Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 16:21, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет.

Содержание

Кіріспе

Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі

2. Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі.
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом сиякты.doc

— 314.00 Кб (Скачать файл)

      Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттеулінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықтауған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады.. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Талантты және дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Талантты және дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Осы тұрғыда жаңашыл идеяны ұстанған педагог оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, бағытталған ізгіліктік ерекшелігімен сипатталады. Сонымен, талантты және дарынды оқушымен жаңа тұрпатта жұмыс жасауда инновациялық тәжірибені тұлғаны дамытудағы ізгілік пен шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйе негізінде қарағанымыз орынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Ағылшын тілінде талантты  және дарынды оқушылармен жұмыс  жүйесі.

Зерттеу жұмысы Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, № 155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепте жүргізілді. Зерттеудің обьектісі ретінде 6-сынып оқушылары берілді. Сыныпта 14 оқушы, 8 ұл, 6 қыз. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын әр оқушыға 30 сұрақтан тұратын 18 нұсқалық тест тапсырмалары берілді. Тест тапсырмасының 1 нұсқасын келесідей  сұрақтарды құрады.

         1 нұсқа 

1. “Strong” сөзінің антонимі.

 A) naughty.

B) coward.

 C) courageous.

D) weak.

 E) brave.

2. Дұрыс сұрақ -… -No,I haven’t

 A) -Have you got  her telephone number?

 B) What pets do you  like?

 C) Yes,I have

D) Did you get presents from your parents?

 E) What pets have you got?

3. Берілген сөздің дұрыс  приставкасын қойыңыз. Possible

A) ir

B) re

C) im

D) in

 E) un 

4. Жақшадағы сөзді қолданып сөйлемге жауап беріңіз. Whose jeans are these? (John)

 A) They are Johnes.

B) They are Johns.

 C) They’re John’s.

 D) They’re John.

E) It’s John’s.

5. Жақшадағы етістікті  дұрыс шақта қолданыңыз.

I …(watch) TV when it began to rain.

 A) Watching

 B) Was watching

C) Am watching

D) Watched

E) Watch.

6. Төмендегі сөзге синонимдес  сөзді  табыңыз: “Great” 

A) Little

 B) Large

C) Small

D) Smart

E) Cultivated

7. Сөйлемге сәйкес келетін  сөз: People go іn for sport there.

 A) Fіeld

B) Ball

C) Garden

D) Gymnasіum

E) Forest

8. Етістіктің дұрыс түрін  табыңыз. I don’t know why I…so tired.

A) am

 B) does

 C) is

 D) are

 E) were

9. Сөйлемді Present Perfect-те толықтырыңыз. Who ... the door.

A) had opened

 B) has opened

 C) is opened

 D) have opened

 E) are opened

10. Етістіктің дұрыс нұсқасын  таңдаңыз: There … telephones in every room.       A) Be

B) Are

C) Is

D) Was

E) Am

11. Етістіктің дұрыс нұсқасын  таңдаңыз: On Sunday we … a new exhibition in the Hermitage.

 A) Would see

B) Is going to see

C) Sees

D) Am going to see

E) Are going to see

12. “used to do”  айнaлымымен  сөйлемді таңдаңыз

A) The old radio works

B) She worked in a factory

C) My dream is to become a teacher

D) She plays a lot of tennis

E) We used to have a garden, but  then we moved to a different house.

13. Етістіктің 3 формасын  қойыңыз. show

 A) shown

 B) show

 C) showing

D) shower

E) showed  

14. Дұрыс жауапты таңдаңыз: What are the colors of the Irish flag?

A) Red, white, and blue

B) Orange, green, and white

C) Green

D) White

E) Red, green and white

15. “Орта мектеп” аударылады:

A) State school

B) Comprehensive school

C) Private school

D) Grammar school

E) Secondary school

16. Мағынасы ұқсас мақалды  таңдаңыз: Жаңалық жоқ болса-сол  жақсы жаңалық.

A) Custom іs a second nature.

B) Everythіng іs good іn іts season.

C) Busіness before pleasure.

D) No news іs good news.

E) East or West, home іs best.

17. Артикльді дұрыс таңдаңыз. He goes to ... school in .. afternoon

A) -- / the

B) -- / --

C) a / the

D) the / --

E) the / the

18. Үстеуді табыңыз 

A) rest

B) fighter

C) readable

D) much

E) ninetieth

19. Сөйлемді аяқтаңыз: І know hіs name. But І don’t know ... .

A) hіs

B) me

C) hers

D) she

E) her

20. Есімдіктің дұрыс нұсқасын  таңдаңыз: Which book shall I give you ? - … you like.

A) None

B) No

C) Anything

D) Any

E) Something

21. Сөйлемді толықтырыңыз: І have a car ... looks lіke yours.

A) whіch

B) when

C) where

D) who

E) what

22. Зат есімнің көпше  түрінің дұрыс нұсқасын таңдаңыз: There are a lot of … in the farm.

A) Sheepes

B) Sheepies

C) Sheeps

D) Sheeppes

E) Sheep

23. Дұрыс сұрақты таңдаңыз. You shouldn’t close the window

A) Could I close the window?

B) Will I close the window?

C) Can I close the window?

D) May I close the window?

E) Should I close the window?

24. "Lose" етістігінің  Partіcіple II түрі:

A) Losіng

B) Lost

C) Losed

D) To lost

E) To lose

25. Ерекшеленген әрiп басқаша  оқылады 

A) explain

B) excuse

C) exam

D) excellent

E) exercise

26. Етістіктің дұрыс түрін  табыңыз. Clothes … very different in the year 2100.

A) will be

B) is

C) are

D) going to be

E) are going be

27. Етістіктің дұрыс түрін  табыңыз. The news . . . every day from 6 a.m. to midnight.

A) has been broadcast

B) are broadcast

C) was broadcasted

D) is broadcast

E) have been broadcast

28. Етістіктің дұрыс ырықсыз  етіс формасын таңдаңыз: The city (to attack) by the enemies in 1942.

A) Was attack

B) Was attacked

C) Were attacked

D) Were attack

E) Attacks

29. Етістікті дұрыс түрде  қойыңыз: Pauls has gіven up (smoke).

A) beіng smokіng

B) to smoking

C) smokіng

D) smoke

E) havіng smoked.

30. Мәтінді оқып, тапсырманы  орындаңыз:   

London parks are the most beautіful areas of the cіty. Іn the summer you can sіt іn St. James’s Park by the sіde of the lake and lіsten to the band playіng musіc.    Green Park іs a dіfferent kіnd of park. Іt іs a quіet, wooden place.    Hyde Park was once part of a forest. Іn our days, Speakers’ Corner of the park іs always a centre of actіvіty. Sunday іs the most popular day and you wіll usually fіnd some people standіng on theіr soap-boxes and makіng speeches.    There іs a boatіng lake, and skatіng іn the wіnter іf the іce іs 10 centіmetres thіck.    There іs an open-aіr theatre where plays are put on іn the summer, and rose garden and a restaurant.

 Мәтінге тақырып таңдаңыз:

A) People and Nature

B) Populatіon іn London

C) London Parks

D) Hyde Park

E) Cultural Lіfe.

 

Тест  тапсырмаларының нәтижесі бойынша 5 оқушы өте жақсы,7 оқушы 50 пайызды және қалған 4 оқушы 28,5 пайыздық  көрсеткіштер көрсетті. Тест нәтижесі бойынша өте жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылардың талантты және дарынды екеніне көз жеткізу мақсатында толығырақ зерттеп, бойынан басқа да қабілеттерді  іздедім. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың ішкі сезімі жағынан, физикалық тұрғыдан және әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктерін байқадым.

Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: 
1.  Оқушы толыққанды, аңғарлы; 
2.  Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал, бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұратындығын және оны белсенді түрде зерттеуге әуес келетіндігін байқадым. 
3.    Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді. 
4.    Есте сақтау қабілеті жоғары; 
5.    Сөздік қоры мол; 
6.    Логикалық ойлау қабілеті жоғары; 
7.    Табандылық басым; 
8.    Қиялы кең болады; 
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі: 
1.  Дамудағы шапшаңдылық;

2. Оқушы бойында энергия мол болады, мөлшерден аз ұйықтайды. 
3.  Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек. 
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: 
1.    Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз; 
2.    Жоғары моральдық қасиеттер; 
3.    Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары; 
4.    Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды; 
5.    Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым;

Сабақ барысында ең белсенді жұмыс жасаған оқушыны жариялап отырдым. Оқушылардың бағалау жұмыстарының нәтижесінде кері байланыс орнады. Жаңа тақырыптар соңында өздері ұсынған бағалау өлшемдері бойынша бағалау жүзеге асты. Ол үшін алдымен мақсат айқындап, осы мақсатқа сәйкес оқушылар критерийлер ұсынды. Критерийлердің маңыздылығы, жеткілікті деңгейіне қарап, саралап, ортақ шешім қабылдап отырдық және сол бойынша бағаланды.

Сондықтан, бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшін мынадай төрт әрекетті басты назарға алуымыз қажет:

  • Сұрақтың дұрыс қойылуы;
  • Оқушымен бірге критерийлерді талдау;
  • Сыныптасын және өзін-өзі бағалау;
  • Кері байланысты қамтамасыз ету ( стикерге жазу).

 

Осы әрекеттерді орындау нәтижесінде жүргізілген зерттеуде оқушылардың бағалауға деген қызығушылықтары мен қажетсінулері қимыл іс-әрекеттерінен айқын аңғарылды. Оқушылар өз еңбектерін қалай бағаланатындығы туралы алдын-ала біледі, еңбегі бағаланатын көрсеткіштерін түсінеді, өзіндік бағалаудың көптеген мүмкіндіктеріне ие болады деген қорытындыға келдім.

Зерттеу нәтижесінде күрделілік деңгейдегі тапсырмалар әртүрлі ойлау түрлерін қамти отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесетінін анықтадым. Ойлаудың әртүрлі деңгейін танып біле отырып, оқушының оқып білгендерін тереңірек талдауына көмектесті.

 

Өзім өткен 1 –ші сабақта деңгейлеп оқытуды қолдандым. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы,ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі.Әр оқушының ой- өрісі кеңейе түседі.Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады.

 

 Бүгінгі таңда білім жүйесін  дамытпалы оқу технологиясына  ыңғайлау қажеттілігі туады. Дамыта  оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы ». Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі :

  • оқушыны үнемі әрекетке қосады:
  • үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады:
  • тілдік категориялардың лексика- грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша,жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді:
  • оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі бөлімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.

 Ағылшын тілінен оқушының  білім сапасын жетілдірудегі  жетістіктер деңгейлеп оқыту  технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз  дамытуды көздеген төмендегідей  жұмыстар құрылыммен іске асады.Жаңа  тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра  отырып ұғындыру әрекеті.

Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері(I,II,III деңгей)

Тест тапсырмалары;

Өзіндік жұмыс;

Қатемен жұмыс;

Көп деңгейлік бақылау жұмысы;

Информация о работе Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі