Аурухана ішілік гигиеналық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 08:10, реферат

Краткое описание


Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы (Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 48.84 Кб (Скачать файл)

  

   Реферат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпақ құрттар

 

Жалпақ құрттар

 
 

 

Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы (Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАРдың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.)

Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Жармасқақ

Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл – бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі – жұтқыншақ, екіншісі – ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар – қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.

Жалпақ құрттар

Үш қабатты жануарларда эмбриогенезде эктодерма және энтодерма аралығында үшiншi қабат мезодерма түзiледi. Организмге үшiншi қабаттың түзiлуiнiң маңызы зор. Жануардың көлемi үлкейедi, асқорыту жүйесi дене қабықшасынан қашықтайды. Осыған байланысты эктодерма және энтодерма қабаттар аралығында заттарды тасымалдау мәселесi қойылады. Эктодерма және энтодерма аралығындағы кеңiстiк мезодермамен толып тұратын жануарларда (ацеломды жануарлар) заттарды тасымалдау мәселелерi денесi арқа-құрсақ бағытында қысыңқы және дененiң сыртқы алаңы көлемiне қарағанда үлкен болып сақталуымен шешiледi. Жануарларда ткань аралығында және қоршаған ортамен зат алмасу диффузия арқылы iске асады. Үш қабатты жануарлар терi-бұлшық ет қапшығындағы бұлшық ет талшықтарының жиырылуының көмегiмен қозғалады.

Негiзгi белгiлерi:

Үшқабатты көпклеткалы жануарлар

Екi жақты симметриялы

Денесi сигменттелмеген

Қуыссыз жануарлар

Орталық нерв жүйесi дененiң алдыңғы бөлiмiнде орналасқан жұлдызша клеткаларымен аяқталатын түтiкшелермен берiлген

Зәр шығару жүйесi — протонефридиалды

Денесi жалпақ

Ауыз қуысы бар, аналь тесiгi жоқ

Гермафродиттер, жыныс жүйесi жақсы дамыған

Личинка кезеңдерi бар.

Үш қабатты жануарлар тобында жалпақ құрттар типi қарапайым тобы болып саналады. Осы жануарлар тобында алғаш рет мезодермадан мүшелер және мүшелер жүйесi дамиды. Бiрақ мезодерманың негiзгi бөлiгi дифференциацияланбаған iшкi мүшелерге тiрек және қорғаныс қызметiн қамтамасыз ететiн паренхимамен берiлген.

Жалпақ құрттар типi негiзгi үш класқа бөлiнедi: сорғыштар мен таспа құрттар кластарының өкiлдерi толық паразиттiк тiршiлiк етуге көшкен, ал үшiншi турбелляриялар немесе кiрпiкшелi құрттар класының өкiлдерi еркiн суда тiршiлiк етедi және оларда типтiң белгiлерi айқын сақталған. Жалпақ құрттардың денесiнiң алдыңғы бөлiмiнде бас орналасқан, артқы дорсальды (арқа) және вентральды (құрсақ) бөлiмдерi жақсы айқындалады. Осы типтiң өкiлдерiнiң денесi жалпақ және жiңiшке болып келедi. Екi жақты симметриялы жануарлар. Көптеген түрлерiнде iшегi тарамдалған, осыған байланысты астың қорытылуы және корек заттардың сiңiрiлуi жеңiлдейдi. Зәр шығару қызметiн протонефридиялар атқарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дерек көздер

1.Ғаламтор

2.Уикипедия. Қазақша энциклопедия


Информация о работе Аурухана ішілік гигиеналық талаптар