Бүйрек аурулары

Реферат, 23 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Бүйрек аурулары адамда аса жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бүйрек аурулары.docx

— 47.24 Кб (Скачать файл)

Аминқышқылдарының реабсорбциясының бұзылыстары – аминоацидурия түтікше аппаратының зақымдануында, ақуыз ыдырауының жоғарлауында, көлемді күйіктерде дамиды.

Na реабсорбциясының бұзылыстары  – альдостерон жетіспеушілігінде  дамиды. Хлор, бикарбонаттар және  судың реабсорбциясы қатар жүреді. Осмотикалық гемостаздың, қышқылдың  сілтілік тұрақтылығы мен су  балансының бұзылуымен айқындалады.

Су реабсорбциясының бұзылыстары түтікше сұйықтығында суды тартатын осмотикалық белсенді заттар бар болғанда дамиды. Сонымен қатар су алмасуы АДТ реттеледі.

 

Диурез және несеп құрамының бұзылыстары.

Полиурия – зәр мөлшерінің қалыпты жағдайдан көп болуы. АДТ мөлшері азайғанда, қант диабетінде, қалқанша безінің гиперфункциясында байқалады.

Олугия, анурия – несептің азаюы, тоқтауы АДТ көбейгенде, қалқанша безі гипофункциясында рефлекторлы болуы мүмкін.

Гиперстенурия несептің тығыздығының жоғарлауы (қ.ж. 1,010-1,028). Жедел диффузды гломерулонефриттерде.

Гипостенурия несептің тығыздығының төмендеуі түтікше аппараты зақымдануында дамиды (созылмалы гломерулонефрит).

Изостенурия тығыздықтың тәулік бойы тұрақты төмен болуы түтікше эпителийлерінің деструкциясы кезінде дамиды (бүйрек қызметінің ауыр түрде жетіспеушілігі).

 

Бүйрек ауруларындағы несепте пайда болатын патологиялық заттар.

Гематурия - әр несепте п.б. (гломерулонефрит, қуық ісігі, тасы).

Протеинурия – ақуыздың несеппен бөлінуі (шумақтардың ақуызға өткізгіштігінің артуы).

Лейкоцитурия – несепте п.б. пиелонефритте. Пиурия – несеппен ірің бөліну.

Цилиндрурия – түтікшелердің дистрофиясы қабыну процесінде.

Тұздар тунбасы – уратар, оксалаттар, фосфаттар бүйрек тасы ауруында.

Глюкоза- қантты диабетте пайда болады.

Өт пигменттері-гепатитте болады.


Информация о работе Бүйрек аурулары