Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.
Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58
Қорытынды
65
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сызба 2 – Тұрғындардың өмірінің деңгейінің көрсеткіштері жүйесі
Осы позициялардан табыстың индексациясы, еңбек ақының минималды деңгейі анықталады. Табыс индекациясының деңгейі қаншалықты үлкен болса, соншалықты инфляция процесстерінің дамуына әсер етеді. Практикада толық индекация ешқандай бір елде қолданылмайды. Нәтижесінде:
Осындай тәсілдермен, барлық факторларды ескеру маңызды. Тек осы жағдайда тұрғындардың өмір сапасы және деңгейі жақсаруы мүмкін.
Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері. 1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М. Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.
Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.
Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік туғызатын cтратегиялық көрсеткіштердің кең және тармақтанған жүйесін алдын ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін: Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер, адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер, адам дамуының өзге де аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер, адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері. Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.
Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік – білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, да жарияланды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді.
Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер.
Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық – адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді. Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.
Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер.
Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны. Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.
Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. Адам дамуының бұл аспектісінің бұдан бұрынғы екеуінен айырмасы тек қана адамда бар мүмкіндікті ашады, бірақ оларды пайдалануды анықтамайды. Яғни ол таңдаудың өзін емес, тек қана таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құрал болып табылады. Тұрмыс деңгейінің мінсіз сипаттамасы адамның мынадай қабілеттіліктерін: жеке табысы; қоғамның топтары арасында табысты бөлу; бұрын жинақталған жеке меншік; жер ресурстары мен кредиттерге қол жеткізу; инфрақұрылым мен қоғамдық тұтыну қорларына қол жеткізу тетігінің өркендеуі (денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммуналдық қызметтер және басқалары); жеке өмір сүру дағдысы; отбасының көлемі мен құрылымы; үй шаруашылығында жасалатын игілік; тұратын жердегі табиғат-климаттық және экологиялық жағдайларды және т.б. дамыту мен іске асыру мүмкіндіктерін айқындайтын толып жатқан факторларды ескеруі керек.
Тұрмыстың материалдық деңгейін бағалау үшін қандай да бір тікелей көрсеткішті таңдаудың қиындығына байланысты жанама базалық көрсеткіш – халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамасы пайдаланылады.Бұл ретте халықаралық деңгейде салыстыру мақсатында халықтың жан басына ЖІӨ ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасы бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің (СҚТ) көмегімен халықтың жан басына нақты ЖІӨ-де АҚШ долларына айырбасталуы тиіс. СҚТ-дан АҚШ-та 1 АҚШ долларына сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас көрнекі себетін сатып алу үшін қажетті ұлттық валюта бірлігінің саны түсініледі. Экономикалық дамуына байланысты әртүрлі топтарға кіретін елдер елді топтың ішінде материалдық тұрмыс деңгейіне байланысты неғұрлым объективті саралауға мүмкіндік туғызатын қосымша көрсеткіштерді пайдалану арқылы салыстырылуы мүмкін. Мәселен, онша дамымаған елдер үшін халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ лайықты өмір сүруге қажетті ресурстарға қол жеткізу негізінде қалыптасқан барлық жағдайды біршама парапар көрсетеді. Даму деңгейі орташа елдер үшін бұл көрсеткішті негізінен біршама артта қалған елдерге тән проблемалардың кең таралған деңгейін сипаттайтын табысы кедейлік шегінен төмен адамдардың үлесінің көрсеткішімен толықтыру орынды. Экономикалық дамыған елдер үшін бұл екі көрсеткішті табысы бойынша теңсіздік деңгейін ескеретін көрсеткішпен толықтырған жөн. Халықтың жан басына нақты табысы тең болған кезде Джини коэффициенті елді тұрмыс деңгейі бойынша саралауға жағдай жасайды.
Y = (1 – G) * Yr,
мұндағы, G – Джини коэффициенті;
Yr – халықтың жан басына нақты ЖІӨ
1.2. Мемлекеттік әлеуметтік саясаты
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Тарифтік автономия бойынша тарифтік әріптестер табысты (жалақыны) өздері реттеуге құқылы болғанымен, мұның ақыры табыстың әлеуметтік әділ бөлінуіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, мемлекет табысты қайта бөлудің құралдарын (прогрессивті салық, жалақының ең төменгі деңгейін белгілеу, трансферттік төлемдер) қолдана отырып, табыстың әділ бөлінуіне ықпал ете алады.
Табыстарды бөлуді функционалдық және персоналдық деп ажыратады. Функционалдық бөлу ұлттық табыстың әртүрлі өндіріс факторлары (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) иелері арасында бөлінуін білдіреді. Яғни, ұлттық табыстың қандай бөлігі жалақыға, пайыздық табысқа, ренталық табысқа және пайдаға сай келетінін көрсетеді. Персоналдық бөлу ұлттық табыстың ел азаматтарының арасында бөлінуін білдіреді, мұндайда азаматтың қандай өндіріс факторының иесі екені қарастырылмайды. Мысалы, ұлттық табыстың 10 %-дық үлесі әлде қайда кедей адамдардың, 20 %-ы өте ауқатты адамдардың табысына сәйкес келеді.
Табыстың әділ бөлінуі деңгейін анықтау үшін тұтынушылардың қолда бар табысы көрсеткіші қолданылады. Қолда бар табыс – бұл экономикалық субъектінің салықтық төлемдерді төлегеннен кейін және мемлекеттік трансферттерді алғаннан кейін қолында қалатын табысы.
Табыстарды бөлудегі теңсіздіктерді анықтаудың ең танымал әдістерінің бірі Лоренц қисығы. Ол ұлттық табыстың персоналдық бөліну деңгейін анықтайды.
Сызба 3 – Лоренц қисығы
Сызба 3-тегі ОВА (үзіліссіз) түзуінен ел азаматтары арасында ұлттық табысты теңдей етіліп бөлінгенін көруге болады. ОВА қисығы (биссектриса) абсолютті теңдестік түзуі деп аталады. ОDA (үзік сызықты) қисығы – бұл жеке табыстардың (салықтарды төлегенге және мемлекеттен трансферттер алғанға дейінгі табыстар) үлес салмағы негізінде салынған жеке табыстар бойынша Лоренц қисығы. Лоренц қисығы (ОDA) абсолютті теңдестік түзуінен неғұрлым иіле түскен сайын табыстарды бөлудегі теңсіздік соғұрлым ұлғая түседі. Бірақ, мемлекеттің әлеуметтік саясаты нәтижесінде табыстарды бөлудегі теңсіздік азая түсіп жеке табыстар бойынша Лоренц қисығы ОСА (үзік нүктелі) қисығына ауысады. Бұл қисықты қолда бар табыстар бойынша Лоренц қисығы деп атайды.
Табыстарды бөлудегі теңсіздікті анықтаудың келесі бір әдісі – децильдік коэффицент. Бұл әдіс бойынша елдің барлық тұрғындары табыстары деңгейі бойынша 10 бөлікке бөлінеді. Осы 10 %-дық 10 топтың аухаты ең жоғарғы тобы мен ең төменгі тобының табыстарының қатынасы – децильдік коэффицент деп аталады. Бұл шама 1/10 қатынасы шамасында болса, қоғамдағы табыстардың әділ бөлінуі қанағаттанарлық деңгейде деуге болады.
Табыстар теңсіздігінің тағы бір көрсеткіші – Джини коэффиценті (G). Бұл көрсеткіштің басқаша атауы – табыстар концентрациясы индексі. Аталмыш коэффиценттің шамасын Лоренц қисығының көмегімен анықтайды. Ол Сызба 3-тегі ОВАС фигурасы мен ОҒА үшбұрышының аудандарының қатынастары арқылы анықталады:
G = ▄ OBAC / ▲OFA
Джини коэффицентінің мәні нөл мен бір арасында болады (0 < G < 1) және ол неғұрлым кіші (нөлге жуық) болған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздік әлде қайда аз екендігін білдіреді.
Қазақстан бүгінде әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамай, біршама даму бағдарламаларды қаржыландыру тоқтатылса да, әлеуметтік бағдарламалардың ешбір кедергісіз жүзеге асырылатынын Елбасыныңың өзі міндеттеуі – әлеуметтік саясат басты бағыт екенін көрсетеді. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Әлемдегі нарықтық шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді ол, мемлекет қарттар мен мүгедектерге көмектесуі керек. Бірақ еркін экономикалық және қоғамдық құрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі өмірдің қиындығын жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: "Сен, мемлекет, маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес” деп емес, "Мен өзімді қорғауға күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал, сен, мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса”деуі керек, дейді ол.
Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары