Басшылық стилі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 19:54, реферат

Краткое описание

Ұжымға басшылық ету процесінде,әлеуметтік-экономикалықтан басқа әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады.Бұл ең алдымен ұйымның әртүрлі статустары,иерархиялық құрылымдары(бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны,бірін-бірі мойындау ,ықпал ету ,стиль,мүдделік болып саналады.Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы.Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық,әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Вложенные файлы: 1 файл

Басшылық стилі.docx

— 24.75 Кб (Скачать файл)

                                    Басшылық  стилі

Басшылық  стилінің  түсінігі  және  оны  қалыптастыру   факторлары

    Ұжымға басшылық  ету  процесінде,әлеуметтік-экономикалықтан   басқа әлеуметтік-психологиялық   қатынас  та  қалыптасады.Бұл   ең  алдымен ұйымның  әртүрлі   статустары,иерархиялық құрылымдары(бір   жұмыскердің екіншісіне  бағынуы   арқылы көрінетін)  және  жеке  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  олардың әлеуметтік-психологиялық   мазмұны,бірін-бірі  мойындау ,ықпал   ету ,стиль,мүдделік  болып   саналады.Басқарудың  дұрыс  стилін таңдай  білу  әлеуметтік-психологиялық  проблеманың   ең  актуалдысы.Басқармадағы  жұмыскерлердің  шынайы  мәдениетіне   неғұрлым  толық,әрі  түбегейлі  баға  басшы  жұмысының  стилі  бойынша  жүзеге  асады.

    Басқару  қызметіндегі  әрбір  басшы  тек  өзіне   ғана  тән  стильде  қызмет  міндетін  орындайды.Адамдардың  қарым-қатынасында,соның  ішінде  басқару  функциясын жүзеге  асыруда  стильге  ерекше  мән беріледі.Честерфольд «стиль-ой  дүниесі» десе,Бьюфурон  «стиль-адамның   өзі» деп  тұжырымдайды.

    Бұл  нақыл   сөздердің  дұрыстығын  қазіргі   жұмыс  стилінің  түсініг   де  дәлелдей  түседі.Қазіргі   кезде  стильді   басшының  басқару  функциясын  тиімді  орындау  мақсатында  өзінің  қарамағндағыларға  ықпал   етуі бойынша  бағалайды.Сонымен,басшылық  стилінің   мәні  сол,басшы   қандай  әдістермен  ұжымның   қарқынды  және  шығармашылықпен   өзіне  бекітілген  жұмысты   орындауына  ықпал  ете  алатындығына  ,қарамағындағылардың ісәрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында.Қабылдаған  стиль ұжымда  ерекше   жағдай  иен қарым-қатынас  туғызады.

    Басшылық  стилі   тұрақтылығымен  адамдарды  жиі-жиі   қайталауымен  ерекшеленеді.Бірақ   мұндай  тұрақтылық  салыстырмалы  түрде  өйткені  көптеген  мамандардың  бағалауынша стильге   әдетте  ырғақтылық  тән,олардың   тұжырымдауынша «ең  дұрыс   басшылық-бұл  ырғақтылық» және  де «басшылық  ете  білу-бұл   басшылық стилін  өзгерте  білу»

    Басшы  жұмысының   стилі-оның  басқару  принципінде   пайдаланатын  тәсілдердің,амалдардың  және  іс-әрекеттерінің жиынтығы.Басшының  стилі-бұл  шешім  қабылдау  және  қызметкерлерге тапсырма  беру  әдісі.

    Басшылық  стилі   басқару  тәсілімен белгілі   бір  ара   қатынаста  және  өзара  әрекетте  болады.Алайда  олар  бірдей  ұғымда емес.

    Басқару  тәсілі  –басқару  ісін  жүзеге  асырудың  жиынтық  әдістері (амалдары),жұмыскерлер   мен  еңбек  ұжымына мақсатты   ықпал  ету ,басқару  функциясын  орындау  процесінде ол  ардың   іс-әрекеттерін  үйлестіруді   қамтамасыз  ету.

    Бұл ұғымның   ең  әділ,дұрыс  бағасы мынадай:  «Тәсіл  мен  стильді  музыка  шығармаларын  орындау  нотасымен   және  мәнімен  салыстыруға   болады:нота барлығына  бірдей,алайда  әрбір  орындаушы  шығарманы   өзінше  бейнелейді».

    Басшының  дербес  және  жалпы  стилі болады.Әрбір  басшының  дербес  стилі  бар.,мұның  өзі оның  іс-әрекетінде көрініп,басқару  аппаратының  және  бүкіл ұжымның  жұмысына  елеулі  ықпал  етеді.Дербес стиль  алуан  түрлі  объективтік  факторлардың  ықпалымен  қалыптасады.

  1. Іс-әрекет  сипаты;
  2. Басшы  мен  бағыныштылар  арасындағы  өзара  байланыс;
  3. Психологиялық қасиеті;
  4. Орындау  тәртібінің  жағдайы.

    Басшы  мен   бағыныштылар  арасындағы  қатынас   жасауы,ұжымның   ықпал  ету  нәтижесінде  басшы  стилі   үнемі  жетілдіріліп  отырады.

    Стильдің  қалыптасуы- бұл  ұзаққа  созылатын,күрделі,мақсатты  процесс.Әрбір  басшы  өзінде  және  өзінің қарамағындағыларда  алуан  сипатта  тексерілген   тәсілдер  мен амалдарды  қолдана   білуі тиіс.

2.Стиль түрлері және  олардың сипаттамалары

    Басшының  дербестігі  істеген  ісіне  қарай   емес,қалай  істейтіндігіне   де орай  сипатталады.Олардың   жұмысын  бақылай  отырып,мынаны  анықтауға  болады:басшы бір   мәселенің  өзін  алуан  түрлі   тәсілмен,өзінше  шешеді.

    Стиль  дегеніміз   әлеметтік  құбылыс,өйткені,біріншіден,онда  басшыының  көзқарасы  мен   сенімі  бейнеленеді,екіншіденл  түптеп  келгенде жүйенің   істеуінің  ақырғы   нәтижесін   ойластырады.Басшы  ұстанған  стилі  оның  қарамағындағылардың   ұдайы  назарында болып,олар  мұны өзінше  бағалап,өзінше  қабылдайды.Әдетте,басшы стилі  бүкіл  жүйеге  таралады,өйткені жұртшылық  онығ  жүріс-тұрысына  ісіне  зер салады,со,ан  еліктейді,содан  үлгі-өнеге  алуға,үйренуге  талаптанады.

    Басшыға  ұжымның   барлық  мүшелерін  қанағаттандыратын  жұмыс  стилін  қалыптастыру  оңайға  түспейді.Бағыныштыларына   ықпал  етудің  кейбір  амалдары  алуан  түрлі  бағалануы   мүмкін.Егер  бір  басшы   оларға  сенім  көрсету  арқылы  ықпал  ететін  болса,екіншісі: «тиістісің», «міндеттісің»  секілді  қағиданы  басшылыққа  алады.Кейбір  басшылар  бағыныштыларына қатаң   тәртіп  орнатып, оларды өзінен  аулақ  ұстайды.

    Басқару  стилінің  типі  түбелікті қалыптаспады,сондықтан   да  оатндық  және  шет   елдік  әдебиеттерде оның  өзі  түрліше жіктеледі:

Мәселен,Х.Кох (Германия) басшы  стилін  былайша бөледі:

  1. Бір  жақты,автократтық  стиль;
  2. Билікті біркелкі  қолдана  отырып  басқару  стилі;
  3. Өндіріс  процесіне  немесе  тұтастай  жұмыс  процесіне   біркелкі  қатыса  отырып  басқару стильі;
  4. Парламенттік  сипаттағы  басқару  стилі;
  5. Бағыныштылар  негізінен  дербес ,жоғары басшылардың тікелей  қатысуынсыз-ақ әрекектт етеін  басқару  түрі.

        Автократтық  және  парламенттарлық  стильдер  қолайсыз деп  саналады,өйткені   алғашөысында  бағыныштылар  тарапынан   ешқандай дербестік  болмайды,ал  екіншісінде  жұмыс  жоспарсыз   жүргізіліп,бағыныштылар  мүлде   дербес болады.

     Ең  қолайлысы  кооперативтік стиль-жақсы ынтымақтастық  « ұйымдасып әрекет  ету», «қиын қыстау  жағдайда  өзара бірлесе,ынтымақтаса отырып  күш біріктіру».Басшы жұмыскерлерді мұқият  тыңдайды,олардың ұсыныс,пікірлерін ескереді,нақты  міндеттер қойып,шешімді жоспарлайды және  қабылдайды,өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер  өзін іске  қатысамын деп есептейді.

    АҚШ-тың  мынадай  стильдер  белгілі(басқару  жүйесі деп  аталады):

  1. Функцияны  беру  стилі
  2. Міндетті  бөлісіп басқару
  3. Ерекшелеу  тәсілімен  басқару
  4. Жүйені  ретке келтіру арқылы басқару

«Функцияны  беру  стилі» әрбір  қызметкерге  өзі  басқара  алатын  нақты  істі  тапсыруды  көздейтін,бұл  қызметкер  өзіне  бекітілген  іске  толық  жауап  береді,ал  оның  бастығы  басқару  жауапкешілігін  саналы  түрде  шектейді.

«Міндетті бөлісіп  басқарылу  жүйесінде»басшы  мен  бағыныштылар  алдағы  міндеттерді  бірлесіп  қарастырады  да ,әрбір  адамның  міндет  аясы  белгіленіп,нәтижесіне  орай  жауапкершілігі  айқындалады.

«Ерекшелеу  тәсілімен  басқаруда» басшының  міндеті өз  қызметкерлерінің  мүмкіндікті тиімді  пайдалануына  өолайлы жағдай  туғызу болып саналады.Төменгі лауазымдағы қызметкерлер  белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау критерийіне сәйкес  көмек қажеттігін  хабарлайды,ал  көмек қажет  бола  қалса,қай уақытта   екедігін  мәлімдейді.

«Жүйені  ретке  келтіру  арқылы  басқаруда» белгіленген  тәртіпті  қатаң  басшылыққа  алу,жұмыс  процестері  мен  еңбек  тәсілдерінің  шаруашылық-экономикалық   қызметін   жеңілдету көзделеді.

    Демек,басқару  стилінің  жіктелуі  алуан  түрлі   екендігін  аңғарамыз,оның  үстіне  осы  жіктелулердің  қай-қайсысы   болмасын  басқарудың  сан   қырлы  стилін  толық  қамтымайды.Бізде   басқару  стилінің  ондаған   түрі  бар.

    Басшы  стилін  жіктеу  негізінде,әдетте,басшы  мен   бағынышты  аралығында  қарым-қатынас   сипаты  алынады.Басшының  жеке  дара ерекшеліктеріне,оның саяси,ұйымдық,педагогикалық,моральдік-этникалық ,кәсіптік  сапарлары жатады.

    Либеральдік  стильдер -мұндай  жұмыс  стиліне   басшы  ерекше  белсенділік  танытпайды,іс-әрекетінде  кездейсоқтық  басым,жүйелілік  болмайды.Мұндай  типтегі  басшылар   принципсіз  мәселелердің   өзінде,өзінен  жоғары  қызметкерлерге  қарайлайды.

   Мұндай стилдегі  басшы   тәртіп  бұзушыға қатаң  талап   қоймайды,қарамағындағылардың білімінің   төмендігіне ,жұмысты  орындауына  және  еңбек  тәртібіне   онша  мән  бермейді.

    Мәселелерді  немқұрайлы  талқылайды,ашық  пікірлесуге, сын-ескертпелерге   бара бермейді.Мұндай  басшы   кез-келген   келіспеушілікті  жағымсыз  құбылыс  ретінде   қабылдайды.Соның  салдарынан  жауапсыздық,берекесіздік,тәртіптің   бетімен  кетуі  байқалады.

    Авторитарлық  стильдің  негізі  макиавелизм  деп   аталады.Бұл  стиль  Николо  Макиавелидің құрметіне  қойылған.1532 ж.ол «Принц» кітабында ,билеушіге  ақырғы  нәтижеге  жету  үшін  амал  таңдаудың  қажеті жоқ ,өйткені «мақсат  тәсілі»  өтейді  деген  идея  ұсынды.

    Авторитарлық стильге  (Батыста  мұны  тиімсіз   деп  санайды) шешімді  бір  адам  қабылдайды,ол  жарлық,бұйрық  ретінде  келеді.Бұйрық  талқыланбайды,оны   күдіктенуге  хақы  жоқ.

    Автократ  басшылар  сырттай   бұйығы,үнемі жұмысты  ойлайтын  адам  сияқты  көрінеді,олардың   жүзінде  «жұмысбастылық,іске  үлкен  жауапкершілік»  сезіледі.Д.Браунның  сипаттауынша, «...автократ ,ескірген  жылу жүйесі  секілді ,қоршаған  орта  климатына ,дәл  мағынасында   эмоционалдық климатқа  көңіл   бөлмейді»

    Мәжілісті  көбінесе  бағыныштыларына  нұсқау  беру  түрінде өткізеді.Өзінің  қарамағындағыларды  жиі-жиі  қатты  сынайды.Ол  ұжымдағы  кез-келген  бейресми  топтарды  қатты  айыптайды.Мұндай  стиль  тиімсіз,творчествалық   белсенділік  туғызбайды.Дегенмен,мұндай  стиль  өміршең  келеді.Оның  өзі  жеке  басшының  жеке  басының  сапасына  немесе  ол  басқарып отырған ұжымның құрамына  байланысты.Егер  басшы өз  ісін  жетік білмесе,әрі кәсіби  білім дәрежесі  өзі басқарыып отырған адамдардан  төмен болса,онда  ол  авториторлық  стильді пайдалануға мәжбүр  болады.

    Авториторлық  стильдің  алуан түрлі  формасы  болады:

-патриархалдық :барлық «жанұя  мүшелері»  басшыға бағынуы  тиіс,ал  басшы бағыныштыларын  әрі  жетілмеген  деп  есептейді.

-Харизматикалық(харизм-Құдай(:Лидерді   ең  көрнекті,дана  деп  есептейді,ал  оның  өз  бағыныштыларына өте   қатал,аяусыз,әрі  оларға  қамқорлық   жасауды  қажет  деп  санамайды.

-автократтық.жеке  адамдардан  гөрі  институтқа (мемлекетке,кәсіпорынға( тән.Басшылыққа  аппараттағы  бағынышты  инстанциялар  арқылы  жүзеге  асырылады.

    Демократтық  стильде   мәселенің көпшілігі  ұжымда  талқыланып,сонда  шешіледі.Проблеманың   көбісі   ұжымда  шешіліп,сонан   кейін  бекітіледі.

   Демократ  басшы  ұжымдағы  мәселелер  туралы,алда  тұрған  қиындықтар  туралы   қарамағындағыларға  үнемі  хабарлап,ал  өз  атына   айтылған  сын-ескертпелерді  дұрыс қабылдайды,бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады.Ұжымның басшысы емес,соның бір мүшесі  ретінде әрекет  етеді.

    Мұндай  басшы жақсы   ұйымдастырушы ,ұсақ-түйекті елмейді,басты   назарын  түйінді  міндеттерді  шешуге  шоғырландырады.Кейбір  міндеттерді   дербес  шешеді.Шаруашылық  қызметіндегі  жауапкершілікті   қарамағындағыларға   сеніп тапсырады.

    Қарамағындағыларға  нақты   міндеттер ,нұсқаулар  береді.Тиісті   жерінде  мақтайды  да,жазалай   да біледі.Жұмыс  тәсілін   әділ  бағалайды.Өзіне-өзі  қатал,жұмысты   құлшына  істейді.

    Басшы  үнемі  адамдар   арасында  болады,ал  олар  оның  жұмыс  стилі  мен  тәсілін   кейде кіналап отыруы  мүмкін.

    Біз  басшылардың   үш  түрі  стиліне  сипаттама   бердік,бірақ  практикада  мұнымен   шектелмейді.

    Практикада  бюрократизм   көріністері  кездеседі.Бюрократизмнің  түрлі  көрінісі  кеңесшілдік,төрешілдік ,былайша  айтқанда  жұртшылықтың  ойымен  санаспай,дербес  басшылық  етуге  әрекет  етеді.Алайда  басқару  жүйесінің  практикасында  бұл  ұғымда  әртүрлі  түсінік  беріледі.Бюрократизм  ұғымы іс  жүргізуді   ретке  келтіру  тұрғысынан   бізде  қолданылады.Қазақ  тіілінің  түсіндірме  сөздігінде   бюрократизмге «болмашы  жайда   сақтаған  болғансып,істің  ретіне мән ермейтін  кеңсешілдік»  деп  анықтама  береді.

    Бюрократизм  басшылық  етудің  ерекше  түрі,онда  ұжымның   мүддесі мен  еркін  тыс  билік  ету  нақты  істі  елемеушілік   басым түседі.Және  де  бюрократ  дегеніміз  өз  міндетін  немқұрайлы  орындайтын ,іске  зиян келтіретін,қағазбастылыққа   саналатын,жүйедегі  нақты мүмкіндіктерді  ескермейтін  лауазымды  қызмет  иесі.

Информация о работе Басшылық стилі