Бүйрек аурулары

Реферат, 23 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Бүйрек аурулары адамда аса жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бүйрек аурулары.docx

— 47.24 Кб (Скачать файл)

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.

Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.

 Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм  тағамдарының құрамында пуринді  заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны  бермеу. Сырқаттың емі тастардың  құрамына байланысты.Урат тастары  пайда болған жағдайда сүт  өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру  үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында  табиғи минералды суларын көп  мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі  жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді  қолданған жөн. Қазіргі кезде  тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.

 

Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі

Өткір бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз кенеттен күрт басталып, өте тез дамитын бүйрек жұмысының жеткіліксіздігінің және олигуриямен, азотемиямен, су электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жағдай.

Этиологиясы. Бұл аурудың себебіне жарақат шогы, күйіктің шогы, көп мөлшерде қанның кетуі, миокардтың өлі етенуі, тоқ жарақаты әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыр металдармен, сілті қышқылдарымен, метил спирттің ерітіндісімен және кейбір дәрі – дәрмектердің түрлерімен (барбитураттар, хинин тобының дәрілері, пахикарпин) уланулары жатады. Өткір бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек тамырларының және зәр жолдарының бітеліп қалған жағдайларында да дамуы мүмкін. Кейде септикалық жағдайда бүйректің өткір жеткіліксіздігімен аяқталуы мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымында төрт кезең айқын түрде байқалады: шоктық кезеңі, зәрдің азаюымен және тоқтауымен (олигоанурия) сипатталатын кезеңі, диурездің қалпына келетін кезеңі және сырқаттан айығу кезеңі (бүйректің жұмысы қалпына келу кезең). Алғашқы кезеңінде өткір бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соққан шоктың белгілері білініп, қан қысымы төмендейді, тахикардия, ауырсыну сезімі сезіледі. Тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Екінші өршу кезеңінде зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем зәр шығуы жоғалады. Ағзада әртүрлі керексіз қалдықтар, жағымсыз заттар жиналып, орталық жүйке жүйесін, басқа да ағзадағы мүшелерді уландырып, олардың атқару қызметін бұзады. Осы кезде науқас әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауруы, құсу, ауызынан амиак иісінің шығуына шағымданады. Орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастарда енжарлық, бағыт – бағдардан адасуы, сезімінің тез қозып, тез әсерленуі, сіңірлері тартылуы, денесінің құрысып тырысуы байқалады. Жүрек қан - тамыр жүйесі зақымдалғанда науқастарда тахикардия, аритмия, қан қысымының көтерілуі, жүрек аймағының ауырсынуы білінеді. Науқасты тыңдағанда перикардтың қажалған дыбысы естіледі, жүректің шекараларының ұлғайғандығы анықталады. Ас қорыту жүйесінің зақымданып, бұзылу белгілеріне лоқсу, құсу, тамаққа деген тәбетінің жоғалуы, кейбір кезде іштің өтуі және үлкен дәретінің қара түсті (мелена) болуы мен сипаталады. Осымен бірге бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда терісінің сарғаюы білінеді. Науқастың өкпесі сусінділеніп, ентігу, жөтел, демікпе белгілерімен сипатталынады. Бұл кезеңнің ең бастысы олигурия және анурия. Тәуліктегі зәрдің мөлшері 20 мл ден 300 мл ге дейін, ал зәр салмағы төмендейді (1003 – 1008 дейін). Зәрдің түсі лайлы, қоңырқай немесе “еттің жуындысы” тәрізді болады. Зәрдің тұнбасының құрамында көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер, мочевина анықталады. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде қалдық азоттың мөлшері көбейеді, ал мочевина мөлшерінің көрсеткіші оданда жоғарғы көрсеткішке жетеді. Қанда ацидоз дамиды. Бүйректің сутегі иондарды шығаруының бұзылуы, қанда қышқыл қалдық заттарының жиналғандығы көрінеді. Анурия, олигурия кезеңі 5 – 10 күннен, 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Диурез біртіндеп алғашқыда 500 мл ге дейін көтеріледі, одан соң тәулігіне 2000 мл дейін мөлшері жетіп, көтеріледі. Осының яғни, зәр мөлшерінің көбеюі салдарынан өткір бүйрек жеткіліксіздігінің үшінші полиурия кезеңіне ауысып, науқастың жағдайы жақсара бастайды. Патологиялық өзгерістері біртіндеп жоғала бастайды. Диурездің мөлшері 3000 мл дейін көбейеді. Төртінші кезеңі қалдық азотпен мочевина мөлшерлерінің қалпына келу белгісі науқастың айығу дәрежесіне жеткендігін түсіндіреді. Бұл кезеңінің өту уақыты 3 айдан бастап, 12 айға дейін созылады. Бұл кезде бүйректің сүзу қызметі қайтадан қалыпына келе бастайды.

Емі. Науқасқа №7 емдәм тағайындалады. Бұл емдәмнің түрінің құрамында құнарлы тағамдар болмауы тиіс және ақуыздың мөлшері 20 – 40 г - нан аспауы керек. Егер науқас тамақтанбаса көк тамыр арқылы 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Науқасты бүйрек ауруларын емдейтін ауруханадағы нефрология бөлімшесіне жатқызып, ем арнайы түрде көрсетіледі. Егер сырқат жарақаттың әсерінен болса, онда науқасты жансыздандыру керек, ал егер қан мөлшерін көп жоғалтқан болса, онда көп мөлшерде коллоид ерітінділерін, эритроциттердің салмағын енгізіп қан көлемін жеткілікті түрде толтыру керек. Уыттануу шогы кезіңде унитиол, гемосорбция, гемодиализдерді қолданып, науқастың асқазаның 5% унитиол ерітіндісімен жуу. Жұқпа кезіңде бактерияға қарсы ем шаралары жүргізіледі. Аурудың олигурия, анурия кезеңінде науқастың салмағын өлшеп, су баланысын қадағалап отыру қажет. Регидронды ауыз арқылы немесе көк тамырға, Рингер ерітіндісін енгізеді. Су баланысын қалыпта ұстап тұру керек. Қандағы кальцийдің мөлшері азайғанда 10% - 20мл кальций глюканат ерітіндісін қолдану қажет. Ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонат ерітіндісін көк тамыр арқылы жібереді. Уыттануды жою мақсатымен су - электролит баланысын қалыптастырады, қанды қалдық улы заттардан тазартып, тиімді нәтижелі ретінде гемодиализді, гемосорбцияны, плазмаферезді қолданады.

 

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз баяу, біртіндеп нефрондардың санымен жұмыс істеу қабілетінің төмендеп, ұлғаюымен сипатталатын жалпы бүйрек ауруларының қалпына қайтып келе алмайтын асқынулық жағдайы. Осы аталған жағдайдың әсерінен ағзадағы зат алмасу дәрісі қышқылмен сілті тепе – теңдігін өзгертіп, уыттану белгілерінің пайда болуын тудырады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің қарқынды түрде дамуы, ағзадағы басқа жүйелердің қызметтерінің бұзылуына да кері әсерін тигізеді.

Этиологиясы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебіне біріншіден созылмалы гломерулонефрит орын алса, ал екіншіден созылмалы пиелонефрит ауруы болып саналады. Басқа да себептерінің ішінде қант сусамырлы гломерулосклероз, амилоидоз, бүйректің жылауықтары және зәр шығару жолдарының ауруларын назардан тыс қалдырмау керек екендігін ескерген жөн.

Клиникалық бейнесі. Бұл сырқат негізінен үш кезеңмен өтеді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі біртіндеп басталады. Алғашқы кезеңінде полиурия және никтурия байқалады. Науқастар әлсізденіп, жұмысқа деген қабілеті бұзылып, ұйқысының қашуы, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі байқалады. Бет пішінінде існуі таңертеңгі уақыттарда және ісіктің білінуі беттен басталып, айқын түрде көрінеді. Науқастың сергектік қасиетінің төмендеуі, ұйқының басуы, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқтығы байқалынады. Біртіндеп улану белгілері ұлғайып, диспепсия белгілері қосылады: лоқсу, құсу, нәжісінің өзгеруі, азоттың қалдықтары тері арқылы шығып, терінің қышуын тудырады. Осы өршу кезеңінде орталық жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады: ұйқышылдық, бұлшық етерінің жиырылып қалуы, денесінің құрысып – тырысуы. Денедегі сүйек буындарының ауырсынуы, ураттардың буын қалтасына жиналуынан пайда болады. Кеуде қуысында ауырсыну сезімі, өкпеде сырылдар және жүрек жеткіліксіздік белгілері байқалады. Бұл кезеңде қан қысымы тұрақты түрде, үнемі болады. Қан ұю дәрісі бұзылып, анемия белгілері дамиды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің келесі бір белгілеріне қатысты ауыз қуысында жағымсыз иіс болуы және құрғауы, тамаққа бет қаратпауы, лоқсу, құсу жатады. Сырқаттың соңғы терминалды кезеңінде олигурия, анурия белгілері білінеді. Бүйрек сүзу жұмысын доғарады. Осы кезеңде ісіктер көлемі ұлғаяды. Сутегі иондардың шығуы бұзылуымен қанда ацидозға қатысты белгілері біліне бастайды. Урикемия белгілері тұрақты түрде сақталынып қалады. Қанда көп мөлшерде азоттың керексіз қалдық заттары көбейеді. Науқастың ауызынан зәрдің иісі шығады, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің болмауы, іштің өтуі, шулы демнің естілуі, қызыл иектен, мұрыннан қанның кетуі, сіңірлерінің тартылуы және денесінің құрысып тырысуы білініп, есінен танады.

Емі. Этиотроптық емі жоқ. Негізінде сырқаттың кезеңіне байланысты симптомға қарсы ем қолданылады. Қатаң төсек тәртібін сақтау және бүйректі жылы қалыпында сақтау керек. Сол себептен беліне, аяғына жылытқыш қойылады. Науқасқа №7а емдәмі тағайындалады. Тағам құрамында ақуызды шектеп, тұздың мөлшерін тәулігіне 1,5 г – ға дейін азайтады. Ацидозға қарсы улану белгілерін жою мақсатымен көк тамырға 5% глюкоза, 4% натрий гидрокарбанат ерітінділерін, гормон дәрілерін жібереді. Ағзадағы зат алмасу дәрісін жақсарту үшін ретаболил, нерабол дәрілерін қолданады. Ісікті басу үшін зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: фуросемид, урегит, верошпирон. Қан қысымы қатты көтерілген жағдайларда гипотензиялық дәрілерін қолданады: энам, эднит, клофелин және тағы басқалары. Қансырауды басу үшін кальций хлорид ерітіндісін, кальций глюконатын, аминокапрон қышқылымен қолданады. Қан аздықта салмақтық эритроцитті құяды. Ауыр жағдайда асқазанды жуып, гемодиализді қолданады. Іс жүзінде гемодиализ ғана бірқатар жағдайларда науқастың өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді.

 Болжамы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне  әкеліп отырған негізгі аурудың  өту ағымына байланысты. Сондықтан  бүйрек ауруларын уақытында толық  емдеп, алдын алған жөн. Созылмалы  бүйрек жеткіліксіздігі дамыған  жағдайда науқастың өмірін тек қана гемодиализді немесе жасанды бүйрек аппаратымен қолдану арқылы ұзартуға болады.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алу бүйрек ауруларын уақытында толық емдеу. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер жағдайына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерде қаралып тұрады. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек.

 

Бүйрек патофизиологиясы .

Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне , мүмкіндігіне және өліміне жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі. Бүйрек организімінің ішкі тұрақтылығының сақтауға бағытталған көптеген қызмет атқарылады.

Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы.

Реналдық себептер бүйрек тініне тікелей бүліндіруші әсер етеді. Олар инфекциялық және бейинфекциялық ықпалдар болып бөлінеді. Бүйрек пен несеп  өту жолдарына вирустар, стрептококктар, туберкулез таяқшалары, гонококктар ж.б. микробтар тікелей бүліндіруші әсер етеді. Бейинфекциялар реналдық себептерге химиялық улы өнімдер, ауыр металдар (қорғасын, сынап , уран ж.б.), дәрі –дәрмектер (антибиотиктер , сульфаниламидтер, зәр шығарғыштар ж.б.)аутоиммундық үрдістер (иммундық кешендер, бүйрекке қарсы аутонтиденелер,жендет лимфоциттер, макофагтар), бүйрек қан тамырларында қан қатпарлары мен эмбол тұрып қалуы, бүйректе өспе өсуі, бүйректің беріштенуі т.т. жатады.

Постереналдық себептерге зәр жүретін жолдарының таспен , қуық асты безінің өспесімен т.т. таралып , бітеліп қалуы жатады.

Бүйрек қызметінің жекіліксіздігі  несеп өндірілуі  мен оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен көрінеді. Несіп өндірілуі үш түрлі процестердің қатысуымен болады. Біріншісі, нефрон шумактарында қан қылтамырлары арқылы зәрдің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек өзекшелерінде алғашқы зәрден кейбір бөлшектерінің қанға кері сіңірілуі (реабсорбциясы) және үшіншісі, бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың соңғы зәрге шығарылуы (секрециясы) (32-сурет).

Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылысары нейрон шумақтарының , нефрон өзекшелерінің қызметтері бұзылыстарымен , жиі олардың біріккен бұзылыстарымен байқалады.

Диурездің бұзылыстары.

Несіптің сыртқы шығарылуы диурез делінеді . Тәулігіне ересек адам 1500мл-дей, 1 жастағы бала 500 мл. 8 жастағы бала 1 л.  зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез деп атайды. Тәуліктік диурездің өзгерістері:

полиурия (несіп шығарылуының 2-1 литрге дейін азаюы),

олигурия(зәр шығарушыларының 500-600мл-ге дейін азаюы ),

анурия(несіп шығарылуының болуы немесе 50-100мл-ге дейн тым қатты азаюы),

поллакиурия (грек. pollakis- жиі, несіптің жиі шығарылуы),

олакизурия (грек ollakis-сирек , несіптің сирек шығарылуы),

никтурия (грек.nyctos-түн , несіптің түнде көп шығарылуы)деп ажыратылады.

Бүйректің қызметінің толық немесе жартылай тоқтауы – бүйрек жетіспеушілігі деп              аталады.

Себептері:

Бүйректің қызметінің жүйкелік және эндокриндік реттелуінің бұзылыстары.

Бүйректің қан айналымының бұзылыстары.

Бүйректің инфекциялық аурулары.

Бүйректің аутоаллергиялық зақымдануы.

Несептің бөлінуінің бұзылыстары (бүйрек тасының пайда болуы, несеп түтікшесінің қысылуы).

Ауыр өтетін инфекциялық аурулар және интоксикациялардың бүйректі зақымдауы.

Бүйректің іштен туылған ақаулары (гипоплазия, поликистоз).

Түтікшелердің ферменттік жүйесінің тұқым қуалаушылық ақаулары (Фанкони синдромы).

 

 Түтікшелер  реабсорбциясының бұзылыстары.

Глюкоза реабсорбциясының бұзылыстары. Қалыпты жағдайда глюкоза проксимальды түтікшелерде толық қанға сіңеді. Шумақты фильтраттағы және қандағы глюкоза мөлшері көп болғанда глюкоза несеп арқылы бөлініп, глюкозурия дамиды (диабет, алиментарлы гипергликемия).

Ақуыздың реабсорбциясының бұзылыстары – протеинурия бүйректің қанайналымы жетіспеушілігінде (гипертоникалық ауру), проксимальды түтікшелердің жетекші зақымдануында, ферменттер жетіспеушілігінде, бүйрек лимфаайналымы бұзылғанда дамиды.

Информация о работе Бүйрек аурулары