Экология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Вложенные файлы: 1 файл

рефераат.docx

— 74.61 Кб (Скачать файл)

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы экологияландыруда  экономиканың барлық саласындағы экологиялық  фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде  олардың қоршаған орта мен тұрғындар  денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын.  Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.

 

 

 

 

 

 

Экология оқулығы (М.Курсабаев)

ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ ПӘНІ (2013) 
 
Құрастырғандар: "Тұран-Астана" университеті «туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары: Асс.профессор, п.ғ.к. Құрсабаев М.Қ, б.ғ.д.,профессор Мырзаханов Н.М, г.ғ.к., доцент Аяпбекова А. Е.,б.ғ.к профессор Ғабдуллина М.Х., П.Ғ.К, доцент Абдикаримова Г.А

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» пәніне кіріспе 
Экология ғылымының даму тарихы 
Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған. 
Экологияның даму кезеңін үш этапқа бөлуге болады. 
1 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Бұл аралық экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл этапта тірі организмдердің қоршаған ортамен және олардың өмір сүретін ортасы туралы алғашқа ғылыми шолулар жасады. 
XVII-XVIII ғасырда А. Реомюр, 1734 ж. т.б. ғалымдар өздерінің көртеген биологиялық жазбаларында экология туралы жаза бастады. 
Осы кезде Ж. Ламарк (1744-1829ж) және Т. Мальтус (1766-1834ж) ең алғашқы рет адамның табиғатқа көп зиян келтіріп жатқаны туралы ескертулер жасап жаза бастады. 
2 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарына дейін. Бұл кезеңде экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы кезеңнің басында К.Ф. Рулье (1814-1858ж), Н.А. Северцова (1827-1885ж) және т.б. көптеген орыс ғалымдары экологияның алғашқы принциптерін және түсініктемелерін берді. Олар осы күнге дейін күшін жойған жоқ. 
1809-1882ж Ч. Дарвин органикалық өмірдің негізгі факторларын ашты. Оны ол “өмір сүру үшін күрес” деп атады. 
Одан кейін 1834-1919ж неміс ғалымы биолог-эволюционист биологияның негізгі бөлігі экология деп атады (1866ж).  
“Экология” грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді. 
ХХ-шы ғасырдың басында экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы аралықта Ч.Адамс (1913ж) экология туралы бірінші анықтама берді және оданда басқа негізгі шолулар басылып шықты. 
ХХ-шы ғасырда орыстың ғалымы В.И. Вернадский “биосфера” туралы ғылым еңгізді. 
30-шы және 4-шы жылдары (ХХ ғасырдың) экологияның дамыған кезеңі. Экологияның классикалық бағыттарының біріккен кезеңі. Мысалы: өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, микроорганизмдер экологиясы. 
1935 ж А. Тенсли ағылшын эколог-зерттеуші “экосистеманы”, одан кейін В.А. Сукачев “биогеоценоз” деген ұғымдарды еңгізді. 
Экосистема – тірі организмдердің белгілі бір уақытта өмір сүретін ортасы, сонымен қатар топырақтың климаттық физикалық, химиялық өзгерістері және әртүрлі организмдердің сыртқы ортамен әсерлесуі. 
Бұл терминді әртүрлі көлемдегі биоценозға қолдануға болады. 
- микроэкосистема (аквариум, шалшық, арық) 
- мезоэкосистема )талшық, жапырақты орман, жалпақ жапырақты орман) 
- макроэкосистема (океан, тропикалық орман) 
Ең кішкентай экосистема ол жалғыз ағаш барлық сонда өмір сүретіндермен, ең үлкен экосистема жер шарындағы “биосфера”. Экологиялық система табиғи және жасанды болады. Мысалы, жасанды экосистема космостық кеме. 
Ғалымдар барлық жер бетіндегі тірі организмдеріді үш үлкен болкқа бөледі: 
Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді. 
Консументтер – дайын органикалық заттарды жейтін тірі органикалық организмдер. 
Редуценттер – жаны жоқ органикалық заттарды жай бейорганикалық заттарға айналдыратын тірі организмдер. 
Жаны жоқ (өлген) органикалық заттар – құлаған жапырақтар, бұтақтар, ағаштар, өліктер және т.б. 
Осы үш бөлікті экосистеманың “биотикалық бөлігі” немесе “биотикалық” фактор деп атайды (биота - өмір, өмірлік). 
Экосистемаға, организмге әсер ететін ортаның физика-химиялық жағдайлары жатады. Бұл – температура, ылғалдылық, жердің рН-ы, жел, күн сәулесі т.б. факторлар. 
Бұлар “абиотикалық” фактор деп аталады. “а” деген ортаның тірі факторы емес деген сөз. 
3 этап – ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардан басталады және қазіргі уақытқа дейін. Экологияның комплексті ғылымға айналу кезеңі. Оның қатарына “адамды қоршаған ортаның табиғатың қорғау” деген ғылымда кіреді.

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 
Дара организмдер экологиясы – аутэкология Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм жəне оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Антропогендік фактордың əсерінің өзіндік ерекшеліктері. Ю.Либихтың минимум заңы. В.Шелофордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны. Стенобиоттық жəне эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мəні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы. Популяциялар экологиясы – демэкология Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып _______орналасу. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық жəне логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, 
протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм). Түр аралық бəсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф. Гаузенің бəсекелестік арқылы жою принципі. 
Экологиялық қуыс: потенциалдық жəне іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны жəне химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші жəне екінші бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының 1% жəне 10% ережелері. Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер жəне трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Экожүйелердің өнімділігі (бастапқы жəне туындаушы өнім). Экожүйелердің табиғи дамуы: бастапқы жəне қайталанған сукцессиялар. Экожүйелердің біртұтастығы жəне тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Табиғи экожүелердің тұрақтылық критерийлері жəне тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері. Биосфера жəне оның тұрақтылығы Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера жəне ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы. Антропогендік əрекетті қуатты геологиялық жəне геохимиялық фактиорлар ретінде мойындау тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы. Əлемдік биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера. Өндірістің дамуы жəне қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы. 
Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркəсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері жəне сабақтары.. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары (климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық əралуандылықтың кемуі, Əлемдік мұхитың ластануы жəне т.б.) олардың пайда болу себептері жəне зардаптары. Ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы жəне олардың экологиялық-генетикалық зардаптары. Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық проблемалары жəне тұрақты даму Əлеуметтік-экологиялық дағдарыс жəне тұрақты даму. Халық санының өсуі жəне оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі.Туылыммөлшеріне əсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау əдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік жəне табыстың əділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары жəне олардың шешілу жолдары. Əлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін əсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар жəне лаңкестік: экологиялық зардаптары. Əскери- өнеркəсіптік кешен жəне тіршілік ету ортасы. Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен əдістері. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық əралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап жəне оның биологиялық əралуандылықты сақтаудағы рөлі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі. 
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының əлеуметтік- экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы жəне өзге де полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың əдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім жəне экологиялық тəрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы жəне Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

2 августа, 17:42

Ответить

Mr_Kursabaev

0

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің  қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын организмдер кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады. 
 
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр. www.facebook.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экология негіздері