Экология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Вложенные файлы: 1 файл

рефераат.docx

— 74.61 Кб (Скачать файл)

Қазақстанда соңғы  жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі  және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна  мен флораның қалыпты тіршілігіне  зиян келтіруде. Аталған су алаптарының  өңірінде мыңдаған гектар орман-тоғай, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі азайып, бұрыңғы тамаша табиғи жайылымдар мен шалғындыктардың  орнына тіршілігі бұзылған немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортаң тақырлар пайда болды. Арал теңізінің  тартылуына байланысты көптеген мәселелер  туындады.

Балқаш өңірі  де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле — Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп  жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан  табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы  өзінін ауқымын кеңейте түсіп, мындаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле  өзенінің орта және төменгі ағысы  тұстарынан Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері  игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша  дакылдарын өсіру жоспарланып, Іле  суыньщ Балкашқа күю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын езенінің бойында Бестебе бөгенінің, Үлкен  Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік калпын бүзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан  тұратын жиделі қу-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы  елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген андар мен әнші құстардың  саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі  табиғат ескерткіштеріне толы Іле  бойы экологиялық апатты аймаққа  айналды.

Қазақстандағы басқа  да өзен-көлдердің экологиялық жағдайы  жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу  өзендері өндіріс қалдықтары мен  тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен  ластанғаны сонша, судағы балықтар мен  жағалаудағы құстардың, итбалықтардың  жаппай қырылып қалу фактілері жиі  кездеседі.

Елімізде су айдындары  мәселелерімен қатар топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының өзгеруі  табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде.

Қазақстанның экологиялық  жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына  келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді  қажет етеді.

Экология (грек oikos – үй, мекен және лигия) – тірі организмдердің тіршілік ортасымен  арақатынасын зерттейтін биологиялық  ғылым. «Экология» терминін 1866 жылы биолог Э.Гекель ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның процесінде өзгеруі деген ұғымнан құрылады.

Қазіргі экология ортаның  жеке әсерлерінің және олардың жиынтығының  өсімдік пен жануарлар организміне  тигізетін әсерін, популяцияның ортаға тигізетін әсерін, популяция санын  сақтау жолын, оның құрылымын, биогеоценоз  және экосистема әрекеттері заңдылықтарын, биогеоценоз құрылымының биогсоценоздық процестөрдегі маңызын т. б. зерттейді. Экология орман өсіру, балық аулау, аңшылық шаруашылықтарының теориялық, практикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Экологиялық зерттеулер құрлық пен судағы табиғи қорды тиімді пайдаланудың негізі және табиғат қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, биосераны  сақтауда үлкен маңызы бар. Экологияның  бірнеше ғылми бағыты бар. Жеке организмдердің тіршілік ара-қатынасын — аутоэкология, тіршілік ортасы жағдайлары әсерінен организмдер тобы не бірлестігі құрылуын — синэкология (бұл терминді швейцариялық ботаник К. Шрётер ұсынған және 1910 ж. Бүкіл дүнижүзі ботаникалық 3-конгресте  қабылданған), популяциялардың құрылу және даму заңдылықтарын, саны динамикасын, құрылымы мен қоршаған орта арақатынасына  т. б. популяциялық экология зерттейді. Экология зерттеу объектілеріне  қарай өсімдік экологиясы және жануарлар  экологиясы деп бөлінеді. СССР-да өсімдік  экологиясы мәселелерін аутоэкология қарастырады, ал синякологияны жеке ғылыми пән— фитоценологияға (геоботаникаға) жатқызады. Өсімдіктөр бірлестігін  шетел, әсіресе ағылшын және американ ботаниктері көбінесе экологияның  бір бөлігі (синэкология) деп қарайды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы экологиясы, медицияна экологиясы т.б. деп те бөледі. Экологияның жеке бір бөлімі—  палооэкология — қазба өсімдіктер және қазба жануарлардың тіршілік ортасымен  арақатынасын зерттейді.

Экологиялық нақты  зерттеулер 18 ғасырдың 2-жартысынан басталды. Неміс табиғат зерттеушісі А. Гумбольдт 19 ғасырдың бас кезінде  өсімдіктердің жер жүзінде ауа  райына байланысты таралу заңдылықтарын  анықтады. Экологияның негізгі принциптері  мен міндетін 19 ғасырдың 2-жартысында орыс ғалымдары К. Ф. Рулъе, Н. А. Северцов, А. Н. Бекетов, неміс зерттеушілері  А. Гризебах, И. Лоренн құрды. Экологияның  дамуына Ч. Дарвиннің Эволюдиялық  ілімінің үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында  экология саласынан көптеген жаңа деректер анықталды. 1868 ж. орыс ғалымы Н. Ф. Леваковский  өсімдіктің дамуына, пішіні мен құрылысына сыртқы орта жағдайы әсер ететінін алғаш рет эксперимент арқылы дәлелдеді. Орыс топырақ зерттеушілері  В. В. Докучаев, П. А. Костычев, А. А. Измаильский  жұмыстарында топырақ пен өсімдік  арасындағы өзара байланыс туралы экологиялық  деректер болды. Жануарлар экологиясы туралы алғашқы жинақты америкап Ч. Адамс (1913) жариялады. Бұдан кейін  американ экологтары Р. Чопмен, В. Шелфорд, ағылшын ғалымы Ч. Элтон, неміс зоологы  Гессе, совет зоологы Д.Н. Кашкаров маңызды қорытынды енбектер жариялады. Орыс ғалымы Г. Ф. Морозов орман туралы ілім құрып (1920), орманның дамуын, организм мен орта арасындағы байланысты, орманның географиялық ландшафтың бір бөлігі ретіндегі маңызын көрсетті. Өсімдіктердің тіршілік формасы және жануарлар адаптапиясы ілімі дами бастады.

20 ғасырдың 20 жылдары  экологияның ерекше бағыты —  популяциялық экология дамыды. Ауа  райы жағдайы мен биоценоздық  қатынастың жануарлар популяциясы  динамикасына әсері ашылды (орыс  биологы Г. Ф. Гауас еңбектері). Ағылшын зоологы Д. Читти популяция  және оның құрылымының өзара  байланысы нәтижесінде жануарлар  саны өздігінен реттеліп отырады  деген пікір ұсынды. Сове ғалымдары  Н. П. Наумов, Г. В. Никольский, поляк зоологы К. Петрусевилтің  популяцпялық зерттеулерінің үлкен  маңызы болды. Популяцияның физиологиялық  ерекшелігін зерттеуді алғаш  рет Н. И. Калабухов бастады.  Өсімдік экологиясы саласында  популяциялық зерттеулер белгілі  бір өсімдік бірлестігіндегі  бір түр особьтары қауымын  зерттеу—цепопопуляциядан басталады  (Т. Л. Работпов). В. Н. Сукачевтың  және оның ізбасарлары еңбектөрі  нәтижесіндо өсімдіктер бірлестігі (фитоценология) туралы ілімнің  теориялық негізі құрылды. Бұл  зерттеулер нәтижесінде фитоценоздың  мәні ашылды, өсімдіктер бірлестігіндегі  өсімдіктердің арақатынасының негізгі  ерекшеліктері анықталды, өсімдік  классификациясының принциптері  зерттелді, өсімдік бірлестігінің  құрылуы мен эволгоциясы заңдылықтары, олардың динамикасы мен өнімділігі  анықталды. Г. Ф. Морозов пеп  В. В. Докучаев пікірлерін дамыта  түсіп, В. Н. Сукачев биогсоценоз  ілімін құрды (1942). Шетелдерде  бұған пара-пар түсінік—зкосистема (ағылшын ботанигі А. Тенсли  ұсынған). Қазіргі түсініктегі экология 20 ғасырдың 30—50 жылдары биогеоценоздар, экосистемалар мен популяциялар  туралы жалпы теориялар құрылуымен  қалыптасты. Бұдан кейінгі жылдары  тундра (Б. Н. Городков, Б. А.  Тихомиров, В. П. Дадыкин), орман  (Л. А. Иванов), дала (Б. А. Келлер  т. б.) және шөл (Г. В. Заленский)  өсімдіктері экологиясы ерекшеліктерін  зерттеу негізінде тіршілік формасы  жүйелері едәуір жетілдірілді  және олардың эволюциясының негізгі  жолдары анықталды (И. Г. Серебряков). Өсімдіктер бірлестігіндегі өзара  химиялық әсерлер механизмі табысты  зерттелуде. Фитоценоздар мен (не  популяциялар) сыртқы орта әсерлерінің  белгілі жағдайы арясында тығыз  байланыс бар екенін ашу фотоиндикация  негізін ашуға (С. В. Викторов, Б. В. Виноградов) мүмкіндік беріп,  оны ауа райы топырақты, су  мен тау жыныстарын, жердің геологиялық  құрылысын, пайдалы қазбаларды  анықтауға, мұздықтар динамнкасын  зерттеуге кең қолдануда. В.  И. Вернадскийдің биосфера туралы  және организмдердің геохимиялық  процестердегі маңызы туралы  іліміне байланысты биоценоздағы  зат және энергия алмасуды  зерттеу басталды. Қазіргі экологияның  алдында экологиялық жүйелер  әрекетін зерттеумен қатар табиғи  бірлестіктердің табиғи өнімділігі  заңдылықтарын анықтау мәселелері  тұр (Л. А. Зенкевич, Е. М. Лавренко). Радиоактивті заттар концентрациясының  экосистемадағы таралу заңдылықтары  мен биологиялық әсерін анықтауда  радиоэкология саласында зерттеулер  дамып келеді. Экология праттикамен  тығыз байланыста дамып отырып  халық шаруашылығында, мысалы, солтүстікте  егіншілік дамыту (полярлық егіншілік), тың жерлерді игеру, егін қорғайтын  орман өсіру, ауыл шаруашылығы  өсімдіктері мен жануарларын  аудандастыру, интродукция, жерсіндіру  және селекция, ауруға, зиянкестерге, арам шөпке қарсы тиімді әдістер  ашу, топырақ эрозиясына қарсы  күрес, табиғи суларды ластанудан  сақтау т. б. бірқатар маңызы  бар мәселелерді шешуге көмектесті. Экологиялық білімнің табиғат қорғау шараларьтпын ашуда өте үлкен маңызы бар, сондықтан да табиғат қорғау экологияның бір бөлімі болды. СССР-де экологиялық зерттеулер СССР ҒА институттарында, одақтас республикалар ҒА-ларында, университетінттерде, ВАСХНИЛ және СССР Ауыл шаруашылық министірлігі қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарда, қорықтарда, орман және ауыл шаруышылқ тәжірибе ст-ларында т. б. жүргізіледі. Экологияның жеке мәселеріне арналған монографиялар, оқулықтар, жинақтар т. б. шығаралыды. 1970 жылдан «Экология» журналы шығарылып келеді.

Әдебиет: Шенников Л. П., Экология растений, М., 1950; Наумов Н.П. Экология животных, 2 изд., М., 1963; Основы лссной биогеоценологий, под ред. В.Н. Сукачева и Н. В. Дылиса, М., 1964; Одум Е. Экология, пер. с англ., М.. 1368.

Жер шарында жыл  сайын 600 миллион тоннадан астам  зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды  алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған»  Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

2002 жылы Иоханнесбургте  өткен Тұрақты даму жөнінідегі  әлемдік саммиттесөз сөйлеген  Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға  ұшырағаннан кейін, Қазақстанның  түрлі экологиялық, саяси, экологиялық  проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз  қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың  көз алдында «ғайып болған»  Аралтеңізі мен есепсіз жасалған  ядролық сынақтардан тоз-тоз болған  аумақтарға әлем назарын аударды.

БҰҰ мемлекеттік  хатшысы Кофи Аннен Қазақстанға  келген кезінде Президент  Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал  жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды  жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал экологиялық  апат аймағында тұратын халықтық  денсаулығы өте нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал Семей ядролық  сынақ айлағына қатысты айтар  болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы  радиоэкологиялық ахуалды бағалау  жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық  проблемалардың жаңа нүктесіне айналып  отырған  Каспий теңізіндегі техногендік апаттар мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны  тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының  толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының  қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында  Каспий экологиясы бойынша бірінші  халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі  шектеулі конференцияның жобасы жасалып,  оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің  төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды.      Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі  ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу,  оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі экологиялық  ахуалға әскери сынақ айлақтары  да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын  Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір  соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу  кезінде,  ракета ұшырылған уақытта,  сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің  экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша  ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады,  сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар  қалаларда ауа атмосферасының  ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі экологиялық  нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған  су көздері. Бірінші кезекте Ертіс  өзені мен Ертіс бассейнінің  басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін  ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен  Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Информация о работе Экология негіздері