Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5
2 Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18
3 Ландшафттық стильдер.......................................................................................21
4 Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау............................................25
5 Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері........................................................28
6 Көркем композициялардың заңдары мен элементтері...................................29
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31
8 Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері......................................................34
9 Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37
10 Гүлзәр .............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

ландшафты дизайн нұсқаулық 2015 - копия.doc

— 6.17 Мб (Скачать файл)

Көгалдандыруды қайта жасау кезінде шағын аудандарда көлеңкелі жерлер өте көп кездеседі, сондықтан ол жерлерге көлеңкеге төзімді ағаштарды отырғызу қажет. Олар : жөке, үйеңкі, дерен, бересклет, шәңкіш. Солтүстік қабырғаларды бес саусақты жабайы жүзімді қолдануға болады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Көгалдандыруда жасыл екпелердің ролі қандай?
  2. Көркем көрініске қандай өсімдіктер пайдаланады?
  3. Көгалдандыру кезінде қыста қандай өсімдіктерді пайдаланады?
  4. Жасыл екпелердің тәсілдерін ата.

 

 

Тақырып 6. Көркем композициялардың заңдары мен элементтері

Мақсаты: Көркем композициялардың заңдары мен элементтерімен таныстыру, үйлесімділікпен көгалдандыру туралы айту

Жоспар:

  1. Композицияның негізгі заңдары.
  2. Доминанта, ритм және тепе-теңдік туралы түсінік.
  3. Үйлесімділік, контраст.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Үйдің жасыл екпелерін адам тек көзімен (90%) ғана көріп қана қоймай барлық сезім білдіретін ағзаларымен қабылдайды. Көзбен жарық және түстен тұратын көріністі, сонымен қатар нәрсенің пішінін, көлемін алыс немесе жақын орналасуына қатысты қабылдаймыз.  Сондықтан жасыл екпелер адамның физиологиялық және психологиялық күйіне қатты әсер етеді.

Жасыл екпелер ең басты адамдардың дем алуы үшін керек екенін ұмытпауымыз қажет.

Композицияның негізгі заңдары қандай?  Ең алдымен идея, оған жалпы жоба бағынады. Негізгі идея территорияның қызметі мен қоршаған ортамен тығыз байланыста. Сонымен қатар контраст, өсу эффектісі, ритм, тепе-теңдік, территорияны дұрыс бөлу, масштаб, бөліктерінің өлшемдерінің заңдары маңызды. Бірақ қайталану принціпін, әсерлі эффекттердің паузалы интервалдармен (кәдімгі көріністер) ұласуын да ұмытпауы керек.

Солтүстікте ашық алаңдар территорияның 50% құрауы тиіс. Оңтүстікте жартылай ашық алаңдардың және жабық алаңдардың композицияның негізі болып табылады. Әрине үйдің орналасуы (қоршаған ортасы, жер бедері, су ресурстарының болуы) да маңызды.

Композицияның көркемдігін көрсету үшін доминантаны анықтау керек. Доминанта болып топ ағаш, жаяу жүріп демалатын жол, ісем ашық алаң болуы мүмкін. Доминанта жақсы жарықтану қажет. Сонымен қатар байланыстыратын элементтерде болуы тиіс.

Бір компоненттің басқа компонентке өтуі маңызды, яғни жабық немесе жартылай ашық, ашық алаңдардың ауысуы кезінде кейде бір элементті қолданады. Ритм және тепе-теңдік.

Ритм - екпелердің есік алдында орналасуы адамға жан тыныштығын, үйлесімді көрініс бере алатын қасиеті,  мысалы, әсемдік ағаштардың топтасып немесе жеке отырғызылуы.

Тепе-теңдік – тік және көлденең сызықтардың байланысы. Бөрік бастары құрылысы жағынан тік болған ағаштарға домалақ бөрік бастары бар ағаштармен және бұталармен араластыру.

Жобалаумен қатар екпелердің түсі композицияға біркелкілікті береді. Түстері бір –біріне ұқсастарын қолдану керек, қызыл немесе күміс түсті ағаштарды байқап қолданған дұрыс. Себебі оларды көп қолданған «шұбар» әсер қалдырады. Ландшафты көгалдандыруда түспен рең маңызды роль атқарады. Түс ағаштарды және бұталарды таңдауда маңызды, ал жарық пен көлеңке ашық, жартылай ашық, жабық алаңдардың ауысуында атқаратын ролі зор.

Түстердің теориясын білгеніміз жөн.

Түсті көзбен қабылдауымыз заттың фактурасына байланысты. Өйткені тегіс немесе бүдірлі жапырақ күн сәулесін әр түрлі шағылыстырады.

Түстің өзгеруі жанындағы заттың түсіне де байланысты. Мысалы, тал түсте жаңадан жапырақ жайған (көктемде) емен түсі алтынды келеді, ал егер ол қою қылқанды ағаштар жанында болса эффект әсерлене түседі.

Контраст – көлеңкелі жерлерді жарық жерлермен ауысуы, қою жасыл ағаштардың алдында ашық жасыл түсті ағаштардың болуы. Контрастты дұрыс қолданбау нәтижесінде композиция бөлшекті, шын емес болып қалады.

Көріністердің қайталануынан адам бақ детальдарымен таныса бастайды. Ол доминантаны қолдану арқылы жүзеге асады. Мысалы, Павлодар қаласындағы шағын аудандарда терек, шегіршін, тал, аққайың қолданылған. Аққайың ажурлы бөрік басы есте қалады.

Адам қолымен жасалған отырғылар толық бітпейді, өйткені жас ағаш, бұталар қолданылады. Сондықтан «өтпелі көріністі» пайдалану керек. Ол үшін тез өсетін ағаштарды қолданамыз, бірақ олардың бәсекелестігін ұмытпауымыз тиіс. Ағаштарды тығыз отырғызу да жақсы әрекет. Жылдар өте сирету қажеттілігі туатыны сөзсіз.

Жыл сайын территорияның санитарлық, эстетикалық көрінісі үнемі өзгеруде болады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Композицияның негізгі заңдары қандай?
  2. Доминанта дегеніміз не?
  3. Ритм және тепе-теңдік дегенді қалай түсінесің?
  4. Үйлесімділік, контраст дегеніміз не?

 

 

Тақырып 7. Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы

Мақсаты: Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы туралы мәлімет беру.

Жоспар:

  1. Әсемдік факторлары.
  2. Жыл мезгілдеріне байланысты көгалдандыру.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Ағаш, бұталардың әсемдік факторлары олардың пішіні, биіктігі, түсі болып табылады.

Ағаш биіктігі – ол басты фактор. Мысалы, егер архитектуралық әдемі ғимарат алдын көгалдандыру керек болса, онда биік емес аласа болуы керек. Отырғызу ерекшелігі: бір дана немесе қатарлап. Мұндай ағаштар жақын жерден де толық көрініп, ғимарат әдемілігін көрсетеді.

Алаң үлкен болып биік ағаштарды қолдану мүмкіншілігі болса, ағаштың үш биіктігі болатын ара қашықтықта орналастырсақ бөрік басының көркем екенін көрсете аламыз. Композицияны құру кезінде ағаштың жақын жерден қарастырылатын әсемдігі (бұтақтарының тармақталуы, жапырақ суреті, дің фурнитурасы) есепке алуымыз тиіс.

Ағаш көрінісін тек ара қашықтық, фон, үй биіктігі ғана аша алмайды. Сонымен қатар олардың отырғызу тәсілі де маңызды роль атқарады.

Ағаштарды биіктігіне қатысты үш топқа жатқыза аламыз.

Пішіні де соңғы фактор емес. Ол биіктікпен бірге композицияға эстетикалық көрініс береді. Мысалы, конусты пішіні бар шыршалар силуэті анық болғандықтан, бір қатар бойына отырғызылса, өте қатаң тәртіпті талап ететін сияқты. Ал пішіні жеңіл ақ қараған сияқты ағаштар басқаша қабылданады.

Пішіні жағынан ағаштар регулярлы және иррегулярлы болып бөлінеді. Регулярлыға анық геометриялық пішіні бар ағаштар жатады. Олар регулярлы стильдің маңызды бөлігі.

Ал иррегулярлы ағаштар бөрік басы және силуэті әдемі болады. Олар пішіні жағынан келесі түрлерге бөлінеді: шатыр тәріздес, қол шатыр тәріздес, салбыраңқы, жартылай жайылған.

Пішіні мен силуэті ағаштың жасына тікелей байланысты. Мысалы, жас қарағай бөрік басы түбінен басталса, ересек кезде қол шатыр тәріздес болады.

Түске қатысты факторлар да жетерлік.  Көп ағаш вегетациялық даму кезінде жасыл түстің әр түрлісін білдіреді.

Көктем кезінде жапырақтар жаңа ашылғандықтан жасыл түстің әдемі нәзік реңі туады. Ал жаз кезінде жасыл түстер қоюланып кетеді, сондықтан жобалау кезінде жасыл түсінің қандай болуын қарастырсақ жазда ашық және қою жасыл түстерді кезектестіріп орналастырсақ болады.

Ағаштарды топтастырғанда олардың ерте немесе кеш түсін өзгертуін есептеуіміз керек.

Күмісті ағаштар өте әсем. Оларды қою жасыл ағаштар фонында ұтымды пайдалануға болады, қызыл кірпішті үй алдында таптырмас алтындай әсем. Бірақ қызыл түс сияқты оны да көп қолдану қауіпті.

Ағаштардың кейбірінде өзіндік жағымды немесе жағымсыз иісі болады, көгалдандыру кезінде оны да есепке алуымыз тиіс. Жемістену кезінде әсем ағаштар: кәдімгі шетен, долана, катальпа т.б. оларды жалғыз немесе қатарлап отырғызуға болады.

Кейбірінікі өте ұсақ және ұшып адамның аллергиясын тудыру мүмкін.

Ағаштардың орналасуы бойынша топ, жалғыз, аллея, жасыл қорған, жасыл қабырға болады.

 

 

 

 

                                         Көгілдір шырша 2м

 

 

 

Куйгенжар Майқарағай

 

Тікенекті шырша 2м

 

 

Шымкент, Эльдар қарағайы

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Әсемдік факторлары дегеніміз не?
  2. Пішіні жағынан ағаштар қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Ағаштарды қалай орналастырады?
  4. Ағаштардың көрінісіне не әсер етеді?

 

 

Тәжірибе 8. Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері

Мақсаты: Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелерімен таныстыру, оларды күтіп баптау туралы айту.

Жоспар:

  1. Ағаштарды отырғызу кезеңі.
  2. Отырғызу материалы.
  3. Ағаштарды күтіп баптау.

 

Әдістемелік нұсқаулық

Ағаштарды отырғызу өте жауапты жұмыс. Дұрыс отырғызудың нәтижесінде ағаш әсемдік қасиеттерін толық бере алады.

Отырғызу кезеңі жапырақтылар үшін әрине күзде (жапырақтар түсіп жатқанда) және көктемде (бүршіктер атқанға дейін) өте жақсы. Қатқан топыраққа отырғызуға болмайды. Өйткені тамыр топырақпен ұласып кетуі тиіс. Қылқандыларды биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерте отырғызу керек. Солтүстікте  күздік отырғызу көбіне сәтсіз келеді. Бірақ қазіргі кезде ағашты кәрзеңкеге, контейнерге алдын ала отырғызу арқылы қай кезеңде болмасын отырғыза беруге қол жеткізді.  Күзде келесі ағаштардың отырғыларын отырғызғанда өсіп кетуі нашар: аққайың, терек, тал, шетен, алма, туя.

Отырғызу орындарын дайындау. Алдын ала дайындағанда топырақ отырып, ақырындап құнарлы топырақ салып дайындайды. Бірден отырғызу да қателік болмайды.

Отырғызу орнының өлшемдері топырақтың физикалық қасиеттеріне, ағаш түріне байланысты. Жалпы ережесі: ағаш жасы үлкен болған сайын, тамыр жүйесі үлкен болады; топырақтың төменгі бөлігі жақын болса соншалықты шұңқыр терең болады.

Стандарттық кіші көлемдегі жас өскіндер үшін отырғызу орлары (дөңгелек немесе шаршы) алаңы 1м² және тереңдігі 0,6 -0,8 м болу керек. Стандарттық көлемдегі жеке бұталар үшін ор алаңының көлемі, тереңдігі – 0,5 м тең болу керек. Топтық отырғызулар үшін шұңқырларды 0,7-0,8 м, бұталарға – 0,5 м дейін тереңдетеді. Шұңқырлардың алаңы топтағы ағаштар мен бұталардың санына, формасы олардың орналасуына байланысты. Тірі қоршаулар үшін траншеяларды 0,5 м дейінгі тереңдікте қазады. Бір қатардағы тірі қоршау үшін енді траншеялар жасайды, ал әрбір жаңа қатар үшін 0,2 м қосып отырады

Отырғызу материалы. Отырғызылатын материалға қойылатын талаптар келесі: бөрік басы жақсы дамыған, тамыр жүйесі толық, шіріксіз, сау, штамбы анық, жасы үлкен емес. Себебі жасы үлкен болған сайын ағаштың қайта отырғызғанда өсіп кетуі төмен. Тез өсетін және жемісті ағаштарды отырғызу жасы 2-3; шегіршін, аққайың, үйеңкі жасы 4-6; жай өсетін жөке, емен, жаңғақ  жасы 6-10 болғаны дұрыс.

Бұталар сапасы негізгі бұтақтарының санымен анықталады. Көгалдандыру үшін  3-5 жастағы бұталарды, 5 негізгі бұтақтары барын қолдансақ жақсы.

Тұқымбақтарда жіберілген көшеттерге төмендегідей талаптар қойылады негізгі тамырлардың ұзындығы 30см кем болмауы керек, ешбір   жарақатсыз жақсы таралған шашақты тамырлары болуы тиіс. Көшеттің  сүңгегі тік орнықты болса, сонымен қатар бетіндегі бөлігі жақсы дамыған болғаны дұрыс.

Үлкен ағаштарды немесе 3-4 жастағы ағаштарды да отырғызуға болады, бірақ қазып алғанда көптеген тамырларының сақтап қалуына тырысу керек, егер мүмкіндік болса жердегі топырағымен апарған дұрыс.

Өсімдіктің тамырлары жел мен күнге сезімтал, олар құрғақ ауада 15-20 минуттай ашық қалса ұсақ тамырлары, яғни жас балауса тамырлары құрғап өліп қалады. Сондықтан ағаштың тамырларын ашық қалдыруға болмайды, олардың әр уақытта жабық болғаны жөн.

Тасымалдаған кезде   жас шыбықтардың тамырларын шалшыққа малып алу керек немесе ылғалды сабанмен  қоршап, ескі шөппен, қалдық пен немесе шүберекпен, ылғалды газеттермен орау қажет. Егер тамырларының құрғағанын байқаған жағдайда  оларды тез арада бір тәуліктей уақытқа суға салу қажет, содан соң  шалшыққа малып немесе уақытша ылғалды топыраққа отырғызып жан-жағына қуыс қалмайтындай етіп, жақсылап тап-тап қою керек.

Көшеттердің әр қайсысында сорты көрсетіліп жазылатын этикетка болуы керек.

Отырғызылатын материалдың тасымалдануы. Жұмсақ  топырақ кесегі бар ағаштарды жақын жерге  тасымалдаған кезде оларды жіппен байлап қою керек. Қатаң қораптағы және қатқан кесегі бар ағаштарды брезентпен жаппайды. Ағаштар тасымалдаған кезде қозғалып кетпес үшін, олардың арасын керіп қояды.

Контейнердегі екпелерді қалаған кезде отырғыза беруге болады, тек қатты ыстықта нартәуекелге бел бумаған жақсы.

Күтіп баптау. Суару нормалары және ережелері толық қарастырылған. Ең бастысы отырғызған сәтте міндетті түрде суару керек.

Оларды тыңайтқыштармен тыңайтуды алғашқы жылы қажеттілігіне байланысты жүргізеді. Ал келесі жылдары жоспар және тыңайтқыш түріне байланысты орындайды.

Күтіп баптау жұмыстарын жалпы  көктем мен күз мезгілінде бастайды. Көктемде күтіп-баптау жұмыстарын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым  жақсы өсіп дамиды. Кесілген сабақтың ағашта шошайған түбіртігі қалмайтындай етіп, түбіне таяу кесу керек. Тек осылай етіп бұтағанда ғана ағаштың кесілген жері жақсы бітеді. (1-сурет). Арамен кескен соң, ол жерді өткір пышақпен жонып-тегістеп, сырмен майлап қою керек.

Информация о работе Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары