Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.

Содержание

Кіріспе 3
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері 4
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі 4
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау 9
1.3 Экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздері 16
2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 23
2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы 23
2.2 Заңсыз аңшылық қылмысының обектісі мен обективтік жағы 25
2.3 Соттардың заңсыз аңшылық қылмыстары үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы негіздері 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33

Вложенные файлы: 1 файл

kurstyk_zhumys.docx

— 74.71 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау проблемасы, соның ішінде жануарлар әлемінің биологиялық түрлерін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ елі табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөліп отыр.

Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.

Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірін көрсетеді, оны қамтамасыз етуге ішкі істер органдары да белсенді қатысуда, экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күресте олардың рөлі артуда.

Ағымдағы жылдың өзінде  ішкі істер органдарымен 1939 табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтады.

Жұмыстың мақсаты  экологиялық қылмыстар ішінде заңсыз аңшылықты зерттеу және оны ашу болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;

экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;

заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;

заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.

Зерттеудің  әдістемелік негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, заңнамалық және нормативтік актілері және қазақстан және шетел авторларының әдебиеттері құрады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

1.  Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың  негізгі түрлері

 

1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі

 

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті. Сонымен қатар, жер бетіндегі демографиялық жағдайдың күрт өзгерістерге ұшырауы, яғни халық санының тез өсуі табиғатқа деген тұтынысты одан әрі күшейтті. Бұның барлығы  табиғатқа үлкен зиян тигізеді. Аталған зияндардарды алдын алудың бірден-бір жолы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі - экологиялық бақылауды күшейту болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп уақыт бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді Сонымен бірге, жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні үғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр. Мысалы, В.В.Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда "кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру" Профессор Н.Б.Мұхитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. "Мемлекет — деп есептейді ол — табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады" [1, 43 б]

Экологиялық бақылаудың өзінің түрлері мен нысандары болады:

Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялық бақылау мыналарға бөлінеді:

  1. мемлекеттік бақылау;
  2. ведомстволық бақылау;
  3. өндірістік бақылау;

4) қоғамдық бақылау;

Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандай да бір ведомстволық мүдделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың объектілері ретінде мыналар қатысады: шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалануға жасалған шарттарда (келісім - шарттарда), лицензияларда көзделген шарттарды орындау. Объектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады: барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, объектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау, табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау

Сондай-ақ экологиялық бақылаудың заңда баянды етілген хабарламалық, алдын - ала ескерту, ағымдағы, жазалау нысандары болып ажыратылады. Хабарламалық бақылау алдын - ала ескерту не жазалау щараларын қабылдау мақсатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан көрінеді. Алдын - ала ескерту және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылданады, олар экологиялық заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану бақылаудың жазалау нысанының мазмұны немесе экологиялық бақылаудың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады [5]. Бақылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудың жазалау нысанын тек арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оның әдісі болып табылады. Экологиялық бақылау әдістерінің үғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің анықтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен практикада тиісті бақылаушы инспекциялардың қызметін іске асыру жүзеге асырылады. Экологиялық бақылаудың әдістеріне мыналарды жатқызу керек:

қоршаған ортаның және жекелеген табиғат объектілерінің сапалық жай-күйін байқау;

экологиялық және санитарлық органдардың нұсқамаларын орындауды тексеру;

экологиялық заңның нормалары мен талаптарын сақтауды тексеру;

экологиялық жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру, тоқтату;

кінәлі адамдарды жауапқа тарту.

 Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің елеулі шарты болып табылады, сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.

Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.

Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылаудың нысандары мен әдістерінің ауқымы мемлекеттік ведомствоның үстінен жасалатын бақылауға қарағанда елеулі түрде тар. Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттері мен мақсаттарын да мемлекет анықтайды. Атап айтқанда, арнайы уәкілетті мемлекеттік орган ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды қандай өлшемдермен, қандай тәсілдермен және әдістермен жүзеге асыратын болады, ведомстволық және өндірістік қызметтердің есеп берулері нысаны қандай болуға тиіс.

Ведомстволық бақылаудың айрықша белгісі оның қолданылу саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұсқаулары лауазымды адамдар мен уәкілетті объектілердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек. Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорынның шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға қояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі. Қоғамдық бақылау жұртшылықтың табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қатысуы нысандарының бірі болып табылады. Оның мақсаты -  мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне зиянды ықпалдарының алдын алу мен анықтауға жәрдемдесу [2, 21 б]

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезінде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін құру жолымен мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздейді.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары инспекциялар өткізумен немесе құқық қолдану іс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсіз және әділ шешімдер қабылдау үшін барлық өкілеттіктерге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту:

құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі сипаттамасын табуға мемлекеттік органдарға көмектесетін және ұзақ мерзімді перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргізуге ықпал ететін модельді құруға;

мемлекеттік органдарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, үкіметтік емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;

экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды құралы ретінде өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыруға;

табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына қызметтің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті нақты айқындауға;

қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталуы тиіс

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметті алдын - ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады. Қоршаған ортаны превентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның  жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарларын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары да ескеріледі. Сонымен қорыта келгенде, табиғи ресурстарды басқарудың тиімділігі мен сапасын сақтау - мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Қазіргі таңда ешкім де табиғат қорларын пайдалануды тоқтатуды ойламайды да, онсыз адамзат тіршілігі мүмкін де емес. Бірақ мұның бәрі табиғатқа зиянсыз болудың шараларын ескеру қажет. Сондықтан, табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдалану мен басқару үшін мемлекет экономикалық жағдайды басқара отырып, өзіне қажетті қүқықтарды иеленеді. Табиғи ресурстарды басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық әртүрлілігін сақтау еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірін көрсетеді, оны қамтамасыз етуге ішкі істер органдары да белсенді қатысуда, экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күресте олардың рөлі артуда [3, 2 б].

Осыған байланысты ІІМ мен оның аумақтық органдары экологиялық құқық бұзушылықты анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар қолдануда.

Ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап 30 қазанына дейін республика аумағында Қазақстан Республикасы ІІМ-де негізгі мақсаты заңсыз аңшылықты, орманды заңсыз кесуді, су жануарларын заңсыз аулауды, биологиялық ресурстар объектілерін тасымалдауды, тасуды, сатып алу мен сатуды анықтау болып табылатын республикалық «БРАКОНЬЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Іс-шараларды өткізу кезеңінде ішкі істер органдарымен 1939 табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтады.

43 қылмыстық  іс қозғалды, олардың ішінде:

- ҚР ҚК-нің  «Су жануарлары мен өсімдіктерін  заңсыз алу» деген 287-бабы бойынша - 10;

- ҚР ҚК-нің  «Заңсыз аңшылық» деген 288-бабы  бойынша - 7;

- ҚР ҚК-нің  «Жануарлар мен өсімдіктердің  сирек кездесетін және құрып  кету қаупі төнген түрлерімен  заңсыз іс- әрекеттер» деген 290-бабы  бойынша – 5;

- ҚР ҚК-нің  «Ағаштар мен бұталарды заңсыз  кесу» деген 291-бабы бойынша – 5;

- ҚР ҚК-нің  «Ормандарды жою немесе зақымдау»  деген 292-бабы бойынша – 1;

- ҚР ҚК-нің  «Ұрлық» (орманды) деген 175-бабы бойынша  – 2;

- ҚР ҚК-нің  «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті  иеленіп алу немесе ысырап  ету» деген 176-бабы бойынша – 2;

- ҚР ҚК-нің  «Көренеу қылмыстық жолмен табылған  мүлікті сатып алу немесе сату»  деген 183-бабы бойынша – 7;

ҚР ҚК-нің басқа баптары бойынша – 4 анықталды.

Браконьерлік фактілері бойынша тағы 8 материал қозғалу дәрежесінде.

Браконьерлерден 733 текше метр заңсыз дайындалған орманды, 10,9 тонна балық, олардың ішінде 1265 кг бекіре тұқымдас, 256 заңсыз аңшылық объектілер, 514 құқық бұзушылықтар жасалған қару-жарақ, олардың ішінде 208 бірлік атыс аңшылық қаруы, 23 жүзу құралдары алынды.

Браконьерлердің келтірген зиянының жалпы сомасы 6,3 млн-нан астам теңгені құрады.

1724 әкімшілік  хаттама толтырылып, сомасы 1 млн. 160 мың теңге айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан ішкі істер органдары 4 мың табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады 230 заңсыз балық аулау әшкереленді, олардың ішінде 8,5 тоннасы бекіре тұқымдас, 158 киллограм уылдырық, 1700 аулайтын құралдар, 180 жүзетін құралдар, 1800 шаршы метр заңсыз дайындалған ағаштар алынды

Информация о работе Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері