Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 22:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде экологияны адам әрекетімен байланысты табиғи ортаны зерттеу объектісі ретінде алатын, ғылымдық дисциплина комплексі түрінде анықтайды. [7]
Қазіргі периодтағы табиғи-ғылыми білімдердің дамуы барлық ғылым- дардың экологизациясымен сипатталады. Экологиялық ғылым тек биологиялық ғылым болып қана қоймай, ол адамның қоршаған табиғи ортаға әсерін және осы антропогенді қысымдарды азайту жолдарын қарасты- ратын ғылымға айналды. [13]
Экологияның геология, химия, медицина, физика, құрылыс ғылымдары сияқты ғылымдармен қиылысқан жерінде жаңа білімдер түрі пайда болды – геоэкология, урбоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашы- лық экологиясы және басқалары. [13]

Содержание

I.Кіріспе. ......................................................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу........
2.2.Құрылыстық биосфераға әсері.......................................................6-22
2.3.Құрылыстың биотикалық бірлестіктерге әсері .........................23-25
2.4.Қала құрылысы экологиясының негіздері ..................... ..........26-28

Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................
Қосымша материалдар.

Вложенные файлы: 1 файл

курылыс экологиясы.docx

— 48.90 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

      Құрылыс  индустриясы  өнеркәсіптерінің  ағын  суларының  құрамы  біршама  күрделі – табиғаты  органикалық  және  минералды  әр  түрлі  ерітінділердің  гетерогенді  қоспасы, соның  ішінде  бірқатар  металдардың, әр  түрлі  токсикалық  қосылыстардың, көмірсутегінің  гидроксидткрі.[2]

      Беттік  су  қоймалар  және  өзендер – бұл  күрделі, антропогендік  әсерлер- ге  біршама  сезімтал  экожүйелер. Ағын  сулары  тазартылмаған  күйде  тасталынып, олардың  химиялық  құрамы  өзгереді, минерализациялануы  көбейеді, ортаның  активті  реакциясы  өзгереді, жаңа  токсикалық  заттар  пайда  болады. Физикалық  қасиеттері (түсі, иісі, дәмі)  күрт  нашарлайды. Мұндай  су  қоймалар  ластанған  категориясына  өтеді.[3]

      Өкінішке  орай, қазіргі  экологиялық  жағдайда  бетондар  және  ерітінді-лер  дайындауға  ластанған  беттік  суларды  қолдану  қауіпті. Мысалы, Миасс, Тура  және  Оңтүстік  Оралдағы  Салда  өзендері  мыс  қоспаларымен  ластанған, ал  Кузбастағы  Томь  өзені – фенолдармен  және  ауыр  металдар- мен  ластанған.[3]

      Горбатовскийдің  ойынша  құрылыс  қажеттіліктеріне  ашық  су  көзде- рінен  алынатын  судың  сапасына  бақылдауды  күшейту  қажет. Ал  егер  ШМК  100-ден  жоғары  болса, бұл  су  көзін  қолдануды  тоқтату  керек.

      Су  экожүйесінің  жағдайына  құрылыс  территориясынан  ағып  келетін  беттік  ағын  сулар  әсерін  тигізеді. Жауын-шашын  суы, еріген  қар  суы, суаруға  және  жууға  жұмсалатын  сулар  құрылыс  алаңынан  химиялық  зиянды  заттармен, биогенді  элементтердің  қоспаларымен  және  шаң, аэро-золь, мұнай  өнімдері  бөлшектерімен  ластанып, су  қоймаларына  ағып  кетеді.[2]

 

                           Жер  асты  гидросферасы.

      Құрылыс  өндірісі  әр  түрлі  жолдармен  жер  асты  гидросферасына  жағымсыз  әсер  етуі  мүмкін. Біріншіден, құрылыс  жер  асты  суларын  өзі-нің  қалдықтарымен ластайды. Екіншіден,олардың  су  ресурстарын  аздырады  және  үшіншіден, жағымсыз  геологиялық  процестердің  дамуына  жағдай  жасайды.[7]

      Жер  асты  суларының  құрылыстың  әсерінен  ластануының  негізгі  көз-дері  құрылыс  индустриясының  ағын  сулары, құрылыс  алаңдарының  ластанған салалары  және  құрылыс  материалдарының  уақытша  қоймала-ры  болып  табылады. Сонымен  қатар, құрылыс  және  күнделікті  қоқыс-тардың  сүзгілері  де  ластанудың  бір  көзі  болып  табылады. Ластаушы  заттар  грунттар  аэрациясы  зонасы  арқылы  инфильтрацияланады  және  жер  асты  су  өтетін  құбырларға  түседі.[13]

      Жер асты  суларының  ластануының  тағы  бір  көзі – іштен  жану  двига- тельдерінде  жұмыс  істейтін  және  құрамында  қауіпті  токсикалық  заттар  бар  құрылыс  машиналары  мен  механизмдері  шығаратын  түтіндер. Олар  топырақ  және  құрылыс  материалдары  бетіне, жол  бойына  қонып, содан  кейін  жаңбыр  суымен  және  еріген  қар  суымен  шайылып, су  ағатын  жер  асты  бөліктеріне  өтеді.[14]

      Қысқа  периодта  тайғақты  болдырмау  үшін  пайдаланылатын  ерітінді- ні  көп  мөлшерде  қолданудан  жер  асты  сулары  қатты  ластанады,фитоце- ноздардың  апатты  бұзылуды  және  топырақ-деградациясы  байқалады.

      Ластанған  жер  асты  суларын  технологиялық  бағытта  құрылыс  мате-риалдары  өндірісінде  мысалы, тұрғын  үй  ғимараттарының  құрылыс  конструкцияларын  дайындау  кезінде  экологиялық  қауіпсіздік  өлшемде- рін  ескеру  керек. Осымен  байланысты  ластанған  жер  асты  суларында  болатын  қорғасын, никель, кадмий, фенолдар  сияқты  қауіпті  ластаушы  заттар  құрылыс  матералдарын  дайындауға  кететін  барлық  технология- лық  операциялардан  кейін  ақыр  соңында  олар  тұрғын  үй  ғимараттары- ның  ішкі  ортасына  түсіп, адамға   токсикалық  әсер  етуі  мүмкін.[17]

      Құрылыс  шаруашылығы  ластаудан  басқа  жер  асты  суларын  азды- руы  мүмкін, яғни  олардың  қорларының  толыспай  азаюы.Бұл  карьерлер-ді, тоннельдерді, терең  құрылыс  ойықтарын  және  шұңқырларын  кептіру  сияқты  құрылыс  жұмыстары  барысында  байқалуы  мүмкін  мүмкін. Бұл  жұмыстар көп  жағдайда  әр  түрлі  зиян  келтіретін  геологиялық  процестер- мен  қатар  жүреді.[18]

 

                      Құрылыстың  литосфераға  әсері.  

      Литосфера, нақты  айтқанда  оның  жоғары  бөлігі  басқа  табиғи  сфера-лармен  салыстырғанда  құрылыс  жұмыстары  барысында  жағымсыз  әсер-ге  біршама  көп  ұшырайды. Құрылыс  жер  қабығының  беттік  зоасында  қауіпті  геологиялық  процестер – көшкіндердің, өрттердің, жердің  төмен  түсуінің  және  басқа  да  апаттардың  себепшісі  болады;топырақ  жамылғы- сын  және  грунттар  массивін  ластайды, қоқытады, табиғи  экожүйелердің  алқабын  кішірейте  отырып, бағалы  жерлердің  үлкен  алқаптарын  құнар- сыздандырады.[18]

      Құрылыс  техногенезі  барысында  негізгі  өзгерістер  пайда  болады. Ли-тосфераның  құрамдас  бөліктері:

1)топырақ.

2)тау  жыныстары  және  олардың  массивтері.

3)жер  қойнауы.[]

 

                        Құрылыстың  топыраққа  әсері.

      Топырақ – қалпына  келмейтін, баға  жетпес  табиғи  ресурс, ол  маңызды  биологиялық  адсорбент  және  ластануды  бейтараптаушы  болып  табыла- ды. Сонымен  бірге  топырақ  өте  күшті  антропогенді  әсерге  ұшырайды. Себебі, ол  жер  бетінің  литосфералық  қабығының  бірінші  қабаты.

      Топырақтың  ластануы. Құрылыс  шаруашылығы  процесінде  топырақ-тар  қоқыспен, цементпен, ағын  сулармен, мұнай  өнімдерімен, токсикалық  заттармен  оңай  ластанады. Ластанудың  негізгі  көздері: құрылыс  қалдық- тары  жинақталатын  орын, газды-түтінді  тастандылар, тасымалдау  және  сақтау  кезіндегі  құрылыс  материалдары, техникалық  талаптар  сақтамай  құрылыс  территориясынан  ластанған  суларды  шаю  және  басқалары.[4]

      Топырақты  интенсивті  түрде  объектінің  құрылысы  және  реконструк- циясынан  кейін  қалған  қалдықтар  ластайды. Боялған  керпіштердің  сы-рында, ұнталып  қалған  ақбалшықта  және  басқаларында  ауыр  металдар- дың  үлкен  көлемі  табылады. Топыраққа  пластмассаны  көмудің  әсерінен  оның  құрамында  кадмий  сияқты  қауіпті  ластаушының  көлемі, керамиканы  көмудің  әсерінен  мырыштың, хромның, мыстың  көлемі, ал  қағазды  көмудің  әсерінен  топырақта  мырыштың, қорғасынның, кадмий  мен  хромның  мөлшері  өседі. [13]

      Топырақтың  ластануының  біршама  ірі  көзі  жоспарланбаған  қоқыс  жиналатын  жерлер. Бұл  жағдайда  жерлердің  биоөнімділігі  шұғыл  төмен-дейді, қоқыс  жиналатын  территорияда  ғана  емес, сонымен  қатар  көрші-лес  жатқан  біршама  үлкен  ауданда  да  топырақ  және  жер  асты  сулары  көптеген  онжылдарға  ластанады.

      Құрылыс  индустриясы  өнеркәсіптерінің  маңында  топырақтар  газды-шаңдардың  бөлінуінен  интенсивті  ластанады. Топырақта  жинақталатын  токсиканттар  ұзақ  уақыт  бойы  кез-келген  популяциясына, соның  ішінде  адам  үшін  қауіпті  болады.

      Топырақтардың  жабылуы.Яғни  оларды  асфальтпен  және  цементті  плиталармен  жабу  құрылыс  объектілері  көп  орналасқан  территориялар- да мысалы, Москваның  Садовая  сақинасының  көлемінде  90-95%, өндіріс- тік  зоналарда  80-90%  дейін  жетеді. Жабылған  топырақтар  заттардың  кіші  биогеохимиялық  және  үлкен  геологиялық  айналымдарына  қатыс- пайды  деп  айтуға  болады. Олар  деградацияланып, биосфералық  – инертті  топырақтар  қатарына  көшеді. Экожүйелер  маңызды  табиғи  сүзгіш  және  универсалды  адсорбент  топырақты  жоғалтады.[10]

 

                    Құрылыстың  жер  қойнауына  әсері.

      Жер  қойнауы – бұл  пайдалы  қазбалар  алынатын  жер  қабығының  жоғарғы  қабаты. Құрылыстың  жер  қойнауына  әсері  бірінші  кезекте  табиғи  құрылыс  материалдарын  өндірумен  байланысты, сонымен  қатар  жерлерді  жер  асты  құрылғыларының  құрылысына  қолдану  мүмкіндікте-рімен  де  байланысты.

      Табиғи  құрылыс  материалдарына  құрылыс  барысында  жабын  және  қабырға  ретінде  қолдануға  болатын  және  жерлік  құрылғылар  мен  жол  жабындарын  қондыру  кезінде  қолданылатын  әр  түрлі  тау  жыныстарын (гранит, әктас, құмдар, гравий, щебень, саз)  жатқызады. [9]

      Басқа  жағдайларда  тау  жыныстары  жасанды  құрылыс  материалда- рын  дайындау  үшін  шикізат  ретінде  қолданылады. Мысалы, мергель – цемент  үшін, саз – саз  керпіш  үшін.

      Табиғи  құрылыс  материалдарын  көп  жағдайда  ашық  әдіспен  карьер-лерден  алады.

      Карьерлерден  табиғи  құрылыс  материалдарын  өндіру  биосфераның  барлық  компоненттеріне  жағымсыз  әсер  етеді. Жер  қойнауының  эколо-гиялық  жағдайы  негізінен  оған  әсер  ететін  тау-кен, құрылыс  және  басқа  да  өнеркәсіптердің  масштабы  мен  сипатына  байланысты  болады.[14]

      Табиғи  құрылыс  материалдарын  өндіру  барысында  пайда  болған  жағымсыз  экологиялық  жағдайлардың  маңыздылары: карьерлердегі  жару  жұмыстарынан  бөлінетін  шаң  және  шаңды  газдар, бағалы  жер  ресурстарының  азаюы, литосфералық  бұзылулар, биоценоздардың  жойы-луы  және  басқалары.[16]

      А. К. Бровцын  және  А. Н. Силантьевтің  пікірлері  бойынша  жоғары  дисперсті  саздар  бар  карьерлер  мен  шикізат  қоймалары  индаушы  сәуле-лердің  ашық  көзі  болып  табылады. Себебі, олардан  радон  және  торон  бөлінуі  мүмкін. Ал  бұлар  өз  кезегінде  адам  денсаулығына  зиянды. Сон-дықтан  құрылыс  шикізатының  ГОСТ-қа  сәйкес  келетін  радиация-эколо-гиялық  талаптарға  сай  келуі  қатаң  сақталуы  керек. [9]

      Табиғи  ортаның  басқа  да  компоненттері  сияқты  жер  қойнауы  да  қорғалуы  тиіс. Оларды  қорғайды: 1) рационалды  емес  қолданудан; 2) азу-дан; 3) ластанудан; 4) құрылыс  жұмыстарының  зиянды  әсерінен;[5]

 

               Құрылыстың  биотикалық  бірлестіктерге  әсері.

      Биосфераның  жақсы  жағдайы  және  қызметі, яғни  қоршаған  табиғи  ортаның  тұрақтылығы  ондағы  барлық  биотикалық  бірлестіктердің  тір-шілік  ортасы  қолайлы  болмайынша  мүмкін  емес. Ойланбай  жасалған  құрылыс  жұмыстары  биотикалық  бірлестіктерге  экологиялық  біршама  зақым  келтіреді.[17]

      Құрылыс  фитоценоздарға, яғни  ормандар  мен  ағашты-бұталы  өсімдік-терге  көлемді  әсерін  тигізеді.

      Ормандар  орналасу  орнына  және  атқаратын  қызметіне  байланысты  3топқа  бөлінетіні  белгілі:

      Бірінші  топ – қатаң  қорғалатын  ормандар. Олар  экологиялық  қорға- ныштық  қызмет  атқарады (суды  қорғау, егістіктерді  қорғау). Бұл  орман  парктер, қала  ормандары, аса  бағалы  орман  массивтері. Оларда  ағашты  кесу  тек  санитарлық  және  баптау  мақсатында  ғана  жүзеге  асырылады.

      Екінші  топ – бұл  қорғаныш  және  шекті  мөлшерде  пайдаланылуға  арналған  ормандар.

      Үшінші  топ – пайдаланылатын  ормандар, яғни  ағаш  шикізатымен  қамтамасыз  ететін  ормандар.

      Орманның  осы  топтардың  қайсыбіріне  жатқызылуы  орманды  пайда-ланудың  тәртәбін  және  құрылыстың  орналасу  орнын  анықтайды. Бірінші  топқа  жататын  ормандарда  құрылыс  жұмыстарын  жүргізуге  болмайды. Ал  басқа  территорияларда  табиғи  экожүйелерді  және  орман  ресурстарын  максимальды  қорғаудың  негізгі  принциптерін  қатаң  сақтау  қажет.[7]

      Өкінішке  орай, құрылыс  алаңдарында  кейде  құрылысқа  көршілес  жерлерде  дамуына  ұзақ  жылдар  кеткен  биоценоздық  жабын  интенсивті  бұзылады.

      Құрылыс-монтаждық  және  жөндеу  жұмыстарын  жасау  кезінде  сәндік  және  өнімдік  ағаштармен  қатар  бақтар  мен  парктердің  біршама  учаскі- лері  жойылады. Ағаштарды  жарық  арматуралармен, электр  сымдарын  ілуге  қолданады; оларға  құрылыс  машиналары  және  механизмдерімен  эжұмыс  жасаған  кезде  зиян  келеді. Өсіп  тұрған  ағаштардың  және  бұта-лардың  тамырлары  мен  діңгектерін  грунт  жауып  тастайды.[15]

      Электр  тораптары  объектілерінің  құрылысы  биотикалық бірлестіктер-ге  біраз  зиянды  әсерін  тигізеді. Әсіресе, тұрақсыз  геологиялық  және  өсім- дікті  орталар  ауданында. (тундра, батпақ, биік  таулы  аймақтар).[5]

      Автомобиль  жолдарының  құрылысы  фитоценоздарға  біршама  жағым-сыз  әсер  етеді. Бұл  өсімдіктердің  механикалық  бұзылуынан, фотосинтез  процестерінің  төмендеуінен, биохимиялық  процестердің  баяулауы  және  тоқтауынан  көрінеді.

      Табиғи  экологиялық  жүйенің  компоненттерінің  негізгілерінің  бірі – жануарлар  әлемі  де  құрылыс  кезінде  жағымсыз  әсерлерге  ұшырайды.

      Жануарлардың  басты  экологиялық  қызметі – олардың  заттар  мен  энергияның  биотикалық  айналымына  қатысуы. Экологиялық  жүйенің  тұрақтылығын  бірінші  кезекте  жануарлар  қамтамасыз  етеді. Популяция-түрлік  деңгейде  мұндай  жағымсыз  әсер  биологиялық  әр  түрліліктің  жойылуына  және  жануарлардың  жеке-жеке  түрлерінің  жойылуы  мен  сандарының  азаюынан  көрінеді. Құрылыс-монтаждық  жұмыстар  олардың  тіршілік  ету  жағдайларын, әсіресе, солтүстік  аудандарда, біршама  нашар -латады. Жануарлар  дүниесіне  экологиялық  зиян  миграция  жолдарының  бұзылуынан, жайылым  жерлерінің  құрылысқа  байланысты  босатылуы  –нан  және  құрылыс  техникасының  шуынан  жануарлар  дүниесіне  эколо-гиялық  зиян  келтіріледі.[14]

 

 

 

 

 

 

 

 

       Құрылыс  жүргізу  барысында  фитоценоздар  мен  зооценоздардың 

Информация о работе Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу