Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:38, реферат
Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттар арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастарын адамның еркі бойынша қалыптасады,оған қатысушылардың санасына және ырқына пайда болады.Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.