Дәрігердің басшылық қасиеттері және олардың кәсіптік қызметтегі алатын орны
Реферат, 22 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Дәрігер тұлға ретінде әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан қарастырғанда тар емдік-профилактикалық қызметпен шектеліп қана қоймайды , сонымен қатар ол халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруде және тәрбие берудің күрделі және аса күрделі болып келетін мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Басшы
2.2. Дәрігердң қолбасшылық қасиеті
2.3. Қоғамдағы дәрігердің алатын орны
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Вложенные файлы: 1 файл
Дәрігердің басшылық қасиеттері және олардың кәсіптік қызметтегі алатын орны.docx
— 36.77 Кб (Скачать файл)“Астана медицина университеті” АҚ
СӨЖ
Тақырыбы : Дәрігердің басшылық қасиеттері және олардың кәсіптік қызметтегі алатын орны
Орындаған : Макенова Д..
Топ : 102
Факультет : стоматология
Қабылдаған : Исимова А.Е.
Астана - 2015
Жоспар :
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1. Басшы
2.2. Дәрігердң қолбасшылық қасиеті
2.3. Қоғамдағы дәрігердің алатын орны
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
- Кіріспе
Дәрігер тұлға ретінде әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан қарастырғанда тар емдік-профилактикалық қызметпен шектеліп қана қоймайды , сонымен қатар ол халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруде және тәрбие берудің күрделі және аса күрделі болып келетін мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.
Өмір бір орында тұрып қалған емес. Өмір, әсіресе жаңа заман өмірі медицина, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне деген жаңа талаптар қоюда. Барлық әлемде медицина ғылымы мен техниканың дамуы үлкен дискуссиялыр тудырып, қоғамда сындар айтылып жатыр. Бұндай алға жылжу тек қана жетістіктер мен үміттерді емес, дәрігерлердің жауапкершілігін және қолбасшылық қасиеттерін танытуды қажет етеді.
Дәрігерлік тұлға, оның жинақталғандығы және дамуы науқастың жазылып кетуінің негізіне жататын маңызды факторлардың бірі болуы мүмкін.
Науқасқа деген толықтай , яғни біртұтас берілу принципі ең алдымен дәрігердің жеке тұлғалық біртұтастығының сақталуымен , сонымен қатар " жеке қасиетінің дамуларының пропорционалдығы мен келістілігі, тұлғаның біртұтастығы, оның ішкі қайшылықсыздығы " .
2. Негізгі бөлім
2.1. Басшы
Басшы өз ұйымының ең маңызды қозғаушы күші. Оның ұйымдастырудағы қабілеті мекеменің барлық жұмыскерлеріне тікелей әсер етіп жатады. Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды, байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі.
Басшыны сәтсіздікке ұшырататын 10 ірі себеп:
Бірінші, жай-жапсарды қабыстыра алмау. Іскер басшыларда белгілі бір істің жай-жапсарын жақсы меңгеру, үйлестіру қабілеті болуы керек. Әрқандай аты-затына сай басшы «жұмысбастылықтан» өзіне жүктелген әрбір істі ақсатпайды. Егер басшы немесе басшының көмекшісі болған күннен бастап, өзін жұмысбастымын, жоспарды өзгертуге, көз алдағы шұғыл мәселелерді шешуге шарасызбын деп сезінсе, онда бұл оның қабілетінің шамалы екенін көрсетеді. Басшылар табысқа жету үшін өзіне және атақ-шеніне қатысты барлық шаруаларды егжей-тегжейлі меңгере білулері тиіс. Бұл, әрине, оның іскер көмекшілерден дұрыс пайдаланып, мәселелерді ойдағыдай шешкенінен көрінеді.
Екінші, басқаларға қол ұшын бермеу. Әрқандай бір ұлы басшы басқалардың өзіне тапсырған шаруасын қалт жібермей, тыңғылықты орындайды. Көптің қамын ойлау тек іскер адамның ғана қолынан келеді. Міне, бұл басшы болған кісінің жадында берік сақталуға тиісті ақиқаты.
Үшінші, білгенін місе тұтып, шаруаға мойын бұрмау. Жұрт бір адамды біліміне емес, қайта, тындырған ісіне, басқалардың жұмыс белсенділігін қозғауына бола қошаметтеп, алғыс жаудырады.
Төртінші, қол астындағыларының бәсекеге түсуінен қорқу. Басшы қол астындағыларының өз орнын басуынан алаңдаса, онда күмәні, сөзсіз шындыққа айналып, тағынан құлайды. Басшылар ізбасар тәрбиелеулері, әрі оларға нақтылы басшылық қызметтерін шын пейілімен тапсырып берулері керек. Тек осылай болғанда ғана олар өздерінің басшылық өнерін өсіріп, қызметтің жоғары деңгейіне көтеріле алады. Басқаларды істете білу мен өзі қол салып істеуді салыстырғанда алдыңғысының өнімі соңғысынан әлдеқайда жоғары. Іскер басшы өзінің қызметі мен адамгершілігін жұрт көңіліне ұялатып, олардың қызмет өнімділігін арттыруына, қызметте анағұрлым мол табыстарға қол жеткізуіне жебеуші болады.
Бесінші, ой жүгірте білмеу. Ойсыз басшы шұғыл жағдайда қол астындағыларына өнімді шара көрсетіп, жол нұсқай алмайды.
Алтыншы, өзімшілдік. Қызметті қол астындағыларына итеріп, атақ-абыройға өзі кенелген басшы, сөзсіз көптің наразылығына ұшырайды. Аты-затына сай нағыз іскер басшы атақ-абыройды қол астындағыларының еңбегіне жазады. Өйткені, көптеген адамның жұмыс белсенділігі ақшаға бола емес, қайта, маңызды жұмысқа жауапты болғанына, сыйланып, мадақталғанына бола арта түсетінін ол әбден біледі.
Жетінші, жүріс-тұрысына көңіл бөлмеу. Жүріс-тұрысына көңіл бөлмеген басшыны қол астындағылар құрметтемейді. Өз әрекетін тежей білмеген адамда қоғамдық ықпал болмайды.
Сегізінші, опасыздық. Бәлкім, мұны он ірі себептің маңдайалды тармағы деуге болады. Егер басшылар өзінің жұмыс атқаратын ұйымы мен қызмет орынына, қол астындағылары мен жоғары жаққа адал болмаса, мансап орны баянды болмайды. Опасыздық – сол басшының біліктілігінің өте төмен екенінен дерек береді. Мұндай адамды ел де бойына тоғыта бермейді. Опасыздық басшылардың тұрмыстың әр қырында сәтсіздікке ұшырауындағы басты себептерінің бірі.
Тоғызыншы, басшылық беделді беталды пайдалану. Іскер басшылар қол астындағыларын сеспен емес, шабыттандыру арқылы тәрбиелейді. Қол астындағыларын «биліктің» тегеурінімен басқалартын басшының күні ұзаққа бармауы да мүмкін. «Жігіттің сөзіне қарама, тындырған ісіне қара» деген халық мақалы бар. Нағыз басшы қол астындағыларының көңілін таба білетін, әділетті жақтайтын, кәсіптің өресі жоғары адамдардан шығады.
Оныншы, атақ-абыроймен санасу. Іскер басшы атақ-абырой, бет-беделімен қол астындағыларының қолдауына ие болуды қаламайды. Шен-шекпенге бой ұрған жандарда қабілет болмайды. Нағыз іскер лидер басқаларды қашан да құшақ жая қарсы алады. Жоралғы-жосынымен шектеліп, сән-салтанатқа берілмейді.
2.2. Дәрігердң қолбасшылық қасиеті
Дәрігердің басшылық ролі - бұл дәрігердің белсенді, бастаушы позицияда, лидер ретінде, ал науқастың белсенділігі шамалы, дәрігерге ілесетін жағдайда болуы. Дәрігердің басқару ролін өзіне алуы, беделді және билікті жағдайда болуы арқылы, барлық емдеу кезіңде туатын мәселелерді шешуін өз жауапкершілігіне алады. Мұндай дәрігерді, аурудың көбі «дуагер, маг» ретінде қабылдап, оның әрекетіне зәру болады. Аурулар оның басымдылығьша бейімделіп, оған толық бағынуға даяр. Олардың ойы - «дәрігер барлығын біледі, науқас - ештеңе білмейді». Кемеліне келмеген, ересеймеген, мінез-құлқына қарай басқаруды қажет ететін науқастарда, бұл қатынас қолайлы және қажетті.
Қазіргі кезде дәрігердің аурумен қарым-қатынас үлгісі ретінде, оның билік жасау, авторитарлы ролі саналады. Бұлда дәрігер белсенді, лидер позициясында болып, арақатынаста доминант (басқарушы) ролін атқарады. Яғни, ол емдеу және диагностикалық үрдісінде барлық мәселелерді өзі шешіп, толық жауапкершілікті өз мойнына алады (моральдық, психологиялық, құқықтық). Мұндай жағдайда науқас адам дәрігердің бағынуында больш, тәуелді және пассивті емдеу объектісі ретінде саналады. Дәрігер мен науқас арасында тиісті дистанция сақталып, оны бұзуға тосқауылдар қойылады.
Дәрігердің басқарушы, билеуші
болу үлгісі хирургия, акушерия мен гинекология,
стоматология және травматология салаларында
басым болады. Әрине, лидерлік рольді атқару,
дәрігерге жоғары талап қояды: беделді
болуы, білімі, біліктілігі және білгерлігі
ешқандай күмән келтірмеуі, т.б.
Бұл қарым-қатынас түрінің кемшілігі -
науқастың белсенді еместігі және үнемі,
емделгеннен кейін де дәрігерге тәуелді
болуы.