үндістанның заманауи ғаламдық экономикадағы рөлі тұрғысынан Қазақстан-үнді диалогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 05:56, лекция

Краткое описание

Басқарма Банк қызметін күнделікті басқару және әкімгерлік ету үшін жауап береді. Банк Басқармасы барлық атқарушылық өкілеттікке ие, ал Директорлар кеңесі қадағалау қызметін атқарады. Банк Басқармасының міндеттері атқарушылық бизнес-шешімдерін қабылдауды, Банктің бизнес-стратегиясын жүзеге асыруды; Банктің жоғары басшылығы мен филиалдарының өкілдерін тағайындауды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің немесе Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатпайтын басқа да мәселелерді қарауды қамтиды.

Вложенные файлы: 1 файл

Басқарма.docx

— 91.43 Кб (Скачать файл)

Басқарма

Басқарма Банк қызметін күнделікті басқару және әкімгерлік ету үшін жауап береді. Банк Басқармасы барлық атқарушылық өкілеттікке ие, ал Директорлар кеңесі қадағалау қызметін атқарады. Банк Басқармасының міндеттері атқарушылық бизнес-шешімдерін қабылдауды, Банктің бизнес-стратегиясын жүзеге асыруды; Банктің жоғары басшылығы мен филиалдарының өкілдерін тағайындауды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің немесе Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатпайтын басқа да мәселелерді қарауды қамтиды. 

 

Ли Владислав  Сединович. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма Төрағасы. 1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының «Қаржы және несие» факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Қазақстандағы КСРО Мемлекеттік банкінің Экономиканы жоспарлау бөлімінің бас экономисі лауазымынан бастады.1988 жылы Ли мырза Қазақстанның тұрғын үй әлеуметтік банкінің Несие-қаржы басқармасын басқарды. 1997 жылы «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ-қа ауысып, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1998 жылғы маусымнан бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі.

 

Әлжанов Мақсат, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. 1985 жылы Өскемен қаласының Жол-құрылыс университетін тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша дипломмен тәмамдаған. Банктегі қызметін 1994 жылдан бастады және қазіргі лауазымында 1996 жылдың желтоқсанынан бастап ағымдағы лауазымында қызмет етіп келеді.

 

Әділханов Бұлан, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. 1980 жылы Қазақ педагогика институтын тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару университетін «Экономика» мамандығы бойынша дипломмен тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы «Алматы облысының ұжымдық шаруашылық құрылысы» атты құрылыс компаниясында бас бағыттаушы лауазымынан бастады. 1986 жылы Білім беру министрлігінде министр жанындағы кеңесші болды. Банктегі қызметін 1993 жылы бастаған, ағымдағы қызметінде 1997 жылғы маусымнан бастап еңбек етеді.

 

Шим Му Гиль, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. 1999 жылы Корея ұлттық ашық университетін Іскери әкімшілік магистрі дәрежесімен тәмамдаған. Банк саласындағы қызметін 1981 жылы бастап, сол уақыттан бері Корея банктерінде әр түрлі басшы лауазымдарда қызмет еткен. 2001 жылы Кукмин банкіне қызметке тұрды. ЦентрКредит Банкіне қызметке келгенге дейін Шим мырза Кукмин банкінің Mokdong-jungang филиалының бас менеджері лауазымын атқарды.

 

О Ги Хонг, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. Gyengbuk университетін «Іскери әкімшілік» мамандығы бойынша дипломмен тәмамдады (1985). О мырза Кукмин банкіндегі еңбек жолын 1985 жылы Қазынашылық департаментінің, кейіннен Шағын және орта бизнес департаментінің менеджері лауазымынан бастады. 2000 жылы Кукмин банкінің Гонконг қаласындағы еншілес компаниясының Басқарушы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2004 жылы Кореяға оралып, Кукмин банкінде әр түрлі лауазымдарда қызмет етті. Оның соңғы лауазымы – PB Star City Centre директоры.

 

Ли Нам Гю, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. 1983 жылы Сеул университетін (Seoul City University) «Басқарма» мамандығы бойынша дипломмен тәмамдаған. Ли мырза Кукмин банкіндегі еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Сол уақыттан бері ол Кукмин банкінің корпоративтік қаржы және жоспарлау, несиелік тәуекелдіктерді басқару жөніндегі қызметі саласында әр түрлі лауазымдарды атқарып келеді. Оның Кукмин банкіндегі соңғы лауазымы – Шығыс өңірі бойынша Несие орталығының басшысы.



Информация о работе үндістанның заманауи ғаламдық экономикадағы рөлі тұрғысынан Қазақстан-үнді диалогы