Түркі тілдерінің этнонимдері тарихынан

Реферат, 16 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат баскаков.docx

— 48.43 Кб (Скачать файл)

2. Монотониялық және политониялық  тілдер. Монотониялы тауыс тоны  сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы  тілдерде сөздің мағынасын ажырататын  дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу  әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.

Синтаксистік  типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.

1. Номинативті тілдер – бұндай  тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да  баяндауышпен жақ бойынша қиысады,  баяндауыш немесе көмекші етістік  соған сәйкес жіктеледі.

2. Эргативті тілдерде етістіктің  салт немесе сабақты болуына  қарай, белгілі бір септіктерді  керек етуіне қарай бастауыштың  (субъектінің) тұлғасы өзгеріп  отырады, ал толықтауыш осы  өзгерістерге керісінше басқа  тұлғаларға орайласады. Яғни олардың  тұрақты тұлғасы болмайды, бұл  тұлға етістіктің қажетсінуіне  байланысты.

3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер  актив және пассив болып күрт  қарсы қойылады да. Бастауыштың  тұлғасы осыған байланысты болып  келеді.

Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға  ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.

Типологиялық  классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.

1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші  аффикстер болмайды, сөздер орын  тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).

2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар  мен жалғаулар кең таралған  және олар түбірдің үстіне  бірінен соң бірі үстемеленіп  жалғана береді де сөз ұзара  түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы  болады, ал түбір өз тәуелсіздігін  сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).

3. Флективті тілдерде қосымшалар  түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі).  (улица-улицы-улицам-улиц)

Синтетикалылық  индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу  үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын  бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен  болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін  болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. Мысалы: tu be or not tu be, быть или не быть, болу немесе болмау. Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар).

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ 

 

І. Арғы түркі тілдері (түркі тілдері  діңгегінен өте ертеде бөлінген, б.з.б.2 – б.з. 2 ғасырлары аралығы)

 

БҰЛҒАР  ТІЛДЕРІ - гундердің ұрпақтары (1-5 ғ)

1. Бұлғар тілі (қазір жоқ, көне  бұлғарлар сөйлеген)

2. Көне татар тілі (қазір жоқ) 

3. Чуваш (чауаш) тілі 

4. Гун тілі (қазір жоқ) 

 

ТОБА  ТІЛДЕРІ – сәнбилердің (1-7 ғ) ұрпақтары 

1. Тува тілі 

2. Ценгель тілі 

3. Моншақ тілі 

4. Тофалар (қарағас тілі)

5. Сойот тілі 

6. Уранхай тілі 

7. Бурят сойоттарының тілі 

 

САХА  ТІЛДЕРІ – құрықандардың ұрпақтары 

9. Якут (саха) тілі 

10. Долған тілі 

 

ІІ. Бергі Түркі тілдері (Түркі  тілдері діңгегінен кейін тармақталған, 8-15 ғасырлар аралығында)

 

ОҒЫЗ  ТІЛДЕРІ – көшпелі иран және түркі тайпаларының тоғысуынан, яғни сақтар (скифтердің) мен ғұндардың араласқан ұрпақтары

1. Көне оғыз тілі (қазір жоқ, көне  оғыздар (4-11 ғ) сөйлеген)

2. Печенек (бешене) тілі (қазір жоқ) 

3. Салар тілі (ұйғыр тілі ықпал  еткен оғыз тілі, Гәнсу түркілерінің  тілі)

4. Осман тілі (Анатолиялық Түркияның  көне тілі)

5. Түрік тілі (қазіргі) 

6. Месхет тілі 

7. Балқан түріктерінің тілі 

8. Гагауз тілі 

9. Оңтүстік қырым татарларының  тілі 

10. Азербайжан тілі 

11. Қашқай тілі 

12. Хорасан тілі 

13. Түрікмен тілі 

14. Хиуалық өзбектердің тілі 

15 Сельжұқ тілі (қазір жоқ) 

16. Терекме тілі 

17. Ирак түркілерінің тілі 

18. Афшар тілі (Ауғанстан түркілерінің  тілі)

19 Айналлу тілі (Иран оғыздарының  тілі)

 

ҚЫПШАҚ  ТІЛДЕРІ – ғұн және сәнби тайпаларының, теле және қыпшақ тайпаларының ұрпақтары.

 

1. Көне қыпшақ тілі (қазір жоқ,  көне қыпшақтар (6-13 ғ) сөйлеген)

2. Куман тілі (қазір жоқ, мажар  (венгр) қыпшақтары сөйлеген)

3. Құмық тілі 

4. Қарашай тілі 

5. Балқар тілі 

6. Қарайым тілі 

7. Орталық қырым татарларының тілі 

8. Үрім тілі (орталық қырым татарлары  тілінің бір тармағы) 

9. Қырымшақ тілі (орталық қырым  татарлары тілінің бір тармағы) 

 

10.Татар  тілі (қазіргі) 

11. Сібір татарларының тілі 

12. Башқұрт тілі 

13. Ноғай тілі 

14. Астрахань татарларының тілі 

15. Алабұғат татарларының тілі 

16. Қарақалпақ тілі 

17. Қазақ тілі 

18. Солтүстік қырым татарларының  тілі 

19. Өзбек қыпшақтарының тілі 

20. Қырғыз тілі (қазіргі қырғыз)

21. Армян қыпшақтарының тілі (қазір  жоқ) 

 

ҚАРЛҰҚ (ҚАРАХАНИД) ТІЛДЕРІ – отырықшы иран-соғды және көне түркі тайпаларының ұрпақтары

 

1. Қараханид тілі (қазір жоқ) 

2. Қалаш тілі (Иран Түркілерінің  тілі)

3. Шағатай тілі (қазір жоқ) 

4. Өзбек тілі 

5. Ұйғыр тілі (қазіргі) 

6. Жұғыр тілі 

7. Айну тілі 

8. Іле тармағы (Ұйғыр тілінің) 

 

АЛТАЙ ТІЛДЕРІ – ғұн және динлин тайпаларының ұрпақтары

 

1. Көне ұйғыр тілі (қазір жоқ) 

2. Сарығ ұйғыр тілі (қазіргі ұйғыр  тілі ықпал еткен сібірлік ұйғыр тілі)

3. Көне қырғыз тілі (қазір жоқ) 

4. Шұлым тілі 

5. Манчжур қырғыздарының тілі 

6. Саян түркілерінің тілі 

7. Енисей түркілерінің тілі 

8. Хакас тілі 

9. Шор тілі 

10. Солтүстік алтай тілі 

11. Шалқан тілі 

12. Куманды тілі 

13. Оңтүстік алтай тілі 

14. Орталық алтай тілі 

15. Телеут тілі 

16. Туба тілі 

17. Телеңгіт (төлеңгіт) тілі 

18. Көне түркі тілі (Орхон, Енисей  ескерткіштерінің тілі)

 

 

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ САНЫ

(2005 жылға):

 

1. Түрік тілі – 80 млн 

2. Азербайжан тілі – 40 млн 

3. Өзбек тілі – 26 млн 

4. Қазақ тілі – 13 млн 

5. Ұйғыр тілі – 10 млн 

6. Түрікмен тілі – 8 млн 

7. Татар тілі – 7 млн 

8. Қырғыз тілі – 4 млн 

9. Башқұрт тілі – 2,5 млн 

10. Чауаш тілі – 1,8 млн 

10. Қашқай тілі – 1,7 млн 

 

Бұлар халқының саны саны млн-нан асатын тілдер. Сонымен бірге Саха (якут), Хорасан, Гагауыз, Қарақалпақ, Қырым татарлары, Афшар халықтарының әрқайсысы – 500 мыңға жуықтаса, Құмық, Қарашай-балқар, Тува халықтарының әрқайсысының саны 300 мыңнан асады. Қалғандары саны 100 мыңан аз болатын, шағын халықтар.

 

3. Н. Баскаков түркі тілінің  классификациясы

Николай Баскаков Александрович (22.3.1905 жылы туылған, Ресей, Архангельск облысы Сольвычегодск қаласы) — ғалым,түркітанушы, филология ғылым докторы (1950), профессор (1932). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1929). Ресейдің(1929), Түрікменстанның (1962), Қарақалпақстанның (1960), Қазақстанның (1967) еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Баскаков көп жыл бойы КСРО ҒА Тіл білімі институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1920—1930 жылдары түркі халықтарының тілі жөнінен деректер жинау мақсатында Қарақалпақстан, Ойрат автономиялық облысы (Таулы Алтай автономиялық облысы)Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан, Дағыстан, Солтүстік Кавказ жерлерін аралады. [1]Баскаков — түркі тілдерін жан-жақты зерттеген ғалым. Ол “Түркі тілдері” деген еңбегінде (1960) түркі тілдерінің даму тарихын кезеңдерге бөліп, граммататикалық, лексикалық, фонетикалық ерекшелігін кеңінен анықтады. Еңбек төрт бөлімнен тұрады: 1) түркі тілдеріне қатысты тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы зерттеулерге шолу; 2) түркі тілдерінің қалыптасуы мен даму кезеңдері; 3) түркі тілдері мен диалектілерін Батысғұн бұтағы, Шығыс ғұн бұтағы деп 2-ге бөліп топтастыру; 4) әр топтағы түркі тілдерінің көнесі мен жаңасын анықтап, жеке талдап, жүйелеп, фонетикалық, грамматикалық құрылысын ажырату. Сондай-ақ, ол түркі тілдерінің топтастырылу үлгісін, дамуын көрсететін кестесін, дауысты, дауыссыз дыбыстарының транскрипциясын, түркі халықтары мен тілдерінің тізбесін жасады. Баскаков түркі тілдерінің фонологиясын, морфологиясын, типологиялық сипатын, топонимия мен антропонимия мәселелерін зерттеп, жеке монографиялар жариялады. Алтай тілінің солтүстік диалектісін және құман, қарақалпақ диалектілерін зерттеді. Алтай, гагауз, қарайым, қарақалпақ, ноғай, ұйғыр, хакас тілдерінің аударма сөздіктерін жасауға қатысты. Баскаков — әлем шығыстанушылары арасында өзіндік орны бар ғалым. Ол — Финн-угор қоғамының корреспондент мүшесі (Финляндия, 1966), Орал-Алтай қоғамының (Германия, 1967), Венгрия ориенталистері ғылыми қоғамының (Будапешт, 1971), Ұлыбритания, Ирландия, Польша ориенталистері, Азия және Түркілингвистикалық қоғамдарының құрметті мүшесі. 

Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. 
Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  1. ) алтай дәуірі;
  2. ) ғұн дәуірі;
  3. ) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);
  4. ) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
  5. ) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);
  6. ) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

  1. ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;
  2. ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі  халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

 

 

 

А. Западнохуннская  ветвь

I. Булгарская  группа

Древние:

1) булгарский 
2) хазарский

Современный:

3) чувашский


II. Огузская  группа

1. Огузо-туркменская подгруппа

Древний:

1) огузский X-XI вв. (Махмуд Кашгарский)

Современные:

2) туркменский 
3) трухменский


2. Огузско-булгарская подгруппа

Древние:

1) печенежский 
2) язык узов

Современный:

3) гагаузский


3. Огузо-сельджукская подгруппа

Древние:

1) сельджукский 
2) староосманский

Современные:

3) азербайджанский 
4) турецкий (османский)

Информация о работе Түркі тілдерінің этнонимдері тарихынан