Фитоценоздардың құрамы
Контрольная работа, 11 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.
Содержание
Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері
Флоралық байлығы
Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы
Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы
Вложенные файлы: 1 файл
геоботаника дарис.docx
— 41.20 Кб (Скачать файл)Фитоценоздардың
құрамы.
Жоспар :
Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері
Флоралық байлығы
Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы
Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы
Лекцияның мәтіні
:
1. Белгілі – бір районның өсімдіктерін
зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып
қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір
ассоциацияның флоралық құрамына баса
көңіл аудару керек. Ассоциация (аssociation
– қосылу, қосылған) - өсімдіктер қауымдарын
жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация
дегеніміз – белгілі –бір орында табиғи
пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік
жағдайы біркелкі қауым.
Фитоценозды зерттеуді : оның флоралық
құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің
тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық
құрам –фитоценоздардың маңызды белгісі.
Көп жағдайда оған сипаттама бергенде
тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға
көңіл бөледі. Олармен бірге саңырауқұлақтар
және балдырларды қатынасады оларға да
көңіл бөлу керек.
Өсімдіктер қауымдарына терең талдау
жасау үшін және әртүрлі қауымдарды
бір – бірімен салыстыру үшін олардың
флоралық құрамын флоралық байлығын және
флоралық толықтығын білу өте қажет.
2. Флоралық құрамы.
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда
өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын
айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр
биотопты жасауға өзінше ат салысады.
Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы
бола алады. Сондықтан қауым туралы толық
мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық
жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді
қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген
және жас өсімдіктерді, өскіндерді де
есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер
қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында
(дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі,
вегетациялық кезеңдері бір мезгілде
өте бермейді. Соған байланысты қауымның
флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы
түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық
кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес,
жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.
Белгілі – бір территориядағы өсімдіктердің
түрлерінің
қазақша және орысша аттары жазылады.
Мысалы : жіңішке жусан –полынь тонковатая,
типчак – бороздчатая. Құрамындағы түрлердің
санына қарай кедей флоралы (түр саны аз
болса) және бай флоралы (түр саны көп болса)
фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың
флоралық құрамы оларға диаспоралардың
(грекше diaspora - таралу) келіп түсуіне және
олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына
байланысты анықталады.
Флоралық байлық дегеніміз белгілі –
бір фитоценоздың немесе ассоциацияның
құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық
көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау
жасау үшін әрбір систематикалық топтар
(қыналар,мүктер, папоротниктер жалаңаш
тұқымдылар, жабық тұқымдылар) бойынша
түрлердің санын есептеп шығару керек.
Құрамындағы түрлердің санына байланысты
жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар
болады : жай флоралы фитоценоз бір немесе
бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы
фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.
Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға
байланысты, мысалы, осы ауданның флорасының
түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін
жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына
және оның өсімдігінің өмір нәтижесінде
өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне
мыс: тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне
бай қауымдардан саналады, ал альпілік
және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне
ең кедей қауымдарға жатады.
Фитоценоздың барлық компоненттері сол
жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын
жағдайда өсімдіктердің бірде – бір түрі
доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда
ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан
өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар
ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.
Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық
және мүшелері толық емес фитоценоздар
деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз
құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар
өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей
қалған болса оны Раменский мүшелері толық
емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың
флоралық мүшелері толық немесе мүшелері
толық емес екендігін эксперимент жасап
оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға
болады.
3. Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері
мүлде толық, жергілікті мүшелері толық,
практикалық мүшелері толық және анық
мүшелері толық емес деп бөлді. Фитоценоздарға
адамның басқа аймақтардан алып келген
өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды
жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы
түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық
мүшелері толық емес фитоценоздардың
кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың
флоралық мүшелерінің толық еместігінің
үлкен практикалық маңызы бар. Ондай фитоценоздардың
құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға
қабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын
қосымша себуге болады. Әрбір фитоценозда
өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін
өсімдік түрлері болады.
Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау
үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған
сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны
көбейе береді. Көптеген зерттеушілердің
жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан
өсімдіктер қауымына сәйкес келетінін
көрсетті. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің
шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның
ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты
табу ауданы дейміз (Раменский 1925). Флоралық
байлықты табу ауданы қауымды құратын
өсімдіктердің мөлшеріне үлкен – кішілігіне
өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының
біркелкілігіне, тіршілік ететін жағдайларының
біркелкілігіне байланысты.
Структура әрбір өсімдік қауымының
маңызды белгілерінің немесе қасиеттерінің
бірі болып табылады. Оны зерттеу геоботаниканың
басты міндеті. Геоботаникада фитоценоздың
структурасының мөлшері және маңызы туралы
түрлі көзқарастар бар.
В.В.Мазинг (1965 –1969,1973) структура ұғымын
түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін
атап көрсетеді.
Структура құрамның синонимі ретінде
түрлік структурасы, популяциялық структурасы,
биоморфтық структурасы т.б.
Структура құрылымның (строение) синонимі
ретінде
фитоценоздарда экологиялық және кеңістік
жағдайларына қарай бір – бірінен ажыратылатын
бөлшектердің бар екеніне байланысты
геоботаниктер структураны осылай түсінуді
қолдайды. Структура латын сөзі (stauctura)
–құрылысы, орналасуы. Фитоценоздар структурасын
ондағы өсімдіктердің органдарының, компоненттерінің
кеңістікте және уақытқа байланысты орналасуы
деп түсіну дұрыс болады.
Фитоценоздар структурасы : жер үстіндегі
және жер астындағы ярустылық, фитоценоздың
сикузиялылығы, консорвтігі, аспектері.
Фитоценоздардың структурасы мынандай
бөлімдерге топтастыруға болады :1. фитоценоздың
морфологиялық (синморфология), кеңістіктегі
немесе хорологиялық структурасы 2. фитоценоздың
хронологиялық структурасы (фитоценоздың
өзгергіштігі) 3. фитоценоздың эколого-биологиялық
структурасы 4. фитоценоздың констициялық
структурасы.
2. Фитоценоздың морфологиялық
(кеңістіктегі немесе хорологиялық) структурасы
(синморфология).
Фитоценоз өзара қарым- қатынастармен
және территориясының бірлігімен байланысқан
популяциялар үйлесімді ретінде вертикалдық
және горизонталдық бөлшектенумен сипатталады.
Фитоценоздың вертикальдық структурасының
элементі болып ярустылығы, ал горизонталдық
структурасының элементі – мозайкалығы
болып табылады.
Фитоценоздың ярустылығы – тік өлшеудегі структурасы.
Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі
дәрежеде қабысқан ассимляцияға заттар
және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын
қабаттарға, ярустарға, қалқаларға биогоризонттарға
бөлшектенуі.
Егерде Мырзашөл өңірінде өсетін ағаштар
және шөптесін өсімдіктердің көретін
болсақ. Олар жер үсті және жер асты қабаттардан
(ярустардан) тұрады. Бұл қабаттар өзінше
энергетикалық жүйе болып табылады. Өйткені
олардың дербес организмдері әртүрлі
дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын
пайдаланады. Сонымен қабат дегеніміз
(Быков 1978, 1988) фитоценоздың негізгі структуралық,
экологиялық және энергетикалық бөлігі
ол доминант, суб доминант популяциялардан
пайда болған немесе бір экобиоморфаға
жататын, кондоминанттардан пайда болған.
Фитоценоздарда мынадай қабаттарды (Быков
1988) ажыратады.
1). Констетуциялық немесе негізгі (ағаштар,
бұталар, шөптер, мүктер, қыналар).
2). Эдафикалық негізінен редуценттерден
тұратын (топырақтағы саңырауқұлақтар
және микробтар қабаты).
3). Орындаушылар (планктондық организмдер)
:
сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі
қабаттарды ажыратады.
Басты қабаттарды доминанттар және кондоминанттар,
екінші дәрежедегілерді - субдоминанттар
субдоминанттар түзеді. Қабаттар көлденең
(горизонталь) ярустарға және биогоризонттарға
бөлінеді.
Ярус – фитоценоздағы
қабаттың бөлігі онда негізінен ассимиляция
жасайтын (жапырақтар, сабақтар) немесе
тамыр, тамыр сабақтар, түйнектер қабаттың
ярусы – екінші дәрежелі деп аталады.
Біздің еліміздегі (ТМД) өсімдіктерді
(Быков 1978) мынадай ярустарға бөледі :
- биіктігі жағынан бірінші ағаштар (15-20м
одан да биік)
- биіктігі жағынан екінші ағаштар (6-15м)
- аласа ағаштар (6м дейін) жартылай ағаштар,
бұталар
- биік шөптер, орташа бұталар
- биіктігі орташа шөптер немесе аласа
бұталар
- аласа шөптер, бұташалар
- жердің бетінде орналасқан ерекше шөптер
– мүктер, қыналар
Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін
үш ярусқа бөледі :
1. а). Амброфиттер б) гидрофиттер,
2. Трихофиттер
3). Фреатофиттер
Агроценоздар құрылысында мынадай ярустарда
(Комаров (1439) ажыратады :
- мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер
- мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі
бірдей арамшөптер
- мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан
төнген арамшөптер
- аласа жер бетінде төселіп жататын арамшөптер
Фитоценоздардың эколого - биологиялық
структурасы.
Жоспары :
Фитоценоздардың эколого – биологиялық
структурасы түсінігі
Тамыр жүйесі структурасы
1. Фитоценоздардың
эколого – биологиялық структурасы
Фитоценоздағы өсімдіктердің эколого
– биологиялық ерекшеліктерін көп жақты
талдап жалпы қорытынды жасау осы ауданның,
зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру
механизмін, бейімделу ерекшеліктерін
және олардың арқасында осы жер жағдайын
игеріп биосферада органикалық заттар
жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін
білуге өте қажет болып табылады.
Табиғи өсімдіктердің эколого – биологиялық
белгілерін және қасиеттерін зерттеудің
жасанды фитоценоздардың үлгісін (моделін)
жасау үшін маңызы өте зор.
2. Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және
топыраққа өну тереңдігі әртүрлі, жер
бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей
емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді
таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды
жан – жақты толық пайдалана отырып өнімділікті
барынша арттыруға болады. Сонымен қатар
өсімдіктердің тамыр жүйелері және жер
үстіндегі мүшелерінің биологиясы туралы
мәліметтерді жабайы, табиғи дәрілік және
басқа да пайдалы өсімдіктерді дақылдар
қатарына енгізу үшін пайдалануға болады.
Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының
нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу
үшін жыралардың, таулардың беткейлерін
шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс
іріктеп алу үшін пайдалануға болады.
Түрдің экологиялық
және фитоценотикалық оптимумы.
Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық
факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің
әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы
процессінде экотоп биотопқа айналады.
Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті
болуы мүмкін, ол фитоценозда құратын
өсімдіктердің әлсіздігі (мыс табын өсім)
не күштілігіне (мыс шырша) байланысты.
Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің
түріне конкуренция жағдайына қолайлы
жағдай жасайтын ортаның үйлесуі.
Фитоценотикалық оптимум фитоценоз компоненттері
арасында қатты конкуренция бар жағдайда
өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын
ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және
фитоценотикалық оптимумы туралы. А.В.Прозоровский
көптеген мәліметтер береді. Ол шабындық
далада өсетін өсімдік түрлерін бәсеке
жоқ болған жерлерде көп өнім беретінін
дәлелдеді.
А.П. Шенников оларды құрғақ сүйгіш және
құрғаққа төзгіш өсімдіктер деп атады.
Сөйтіп әрбір өсімдіктер түрлері үшін
екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе
негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерді
анализ Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп
“аутэкология” және “синэкологиялық”
(фитоценотикалық) оптимум терминдерін
ұсынды.
Фитоценоздардың
конституциялық структурасы
Жоспары :
Экологиялық топтар
Фитоценотикалық топтар
1. Бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі,
өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде
және динамикасында бірдей роль атқаратын
өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері
мысалы : мүктер және қыналар, шөптесін
өсімдіктер және бұташықтар т.б.
Географиялық, флорогенетикалық және
ценогенетикалық топтар
Бұл топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы
және экологиясы ұқсас әртүрлі тіршілік
формаларына және әртүрлі ярустарға жататын
флоралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.
Өсімдіктер қауымының структурасы, оның
ұзақ уақыт қалыптасу процессі кезінде
құрылған, ол өскен ортасы жағдайының
сыртқы көрінісі және сонымен қатар ол
күрделі, үздіксіз өзгеріп отыратын жеке
өсімдіктер және олардың топтарының өз
араларындағы және орта жағдаймен (экотоппен,
биотоппен) конкуренциясы, ассоциациялану
өзара үйлесу дамуының қазіргі этапындағы
нәтижесі болып табылады.
Бірақ өсімдік қауымының структуралық
бөліктерін көрсетумен ғана шектелуге
болмайды. Олардың сипаттамасын беру қажет.
Бұл жерде барлық уақытта еске сақтайтын
нәрсе ол өсімдіктер қауымының компоненттерінің
экологиялық және биологиялық сипаттамасы
неғұрлым толығырақ болса, сол ғұрлым
өсімдік қауымының структурасын тереңірек
және кеңірек түсініп анализ жасауға болады.
Өсімдіктер қауымы ішінде көлемі және
маңызы жағынан әртүрлі көптеген структуралық
бөліктерін немесе элементтерін бөлуге
болады. Х.Х.Трасс (1970) бұл үшін “ценоэлемент”
терминін пайдалануды ұсынды. Ценоэлемент
терминін өсімдік қауымының бір ғана структуралық
элементін көрсету үшін бірінші рет ұсынған
М.И.Сахаров (1951). Сахаровтың ойлаған структурасы
геоботаникада кең тараған басқа атпен
“Микрогруппа” немесе “Микрофитоценоз”
ал биоценология “парцелла” деп аталып
кетті.
Өсімдіктер қауымының структурасына толық,
нақты анализ жасау үшін мынандай жұмыстар
орындалуы қажет а) қауымдағы бар әртүрлі
структуралық бөлшектерін анықтау. б)
әрбір структуралық бөлшектің құрамын
(флоралық, экологилық биоморфтық) зерттеу.
в) өсімдіктер қауымының әртүрлі структуралық
бөлшектерінің таралуы заңдылықтарын
және олардың мекендеген ортасының белгілі
–бір экологиялық жағдайына бейімделуін
анықтау г) өсімдіктер қауымындағы структуралық
бөлшектердің бір – бірімен әрекеттестігін
және олардың үйлесу заңдылықтарын анықтау.
д) структуралық бөлшектердің динамикасының
өзгешеліктерін және бағытын өсімдіктер
қауымын өз динамикасымен байланыстырып
зерттеу.
2. Өсімдіктер қауымының структурасын
зерттеу ол қауымның құрамына кіретін
өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың
қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын
және экологиясын, терең білуге негізделген.
Өсімдіктер қауымдарының структурасы,
олардың ең негізгі басты белгілерінің
бірі болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің
табиғи классификациясын жасауға негіз
болады. Қауымның структурасын зерттеу
нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық
процесстердің бағытын, ерекшеліктерін
және қауымның динамикасын анықтап, қауымның
өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері
туралы болжам жасауға болады. Сонымен
қатар қауымның структурасын зерттеу,
қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі
таралуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.
Әрбір өсімдіктер қауымының, сыртқы ортамен
өзара тығыз байланыста болғандықтан,
индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер
қауымының ішіндегі ең көрнектісі және
есептеуге оңайы олардың құрамы мен структурасы.
Сондықтан өсімдіктер қауымының құрамы
мен структурасы егжей – тегжейлі зерттелген
сайын экотоп және биотоп ерекшеліктері
туралы молырақ ақпарат алуға болады.
Сонымен өсімдіктер қауымдарының структурасы
фитоценологияның бірқатар теориялық
проблемаларын шешудің кілті болып табылады.
Өсімдіктер қауымдарының структурасы
туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді
(Корчагин 1976) атап өтуге болады. Бірінші
кезең 1750 жылдан 1860 жылға дейін) өсімдіктер
структурасының кейбір элементтері туралы
системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің
пайда болуы. Екінші кезең (1860 жылдан 1926
жылға дейін) өсімдіктердің морфологиялық
және экологиялық структурасы туралы
түсініктерді дайындау және өсімдіктер
қауымдарының структуралық бөлшектері
туралы алғашқы системаны жасау. Үшінші
кезең (1920 жылдан 1950 жылға дейін) өсімдіктер
қауымының морфологиялық (ярустылық, теңбілділік)
және экологиялық структурасы туралы
түсініктердің қалыптасу кезеңі. Төртінші
кезең (1950 жылдан осы уақытқа дейін) математиканы
және кибернитиканы пайдалана отырып
осы заманғы әдістер мен өсімдіктер қауымдарының
структурасын терең зерттеу.
Өсімдіктер жабынын
классификациялаудың негізгі тәсілдері
1. Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз
-өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда
оларды ұқсастығына байланысты кластарға
бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер
қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне
байланысты оларды классификациялауды
: экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық,
генетикалық, физиономиялық, флоралық
топтарға бөледі.
Фитоценоздардың экологиялық классификациясы.
Экологиялық классификацияны өңдеуді
Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910) жалғастырды.
Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың
сыртқы жағдайға әсіресе су режіміне қатысы
алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфалары
алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей
: ассоциация, формация, формациялар класы
тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері.
Е.Вармингтің классификациясы төрт типтен
тұрады.
1). Гидрофиттер
2). Ксерофиттер
3) Галофиттер
4). Мезофиттер
Б.А.Быков (1978) 1). Гидрофиттер, 2). Гигрофиттер,
3) Мезофиттер, 4) Ксерофиттер деп өзінің
классификациясын ұсынды.
2.Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы.
Бұған Б.А.Быковтың (1963) жер бетіндегі өсімдіктер
классификациясы мысал бола алады. Ол
классификация 7 бөлімнен тұрады.
Бактерия өсімдіктері қауымы
Балдырлар өсімдіктері қауымы
Фитоценоздағы өсімдіктердің эколого – биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қорытынды жасау осы ауданның, зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.
Табиғи өсімдіктердің эколого – биологиялық белгілерін және қасиеттерін зерттеудің жасанды фитоценоздардың үлгісін (моделін) жасау үшін маңызы өте зор.
2. Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа өну тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан – жақты толық пайдалана отырып өнімділікті барынша арттыруға болады. Сонымен қатар өсімдіктердің тамыр жүйелері және жер үстіндегі мүшелерінің биологиясы туралы мәліметтерді жабайы, табиғи дәрілік және басқа да пайдалы өсімдіктерді дақылдар қатарына енгізу үшін пайдалануға болады.
Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың, таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.
Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.
Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процессінде экотоп биотопқа айналады. Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозда құратын өсімдіктердің әлсіздігі (мыс табын өсім) не күштілігіне (мыс шырша) байланысты.
Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жағдайына қолайлы жағдай жасайтын ортаның үйлесуі.
Фитоценотикалық оптимум фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы. А.В.Прозоровский көптеген мәліметтер береді. Ол шабындық далада өсетін өсімдік түрлерін бәсеке жоқ болған жерлерде көп өнім беретінін дәлелдеді.
А.П. Шенников оларды құрғақ сүйгіш және құрғаққа төзгіш өсімдіктер деп атады.
Сөйтіп әрбір өсімдіктер түрлері үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерді анализ Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.
Фитоценоздардың конституциялық структурасы
Жоспары :
Экологиялық топтар
Фитоценотикалық топтар
1. Бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі, өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері мысалы : мүктер және қыналар, шөптесін өсімдіктер және бұташықтар т.б.
Географиялық, флорогенетикалық және ценогенетикалық топтар
Бұл топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы және экологиясы ұқсас әртүрлі тіршілік формаларына және әртүрлі ярустарға жататын флоралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.
Өсімдіктер қауымының структурасы, оның ұзақ уақыт қалыптасу процессі кезінде құрылған, ол өскен ортасы жағдайының сыртқы көрінісі және сонымен қатар ол күрделі, үздіксіз өзгеріп отыратын жеке өсімдіктер және олардың топтарының өз араларындағы және орта жағдаймен (экотоппен, биотоппен) конкуренциясы, ассоциациялану өзара үйлесу дамуының қазіргі этапындағы нәтижесі болып табылады.
Бірақ өсімдік қауымының структуралық бөліктерін көрсетумен ғана шектелуге болмайды. Олардың сипаттамасын беру қажет. Бұл жерде барлық уақытта еске сақтайтын нәрсе ол өсімдіктер қауымының компоненттерінің экологиялық және биологиялық сипаттамасы неғұрлым толығырақ болса, сол ғұрлым өсімдік қауымының структурасын тереңірек және кеңірек түсініп анализ жасауға болады.
Өсімдіктер қауымы ішінде көлемі және маңызы жағынан әртүрлі көптеген структуралық бөліктерін немесе элементтерін бөлуге болады. Х.Х.Трасс (1970) бұл үшін “ценоэлемент” терминін пайдалануды ұсынды. Ценоэлемент терминін өсімдік қауымының бір ғана структуралық элементін көрсету үшін бірінші рет ұсынған М.И.Сахаров (1951). Сахаровтың ойлаған структурасы геоботаникада кең тараған басқа атпен “Микрогруппа” немесе “Микрофитоценоз” ал биоценология “парцелла” деп аталып кетті.
Өсімдіктер қауымының структурасына толық, нақты анализ жасау үшін мынандай жұмыстар орындалуы қажет а) қауымдағы бар әртүрлі структуралық бөлшектерін анықтау. б) әрбір структуралық бөлшектің құрамын (флоралық, экологилық биоморфтық) зерттеу. в) өсімдіктер қауымының әртүрлі структуралық бөлшектерінің таралуы заңдылықтарын және олардың мекендеген ортасының белгілі –бір экологиялық жағдайына бейімделуін анықтау г) өсімдіктер қауымындағы структуралық бөлшектердің бір – бірімен әрекеттестігін және олардың үйлесу заңдылықтарын анықтау. д) структуралық бөлшектердің динамикасының өзгешеліктерін және бағытын өсімдіктер қауымын өз динамикасымен байланыстырып зерттеу.
2. Өсімдіктер қауымының структурасын зерттеу ол қауымның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын және экологиясын, терең білуге негізделген.
Өсімдіктер қауымдарының структурасы, олардың ең негізгі басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады. Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық процесстердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамикасын анықтап, қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таралуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.
Әрбір өсімдіктер қауымының, сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болғандықтан, индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер қауымының ішіндегі ең көрнектісі және есептеуге оңайы олардың құрамы мен структурасы. Сондықтан өсімдіктер қауымының құрамы мен структурасы егжей – тегжейлі зерттелген сайын экотоп және биотоп ерекшеліктері туралы молырақ ақпарат алуға болады.
Сонымен өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологияның бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады.
Өсімдіктер қауымдарының структурасы туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді (Корчагин 1976) атап өтуге болады. Бірінші кезең 1750 жылдан 1860 жылға дейін) өсімдіктер структурасының кейбір элементтері туралы системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің пайда болуы. Екінші кезең (1860 жылдан 1926 жылға дейін) өсімдіктердің морфологиялық және экологиялық структурасы туралы түсініктерді дайындау және өсімдіктер қауымдарының структуралық бөлшектері туралы алғашқы системаны жасау. Үшінші кезең (1920 жылдан 1950 жылға дейін) өсімдіктер қауымының морфологиялық (ярустылық, теңбілділік) және экологиялық структурасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңі. Төртінші кезең (1950 жылдан осы уақытқа дейін) математиканы және кибернитиканы пайдалана отырып осы заманғы әдістер мен өсімдіктер қауымдарының структурасын терең зерттеу.
Өсімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тәсілдері
1. Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз -өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда оларды ұқсастығына байланысты кластарға бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды : экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық топтарға бөледі.
Фитоценоздардың экологиялық классификациясы.
Экологиялық классификацияны өңдеуді Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910) жалғастырды. Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың сыртқы жағдайға әсіресе су режіміне қатысы алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфалары алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей : ассоциация, формация, формациялар класы тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері. Е.Вармингтің классификациясы төрт типтен тұрады.
1). Гидрофиттер
2). Ксерофиттер
3) Галофиттер
4). Мезофиттер
Б.А.Быков (1978) 1). Гидрофиттер, 2). Гигрофиттер, 3) Мезофиттер, 4) Ксерофиттер деп өзінің классификациясын ұсынды.
2.Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы.
Бұған Б.А.Быковтың (1963) жер бетіндегі өсімдіктер классификациясы мысал бола алады. Ол классификация 7 бөлімнен тұрады.
Бактерия өсімдіктері қауымы
Балдырлар өсімдіктері қауымы