Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 16:21, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет.

Содержание

Кіріспе

Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі

2. Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі.
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом сиякты.doc

— 314.00 Кб (Скачать файл)

     Ұзақ жылдар бойы  шығармашылық барлық адамның  қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек дел ойлаймыз:

- "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;

- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

  • ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
  • оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
  • оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дурыс жауап беру, олардың 
    психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

     Шығармашылық - өзінің  жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің, түрткінің болуы. "Шығармашылық" деген сөздің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды.

Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер "жаза алмаймын, қолымнан келмейді" деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу - жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Міне, осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты болып келеді.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық - оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі. Шығармашылық жеке тұлғаның түрлі әлеуетін қалыптастырады.

Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл күйдің тууына себепкер бола білуі керек.  Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру, оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді. Сол себепті үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар өткізіліп түрады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары  мектепішілік газетте, одан әрі түрлі баспа редакцияларына жіберіледі. Түрлі көлемде мектепішілік оқушылардың өлең, шығарма, әңгімелер жинақтары шығарылады. Бұл әдіс оқушыларды әрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады және қалалық байқауларға әрдайым дайын болуға көмөктеседі.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады), олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды, олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.

Бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып және т.б. бұл жұмысты түпкі ойлауға сәйкес алдын-ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен (зейінмен, ойлаумен) біріге отырып, мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше қасиеті ретінде баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға болады. Бастапқы оқытуда барлық сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда объекті не жан-жақты танып білуге ұмтылуынан туындайды. Ал, бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімдік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркем өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салада өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді: 1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім; 3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт; 6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау); 11-15 жаста өзін ересек сезіну "достық кодексі" дағдылану, интеллектуалық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету; 15-18 жаста өзіндік сана-сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады. Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: "Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды" - деп айтпайды, "Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың", "сенің қабілетің жетеді" т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу, дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Тереңдетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып, баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығушылығы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар, бұл тәсілдің кемшіліктері де бар:

- біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды;

- екіншіден, ағылшын тілін оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды, сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін;

- үшіншіден, сынып оқушыларына «өзін-өзі танып білуіне» мүмкіндік берілмейді.

Сонымен, терендете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы талантты және дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті, баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін - барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз. Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге бөлуге болады:

  • бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, логикалық ойлау,   мәселені   шеше   білу   қабілетін   дамытуға   бағытталған   барлық бағдарламалар жатады.  Мұндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен «қаруландырады»;
  • екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады. Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, өзін-өзі тану қабілетінің дамуына ерекше назар аударылу қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тэжірибелерінде дэлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті.

Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды   балалар   пәндерді   оқу   барысында   өздерінің   «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұнын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру принципімен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:

  1. пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;
  2. пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру. 
    Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға   айтуға болады.

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу ісінде мына бағыттар нәтижелі деп саналады:

- Оқушылардың қызығушылық, әлеуметтік, психофизиологиялық ерекшеліктерінің, жеке тұлғалық сферасының даму деңгейінің, кәсіптік құпия сақтау, ақпараттарды тәрбиеленушіге немесе ата - анасына жеткізу қажеттілігі бар осы жағдайлардың біреуінің доминанттылығының комплексті диагностикасын өткізу.

- Өзін - өзі тану және диагностикалау тәсілдерінің көп екендігімен таныстыру.

- Оқыту бағдарламаларына «Өз - өзінді таны», «Адамның құпия мүмкіндіктері», «Адамтану» тәрізді т.б. курстар енгізу.

- Өзіндік презентациялар, рефлексивті ойлаудың креативті сипаттамалары, эмоционалды - еркін сферасы туралы тренингтер өткізу.

- Сабақтағы және сабақтан тыс шығармашыл іс - әрекеттерді дамыту, ойындар, жаттығулар өткізу.

- Отандық және әлемдік тарихта танымал тұлғалардың өмірімен таныстыру.

- Ата - аналарымен, қатар құрбыларымен, ұстаздарымен бірге шығармашыл іс әрекетінің жақсы, жарқын жақтарын көрсетуге және ұжымдық, топтық, жеке (фестивальдар, мектеп театрларындағы, студиялардағы жұмыс, ансамбльге, үйірмелерге   қатынасу,   тақырыптық   кештер,   көрмелер,   олимпиадалар,

Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың өзге балалармен өзара қарым - қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын қамтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады.

      Талантты және  дарынды оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқытудың дамыту функциясы оқыту технологиясында, әдістерде жүзеге асырылады. Мысалы: бүгінгі таңда білім беру үрдісінде ағылшын тілін талантты және дарынды балаларға оқытудың американдық үлгілері /дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пікір айту/ көрнекілік арқылы ізденіске жетелейтін, шығармашылық тұрғыдан зерттеуге қызықтыратын Power Point арқылы, Hand – outs білім тірегі етіп беріледі. Ақпараттық технологияны пайдаланып интернет арқылы жобаларға қатысу немесе интернет арқылы өз пікірлестерін табу. Жалпы оқушыға берілетін қосымша материал оны қызықтыратындай болуы керек. Әрине, дарындылық табандылық пен бәсекелестікті, қызығушылық пен ізденісті қажет етеді. Сол себепті дебіз баланы қызықтыруда жан-жақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет.

Информация о работе Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі