы биік гүлдерді немесе жол бойында орналасқан гүлзәр жиегін  жиектеп тұрады.

Жекелей өсірілетін гүлдер. Әдетте шоқ болып өсетін ірі гүлдерді өсіреді (мәселен,  пионы, георгины, райхан гүл, арункусы т.б)

Топтар. Гүлдердің көптеген саны бір немесе бірнеше түрлі болады.  Үлкен алаңда гүлдер массивын жасауға болады.

Аралас бордюрлар немесе миксибордерлер. Гүлмен безендірудің күрделі түрі. Онда көп жылдықтта, бір жылдық та гүлдер де, сонымен қатар әсемдік бұталары да өсіріледі. Миксбордерлерді лента түрінде жарықтандырылған орындарда немесе ғимарат, құрылыс, өсімдіктерден жасалған қоршау  маңында жасайды. Миксбордердегі арнайы таңдап алынған және гүлдейтін өсімдіктердің аралас ассортименті олардың бүкіл маусым бойы үздіксіз гүлдеуін қамтамасыз етеді.

Гүлдейтін өсімдіктерді таңдаған кезде олардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың сыртқы орта жағдайына деген талаптарын (жарық, жылу, топырақ, ылғал) ескеру керек. Гүлдейтін өсімдіктердің әрбір түрі үшін орта жағдайларына деген талаптары бірдей өсімдіктіктерді таңдаған дұрыс.

Көгалдандырушы гүлдейтін өсімдіктердің әсемдік қасиетін сөзсіз білуі керек: гүлдердің түсі мен көлемі, гүлдеу уақыты, оның тіршілік жасау ұзақтығы т.с.с. Колер бойынша гүлдейтін өсімдіктерді таңдаған кезде  гүлдердің бірлесуінің белгілі бір ережесін ұстанған дұрыс. Спектрдің негізгі түстері – қызыл, сары мен көк, туынды – сарғыш, жасыл, күлгін, көгілдір, бейтарап – ақ, сұр, қара. Қызыл, сарғыш, сары түстер жылы түстер, ал жасыл, көгілдір, көк және күлгін – суық түстер.

Информация о работе Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары