Сапалық және жартылай сандық эмиссиялық талдау

Лекция, 29 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Сапалық спектрлік талдаудың негізгі мәселесі - сынама құрамына енген элементтерді анықтау. Ізделініп отырған элементтің барын-жоғын суретке түсірілген спектрде осы элементтің аналитикалық сызықтары деп аталатындарды табу арқылы анықтайды. Шынын айтсақ элементтің бар екені туралы қорытынды толқын ұзындығы дәл анықталған жағдайда бір ғана спектрлік сызықша негізінде жасалады. Алайда іс жүзінде толқын ұзындығын анықтау спектрлік сызықтың пішіні мен оның орналасу жағдайын дәл өлшейтін спектрографтың шешушілік күшімен шектелген. Бұл мәселе көп сызықты спектр жағдайында күрделене түседі. Бірнеше сызықтардың кейбіреуі өзара бірігіп, толқын ұзындыгының өзгеруі салдарынан бір элементті басқалармен шатастыру қаупі туатын жағдайлар болады. Сондықтан да спектрде бірнеше аналитикалық сызықтың көрінуі шарт. Аналитикалық сызықтың аса көп санын іздестіруге уақыт көп кетеді, әрі ол артық еңбектенуді қажет етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Сапалық және жартылай сандық эмиссиялық талдау.docx

— 97.74 Кб (Просмотреть документ, Скачать файл)

Открыть текст работы Сапалық және жартылай сандық эмиссиялық талдау

Похожие темы