үндістанның заманауи ғаламдық экономикадағы рөлі тұрғысынан Қазақстан-үнді диалогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 14:57, реферат

Краткое описание

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада түпкілікті өзгерістер орын алуда, жаңа көшбасшылар пайда болуда, бұл жүйеде Үндістанның алатын орны бөлек. Қазіргі таңда Үндістан ең қарқынды дамып жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады және оның әлемдік өндіруші елдері қатарында рөлі нығаюда. ІЖӨ көлемі бойынша, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін есептегенде, Италия мен Ұлыбританияны артында қалдырып, Қытай, АҚШ және Жапониядан кейінгі төртінші орынға шықты. Үндістанның даму стратегиясына сәйкес, 2025ж дейін ол ең дамыған өнеркәсіптік мемлекеттер қатарына кіруі жоспарлануда. Ү

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама.docx

— 34.52 Кб (Скачать файл)

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада  түпкілікті өзгерістер орын алуда, жаңа көшбасшылар пайда болуда, бұл  жүйеде Үндістанның алатын орны бөлек. Қазіргі таңда Үндістан ең қарқынды дамып жатқан мемлекеттердің бірі болып  табылады және оның әлемдік өндіруші елдері қатарында рөлі нығаюда. ІЖӨ көлемі бойынша, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін есептегенде, Италия мен Ұлыбританияны артында қалдырып, Қытай, АҚШ және Жапониядан кейінгі төртінші орынға шықты. Үндістанның даму стратегиясына сәйкес, 2025ж дейін ол ең дамыған өнеркәсіптік мемлекеттер қатарына кіруі жоспарлануда. Үндістан халқының саны бүгінгі таңда 1 млд 210 млн адамға, ал ІЖӨ (номинал) 1,848 трлн АҚШ долларына (10 орын) жетіп отыр. Үндістан АҚШ тан кейінгі ағылшын тілінде сөйлейтін ең көп ғылыми-техникалық кадрлар санына ие (800 мың адам), жыл сайын ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларына мемлекеттік бюджеттің 70% шығындалады.

Үндістан қарулы күштерінің саны бойынша әлемде 4 орында болса, жабдықтану деңгейі бойынша алғашқы орындардың бірін алады.

Үндістанның даму моделі бірегей  болып табылады, өйткені Азия елдері ұстанатын негізгі стратегия ол – арзан еңбек күшін пайдалану арқылы Батысқа арзан өндіріс тауарларын экспорттау болып табылады, мысалы, Қытай экономикасы 70–80% экспортқа негізделген, ал Үндістан экономикасы экспортқа оншалықты тәуелді емес, керісінше ішкі тұтынуға бағытталған.

Экономиканың орташа даму көрсеткіші бұрынғы жылдары 9% деңгейінде болса, соңғы екі жыл ішінде 5-6% өсіп отыр. 2007ж тікелей шетел инвестициялары 25 млрд АҚШ долларына жетсе, валюталық қор 300 млрд АҚШ долларынан асып түсті.

Үндістан сонымен қатар  бірегей демографиялық артықшылыққа ие болып саналады – өйткені халқының 1/3 әлі 15 жасқа жетпеген жасөспірімдер  болып табылады. Бұл факт, Үндістан  экономикасы қажет ететін «ақыл  және еңбек күшімен» қамтамасыз етілуінің кепілі болып есептеледі. Үндістанда 500 млн нан астам халық еңбекке жарамды болып табылады және 300 млн азамат орта таптың өкілі болып есептеледі. Үндістан экспорттан гөрі ішкі нарыққа, инвестициядан гөрі тұтынуға иек артады. Елдің экономикалық өсімі өнеркәсіпке қарағанда, қызмет көрсету саласына, жоғары біліктілікті талап етпейтін өнім өндіру саласына қарағанда, жоғарғы технологияларға негізделген. Қызмет көрсету саласы (халық санының 28% жұмыс істейді)  ЖІӨ 54%, өнеркәсіп 18% (халық санының 12% жұмыс істейді)  құрайды. Осындай даму моделінің арқасында экономика салыстырмалы түрде тұрақты және жаһандақ дағдарыс жағымсыз әсерінен аман қалды.

Сонымен қатар халық санының 60% (шамамен 470 млн адам) ауыл шаруашылығында қызмет көрсетеді. Күріш (әлемдік өндірістің 20%), бидай (әлемдік өндірістің 8,5%), мақта (әлемде 4-орында), кендір, қант құрағы, шәй, темекі және картоп негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын құрайды. Мемлекет ірі қара мал саны бойынша алғашқы орындарды, ұсақ мал саны бойынша әлемде 5-орынға ие.  Бұл сала ІЖӨ нің 28% құрайды. Үндістан ІЖӨ-нің жоғары көрсеткішіне қарамастан, табысты адам басына шаққанда екедей мемлекеттер қатарына жатады. Халқының 30% астамы кедейлік шегінде өмір сүреді.

Өнеркәсіптің негізгі  салары: автокөлік жасау, химиялық, цемент өңдеу, тұтынушылар электроникасы, азық өңдеу, машина жасау, пайдалы қазбаларды өндіру, мұнай, фармацептика, металл өңдеу  және тоқыма болып табылады.

Үнді экспортының негізгін машиналар, құрал-жабдық, саймандар  және металл өнімдері (экспорт құнының 20,5%), мұнай өнімдері (17,5%), химиялық және фармацептикалық өнімдер (14,5), өңделген асыл тастар және дайын зергерлік бұйымдар (13,5%), сондай-ақ ауыл шаруашылық және азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, компьютерлік техника, бағдарламалық операциялар, пластмасса бұйымдары және қолөнер бұйымдар т.б. құрайды.

Үнді импортының негізін  шикі мұнай және мұнай өнімдері (импорттың 31,5%), машиналар, құрал-жабдық (12,5%), компьютерлік техника және электроника (9%), алтын (7,5%), химиялық өнімдер (7,5%), асыл және жартылай асыл тастар (4%), қара металл және метал сынығы, түсті металл, көмір, өсімдік майы, синтетикалық каучук, тыңайтқыш және т.б құрайды.

Шетел инвестициялары негізінен  қызмет көрсету, энергиялық құрал-жабдықтарын  өндіру, электрондық құрамдастар  және бағдарламалық қамсыздандыру, көлік жасау, телекоммуникациялар, тұрғын ұй салу және жылжымайтын мүлік құйылады.

Қазіргі таңда Үндістан шетел  инвестицияларын тартып қана қоймай, белсенді түрде басқа мемлекеттердің экономикасына инвестициялар құюда. Үнді инвестицияларының негізгі  бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Бельгия, Ресей және Бразилияның  мұнай-газ, пайдалы қазбалар саласына, металлургия, фармацептика, телекоммуникациялар, химиялық тауарлар өндіру саласына бағытталуда.

2004ж Үндістанда жоғарғы  білімді азаматтардың саны 53 млнға  жетті (жалпы халықтың 4,5%). Сөйтіп елде салыстырмалы түрде білімді, азды-көпті кедей, ағылшын тілінде сөйлейтін және тарихи қалыптасқан байланыс негізінде АҚШ-та және Ұлыбританияда біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар жастар армиясына ие. Осы фактор Үндістанның кейбір жоғарғы технологиялық қызметтер кейбір түрлерінде әлемдік орталық ретінде танылуына өз септігін тигізді. Атап айтатын болсақ, бағдарламалық қамтамасыз ету және бизнес бойынша аутсорсинг және инжиниринг салаларында алғашқы орында. NASSCOM мәліметтері бойынша үнді ІТ секторы 2007ж 48 млрд долларға жуық мөлшерді құрады.

1. Халықаралық  рейтингтердегі бірінші орын

Әлемдік Экономикалық Форумда  жарияланған мәліметтер бойынша, 2010-2011 жылы Global Competitiveness Report бәсекелестіктің  әлемдік рейтингісі бойынша 139 елдің  ішінде Үндістан 51-орында (Ресей – 63-орында). Ал "инновация және білім мен экономиканың дамуы" жөнінде ол 42 орынды алады (Ресей болса 80-орында).

Экономикалық Қызметтестік пен Даму Ұйымының рейтингісі негізінде  инновациялық сектор көлемінен Үндістан әлем бойынша 8 орынды алады. 1995 жылдан бастап инвестиция көлемі жылына 8% өсті. 2004 жылы олардың сомасы 24 млрд доллар болды. Көптеген жаңа зерттеулер Үндістанды инновациялық салаға салым салу үшін ең қолайлы жер болып табылады дегенді көрсетеді.

2. Ұлттық инновациялық  жүйенің құрылу тарихы

Зерттеушілер Үндістандағы ҰИЖ құрылу тарихының бірнеше кезеңі бар дейді.

1 кезең.

Шын мәнісіндегі Үндістанның Ұлттық инновациялық жүйесінің құрылуын Британдықтардың отарынан құтылып, тәуелсіздік алған кезден басталады десек болады (1947). Алайда, инновациялық құрылыстың маңызды бөлшегі 1942 пайда болған. Елдің басшылығымен Ғылыми-өндірістік зерттеу кеңесі (CSIR) ұйымдастырылады. Ол автономды ұйым болған, бүгінгі таңда да Үндістандағы ең ірі ҒЗТКЗ орталығы болып табылады.  1947 жылдан бастап CSIR ғылыми-зерттеулер зертханасының ұлттық жүйесіне басшылық етеді. CSIR-ға тек мемлекет бөлетін қаржы ғана бөлініп қоймай, өндірістің ірі өкілдері де оны қаржыландырып  отырады.

Технологиялардың импорты  мемлекет тарапынан рұқсат алу рәсімін талап етті. Сонымен бірге үнділік патент заңнамалары батыс технологияларын көшіруге тыйым салмады. Бұл көптеген үнділік өндіріс орындарының, әсіресе фармацептикалық концерндердің дамуын қамтамасыз етті. Бірақта осы арқылы үнділік ашылымдар тоқырауға ұшырап отырды.

1974 жылы үнділік басшылық ең алғаш рет Ұлттық ғылыми-техникалық комитет жасап шығарған ғылыми-техникалық дамудың алғашқы бес жылдық жоспарын қабылдады.

2 кезең.

1980 жылдың басында ғылым және технологияның дамуына мемлекет жете назар бөлді. Министрлер кабинеттерінің алдында ғылым жөнінде кеңес беретін коммисия құрылды. Ол – әр түрлі қызметтерді үйлестіретін, яғни міндеттерді бөліп, дамудың бағыттарын анықтайтын ұйым.

1982 жылы Үндістан ғылым және техника департаментінің алдында ғылыми-техникалық мекемелер дамуының ұлттық бюросын құрады (NSTEBD). Бұл бюро ғылыми және жоғарғы технологиялық мекемелердің құрылуын ынталандырады.

1983 жылы жеке сектордағы ҒЗТКЗ қаржыландыратын техникалық саясат,  мемлекеттік ұйымдармен әріптестік қатынас орнататын тәуелсіз зертханалардың құрылуы туралы Ереже шықты. Осыдан барып техникалық ақпараттарды болжамдау және сараптау жөнінде кеңес құрылды (TIFAC) (1988).

Сонымен қатар мемлекет импортталатын технологияларға бес пайыз салық салу арқылы, еншілес капитал фондын толтырып отыруға тырысты. Жиналған  қаржыдан технологиялық шығаруларды қаржыландыруды индустриялды даму жөніндегі Үндістан банкі жүзеге асырды.

3 кезең.

1990 жылдары Үндістанда бюджет тапшылығы, инфляцияның жоғарлауы, төлемдер теңгерімінің тұрақсыздығы белең алды. Елдің экономикасы күйреу үстінде еді. Халықаралық валюта қоры көмекке айырбас ретінде экономиканың либерализациясын талап етті.

Реформалар инновациялық жүйенің дамуына маңызды түрде ықпал етті. Өнеркәсіптік лицензиялау күшін жойды (олар қысқартылған күйде, тек бірнеше салада сақталды), жарғылық капитал көлемі 51% болатын шет елдік инвестициялар құпталды.

ҰИЖ дамуының маңызды факторы  «Патент жайлы» деп аталатын 1970 жылғы Үнділік заңнама болып табылады. Ол 1990, 2002, 2005 жылдары өзгеріске ұшырады, соның арқасында бүгінгі таңда халықаралық құқық талаптарына сай.

3. ҰИЖ жалпы сипаттамасы

Бүгінгі таңда Үндістанның ҰИЖ құрылысы тармақталған. Мемлекеттік деңгейде әлі де бірінші болып Ғылыми-өндірістік зерттеу кеңесі тұр (CRIS). Сол арқылы мемлекеттің қаржысының бір бөлігі инновациялық саласын қамтиды.

Технопарк желісі – үнділік инновация жүйесінің ең атақты бөлшегі – 1984 жылдан бастап құрыла бастаған. Елде 35 мемлекеттік және 25 жеке меншік технопарктер бар. Технопарктер жоғарғы технологиялық және ғылымды қажет ететін тауарларды экспорттайтын мекемелерге қолдау көрсететін тағы бір шара болып табылады.

Үндістандағы екі сала жоғарғы технологиялы: фармацевтика және ақпараттық технология – осы екі сала тіркелетін патенттердің 70% ие болуда.

Үндістандағы IT нарығы дәстүрлі түрде аутсорсинг және оффшорлық бағдарламалау негізінде құрылды. Техникалық жоғарғы оқу орындарында сапалы мамандарды дайындау, жоғары квалификациялы, әрі арзан жұмыс күші Үндістандағы IT-корпорацияларын дамыту үшін алғы-шарттарды жасады. Елде өз уақытында IBM, Texas Instruments және т.б. филиалдардың пайда болуы, IT нарығының дамуына өз ықпалын берді. Соңғы уақыттары компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін жүргізілген мемлекеттік бағдарламалар да маңызды рөл ойнады.

Бүгінгі таңда Үндістанға ІТ-аутсорсинг нарығының 65 % үлесі кіреді. Ұлттық софтверлік және сервистік ассоциациясының мәліметтері бойынша, 2007 жылы ІТ үндістандық секторының жалпы көлемі 48 миллиард долларға тең болды. Бұл салада 2,5 миллион адам жұмыс істейді және оның үлесіне ЖІӨ-ң 6%, импорттың 16%  тең. 

4. ҰИЖ контекстіндегі білім беру жүйесі

Үндістандық білім беру жүйесі сарапшылардың жоғарғы бағасына ие болады. Дайындаудың деңгейі мен сапасы халықаралық стандарттарға сай. Global Competitiveness Report бәсекелестіктің әлемдік рейтингісі мәліметтеріне сүйенсек, 2007-2008 жылдары Үндістан математиканы  оқыту бойынша әлем бойынша 11-ші орынға ие болыпты (Жапония – 29, Германия – 36, АҚШ пен Ұлыбритания – 45 және 46 орында). 

Жалпы Үндістанда 250 университет бар, оның 20-30 ең үздігі. 2004 жылы Үндістанда жоғарғы оқу орындарын бітіргендер саны 53 миллионға жетті (халықтың 4,5%).

Үндістан бірнеше жоғарғы технологиялық қызметтер бойынша, ең үздік әлемдік орталыққа кіреді: софтверлік, бизнес, аутсорсинг, инжиниринг. 

Үндістанда университеттер ғылыми орталықтар болып есептелмейді. Тек техникалық білім беруге көңіл бөледі.

5. Мемлекеттік саясат: бағдарламалар, қаржыландыру, перспективалық жоспарлар 

2003 жылы Үндістан үкіметі ұлттық ғылыми-техникалық саясаттың дамуына шаралар белгіледі: 

- Автономияларды кеңейту және мемлекеттік ғылыми мекемелердің бюрократтық аппараттын қықарту

- Шенеуліктерді ғылыми министрлермен және ғалымдар департаментімен алмастыру

- 2007 жылға дейін ҒЗТКЗ-ғы инвестициялар көлемін ЖІӨ-ң 2% дейін көтеру

- Университеттер мен зертханаларға технологияларды табыстау құқығын беру

- ҒЗТКЗ жүйесіндегі қаржы  ынталандырмасын құру

- Зияткерлік меншік жайында заңнамалық реформа

2007 жылы Үндістанда 299 келісім тікелей еншілес жобаларды инвестициялауға бағытталыпты. Олардың көлемі 7,5 миллард долларға жетіпті. Үндістандағы еншілес компанияға бағытталатын басты салалар – ақпараттық және коммуникациялық технология, ритейл, биомедицина.

Осылар арқылы Үндістан инновациялық салада үздік ойыншы атанды. Осы рөл ары қарай да сақталмақ. Он бір реттік бес жылдық жоспарда, яғни 2007-2012 жылдарда, мемлекет инновациялық ашылымдардың негізін қалау мақсатында – инфраструктура және білім беру саласын дамыту үшін бірқатар инвестиция бөлуді көздеп отыр.

 

Қазақстан-Үндістан екі жақты  қарым-қатынастары

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 ақпанда орнатылды. 1993 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Елшілігі Нью-Делиде ашылды. 2010 жылғы 11 мамырдан бастап Үндістандағы ҚР Елшісі Д.Қуанышев болып саналады. 
1993 ж. қазанда Үндістан Республикасының Елшілігі Алматыда ашылды. 2011 жылғы қаңтардан бері Қазақстандағы ҮР Елшісі - Ашок Кумар Шарма. 
ҮР Елшілігі 2007 жылдың қарашасында Астанаға көшіріліп, Алматы қаласында ҮР-дің консулдық пункті жұмыс жасайды. 
1992 ж. ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы декларацияға, Дипломатиялық қатынастарды орнату туралы хаттамаға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларындағы қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды. 
Премьер-министрдің (1993 ж. мамыр) және Үндістан Вице-президентінің (1996 ж. қыркүйек) Қазақстанға ресми сапарлары барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) құру жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 
1999 ж. желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев екінші мәрте ресми сапармен Үндістанда болды. Қосалқы салықты болдырмау конвенциясына, Ынталандыру және өзара инвестицияларды қорғау жөніндегі келісім-шартқа, Қазақстанның Үндістандағы және Үндістанның Қазақстандағы мәдени күндерін өткізу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. 
2002 ж. 11-15 ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары өтті. Сапардың қорытындылары бойынша Қазақстан-Үндістан бірлескен декларациясына қол қойылды. Сонымен қатар сапар барысында ҮБК-нің кезекті 4-ші мәжілісі өткізілді. 
2002 ж. шілдеде Үндістан Республикасының Премьер-министрі А.Б.Ваджпаи Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші мәжілісіне қатысты. 
2008 жылғы 6-10 сәуір аралығында Үндістан Парламентінің Жоғарғы палатасының Төрағасы Х.Ансаридың Қазақстанда ресми сапары өтті. Сапар барысында Х.Ансари Президент Н.Назарбаевпен, Сенат Төрағасы К.Тоқаевпен және Премьер-Министр К.Мәсімовпен кездесті. 
2009 жылғы 23-26 қаңтар кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Делиге мемлекеттік сапары болып өтті. Сапардың негізгі нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы бірлескен Декларацияның қабылдануы болды. Сапар шеңберінде 14 құжатқа қол қойылып, оның ішінде 485,6 млн. доллар құрайтын 13 келісім-шарттар жасалды. 
2011 жылғы 15-16 сәуірде өткен Үндістан Премьер-министрі М.Сингхтің Астанаға сапары екіжақты конструктивті әріптестіктің әрі қарай күшеюіне үлесін қосты. Жоғары деңгейде өткен кездесудің маңызды нәтижесі ретінде Үндістанның Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсетуін атауға болады. Сапар барысында стратегиялық әріптестіктің дамуы бойынша іс-шаралар Жоспары («Жол картасы») қабылданып, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы және атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану туралы келісімдерге, «Сәтпаев» мұнай блогын бірігіп игеру бойынша құжаттар топтамасына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен ақпараттық технологиялар саласындағы ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды. 
2007 жылдың тамызда Нью-Делиде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҮР Сыртқы істер министрлігі арасында консультациялар жүргізілді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев басқарды, ал Үндістан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасарлары Н.Рави мен К.Сингх басқарды. 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҮР Сыртқы істер министрлігі арасындағы консультациялардың 2-ші раунды өтті. Үндістан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Рави, ал Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев басқарды. 
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҮР Сыртқы істер министрлігі арасындағы консультациялардың 3-ші раунды 2012 жылдың 7 наурызында Нью-Делиде өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай, ал Үндістан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Сингх басқарды. 
2004 жылғы 22 қазанда АӨСШК министрлік кездесуіне Үндістан Сыртқы істер министрі Н.Сингх қатысты. Мұнай мен табиғи газ министрі М.Деора 2006 жылғы 14 маусымда өткен АӨСШК-нің 2-ші саммитінде төрағалық етті. 
2008 жылғы 25 тамызда АӨСШК-нің 3-ші министрлік кездесуіне Үндістаннан Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр А.Шарма қатысты. 
2009 жылдың қазан айында Парижде болған 35-ші ЮНЕСКО-ның Бас конференцияның сессиясында Үндістан Қазақстаннның ЮНЕСКО Атқарушы Кеңесіне кандидатурасын қолдады. 
2010 жылғы қазанда Қазақстан Үндістанды 2011-2012 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсетті. 
2011 жылғы сәуірде Үндістан Қазақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдады. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2010 жылғы нәтиже бойынша бұл көрсеткіш 313,8 млн. долл. жетіп, 23,8%-ға көтерілді (экспорт – 117 млн., импорт – 196,8 млн.). 2011 жылғы тауар айналымы 291,4 млн. долл. құрады (экспорт – 48,3 млн., импорт – 243,1 млн.). 2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында айналымы 92,4 млн. долл. (экспорт – 43,1 млн., импорт – 49,3 млн.) жетті. 
Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық өнеркәсіп және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының шеңберінде мұнай және газ, әскери-техникалық ынтымақтастық, халықаралық терроризмге қарсы күрес аумағында бірлескен жұмыс топтары жұмыс істейді. 
Қазақстандық мамандар ҮР техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) бойынша алдыңғы қатарлы үнді жоғарғы оқу орындарында менеджмент, экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, су ресурстарын басқару, БАҚ және компьютер технологиясы салаларында білім алып, біліктілігін жоғарылатуда. 
Қазіргі кезде мәдениет саласында екі жақты қатынастар дамуда. 2011 жылдың 11-13 мамыр аралығында Үндістанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті.

Информация о работе үндістанның заманауи ғаламдық экономикадағы рөлі тұрғысынан Қазақстан-үнді диалогы