Адам миы және ақыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:36, реферат

Краткое описание

Ақыл-ойлы материаның ең жетілген өкілі-ми болып саналады. Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ. Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды:

Вложенные файлы: 1 файл

Адам миы және ақыл.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

Адам  миы және ақыл-ой

Олардың бір-бірімен байланысы.

Ақыл-ойлы материаның ең жетілген өкілі-ми болып саналады. Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе  де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ. Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «Ми қызметінің мәнін түсіну – маған және менің көптеген әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені, адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді».

Мидың жеке сипаты

Ми адамның  бас сүйегінің ішінде орналасқан. Ірі үш бөліктен тұрады: 1. Ми сыңарлары. 2. Мишық. 3. Ми сабауы (бағанасы). Ми (cerebrum) – ағзаның барлық тіршілік қызметінің, оның ішінде жоғары жүйке қызметінің, адамдарда-психикалық функцияның және ойлаудың реттелуін қамтамасыз етіп отыратын адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесінің орталық бөлімі. Ми бес бөліктен тұрады: 1. Алдыңғы. 2. Аралық. 3. Ортаңғы. 4. Артқы (мишық, көпір). 5. Сопақша ми. Адам миының қазіргі салмағы 1100 грамнан 2 келіге дейінгі аралықта ауытқып отырады. Көлемі – 1456 текше сантиметр, аумағы 1622 сантиметр.

* Мидың орташа салмағы – 1,4 келі. Бастың жоғары жағында.

* Еркектердің  миы әйелдердің миынан көп.  Оның бір себебі, ерлердің әйелдерден  денелі, ірілігі.

* Алайда әйел, еркектің миын денелерінің мөлшеріне  сәйкес есептегенде, әйелдің миы  еркектердің миынан сәл артық.

* Бас сүйектегі  миды үш жұқа жарғақша-ми қабықтары  қоршап тұр. Олар жұлын сұйықтығын  сақтайтын осы сұйықта қалқып  жүреді.

* Мидың сыртқы  үстіңгі беті немесе мидың  қабаты триллондаған байламдармен  байланысқан миллиардтаған жүйке  жасушаларынан тұрады.

* Қыртыстанған, қатпарланған ми қыртысын жазып көрсе, ол жастық тысының көлеміндей ауданды, жұқалығы бірнеше милиметрді алар еді.

* Ми қабатының  қатпарлары мидың жұп бөліктерін  көмкереді, маңдайды алдынан,  төбені жоғарыдан, бүйір жағынан  самай және артқы жағынан шүйдені жабады.

* Зерде мидың  көлеміне байланысты емес.

* Ми денемен  жұлын арқылы байланысады. 

* Мидың жүз  миллион жасушасын қосқанда жүз  миллиард жүйке жасушасы болады.

* Дененің өз  «Интернет» желісі бар. Ол жүйке  деп аталатын мыңдаған өзектер  арқылы миллиондаған дабыл жібереді: жүздеген ағзалар арасындағы әрбір тарапқа, өзге ағзаларды бақылайтын ағзалардан миға дабыл жібереді.

* Миға қан  құйылуын инсульт (лат. Insulto) деп  атайды.

* Мидың терең  ішінде жатқан клеткалар гипоталамус  деп аталатын учаскелер ашығу, шөлдеу, бірдеңеге қарсы тұру сияқты сезімдерді басқарады.

* Мидың желкелік  бөлігі адамның қимылын реттеп  отырады. 

* Адамның миы  мен оның жасушалары – «Сана  өлкесі» іспеттес. Ғалымдар оны  – «ақыл-ой ғарышы» деп те  атайды.

* Адам баласының  ми құрылысы 35 миллиард жасушадан тұрады. Әрбір жасушаның атқаратын жеке өз қызметі бар.

* Ғұлама ғалымдардың  өздері барша ғұмырында ми  жасушаларының 20-25 пайызын ғана  пайдаланады. 

* Археолог ғалымдардың  айтуынша, адамның бас сүйегі  мен ми көлемі көне дәуірден бері бірқалыпты, өзгеріссіз.

Әйелдің миы неге аз?

Өмірде әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды әйелдер мен  еркектердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Бұл  неліктен? Ғалымдар оған көптен бері нақты  жауап іздеп келеді. Осы зерттеу барысында: «Мүмкін, әйелдер мен еркектердің жүрегі, миы әубаста бір-бірінен басқаша жаратылған шығар, соған байланысты әйелдер мен еркектер науқасты, әр түрлі жағдайларды әрқилы қабылдайтын болар?», - деп ой айтқандар да болған көрінеді. Тек әзірге ғалымдардың анықтағаны, көлемі мен құрылымы жағынан әйелдер миының еркектер миынан айырмашылығының бар екендігі. Яғни, әйел миының салмағы ерлер миының салмағынан орташа алғанда (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Алайда «Әйелдердің миы тауықтың миындай екен» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені, ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді. Осы орайда американдық психиаторлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, әйелдер миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді.

Әйелдер мен ерлер миының реакциясында да алшақтықтың көп  екендігі анықталып отыр. Яғни, олардың  реніш сезімдері бірдей көрінгенімен, әйелдің миына салмақ сегіз есе  көп түседі. Және де әйелдер кез-келген сөзге ерлерден гөрі ерекше мән береді, тез аңғарады. Соған сәйкес, әйелдерге сөзбен жұмыс істеу, синонимдік сөздерді ойлап табу әлдеқайда жеңіл көрінеді. Бұл ерекшелік олардың миына зақым келгенде тез сауығуына көмектесетін болып шықты. Ғалымдардың анықтауынша, әйелдің жүрегі де ерлердің жүрегіне қарағанда минутына 8-10 рет артық соғады, салмағы да 10-15 пайызға кем, дегенмен, ол соншалықты төзімді. Және оттегін 30 пайыз аз қабылдайды, 40 жасқа дейін 20 ер адам инфаркт алса, 40-қа толған бір-ақ әйел осы ауруға шалдыққан.

Ақылдылық шаштың құрамынан

Қазақта «Шашы ұзын, ақылы  қысқа» деген мәтел бар. Әйелге арнап айтылған. Осы мәтел тілімізге үйірілгенінде, ұзындық пен қысқалық теңеу ретінде айтылған шығар деп ойлайтынбыз. Алайда ақылдылық пен шаштың арасындай байланыс бар болып шықты. Тек ақылдылық шаштың ұзындығынан емес, шаштың бай құрамынан екен. Мұны Париж университетінің ғалымдары анықтап отыр. Олар адамның ақылы мен интеллектуалдық қабілеті шаш құрамына байланысты деп тұжырымдайды. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 2 мыңнан астам адамның шашына зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, интеллектуалдық қабілеті жоғары адамдардың шашында мырыш пен мыс құрамы жоғары болатынын біліпті. Бұл әрине, күнделікті қабылдайтын тағамға да байланысты болса керек. Одан туатын қорытынды: мыс пен мырышқа бай өнімдер адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, ақыл-ойдың белсенділігін күшейтеді. Ал, фин ғалымдары инфаркт алғандардың шашын зерттегенде, жүрек-қан тамыры ауруына ағзада селен микроэлементінің жетіспеуі себеп екендігін айтады. Мұның сыртында, ғалымдардың анықтауынша, адам шашы-проблемалар мен барлық жағымсыз ақпаратты сақтаушы. Сол себепті, ауырып, күйзеліп, ауыр жағдайларға душар болғаннан кейін шашты қысқартып, қиып тастаған дұрыс.

Ми тәжірибесінің  жемісі

Корей дәрігерлерінің дәлелдеуінше, ота жасаудың (операция) көмегімен  ақымақтың өзін данышпан етіп шығаруға болатын көрінеді. Өйткені, Сеул ұлттық университетінің бір топ ғалымдары мидың артқы бөлігінде ақылдылыққа «жауап беретін» нүктенің бар екенін анықтаған. Ол үшін Ли Кун Хо бастаған ғалымдар 16-18 жас аралығындағы 25 талантты баланың және 25 қарапайым баланың миын магниттік-резонанстық томографтың көмегімен бақылауға алады. Оларға түрлі есептер шығартып, ой еңбегін талап ететін тапсырмалар береді. Сонда анықталғаны – ақылды балалардың шүйде тұсындағы ми бөлігі белсенді түрде жұмыс істеген, ал қарапайым балалардың миының бұл бөлігі ұйықтап жатқан. Осыны зерттей келе ғалымдар «мидың қатты жұмыс істеуінің себебі онда нейрондар көбірек болады», - дейді. Демек, кез келген адамды данышпан етіп шығару үшін оның ми бөлігінің осы тұсындағы нейрондардың белсенділігін арттыру қажет. Ғалымдар осы сәулелендіру жолымен немесе нейрондардың импульсін арттыра түсетіндей етіп операция жасау арқылы жүзеге асыруға болатынын айтады. Корей ғалымдарының пікірінше, «мұндай операцияны адам миының қалыптасу процесі толық аяқталатын кез – 25 жасқа деййін жасаған жөн».

Халықта «Махаббат пен  өшпенділіктің арасы бір-ақ адым»  деген сөз бар. Ол қазір ғылыми негізде дәлелденген ақиқат. Plos ONE журналына сілтеме жасай отырып, The Independent газеті былай деп жазады: «Өшпенділік пайда болғанында адам миының қай бөлігі іске қосылса, романтикалық махаббат, құштарлық, жақсы көру кезінде де мидың дәл сол бөлігі іске қосылады».

Оны анықтау үшін мынандай тәжірибе жасалыпты: 17 еріктіні жинап  алып, оларға жек көретін адамдарының  суретін көрсете отырып, миларын томографияға түсірген. Соңынан томограммаларды талдаған Лондонның Университеттік колледжінің ғылыми қызметкері Семир Зеки мен Weilcome нейробиологиялық зертханасының маманы Джон Ромайя былай деген: «Жек көрушілікке мидың қыртысы астының белгілі бір бөлігі – қабығы мен арал тәріздес болмашы бөлігі жауап беретінін байқадым. Қабық – жек көру мен ашулануды, екінші аталған бөлік – жан тыныштығын бұзатын қоздырғыш әрекетті тудырады екен». Сондай-ақ, екінші бір ғалым профессор Зеки былай деп қорытынды жасапты: «Қабық – махаббат мәселесінде агрессивті әрекетке дайындыққа қатысады. Мәселен, қауіпті бақталас табылған кезде. Ал аралдық бөлік жақсы көрген адамына да, жек көрген адамына да бірдей қатты жауап қатады. Жек көрушілік пен жақсы көру адамдарды әдеттен тыс әрекеттерге – қылмыс пен ерлік жасауға итермелейтіні осыдан».

Миға тәжірибе жасау арқылы Барселона университетінің де ғалымдары  жаңалық ашқан. Ол – инсульт алған  науқастардың ми тінінде жаңа жүйке  жасушаларының пайда болатындығы. Яғни, зақымданған аумақтарда бөлінетін жасушалар да, жаңа жүйке жасушаларын тудырушылар да көбейеді. Оған дейін ғылым адам миы өлген жасушалардың орнына жаңа жүйке жасушаларын өндіруге қабілетсіз деп санап келген-ді. Испандық ғалымдар жаңа мәліметтердің инсультке шалдыққан сырқаттарды емдеу жөнінде жаңа тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретінін айтады.

Ғалымдардың анықтауы бойынша  кейбір данышпандардың миының салмағы  мынандай болыпты:

1. И.С.Тургеневтің миының  салмағы – 2012 грамм. 

2. Анатоль Франстың миының  салмағы – 1017 грамм.

Данышпандардың қажыр-қайраты  мен ақыл-ойының күшті болғаны  соншалықты, олар мынандай жасқа дейін  жоғары шығармашылықта еңбек еткен:

Ақын Беранже – 77, Лев  Толстой – 82, Виктор Гюго – 83, академик Павлов – 87, микробиолог Гамалея  – 90 жасқа дейін, Диоген, Демократ, Тинциан, Микеланджело сексеннен асқанша, Бернард Шоу 94 жасында да мойымаған.

Арақтың миға зияны

Араққа салыну салдарынан адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі пайда болады. Мұндайда ең алдымен  мидың үлкен жарты шарларының қабығы зардап шегеді, - дейді мамандар. Жүйке жасушалары май тәрізді ерекше заттар – липоидтарға бай, алкоголь осы липоидтарды ерітеді де жүйке жасушалары дұрыс жұмыс істемей қалады. Сонымен қатар маскүнемдердің миларының талшықтарында гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі) дами түседі. Арақ-шарапқа салыну сөйтіп, ми мен бауыр жасушаларын өлтіреді. Алкоголь адам миындағы тежегіш орталықты әлсіретіп, жыныстық эмоцияны қоздырып, ұят пен жиіркенішті сезімді жоқ қылады. Онымен бірге ұстамдылық пен әдептілік, кішіпейілділік жоғалады. Арақ-шарап әсіресе жастардың денелері мен ақыл-естерінің қалыпты өсуін тежейді.


Информация о работе Адам миы және ақыл