Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Әлемдегі рыноктық шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді ол, мемлекет қарттар мен мүгедектерге көмектесуі керек. Бірақ еркін экономикалық және қоғамдық құрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі өмірдің қиындығын жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: "Сен, мемлекет, маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес” деп емес, "Мен өзімді қорғауға күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал, сен мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса” деуі керек дейді ол.

Осы орайда, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат саласында "халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек” деген қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кездейсоқтық емес. "Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес бағыттау керек”, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек беру саясаты "әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен” емес, жұмыс істейтіндердің қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды дайындаумен айналысады. Сөйтіп, мемлекеттік қолдау жүйесі азаматтардың оқып, жаңа мамандық алуына көмектесіп, соған ынталануына жағдай жасайтын болады. Бұл ұсыныс Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында да көрініс тапты. Елбасы халық алдында мемлекет міндеттерін сақтауға  ерекше көңіл бөлді, бұлар: әлеуметтік төлемдер, бюджеттегілерге еңбекақы төлеу.

Экономиканы әрі қарай жаңғыртудың және елдің дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамтамсыз ету стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Жолдауды іске асыру мақсатында қосымша жұмыс орындарын құру, кадрларды қайта даярлау, іскерлік белсенділікті дамыту арқылы еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қамтитын 60-тармақтан тұратын «Жол картасы»  әзірленіп, ондағы іс-шаралар өз кезегінде уақытылы орындалуда.

Ғаламдық экономикалық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізуіне тікелей байланысты. Тіпті, тәуелді десек те болады. Ал Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы басым бағыт – аймақтық- экономикалық саясатты жетілдіру. Қарапайым халықтың мүддесін көздеген уақытта ғана ұлттық экономика халыққа қызмет етеді.

Әлемдік экономикалық тәжірибе жүргізілетін реформалардың табысты болуы тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді. Қоғамдағы бойда тұмшаланған белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сол ғана күшті серпін беретіні сөзсіз.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы халыққа арнаған Жолдауында ең бірінші сөзін «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр», - деп бастағаны белгілі. Яғни, Елбасының бұл ойы бұрынғы қиындық кезеңінен өткен кезімізді анық көрсетіп, болашаққа нық қадам басып, жаңа белеске көтерілетінімізді байқатып тұрған келелі жоспарды меңзейді. Оның ішінде Қазақстанның жай ғана саяси-экономикалық немесе әлеуметтік саласын түзетіп қана қоймай, елдің барлық мәселелерін толық қамти отырып, дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылу жоспары көзделіп отыр. Бұл барлығымыздан осы мақсатта жұмылып, өте қажырлы, қайратты жұмсап, жұмыс істеуді талап ететін үлкен кезеңнің туып отырғанын көрсетеді.

Ел экономикасы алға басқан сайын қордаланып қалған мәселелерді де шешудің жолдары қарастырылатыны анық. Бүгінгі таңда әлеуметтік жағдайға байланысты шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарымызға, соғыстан оралмаған боздақтардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға және басқа да адамдарға берілетін көмек мәселесі күн тәртібінде тұр. Сонымен қатар жағдайы төмен отбасыларға берілетін көмектерді реттеу қажет. Жалпы алғанда халықтың тұрмыстық деңгейін көтеріп, соның нәтижесінде орта дәулетті мемлекетті қалыптастыру мақсаты айқындалып отыр. Әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін, әрине, экономиканың дамуы қажет. Экономикаға қатысты заңдарға түзетулер енгізу, Салық кодексінің бүгінгі таңда көптеген азаматтар мен мекемелерге келтіріп отырған қиындығын ескере отырып, салық төлеу жүйесін бірізділікке түсіру, жалпы жұртқа түсінікті болуын шешетін кез келді. Қазіргі маңызды мәселенің бірі – мемлекеттің активтерін тиімді пайдалану. Яғни, мемлекеттің қаржысын әрбір тиынына дейін дұрыс пайдаланып, оны халыққа қызмет істеуге жұмсау жағына баса мән берілгені дұрыс. Сондай-ақ бүгінгі таңда кейбір ауылдарда шешілмеген үлкен мәселелер бар.

Сонымен қатар халықтың болашағы оның денсаулығына байланысты. Денсаулық және білім беру саласының басшылары мен мамандарына үлкен міндеттер қойылды. Халықтың жаңа қоғамда өмір сүруі үшін жағдай жасалуы, оған мемлекет тарапынан берілетін көмекті реттеу де Жолдауда толық қамтылған. Жас ұрпақтың білім деңгейін көтеруге ерекше мән берілді. Елімізді болашақта қандай азаматтар басқаратыны, жаңа қоғамда қандай қызметкерлер жұмыс істейтіндігі осы бүгінгі балаларға берген көмегімізге, білім деңгейіне, мектепке және жоғарғы оқу орнына байланысты болмақ. Толыққанды білім беру, бәсекеге қабілетті мемлекеттің технологиясын меңгерген мамандарды дайындау үлкен мақсат болып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы азаматтардың еңбегін бағалай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру  мәселесі де Жолдауда көрініс тапты.

Және бірқатар мәселе біздің саяси дамуымызға байланысты өрбіді. Бұл жерде Қазақстанның көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет екендігі ескеріле келіп, елдің татулығы, ұлттардың бір-бірімен қарым-қатынасы, оларға өздерінің салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалу мәселесі, сонымен қатар өзіміздің бұрыннан келе жатқан құндылықтарымызды сақтау жайы да ерекше айтылып отыр. Елбасының: «Мәдениет саласындағы жұмыспен қамтылу дегеніміз – халқымыздың әл-ауқатынан бірден көрініс табатын икемді жергілікті сұраныстың орасан зор қайнары» деген сөзі елімізде мәдени құндылықтарды сақтап, оны дамытуға жол ашу қажеттігін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

3 Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары  

 

 

3.1 Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары

 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласын реформалау, халықтың тұрмыс денгейін көтеру мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттары болып табылады. Мемлекет дамуының әр кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі елдің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалады. Инфляция деңгейінің жоғары болуымен, өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында әлеуметтік саланың даму мүмкіндіктері шектеулі болды. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жылдары азаматтардың тұрмыс деңгейі күрт төмендеуінің кері салдарын жұмсартуға, халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қорғауға бағытталған шаралар  қабылдады.

Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу елімізде белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғы шарттар жасады. 
Қазақстанда қазіргі кезде қолданылып жүрген әлеуметтік корғау жүйесі мемлекеттік қатысуды басымдылығымен сипатталады.

Бүгінгі күні республикамызда 3,5 миллионнан астам адам (немесе халықтың 23,6 пайызы) әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған. 2004 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар 1999 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астам өсті. Республикалық және жергілікті деңгейде халықтың түрлі санаттарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылар мен жеңілдіктердің және басқа да көмектердің 3  түрі белгіленді.

Әлеуметтік жәрдемақылар халықты әлеуметтік қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылады және ол еңбек етуге жарамсыз азаматтарды, көп балалы отбасылар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдауға бағытталған.

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады. Үстіміздегі жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша, елімізде 645 мыңнан астам адам, оның ішінде 389,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 15,5 мың адам жасына байланысты және 24,6 мын адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 2003 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдеріне республикалық бюджет қаражатынан 34 миллиард  теңге  жұмсалды.

Елбасының 2004 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын – 3 айлық, есептік көрсеткіш (АЕК), екінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын 2,5 АЕК, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын – 2 АЕК арттыру көзделіп отыр. Ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақыны – 3 АЕК, отбасындағы еңбекке жарамсыз әр адамға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақыны 0,5 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделуде.

1999 жылы әлеуметтік кепілдіктер  берудің атаулылығы мен халықтың  әлеуметтік осал буындарының  мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға  теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік  бюджеттің орындалуын бақылаудың  тиімділігін арттыру мақсатымен заңдардың жеңілдіктер беру бөлігінде реформалау жүргізілді, осыған сәйкес заттай жеңілдіктер арнаулы мемлекеттік  жәрдемақылармен ауыстырылды.

Мұнда жәрдемақылар әлеуметтік түрғыдан осал азаматтардың 16 санатына төленеді. Олардың ішінде соғыс ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ және III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар аналар мен басқа да санаттағы азаматтар бар. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатыңдардың саны 995 мыңнан астам адам болып отыр. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттен осы төлемдерге 17 миллиард теңгеден астам қаржы  бөлінді.

Ана мен баланы әлеуметтік колдау шаралары ерекше маңызға ие болып келеді, Осы мақсатта 2003 жылдың 1 қаңтарынан отбасының табысына қарамастан, бала туған кезде берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына есептелмейтін, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлемдері енгізілді.

Қазіргі кезде Үкіметте балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шараларын енгізу туралы ұсыныстар әзірленуде. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл отбасын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жәрдемакыларды тағайындаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келешектегі 2008 жылға дейінгі қызметінің ең басты басымдықтарының біреуі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта алдымызда ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізу шаралары тұр. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі, ол заңды сектор қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың косымша нысаны болып табылады. Жеңілдіктерге қатысты айтатын болсақ, заттай жеңілдіктердің арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылғанына қарамастан, азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына берілетін жеңілдіктердің жекелеген түрлері сақталды. Мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыру үшін мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Оларды сауықтыру жөніндегі қызметтер көрсетуді Алматы қаласындағы «Ардагер» республикалық пансионаты мен Бурабай курорттық аймағындағы «Жеке батыр» шипажайы жүзеге асырады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын тойлау шенберінде соғыс мүгедектері мен қатысушыларының ТМД елдері аумағында (келісім бойынша) темір жол көлігімен жылына бір рет жеңілдікпен жүруін белгілеу жөніндегі мәселе қаралуда. Сондай–ақ, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне берілетін жәрдемақы 15 айлық есептік керсеткішке дейін көбейетін  болады.

Әкімдер мен кез келген меншік нысанындағы ұйым басшыларына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға,сондай–ак, олардың жесірлеріне соғыста қаза тапқан әскери кызметшілердің отбасына, тылда еңбек еткен және әскери қызметін өтеген еңбекшілер мен азаматтарға тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорларының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын және емделуге барып–қайту, сондай–ақ көмектің материалдық және басқа да түрлерін көрсету жөнінде жеңілдіктер белгілеуге құқық берілген. 
Сонымен қатар, бала кезінен және аурудан болған мүгедектерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі олар компенсаторлық–техникалық жабдықтармен, протездермен, сурдо және тифлотехникамен, мүгедектер арбасымен қамтамасыз  етіледі.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласына қатысты заңнама жетілдірілуде. «Мүгедектерді оңалтудың 2002–2005 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасында осы күні қолданылып жүрген нормалардан басқа, алғаш рет мүгедектерді оналту жабдықтарымен қамтамасыз ету және мүгедектердің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуі үшін квота бөлу мәселесі көзделген. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатыңда жұмыс орындарын квоталау, шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын, арнаулы жұмыс орындарын кұру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және мүгедектерді қорғайтын басқа да әлеуметтік шаралар белгіленетін болады. Сондай–ак, жобада жұмыс берушілердің мүгедектерді әлеуметтік қорғауға қатысуы, жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. Жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қабылдау құқығы көзделеді.

Алдағы онжылдықта мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін одан әрі арттыруға, әлеуметтік қорғаудың теңгермешілік жүйесінен арылуға, халықтың түрлі буындарына сараланған көзқарас қалыптасуына және мемлекеттік көмектің атаулылық сипатына бағытталатын болады.

Жақын арада Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбындағы Жолдауын Қазақстан халқына жария етті. Жолдаудағы көзделген мақсаттар және оған жету үшін қойылып жатқан міндеттер, Үкіметтің құзырлығымен орындалуға тиіс нақты белгіленген тапсырмалардың өзектілігі және қажеттілігі бұл құжаттың бір жылмен шектелмей, алдымыздағы жылдары да Қазақстанның тұрақты және жылдам дамуын қамтамасыз ететін, стратегиялық сипатындағы бағдарлама екендігін тереңінен, жан–жақты ашып көрсетеді.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары