Жақсыдан шарапат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Августа 2015 в 21:05, статья

Краткое описание

Кез келген адам үшін еңбек қасиетті ұғым болуы тиіс. Қазақ «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» дейді. Осы себепті де Нұрсұлтан Назарбаев еңбектің қадір- қасиеті туралы жиі айтады. Бұл мемлекет басшысының кемел саясаткер ғана емес, барлық нәрсені тамыршыдай дөп басатын сұңғылалығын айғақтайтын жайт. Қысқасы, еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екені, еңбексіз елді дамытып, өркендету мүмкін емес екені тайға таңба басқандай айқын көрінеді.

Вложенные файлы: 1 файл

жаксыдан шарапат.docx

— 1.31 Мб (Скачать файл)

 

Жақсыдан-шарапат

 

Кез келген адам үшін еңбек қасиетті ұғым болуы тиіс. Қазақ «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» дейді. Осы себепті де Нұрсұлтан Назарбаев еңбектің қадір- қасиеті туралы жиі айтады. Бұл мемлекет басшысының кемел саясаткер ғана емес, барлық нәрсені тамыршыдай дөп басатын  сұңғылалығын айғақтайтын жайт.  Қысқасы, еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екені, еңбексіз елді дамытып, өркендету мүмкін емес  екені тайға таңба  басқандай айқын көрінеді.

Осы ретте ауылшаруашылық саласында ерен еңбегімен ерекшеленіп  жүрген ауданымыздың  азаматы, «Жер-Ана» ЖШС-нің басшысы Ерболов Қанат Аманжолұлын айтуға болады. Бұл азамат басқарып отырған  агрофирманың   диқандары үшін өткен жыл ауыр болды десе де болады. Себебі көктемде қуаңшылық болып, жаңбыр жазды аудырып барып, кешігіп жауды. Оның үстіне дәл егін жинайтын уақытта  ақ жаңбыр тыйылмады. Егін жинау барлығынан да ауыр, күрделі жағдайда өтті. Соған қарамастан, ол- Қаратал орта мектебінің бірнеше жылдан бергі әлеуметтік серіктестігі. Мектеп өмірінен ешқашан тыс қалған емес. Мерекелік іс- шараларда, спорттық жарыстарда үнемі қолдау көрсетеді. Атай айтатын болсақ, биылғы оқу жылында әр түрлі аудандық спорттық жарыстарға  оқушыларды қатыстыруға  демеушілік жасады. 1 қыркүйек-Білім күнінде арнайы   бірінші сынып оқушыларын құттықтап,  оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Қазан айының бірінші жұлдызында Қарттар күніне орай  ауылдың ақсақалды аталары мен ақ самайлы әжелеріне осы азамат басқарып отырған агрофирма  құрмет көрсетіп, қаржылай қолдау жасап, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар Жаңа жыл мерекесіне орай қаржылай көмек көрсетті. Ол қаржыға мектеп оқушыларына Жаңа жылдық мерекеде көрсеткен өнерлері, киген костюмдеріне сай сыйлықтар алынып  берілді. Мектептің басқа да шаруашылық жұмыстарына қолынан келгенінше көмек беріп келеді. Өткен оқу жылының соңында   Қаратал орта мектебінің  жоғары  сынып оқушыларына арналған демеушімен кездесу кеші өткізілді. Бұл кеште Қанат Аманжолұлы оқушыларға   ауылшаруашылық саласындағы мамандықтардың қыр-сырын, қиыншылықтары мен қызықтарын айта отырып, оқушылардың  қойған сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар ол өзі үшін еңбек қасиетті ұғым екенін айтты. Еңбек адамды тазалыққа, адамгершілікке  тәрбиелейтінін де оқушыларға барынша айтып түсіндірді. Ауылға көмек көрсету, қолдау жасау  ер азаматтың парызы деп санайды.  Ұйымдастырылған іс шара соңында мектеп басшысы Е. К. Алибеков  Алғыс хатпен марапаттап, естелік ретінде сыйлық беріп, оқушылар  мен мұғалімдер суретке түсті. «Жақсыдан-шарапат, жаманнан-кесапат» дейді дана халқымыз.  Осындай ер азаматтың шарапаты барлығына тиюде. Сондықтан Қанат Аманжолұлына  мектеп ұжымы атынан және жеке өз атымнан зор алғысымды білдіріп, алдағы жұмысына  сәттілік тілеймін. Біздің қолдауымыз оны жұмысында жігерлендіріп,  кәсібіне тың серпін беретініне сенемін.

 

Тажина Асем Баделхановна

Айыртау ауданы

Қаратал орта мектебінің оқу ісінің

меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жақсыдан шарапат