Франчайзинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 13:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.

Вложенные файлы: 1 файл

Франчайзинг.doc

— 734.00 Кб (Скачать файл)

1886 жылы құрылған  «Coca – Cola» компаниясының 1900 жылғы сатудәрежесі франчайзинг жүйесінің қарқынды дамуына үлкен әсерін тигізді.  «Coca – Cola» компаниясының атақты бренд болуы франчайзинг жүйесімен тікелей байланысты болып табылады. Франчайзинг жүйесі өз даму жолында 1950 жылдары ең үлкен табысқа жетті. Бұл ағайын          «Mac Donald s» арқасында болды. «Mac Donald s» компаниясы франчайзингтің әлемдік деңгейге жетуіне үлкен үлесін қосты. Қазіргі уақытта «Mac Donald s» компаниясының франчайзингтік жүйесі дүние жүзі бойынша 14000-нан  астам кәсіпорынды құрайды.

Өткен жүз жылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялар мен автобиль зауыттары өз өнімдерін өткізуде және қызметтері көрсетуде ерекше құықтарды ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде - өндірушілер таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен ғана сипатталады.  Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта оралуымен және сол кездегі «балалар әсеріне»  байланысты он мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті  иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті   табысты бастаудың жаңа нысаны болды.

Қазіргі таңда франчайзинг 70-тен астам шаруашылық салаларында қолданылады. Франчайзинг – бизнесті жүргізуге арналған ең прогрессивті үлгі.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнестегі шағын кәсіпкерліктің жағдайы

2.1 Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері

 

Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald,s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады (кесте 1).

 

кесте 1- Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

 

Кезең-

Дері

Компания атауы

Құрылу жылы

Негізгі сипаттамалары

Бірінші кезеңі

1994-1999 ж.ж.

«Coca Cola»

1994

Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықтық базаның болмауы.

Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы.

Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты.

 Өндірістік және сервистік  франчайзинг қалыптаса бастады.

«Рахат Палас»

«Adidas»

1995

«Сеймар»

1996

«Kodak»

1997

«Дока»

 

1999

«Анкара»

 

«Рамстор»

Екінші кезеңі

2000 – 2004 ж.ж.

«1C»

2000

Франчайзинг туралы Заң қабылданды.

Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты.

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы  құрылды.

USAID кәсіпкерлікті дамыту  және қолдау бағытында франчайзинг бағдарламасын ұсынды.

«Баскин31Роббинс»

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы

 

 

 

2002

Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы

«Il Patio», «Планета Суши»

«World Class»

 

2003

«Business Consult», «Scot Holland Estates»

«Пятерочка»

 

2004

«MaxMara», «Sela»

«Три Толстяка»

Үшінші кезең

2005 жылдан басталып осы  кезге дейін

«English First»

 

2005

Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылды.

Франчайзинг  көрмесі ұйымдастырылды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.

Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды.

Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды.

«Алма – TV»

«Tiffany Marble»

«Ромат»

 

2006

«Umex Realty» 

«Сбарро»

«Finn Flare»

2007

«Aquatoria of Luxury Life»

2008

«Peacocks»

«Zara»

2009

«LC Waikiki», «Terranova», «OVS Industry», «New Yorker»

2010

2011


 

 

Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін  пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.

Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті.

Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.

Жалпы мағынасында, франчайзинг - тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық және қаржылық ресурстарды коопарациялау негізінде нарықты жаулап алу және дамыту тәсілі ретінде, сондай-ақ, шағын және орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады. Яғни, танымал ірі компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге өзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығын сату арқылы шағын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қызмет тиімділігіне әсер ету мүмкіндігін айтамыз.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды.

Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады.

Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.

 

2.2 Франчайзингтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі

 

Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі кесте 2-де сипатталады.

 

кесте 2 – Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарының үлесі (сәйкес салалар бойынша)

 

Сала

Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі, %

2009 жылды алдыңғы жылдар-мен салыстырған-дағы өзгерісі, есе

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Жылдам тамақтандыру  кәсіпорындары

4,3

4,3

4,5

2,5

2,7

Мейрамханалар

2,8

2,8

3,0

2,9

3,0

Фирмалық бөлшек сауда

8,2

8,4

8,5

3,4

3,8

Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы

3,8

4,0

4,1

2,9

3,0

Денсаулық сақтау және фитнес

3,3

3,5

3,7

2,9

3,0

Консалтингтік және аудиторлық компаниялар

3,2

3,4

3,8

2,5

2,9

Телекоммуникациялар және байланыс құралдары

1,0

1,1

1,5

3,8

4,0

Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері.


 

Бұл кестеде көрсетілгендей, франчайзингтік компаниялардың ең дамыған салалары – қоғамдық тамақтандыру және бөлшек сауда саласы. Франчайзингтік фирмалар жылдам тамақтандыру кәсіпорындарының санындағы үлесі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 4,5 есе, ал фирмалық бөлшек сауда үлесі сәйкесінше 8,5 , азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерін сату – 4,1%-ды және денсаулық сақтау және фитнес 3,7 %-ды құрады.  Бұл мәліметтер жоғарыда қарастырылған еліміздегі франчайзингтің ерекшеліктерінің негізгі сипаттамаларын растайды.

Осы көрсеткіштерге сәйкес еліміздегі франчайзингтік бизнестің келешекте қарқынды даму бағыттарын айқындауға болады, олар: туристтік кластерді дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру, қонақүй шаруашылығы, тұрмыстық қызметтер және бөлшек сауда, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты кеңес беру, автокөлік және оны жөндеу, құрылыс-жөндеу қызметтері.

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму жағдайын зерттей келе, нарықтағы бірқатар отандық кәсіпорындар өзін әлеуетті франчайзер ретінде жариялағаны айқындалды (кесте 2).

Кесте 3-те көрсетілген қазақстандық әлеуетті франчайзерлер қызметтерінің көрсеткіштерін талдай келе, саудалық франчайзинг саласындағы франчайзерлердің роялти мөлшері жалпы табыстың 3 %-ын, ал қызмет көрсету саласында 3-4%-ды құрайды. Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.

 

кесте 3 - Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердің сипаттамасы

 

Компания атауы

Қызметінің сипаты

Франчайзинг түрі

Роялти мөлшері

«Сеймар»

(жалпы табыстан,  %)

Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату

Өндірістік

5

«Транссистема»

(жалпы табыстан,  %)

Автокөлік кәсіпорыны

мастер-франчайзи

3

«Ромат»

(жалпы табыстан,  %)

Дәріханалар желісі

Саудалық

3

«Алма – TV»

(жалпы табыстан,  %)

Кабельді телеарна

мастер-франчайзи

3

«Көтерме сауда клубы» (жалпы табыстан,  %)

Азық-түлік дүкендері желісі

Саудалық

3

«Медведь»

(жалпы табыстан,  %)

Мейрамхана

Сервистік

4

«Мебельер»     (жалпы табыстан,  %)

Жиһаз өндірісі

Саудалық

4

«Umex Realty»

(таза пайдадан, %)

Жылжымайтын мүлік компаниясы

мастер-франчайзи

4

«Nails Club»

(таза пайдадан, %)

Сұлулық салондар желісі

мастер-франчайзи

3

«Folding Space»

Жиһаз саудасы

Саудалық

айына 5000 теңге

Информация о работе Франчайзинг