Кәсіпорын экономикасы
Реферат, 24 Октября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық, шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Вложенные файлы: 1 файл
кәсіпорын экономикасы.docx
— 26.12 Кб (Скачать файл) Өнім сапасын
жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені
жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат,
материалдар, өндірістің техникалық құралдарына,
оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты
қойылатын талартар өзара келісілуі қажет.
Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім
сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың
кешенді жүйесін» дайындауы қажет. Кешенді
жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану
мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім
сапасын арттыруға ұйымдастырушылық,
экономикалық, әлеуметтік, техникалық,
шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік
талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің
өміршендігінің барлық сатыларында (болжау,
дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау,
өнімді өндіру жэне т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау және дайындау сатысында
модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің
техникалық деңгейін бағалау жұмыстары
атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін
бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай
келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен
салыстыруды талап етеді.
Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау
кезеңіне бай-ланысты әлемдік деңгейге
сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы
аныкталынады: өндірілетін өнімді дайындау
немесе оның техникалык деңгейін бағалау
үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі,
өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың
техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын
перспективалық әлемдік деңгей.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау
жэне өнімді өндіру сатысында өндірісті
технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде
өнім сапасының жоғары деңгейіне жету
үшін бағыггалған шараларды жүзеге асыру,
оларды бағалау мен бақылау құралдарын
енгізу сияқты көптеген жүмыстар жүргізілуі
тиіс.
Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында
дайын өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау,
сату кезінде стандарттар мен техникалық
шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу
қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату
мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды
талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық
сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты
жүргізілуі қажет.
Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың
барлық деңгейінде өнім сапасын басқару
шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын
басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын
кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында
өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін
дамыту және оған байланысты жұмыстарды
реттеу міндеттерін шешумен техникалық
бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін
бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі
қолданылуы тиіс.
Соңғы
жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің
ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін
сертификаттаған мекемелер саны қарқынды
өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар
80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның
себебі, шетелдердің тәжірибесі
Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының
сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары,
бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері
бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі
- көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау
жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
- өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
- сыртқа шығаратын (экспортка) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
- дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
- сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің
сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан
- еріктілікке;
- құқықтылыққа өтуіне;
- бағалаудың әділдігіне;
- бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-арыз беруіне болады. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
- Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
- Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;
- Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.
Бірінші ретте өтініш берушінің
сапа жүйесін сертификаттауға
- сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес
; - сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған;
- сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.
Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды. Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлың және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек. Инспекциялық тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкессіздіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немес сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру объектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі. Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтата тұру немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға негіз болады. Э,Деминг: «Сапа - 98% мөлшерінде сапа жүйесіне, 2% мөлшерінде адамдарға байланысты» деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестің өнімнен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады. ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, өндірісте TQM (жалпыға бірдей сапа менеджменті) принципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлінуде. TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тән:
- сапаны жақсарту жұмыстарына бүкіл қызметкерлер мен жұмысшыларды, қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру;
- сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу ( Імлн. өнім ішінен тек қана 100-10 зақымдалған өнім);
- өнімнің өзіндік құнын азайту;
- TQM-ның бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін артты
руды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.
ИСО 9000 сериялы стандарттарының
2000 жылы шыққандарында TQM-ның кейбір
принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар
14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі) стандарттарымен