Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 16:16, реферат

Краткое описание

Туберкулез - адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ туберкулез ге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек , жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа ағзалармен мүшелер шалдығады. Туберкулез бен ауырғандардың 75% 20-40жас аралығындағы еңбекке жарамды және балалы болатын жастағылар. Бүгінде туберкулез ге шалдыққандардың басым көпшілігін аурудан толық айықтыруға болатыны дәлелденген. Егер ауруды анықтау, емдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып, үзіліссіз жүргізілсе бұл ауру толық жазылады.

Содержание

1 Тарихы
2 Жұқпалылығы
3 Туберкулез түрлері
4 Ауруды анықтау түрі
5 Емі
6 Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

туберкулез.docx

— 29.36 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  • 1 Тарихы

  • 2 Жұқпалылығы

  • 3 Туберкулез түрлері

  • 4 Ауруды анықтау түрі

  • 5 Емі

  • 6 Дереккөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туберкулез қандай ауру? 
Туберкулез - адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ туберкулез ге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек , жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа ағзалармен мүшелер шалдығады. Туберкулез бен ауырғандардың 75% 20-40жас аралығындағы еңбекке жарамды және балалы болатын жастағылар. Бүгінде туберкулез ге шалдыққандардың басым көпшілігін аурудан толық айықтыруға болатыны дәлелденген. Егер ауруды анықтау, емдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып, үзіліссіз жүргізілсе бұл ауру толық жазылады.

Туберкулез қалай жұғады? 
Туберкулез таяқшалары ауа арқылы тарап, оны жұқтырып алған адамдардың өкпесінде өсіп жетіліп, көбейеді. Алғашқы өкпе тіні қабынып, ыдырайды да орында қуыстар пайда болады. Осында қуыстарда сақталған миллиондаған таяқшалары ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде ортаға шашырап тарайды. 
Туберкулез таяқшасы ауада ұзақ уақыт нашар желденетін орында болса, сол жердің ауасына көп тарап, басқа адамдардың тыныс ағзасына түседі. 
Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін, әсіресе балалар мен егде жастағылар үшін қауіпті. 
Туберкулез ауруы қалай басталады? 
Бүгінде туберкулезбен ауырғандардың 50% кешігіп анықталуда, ал олардың 10% ауыруын өте асқындырып алғандар, арасында ауруы жазылмайтын түрге өтіп кеткендер кездеседі. 
Өкпе тіні – туберкулез таяқшаларының өсіп жетілуіне ең қолайлы орта. Алғашқыда өкпе қабынып, онда туберкулез бұдырлары пайда болып, іріңдейді де, ірің қақырық түрінде кеңірдек, қолқа арқылы сыртқа бөлініп шығады 
Туберкулез -баяу дамитын, ұзаққа созылатын ауру. Бірақ оның жылдам басталатын желде түріде бар. Туберкулезді дер кезінде анықтап, дұрыс емдесе, ауруды бастапқы кезде тоқтатуға, өкпені және басқа ағзаларды үлкен көлемде қабынып бүлінуден сақтап қалуға болады. 
Туберкулез ауруының белгілері. 
Туберкулез ауруы басталғанда мынадай белгілер білінеді жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі. Бұл белгілердің бәрі үдеп күшейе түссе, науқастың қан түкіруі мүмкін. 
Жөтел туберкулезге тән ең алғашқы белгінің бірі Егер жөтел аптадан артыққа созылса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, туберкулез ауруына тексерілуі керек. Туберкулезді тез арада қалай тез анықтауға болады. Туберкулезді анықтаудың ең тиімді, сенімді тәсілдері: қақырықтан туберкулез таяқшасын микроскоп арқылы анықтау, рентген, яғни рентгенография, флюрографиялық әдіс, балалармен жасөспірімдерге туберкулин сынағын, яғни Манту сынағын қою, Туберкулез дер кезінде анықталса ем нәтижелі болады

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру.      Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен  қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық  жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы  «күшіне еніп отыр».

 

 

 

 Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар  өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.

Туберкулезді емдеуде және алдың алуында орта буынды медицина қызметкерлерінің жұмысының маңызы  зор.

 

 

Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді 

Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.

 

 Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.

Патогенез. Кох таяқшалары организмге жоғарыда аталған жолдар арқылы еніп, қанға және лимфаға өтеді. Осы  бактериемия 8 күннен 11 айға дейін белгі бермей созылуы мүмкін.

 

 Жіктелуі.

1.Туберкез интоксикациясы:

А) ерте туберкулез интоксикациясы;

Б) кеш  туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының  туберкулезі:

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

 

 Б)  өкпенің ошақты туберкулезі;

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

Г) туберкулездік бронхоаденит;

Д) туберкулездік плеврит;

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

3.Басқа ағзалардың  туберкулезі:

А) сүйек туберкулезі;

Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

 

 В) туберкулездік менингит;

Г) тері қабатының туберкулезі;

Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

Тарихы[

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Жұқпалылығы

 Жұқпалы аурудың  тарайтын негізгі көзі науқас  адамнан түскен микробтары бар  қақырық. Сау адамға ол негізінен  туберкулезбен ауырған адам түкірген  қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары  арқылы не кепкен түйіршіктерін  ауамен бірге жұтқанда; сирек  жағдайда туберкулезбен ауырған  үй жануарларының сүтін шикілей  ішкенде, етін шала пісіріп жегенде  жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының  енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын  науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Ауруды анықтау түрі

Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.


Туберкулез  интоксикациясы – ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температкра байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға деін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған. Оның өзі 2 түрде – жеңіл және ауыр түрлерінде өтеді.Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы көп өзгермейді, кейде ғана тез шаршағыштық, мазасыздық, төмен субфебрильді температура байқауға болады. Ауыр түрінде – баланың жалпы жағдайы өзгереді, интоксикация белгілері анығырақ білінеді, шеткі лимфа түйіндері ісініп, қатаяды.Баланың жиі-жиі көзі ауырады, кейде аяқ- қолында, санында қошқыл түсті бөртпелер аңықталады. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылайды.Дұрыс ұйымдасттырылған ұзақ уақыт ем жүргізілсе бала жазылып кетеді.

 

 

Біріншілік туберкулездік жиынтық- туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар, қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.

Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар. Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген лимфа түйіндерінің қатайғанын – петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне пайда болады.

Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх  лимфа түйіндеріне көре аламыз.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып, лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.

 

 Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады.

 

 

Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.

Туберкулездік плеврит. Туберкулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы 38-39 С баланың көкірегі, бүйірі шаншып  ауырады.Зақымданған жағындағы көкірек клеткасының қозғалысы қалық болады. Осы жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын ести алмаймыз. Рентгенограммада - өкпе ткані көрінбейді.

Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі. Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын егу арқылы  туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникасы: байқалмас баланың қатты басы ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет  тонусының жоғарылау анықталады. Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер – желке бұлшық еттерінің тартылуы ( Керниг – Брудзинский симптомы). Диагнозды анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығын тексеру, немесе Манту белгісін қою көмектеседі.Жұлан-ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% ге дейін, ( норма 0,2-0,3%), 100-600 дейін лимфоцитті лейкоцитоз анықталады

Информация о работе Туберкулез