Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5
2 Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18
3 Ландшафттық стильдер.......................................................................................21
4 Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау............................................25
5 Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері........................................................28
6 Көркем композициялардың заңдары мен элементтері...................................29
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31
8 Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері......................................................34
9 Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37
10 Гүлзәр .............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

ландшафты дизайн нұсқаулық 2015 - копия.doc

— 6.17 Мб (Скачать файл)

 

 

2 сурет- Жапондық бақ (фото RMNT.RU сайтынан алынған)

 

Жапондық ландшафттық стиль. Пайымдау, сабырлылық, миниатюра, символизм. Жапондық бақтар пейзаждардың ауысуы бақтың бойымен серуендеу жолының бойымен жүретіндей етіп жобаланады. Безендірудің негізгі элементтері – шағын өткелдері бар қалқымалы көріністердің шағын су айдындары, көлемі онша үлкен емес павильондардың черепицамен жабылған шатырлары және тастарған жасалған композиция құрылымдары. Бұл арада басымдық жағын таңдап алу еш мүмкін емес – өйткені, барлығы да өзара байланыста болады және бір-бірін үйлесімді дәрежеде толықтырып отырады. Жапондық бақтардың көлемі әдетте шағын болып келеді, ал табиғатты барынша толық түрде бейнелеуге деген құлшыныс нәзік етіп әдемілеу әрекетіне, яғни ергежейлі өсімдіктерді, тастарды және т.б. пайдалану жағдайына алып келді. Жапондық бақ мынадай рәміздерге негізделген – әрбір нәрсе өзінің мағыналық жүктемесіне ие.

Қытайлық ландшафттық стиль. Үйлесімділік, табиғат, пайымдаушылық. Қытайлық бақта фэн-шуй дәстүріне сәйкес төңірегіне қалған композиция түзіліп сап құрайтын қандай бір болсын басымдық сипат тікелей таңдалып алынады. Әдетте осы жерден басталатын түр құбылысы күллі композиция құрылымына айқара ашылады, және, өз кезегінде, бұл басымдық жағы аумағын барлық тұстарынан көрініп тұрады. Қытайлық ландшафттық стильде баршасы да үйлесімділік пен тепе-теңдік заңдарына бағындырылған. Бақтың әрбір өсімдігі, әрбір  элементі  фэн-шую дәстүріне қатаң сәйкес түрде орналасуға тиіс. Үйлесімділік пен тепе-теңдік барлық нәрседе болуға тиісті. Осылайша, таңдаулы бірнеше гүл табиғи желектің арасында, ала-құла, үлкен клумбаға қарағанда анағұрлым жағымды әсер етеді. Қытайлық бақтағы әр түзілім, әр өсімдік өзіне зор рәміздік жүктемені иеленеді: мәселен, бамбук - моральдық тазалықтың нышаны, ал қарағай – бекзаттықтың нышаны.

Жеңілдікті ландшафттық стиль. Сенімділік, қолайлылық, босаңшулық. Жеңілдікті ландшафттық стильді жасау кезінде табиғи материалдар – тақтайша қадалардан жасалған қоршаулар, ағаш төсемдер, жұмыр тастар төселген кішкене жалғыз аяқ жолдар. Өсімдіктер түрлі аркаларды, қалқаларды, сан алуан террасалар мен верандаларды шырмап алып, еркін өседі. Көне кеспектерде және ақ түсті терракотадан жасалған контейнерлерде верандаларды және шағын патиоларды жағалай жылу сүйетін өсімдіктерді - пальмаларды, цитрустық жеміс ағаштарын, кактустарды және т. б. отырғызып шығады. Әшекей ретінде ағаштан немесе табиғи тастан жасалған мүсінді пайдалануға болады. Тербелме креслолар  мен гамактарды (жатып тербелу үшін бағаналарға байланған аспалы торларды) денені босаңсытып, жайлы тынығу үшін ұсынады.

Модерн ландшафттық стилі (минимализм). Қарапайымдылық, сапа, басы артық ештеңе жоқ. Бұл ландшафттық стильдің ерекше сипаты қарапайымдылық пен іс-қызмет атқарушылық болып табылады. Бақ бейне бір үйдің жалғасы, ашық аспан астындағы бөлме сияқты саналады. Бақты жоспарлау, көбінесе нақты, геометриялық болып табылады, бірақ міндетті түрде симметриялық болуы шарт емес. Әдетте, бұл арада бассейн және/немесе теннис корты тұрады. Өсімдіктері қалың, жарасымды, ұқыпты етіп қырқылған. Түстері, қарама-қарсы, ашық бояулы. Жиһаз қазіргі заманғы материалдардан жасалған, әшекейлері жоқ.

Жерорта теңізі ландшафттық стилі. Тынығу, жылу, жайлылық. Жерорта теңізі ландшафттық стилінің ерекше белгілері бақты безендіру ісінде хош иісті шөптердің, жақсы қырқылған қылқан жапырақты ағаштардың молдығы, терракоталық балшық пен қыштан жасалған бұйымдардың, ақшыл түсті мүсіндердің, құм және бақ сүрлеулерінің жұмыр тастарының көп болуы деп саналады.  Қолдан тұрғызылған тау үңгірлер мен шырмауықпен оратылған қалқалар, жабық соқпақтар – перголдар сан алуан көлеңкелі бұрыштарды жасайды. Керамикалық кашполарда (үзілген гүл салынатын вазаларда) жылу сүйгіш өсімдіктер - пальмалар, цитрус ағаштары, фикустар және т.б. тұрады. Жерорта теңізі ландшафттық стилін жасау үшін сабақты жиһаздың, шезлонгтардың, күн сәулесінен қорғайтын қол шатырлардың және басқа да күннен сақтану үшін бассейнді айнала қойылған қалқалардың болуы барынша маңызды.

Голландтық ландшафттық стиль. Күтімге алу, ұқыптылық, тәртіп. Голландтық бақ әдетте кіші көлемді болып келеді. Оның басымдық жағы периметрі бойынша гүлдер мен әсемдік бұталар отырғызылған, мүлтіксіз күтімге алынған көгал болып табылады. Аумағын бойы ұшы қырқылып бұтадан жасалған қашамен безендіріледі. Ағаштар көп емес, бірақ олардың барлығы да жақсы қалыптасуға тиіс. Мұндай баққа айрықша таңғалу селолық өмірдің мынадай нышан-белгілерін дарытады - құдық, шағын диірмен, үстінде гүлдер жайғастырылған арба.

Селолық (кантри) ландшафттық стиль. Бұқарашылдық, ыңғайлылық, іс-қызмет атқарушылық. Селолық немесе деревнялық ландшафттық стиль барлығының ішінен алып қарағанда анағұрлым бұқарашыл әрі еркін стиль болып есептеледі. Ірі сабақты ашық түсті гүлдер, гүлдеп тұрған жеміс ағаштары, көкөніс егіліп күтімге алынған жүйектер осындай бақтың тікелей белгілері болып табылады. Әзіл-оспақ мағынасында көне шелектер мен шағын бөшкелерден жасалған құдық, клумбалар, ескі астаудан құрастырылған кішкентай ғана су айдыны, шырмауықпен оратылған қалқалар учаскені барынша әшекейлей түспек. Бұл бақта ересектер де, балалар да өздерін жайлы сезінетін болады.  

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ландшафттық стиль туралы не білесіңдер?
  2. Француздық стиль туралы не білесің?
  3. Ағылшындық және қытайлық ландшафттық стильдердің айырмашылығы қандай?
  4. Ұқыптылық, күтімге алу, тәртіп қай стильге тән?
  5. Жапондық стиль туралы не білесің?

 

Тақырып 4. Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау

Мақсаты: Жобалау және шешімдерді қабылдау туралы түсінік беру, үй аумағын көгалдандыру туралы мәлімет беру.

Жоспар:

  1. Үй аумағын көгалдандыру.
  2. Үй түрлеріне байланысты (жер үй немесе көп қабатты үй) көгалдандыру.
  3. Үй аумағын көгалдандыру кезіндегі жобалау.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Көп қабатты үйлердің есік алдындағы жасыл отырғылар тұрғындардың көңілін көтеретін және жолдардан, жаяу адамдар жүретін жерлерден үйді оқшау ететін болса, онда ол жақсы көгалдандыру деп есептеледі.

Көбіне біркелкі болған ғимарат немесе үйлердің алдында өсімдіктердің орны ерекше.

Есік алдында әдемілікті келтіремін деген ойда тұрғындар әр түрлі өсімдіктерді отырғыза бастайды, нәтижесінде хауысты отырғылар «шашыраңқы» сезім тудырады. Сондықтан жобалау қажет. Көгалдандыру кезінде үйдің орналасуын есепке алған маңызды. Ол үшін жобада үй маңындағы жолдарды, басқа құрылыстарды, көшелерді көрсетіп, пайдалы алаңды дұрыс қолдануға мүмкіншілік береді.

Есік алдындағы алаң өз ретінде қала немесе аулаға өтетін зона болып есептеледі. Сондықтан өсімдіктердің топтағы саны үйден алшақтаған сайын ұлғаяды. Үй перефириясында біркелкі топтар (7-15 ағаштан және 10- 30 бұтадан) құрылады. Үйге жақын жерде олар 3-5 ағаштан немесе бұтадан отырғызылады. Тірі қырқылған немесе бос өскен қорған өзгермейтін элемент болып табылады. Бірақ тығыз отырғылар болған жерде тірі қорғанның қажеті жоқ.

Есік алдына өзіндік ерекшелікте беруге болады. Ол бір ағаш түрінің басым болуы арқылы жүзеге асады. Мысалы: салбыраңқы қайыңның бөрік басы ажурлы болғандықтан есте қаларлық немесе әдемі иісті гүлденетін ағаштар, мысалы: мойыл, т.б.

Бірінші қабат тұрғындары терезеден үй іші көрінбеу үшін кейде ағаштарды өте жақын отырғызады, олардың қалауы әрине түсінікті. Бірақ ағашпен үй ара қашықтығы 5м ден кем болмауы тиіс, себебі өсе келе терезені жауып қоймай пәтердің ауа алмасуын төмендетеді, фундаментті бұзуы, терезені желді күндері бұтақтарымен сабалап, сындыруы мүмкін.

Егер үй шулы жол бойында орналасса көп қабатты отырғылар отырғызу қажет болар.

Кей үйлер жерден тым жоғары орналасады. Оларды көгалдандыру кезінде шырмауықтар қолданған дұрыс. Өйткені биік гүлдер болсын, ағаштар болсын көзбен қарағанда үйлесімділік сезімін бере алмайды.

Өсімдіктерді отырғызбас бұрын гүлдердің орналасуын сызып алу керек. Алаңды ені бірдей үшке бөліп, алшақ орналасқан жерге биік, одан бері қарай орташа биіктігі бар, үй алдында төмен биіктігі бар өсімдіктер отырғызу тиіс (орташа биіктігі бар өсімдіктердің бірін артқы бөлікке жіберіп сызықтық ). Осындай көрініс «ұя» тәріздес жылы сезім тудырады және өсімдіктер әсемдігін толық көрсетеді. Пиязды гүлдерді артқы немесе ортаңғы қатарларға отырғызған жөн. Жаз бойы гүлденуіне жеткізу мүмкін емес, сондықтан әсем жапырақтары бар өсімдіктерді қолданамыз.

 

3 сурет- Жобалаудың және көгалдандырудың  нұсқалары 

(фото flowerlib.ru сайтынан алынған)

 

Алғашқы жылдары гүлбақ әсер етпеуі мүмкін,  өйткені өсімдіктер әлі жас және олар бір орында көп жыл отыру үшін болашақ габариттерін есепке алып отырғызғандықтан бос болып көрінеді. Ол үшін алғашқы жылдары бір жылдық өсімдіктерді қолданамыз.

Егер аумақта үлкен ағаштар болса оларды сақтаған жөн, олар таптырмайтындай құнды. Олардың орналасуы жобаға тікелей әсері бар. Жобалаған кезде қызыл жолақтарды, жер астындағы коммуникацияларды есепке алу қажет.

Жобалау: территорияны зоналарға бөлеміз. Олар: бау-бақша, парадты зонасы, шаруашылық. Оларды бір-бірімен байланыстыру жолда, жасыл отырғылар арқылы жүзеге асады.

Үйдің көгалдандырылуы қоршаған ортамен үйлесімді болуы үшін стильдің біркелкілігін сақтау қажет. Кішкентай бақты көп өсімдіктер түрімен толтырудың қажеті жоқ. Оның орнына гүлзәрді қолдансақ, участок кең болып көрінеді.

Әсемдік отырғылар көп уақыт және қаражат қажет етпеу үшін көп жылдық әсем гүлдейтін өсімдіктерді қолданған дұрыс. Гүлзәрді қырқу оңай болу үшін өлшемдері және сызықты болуы қажет. Сол мақсатта өсімдіктердің орналасуы қалай болса солай болмасын.

Шағын аудандардың (периметральді,топтасып, аралас) құрылымына байланысты – инсоляция (жел және жарық) санитарлық – гигиена мақсатында есептеледі.

Егер шағын аудандарда территорияны қызметі бойынша дұрыс қолданбаса қажетті ыңғайлылықтар жоқ болып, болашақта екпелерді алып тастау қажет болады. Сонымен территорияны бөлу:

есік алды - жолдардан үйді оқшау ету, адамдардың эстетикалық және гигиеналық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

жай демалу – үлкендер мен балалардың жай серуендеп жүруін, топтасқан тұрғын үйлердің микроклиматын жасайтын жасыл отырғылар;

белсенді демалу зонасы -бұл зонаны тұрғын үйлерден алшақ орналастыру керек және отырғылармен қоршаған дұрыс. Ол жерде ойнау алаңдары орналасады.

Бұл зоналарды байланыстырып және бөліп тұратын отырғылар жолдар бойында отырғызылады.

Гүлзәрлардың қызметі өте үлкен. Санитарлық – гигиеналық жағдайды жақсартумен қатар ағаш, бұта әсемдігін толық көрсете алады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Үй аумағын көгалдандыру дегенді қалай түсінесің?
  2. Үй түрлеріне байланысты (жер үй немесе көп қабатты үй) көгалдандыру қалай жүргізіледі?
  3. Үй аумағын көгалдандыру кезіндегі жобалау туралы айт.
  4. Территорияны қандай түрлерге бөледі?

 

 

 

Тақырып 5. Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері

Мақсаты: Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдерімен таныстыру.

Жоспар:

  1. Жасыл екпелердің ролі.
  2. Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Есік алды жақсы көгалдандыру нәтижесінде ашық ауадағы «бөлме» ретінде болуы керек. Өсімдіктерді таңдау және оларды орналастыру тәсіліне байланысты үй қоршаған ортамен үйлесімділігі, сондай-ақ пәтердің ішінен көрінетін көрініске әсері тікелей. Өсімдіктердің алуан түрлілігінен, әр адамның қалауымен, жағдайдың әр түрлі  болуынан дайын композициялық шешімдерді беру өте қиын. Сондықтан біз кейбіреулерін ғана қарастырамыз.

Есік алды регулярлы стилі қолданса, жай демалу жерінде ландшафты стиль қолданылады.

Өсімдіктердің түсіне, жапырақ пішініне, бөрік басының пішініне, дің түсіне байланысты топ құру үлкен өнер. Өсімдіктердің алыс немесе жақын орналасуына қатысты бөліктерінің әсемдігін көрсету керек.

Көркем көріністі татар үйеңкісі мен Тунберг бөрі қарақаты құрады. Бөрі қарақат үйеңкі алдында орналасуымен, оның діңін жауады және гүлзәрға өтуін қамтамасыз етеді. Үйеңкі тұқымдары және Тунбергтің күзгі түсі өте әсем. Композиция мамырдан терең күзге дейін әдемі. Екі өсімдікте түбінен өскін бермейді.

Татар үйеңкісі(жапрағы қою жасыл), Тунберг бөрі қарақаты (жапырақ түсі ашық), жылтыр қара ырғай (кизильник), (жапырағы қою жасыл) әсемдігі жапырақтарының түсінде және бұталардың бөрік бастарының  пішінінде, күзгі күйі керемет!

Венгер жұпаргүлінің алдында шығыс қызғалдақ аралы – ұмытылмас көрініс.

Көктемде шырша мен дала бадамның компазициясы ерекше. Екеуінің пішіні әр түрлі және бадамның ал қызыл гүлдері қою жасыл фонда оттай көрінеді.

Күмісті жиде және жыңғыл, гиннал үйеңкісі мен еуропалық бересклет компазициялары өте үйлесімді.

Ұсақ жапырақты жөке, кәдімгі шетен, үшкір жапырақты үйеңкі күрделі және бөрік бастары әр түрлі келген топ әсем көрінеді.

Конус тәрізді көгілдір шырша алдында ал қызыл раушан гүлдер көздің жауын алады. Жыл бойы әсем болатын топ қылқандылардан бола алады: кәдімгі шырша, канадалық шырша және қазақ аршасы; кәдімгі қарағай мен қазақ аршасы. Ол композицияны аққайың, раушангүлдер, алиссум толықтырады.

Қыстық көріністе ақ қайың діңі, дерен қан қызыл діңі бар бұталар жандандыра түседі.

Қазақстан үшін тәжірибие нәтижесінде бір га жерге 170-250 дана ағаш, 1500-2500 дана бұта отырғызуға болатыны, гүлзәр 50-60%  болады, 2% гүлдер астында орналасатыны анықталды.

Информация о работе Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары