Бүйрек аурулары

Реферат, 23 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Бүйрек аурулары адамда аса жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бүйрек аурулары.docx

— 47.24 Кб (Скачать файл)

Анемиялық түрінде гипохромдық қан аздық синдромы аурудың басты белгісі болып табылады.

Гематуриялық түрінде зәрде бастапқы кезден бастап қан айқындалынады, көбнесе микрогематурия. Аурудың бұл түрінде науқас әлсізденеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бел маңайы сәл ауырсынады.

Сырқаттың қозу кезеңінде бел маңайының ауырсынуы ұлғаяды, дене қызуы көтеріледі, дизурия белгілері күшейеді. Созылмалы пиелоне-фрит көп жағдайда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады.

 Дерт анықтамасын науқастардың  шағымдарына, клинкалық бейнесіне, зертханалық және құрал жабдық  аппарат арқылы тексергендегі  нәтижелеріне сүйене отырып нақты  түрде қорытындысын шығарады. Жалпы  қан анализінде лейкоцитоз, анемия  білінеді, ЭТЖ артады. Жалпы зәр  анализінде пиурия, білімсіз протеинурия  анықталады. Нечипоренко, Каковский  – Аддис сынамаларында зәрдің  тұнбасында лейкоциттердің көбеюі  анықталынады. Құрал – жабдық  аппарат арқылы тексерістерде, яғни, экскреторлы урограммада бояу  заттың баяу қарқынмен бөлінуін, тостағанша мен табақшаларының  кеңейіп зақымданғаның байқауға  болады. Осымен қатар изотопты  ренография, ультра дыбыспен зерттеу  әдістері дерт анықтамасын жүргізуге  көмектеседі.

Емі. Емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. №7 устел тағайындылынады (қышқыл, ащы, тұзды тағамдарды қолданбайды). Қозу кезінде ас тұзының мөлшері тәлігіне 5-8 гр дейін шектеледі. Қан аздықта құрамында темір бар тағамдар қолданылады. Қабынуға қарсы уроантисептиктермен ем қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, фторохинолондар. Антибиотиктердің ішінде көп қолданатын топтарына пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин жатады. Нитрофурандардың ішінде невиграмонның әсері нәтижелі. Бүйректің қан айналымын жақсарту мақсатымен трентал бір ай бойы, курантил, гепарин 5000 БІ 2 рет күніне 2 апта бойы тағайындалынады. Ағзаның иммун жағдайын жақсарту мақсатымен иммуномодуляторларды қолданады: эхинацея, левамизол т.б. Қазіргі кездерде эфференттік ем кең қолданады (қанды ультра сәулемен тазарту). Қозуды алдын алуға қарсы ем шараларын өткізген жөн. 4 – 6 ай бойы емдік шөп дәрілерін қолданады:

 фитолизин, альтей, бүйрек шайы  т.б. Осымен бірге 10 күндік бактериялар-ға  қарсы ем шараларын қолданып  өткізген жөн: левомицин, тетрациклин, фуразолидон. Бүйрек қан айналымын  жақсарту үшін трентал, курантил  қолданған дұрыс. Симптомдық ем  жүргізіледі: артериалды гипертен-зияда  – қан қысымын төмендететін  дәрілер, қан аздықта – темір  препараттары. Физиоем шараларын қолдану қажет: парафин, диатермия, жылытқыштар.

 Болжамы. Сырқатты уақытында  дұрыс емдеген жағдайда бүйрек  жұмысы ұзақ уақытқа сақталынады.

Жедел гломерулонефрит

Жедел гломерулонефрит дегеніміз екі бүйректің шумақты денешіктерінің (нефрондардың) қабынып, бүйректің сүзбе жұмысының бұзылуымен сипатталатын ауру. Сырқаттың себебіне жұқпа мәнбірі әсер етеді. Сонымен қатар аурудың дамуына иммунды серпелістер қатысады. Әр тұжырымдардың қорытындысы бойынша гломерулонефрит 1 – 3% тен 3 – 5% ке дейін бүйрек аурулардың ішінде кездеседі.

Этиологиясы. «А» тобынан В–гемолитикалық стрептококк болып табылады яғни, баспа, ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), гайморит аурулары әкеліп соғуы мүмкін. Әсер ететін мәнбірлерге суық тию, сілтімен, сірке қышқылымен улану, кейбір дәрілердің әсерлері, ішімдік, жарақатанулар жатады.

Клиникалық бейнесі. Бұл аурумен 40 жасқа дейінгі ер адамдар мен әйел-дер бірдей ауырады. Жұқпадан 2 – 3 апта өткеннен кейін гломерулонеф-рит ауруының алғашқы белгілері біртіндеп біліне бастайды. Науқас әлсіз-деніп, уыттану белгілері білінеді: басының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, тамаққа деген тәбетінің тартпауы. Бел маңайы ауырсынады, зәр-дің мөлшері азая бастайды, 300 мл - ден зәрдің мөлшері азайғаннан соң олигурия пайда болады. Зәрдің мөлшері 20 – 100 мл дейін азаяды, түсі «ет-тің жуындысы» тәрізді болады (макрогематурия), сонымен қатар зәрде протеинурия, цилиндрурия байқалады. Денеде ісік білінеді, артериялдық қан қысымы көтеріледі. Сырқаттың өту ағымында төрт басты синдром айқын түрде білінеді. Бірінші түрінде шумақтардың зақымдануынан зәрдің мөлшерімен құрамы өзгереді. Олигурия – зәрдің мөлшері тәулігіне 200 мл – ден аз немесе анурия пайда болады (зәрдің мүлдем тоқтап, шықпай қал-уы). Шумақтардың сүзу қызметі зақымдалғандықтан, зәрдің салмағы жо-ғары болады. Екінші түрінде жүрек – тамыр жүйесінің өзгерістері нақты түрде байқалады. Артериялдық қан қысымы көтеріледі, әсіресе босаңсу қысымының (диастолдық) көрсеткіші. Жүректің сол жақ шекарасы ұлғаяды, аритмия, экстрасистолия байқалады. Сонымен қатар зәрде ауруға тән өзгерістер де байқалады.

 Сырқаттың үшінші түрінде  негізгі белгі ісік болып табылады. Ісік таңер-тең науқастың бетінен  басталып, дененің жоғарғы жақ  бөліктеріне жайылады. Бірте –  бірте ісік дененің барлық  бөліктеріне жайылып, сипа-лағанда  жылы, жұмсақ болып сезіледі. Ми  белгісі төртінші түрінде кез-деседі. Мидың ісінуінен ми эклампсиясы дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда құсу, лоқсу болуы керек. Анурия жағдайында дененің құрысып – тырысуы байқалады. Көбінесе сырқаттың клиникалық белгілері аралас түрде байқа-лады. Аурудың ағымы 3-4 аптадан 1-1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Асқынуылары. Бүйрек эклампсиясы, мидың дерттері (энцефалопатия), жедел жүрек – тамыр және бүйрек жеткіліксіздері, көз көру қабілетінің төмендеуі, миокард инфарктісінің дамуы мүмкін. Энцефалопатия ми тамырларының ісініп тарылуымен сипатталады. Науқаста күрт тырысу дамиды. Есінен танады, көз қарашағы жарыққа әсер етпейді. Дем алуы бұзылып, аузынан көбік шығады. Терісі көгерінкейді. Қан қысымы жоғарлайды. Ұстаманың ұзақтығы 30-40 минутқа дейін созылады. Гломерулонефртиттің ауыр ағымында өткір бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Оның негізгі клиникалық белгілеріне ісіну, терінің қышынуы, олиго-немесе анурия, диспепсиялық белгілер, жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы, геморрагиялық синдром, уремиялық кома жатады. Өршу кезеңі 1 – 4 аптаға дейін созылады. 60 – 70% өткір гломерулонефрит толық жазылып шығады немесе созылмалы түріне айналады. Егер зәрдегі өзгерістер бір жылдың ішінде қалпына келмесе, созылмалы гломерулонефритке ауысқанын білдіреді.

Емі. Бастапқы 2-3 аптада қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады, сондықтанда бүйір астына ісіктер кеткенше және қан қысымы қалыптасқанша жылытқыш пайдаланып, қолданған жөн. 7 емдәм тәртібін сақтау, тәулігіне тұздың мөлшері 1,5 г –нан аспау керек, судың мөлшері 500 мл – ге дейін, тағамдарды шектеу керек. Ал құнарлы тағамдары ретінде жеміс –жидектерді жеткілікті түрде беру керек. Қоздырғыштарға қарсы антибиотиктерді тағайындап, қолданады: пенициллин, оксациллин, эритромицин. Патогендік ем ретінде иммунды депрессанттармен арнайы түрде қолданады: глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон, меркаптопурин және т.б. дәрілер). Аллергия өзгерістеріне қарсы антигистамин дәрілерін қолданады: пипольфен, тавегил, супрастин, диазолин т.б. Қанның ұюына қарсы гепарин, фибринолизин, курантил дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымы көтерілген кездерде гипотензиялық дәрілерін береді: клофелин, нифедипин, капотен, энам, эднит т.б. Ісікті жою мақсатымен зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: гипотиазид, фуросемид, триампур т.б. дәрілер. Сырқаттың ауыр түрінде гемодиализ жүргізеді (тәулікті диурездің мөлшері тым азайғанда, зәр салмағы төмендегенде, қан мен зәрде креатинин мөлшерінің азайғанында).

 Болжамы. 2-4 айдан кейін клиникалық  және зертханалық өзгерістер  жойылады. Бірақ бүйректегі морфологиялық  өзгерістер 1-2 жылға дейін байқалады. Дұрыс ем қолданған науқастар  толық жазылып шығады.

 

Созылмалы гломерулонефрит

 Кең таралған ұзақ ағымды  екі бүйректің бір мезетте  иммунды қабыну дәрісімен сипаталынатын  бүйректің созылмалы сырқаты. Сырқаттың  түпті негізі шумақты денешіктердің  зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек  қызметінен айырылып созылмалы  бүйрек жеткіліксіздігімен аяқталуы. Егер өткір гломерулонефриттегі  зәрдің өзгерістері бір жылдың  ішінде қалпына келмесе бұл  аурудың созылмалы түріне ауысуы  болып табылады.

Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады, әсіресе вакциналармен, сары сумен.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), гематуриялық, қатерлі және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда:Беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Теріс бозарып, құрғайды.Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Сырқаттың гематуриялық түрі сирек кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты екі – үш жыл. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады,деміөзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.Асқынулары.  Созылмалы бүйрек, жүрек жеткіліксіздіктері, ілеспелі жұқпалы аурулар, қатерлі қан қысымының көтерілуі. Емі. Емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон). Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары плазмаферезді кеңінен қолданып жүр.

 

Цистит

 Бұл қуықтың ішкі кілегей  қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа  қоздырғыштары болып табылады. Оның  ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі  және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа  жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда  зәр шығару өзекшелерінен келіп  түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын  мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып  қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының  қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің  қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты  жедел және созылмалы түрлерге  бөлінеді.

Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.

Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.

 

Бүйрек тас ауруы

 Бұл ауру зәр жолдарында  тастың пайда болуымен сипататалтын  ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас  аралығындағы ер адамдар қатары  жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп  соқ-тыратын себептерге: зәр жолдарындағы  туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің  тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы  жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат  алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі  аурулары, Д – витаминінің ағзада  көп мөлшерде және А витаминінің  аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту  жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек  тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің  зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған  тастардың құрамында зәр қышқылдары  кездеседі. Сілті ортада пайда  болған тастардың құрамында фосфаттар  кездеседі. Ал қышқыл және сілті  ортасында пайда болған тастардың  құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген  пішіндегі түрлерін кездестіруге  болады және жалғыз немесе  бірнешеге дейін барады.

Информация о работе Бүйрек аурулары