Қазақстан Республикасының экономика министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 14:28, доклад

Краткое описание

Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 2002 ж. 4 қыркүйекте құрылған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 39.19 Кб (Скачать файл)

 Қазақстан Республикасының  Үкіметіне реттеуші және монополияға  қарсы органдармен бірлесіп тауар  нарығын реттелетін нарықтарға  жатқызу жөнінде, оның ішінде  мемлекет реттейтін бағалар енгізу  орынды болатын өнімдер, тауарлар  және қызметтер номенклатурасы  бойынша ұсыныстар енгізу;

табиғи монополияны реттеу саласында және реттелетін нарықтарда саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

 реттелетін нарықтарда  табиғи монополиялар саласында  басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті  орган әзірлеген табиғи монополиялар  субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді  есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін  (баға, алымдар ставкасын) немесе  олардың шекті деңгейін келісу; 
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту және осының негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; 
табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің шекті деңгейін бекіту кезіндегі шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;

телекомуникация және пошта  байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтарының субъектілері инфрақұрылымына кемсітпейтін қол  жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау бойынша  әдістемелік ұсынымдарды бекіту; 
тариф саясатын және табиғи монополиялар саласында, тауарлар және қызметтер нарығында баға белгілеу саласында тарифтік саясатты айқындау;

 Қазақстан Республикасының  Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін  табиғи монополиялар субъектілерінің  реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыру;  

Министрліктің құзыреті шегінде  халықаралық ынтымақтастық;

 мемлекеттік органдардың  халықаралық экономикалық ынтымақтастық  жөніндегі жұмысын үйлестіру,  халықаралық қаржы және экономикалық  ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік  агенттіктермен өзара іс-қимыл  жасау; 
халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен келіссөздерде, сондай-ақ екі жақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету; 
халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; 
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сауда-экономикалық салада халықаралық шарттарды орындаудың мониторингін, Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде  ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;

тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы  қорытындылар дайындау;

 қорғау, демпингке қарсы  және өтемақы шараларын, оның  ішінде уақытша шараларды қолдану  жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

 Бірыңғай экономикалық  кеңістік елдеріне қолданыстағы  және жоспарланатын субсидиялар  туралы хабарламалар дайындау  және жіберу; 
 Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы  келісімге  сәйкестігі туралы тексеру жүргізу;

 жеке кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудың мемлекеттік  саясатын жүргізу;

 жеке кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламаларын әзірлеу; 
кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;

мемлекеттік рұқсат беру жүйесін  жетілдіру және оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау  саласындағы орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдардың  ведомствоаралық үйлестірілуін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру;

 орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдардың  жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру;

 «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік бақылау және қадағалау  туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту; 
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарға шығуы үшiн жағдай жасау;

 Қазақстан Республикасы  Президенті мен Үкіметін мемлекеттік  органдар мен олардың лауазымды  адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің қызметін регламенттейтін  Қазақстан Республикасы заңнамасын  бұзушылықтары туралы хабардар  ету;

 мемлекеттік органдардың  тәуекелдерді бағалау жүйесін  енгізу үдерісін үйлестіруді  жүзеге асыру;

 лицензиялау саласындағы  мемлекеттік саясатты әзірлеу  және  жүргізу мен басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;

 рұқсат беру жүйесі  саласындағы мемлекеттік саясатты  қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

 мемлекеттік активтерді  басқару саласында мемлекеттік  саясатты қалыптастыру, оның ішінде  корпоративтік басқару сапасын  көтеру;

жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;

мемлекеттік мүлікті басқаруды  талдау және бағалау; 
мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;

мемлекет жалғыз акционері  болып табылатын ұлттық басқарушы  холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау; 
мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;

мемлекеттік мүлік жөніндегі  орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың  және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындарды  даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;

мемлекеттік мүлік жөніндегі  орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын  ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының  орындалуы бойынша есептерді  әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;

 мемлекеттік мүлік  жөніндегі орталық уәкілетті  органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын  акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік  кәсіпорындардың даму жоспарларының  орындалуы бойынша есептерді  әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;

мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру бойынша ұсыныстар  әзірлеу; 
мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау; 
мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

 Қазақстан Республикасы  Президентiнiң мемлекеттiк бюджет  және Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан  Республикасы органдарының қызметкерлерiне  еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн  бекiту жөнiндегi Жарлығының жобасын  әзiрлеу;

 мемлекеттік қызметтер  тізілімін әзірлеу, жүргізу және  мониторингтеу тәртібін айқындау; мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингтеу мен мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

 мемлекеттік қызметтер  регламентін әзірлеу бойынша  әдіснамалық көмек;

 мемлекеттік қызметтердің  стандарттары мен регламенттерін  әзірлеу мониторингі және оның тәртібін айқындау;

 мемлекеттік қызметтердің  өзіндік құнын есептеу тәртібін  айқындау;

 облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  жергілікті атқарушы органдары  қызметінің тиімділігін бағалау  жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық  қамтамасыз ету;

қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге  қол жеткізу бойынша Қазақстан  Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін  орталық атқарушы органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары  қызметінің тиімділігін бағалау;

 орталық мемлекеттік  және облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  жергілікті атқарушы органдары  қызметінің тиімділігін жалпы  бағалау;

 Қазақстан Республикасының  жұмылдыру жоспарын және тауарларды  өндірудің, жұмыстарды орындаудың  және қызметтер көрсетудің жоспарын  мемлекеттік органдардың қатысуымен  әзірлеу, мемлекеттік органдардың,  облыстардың, мемлекеттік маңызы  бар қаланың және астананың  жұмылдыру жоспарларын келісу;

 мемлекеттік материалдық  резервтің материалдық құндылықтарын  сақтау номенклатурасы мен көлемі  бойынша ұсыныстар қалыптастыруға  қатысу;

 жұмылдыру даярлығы  саласында мемлекеттік органдар  қызметін үйлестіру; 
жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыру;

 мемлекеттік органдардың  ұсынуы бойынша, жұмылдыру  тапсырыстары бар ұйымдар, банкрот, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

 мемлекеттік резервтің  материалдық құндылықтарын сақтау  пунктерінің тізбесін келісу; Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру; 
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысты; Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Министрліктің құзыреті шегінде  мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың  ақпараттық-коммуникациялық желілерін  дамыту, олардың Қазақстан Республикасының  бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі  мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

 Министрлік құзыреті  шегінде нормативтік құқықтық  актілерді  жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;

 заң жобаларының ғылыми-экономикалық  сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

 тоқсан сайын аумақтық  сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын  тауардың шығарылуы туралы берілген  сертификаттар бойынша ақпаратты  талдау арқылы мониторингтеу,  сондай-ақ ішкі айналым, Кеден  одағы тауарының және (немесе) шетел  тауарына уәкілетті органның (ұйымның)  мәртебесін анықтауы үшін тауардың  шығарылуы туралы сертификат  беруді мониторингтеу;

 Қазақстан Республикасының  аумағында сандық шектеулерді  қолданбай талқылау объектісі  болып табылатын тауарлар импортын  лицензиялау; 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;

 құзыреті шегінде жекелеген  тауарлар түрлерінің импортына  рұқсаттар беру;

 лицензиялық бақылау; лицензиялардың тізілімін жүргізу;

 сауда өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қаржылық және  кадрлық қамтамасыз ету қызметін  бақылау;

 оларға қатысты сыртқы  сауда қызметінің кедендік-тарифтік  және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарлардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан кері экспортына рұқсаттар беру;

республикалық және халықаралық  көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау қатысу және ұйымдастыру;

 сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және  сату үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

 сауда қызметі саласында  орталық және республикалық маңызы  бар қаланың, астананың, аудандардың  (облыстық маңызы бар қала) жергілікті  атқарушы органдарының қызметін  үйлестіру;

 халықтың сауда алаңымен  қамтамасыз етілуінің ең төменгі  нормативтерін әзірлеу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономика министрлігі