Шағын және орта кәсіпкерлікті талдаудың теориялық негіздері
Контрольная работа, 08 Июня 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.
Содержание
Кіріспе
1 Шағын және орта кәсіпкерлікті талдаудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік теориясы
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мән-мағынасы,жіктеу өлшемдері және нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Дамыған елу елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің
тәжірбиесі
2 Қортынды
3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Вложенные файлы: 1 файл
Шағын және орта кәсіпкерлік курс реф каз.doc
— 117.50 Кб (Скачать файл)4. Индустриалды-инновациялық
стратегияны жүзеге асыру
Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің басты проблемасы – ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын және орта кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын және орта кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмады.Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын және орта кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез саналатын сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөңдеу, тағы басқа салаларда орын алып отыр.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері мынандай заң актілерімен реттеледі: "Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", "Лицензиялау туралы", "Банкроттық туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы", "Шағын және орта кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" арнаулы заң керек.
Шағын және орта кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олар:
- Шағын және орта кәсіпорындардың негізгі проблемасы – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және финанстық.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің іс-әрекетін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
- Басты проблеманың бірі – ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту керек.
- Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолдануы тиіс.
Шағын кәсіпорындар басшыларының
көпшілігі қазіргі заманғы
Сонымен бірге ақпаратты беруге дайындардың ішінен шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жас бойынша тобында 25 жасқа дейін 6,8%, ал 46-50 жас және 50 жастан жоғары – тиісінше 47,5% және 42,5%.
Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындық) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюінен қорқумен түсіндіріледі.
Сандық толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі. Олар төмендегідей:
1. Интернет арқылы жарнамалау.
2. Іскерлік байланыстар орнату.
3. Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі.
4. Бизнес әріптестікке және кооперацияға ұсыныс.
5. Зерттеу және маркетингтік ақпарат.
6. Шағын бизнес бойынша оқу орталықтары.
7. Кәсіпкерлік қызметтің әлемдік тәжірибесі.
8. Кәсіпкерлік бойынша нормативтік құқықтық база.
Зерттеулердің қысқаша қорытындысын қорыта келіп, мынадай тұжырым жасауға болады. Кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жаңа қазіргі заманғы және перспективті ақпараттық технологиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің қолына түспей отыр.
Қорытынды.
Шағын кәсіпорындар соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағанының айғағы. Бұл деректер шағын және орта кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролімен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Алайда, жоғарыда қозғалған мәселелер мен келтірілген фактілерден шағын және орта кәсіпкерліктің әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейінен сан жағынан да, сапа жағынан да төмен екендігін аңғарамыз.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық құрылымы жайлы келтірілген деректерден байқағанымыздай, барлық шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, автомобиль жөндеу, үйде қолданылатын бұйымдар саласының басымдылығының және басқа салалардың дұрыс дамымай қалуы орын алады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұры- лымына, ең алдымен кәсіпкерліктің кадрлық, ақпараттық және зерттеушілік әлеуетін кешенді дамыту бағытына кіретін заңды тұлғалардың қызметін жандандыру өзекті болып көрінеді.
Демек, бұл бағытта әлі де болса жолға қоятын, жетілдіре түсетін мәселелер мен проблемалар жетерлік екені даусыз.
Сонымен, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыту үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым-экономистерді де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.
Бұл бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз Бұл бағдарламада өз шешімін табуға тиіс екінші үлкен де, маңызды байланысты болуға тиіс.
Сөзіміздің қорытындысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бірнеше деректерді келтіре кеткім келеді. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік саласында 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оларға биылғы жылдың басынан бері банктер тарапынан 9 млрд. теңгеден астам несиелік қаржы бөлінген. Қала бюджетіне шағын кәсіпкерліктен 5,2 млрд. теңгеден астам салықтың түсуі де содан.
Жалпы алғанда елімізде
шағын және орта кәсіпкерлік саласы
басымдылық сипатта дамып келе жатыр
десек, халықтық кәсіпкерлік әлеуеті
мен бастамашылығы тұғырлы
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
- Егемен Қазақстан
- «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Калягин. Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2006
- «Экономическая теория», И.П. Николаева
- Учебное пособие для вузов. Под редакцией профессора И.П. Николаевой – М. Юнити-ДАНА
- Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономика- лық теория. Оқу құралы – Алматы.
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес. Статистикалық жинақ. З.М.Сұлтанов, А.М.Мамедалиев, Е.В. Кругова, Қазақстан Республикасы статистика агенттігі –А. Қазстат ақпарат, 2005 жыл 92 бет.
- Райхан, Нұрақым. Шағын кәсіпкерлік: Кеше мен бүгін. Ақиқат – 2005, №5, 44-47 бет.
- Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. САПП-2005. №20, 243 құжат.
- Б.Қ. Мейірбеков. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. Вестник нац. инж. акад.
- Л.Б. Исахова. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі. Аль Пари №3, 2005 г. 145-151 беттер.
- Қинашева Г.З. Шағын кәсіпкерліктің келешегі қандай? Ақиқат 2006
- "Кіші жәнеорта кәсіпкерлікті дамыту" Ізденіс 2007 жыл "Шағын кәсіпкерліктің болашағы үлкен".
- "Кәсіпкерлік дамыса ел де дамиды" Қазақ әдебиеті 2006
- "Шағын кәсіпкерлік кеше және бүгін" Ақиқат 2005 № 5.
- "Шағын кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі" Афтореферат.
- "Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін рейтингті бағалау әдістемесі" Журнал "Поиск"