Экология және тұрақты даму» пәні, оның мақсаттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 12:17, реферат

Краткое описание

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің

Вложенные файлы: 1 файл

7-сабақ Өж1.docx

— 38.06 Кб (Скачать файл)

1.   Оқушының  экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.

2.   Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі

3.   Оқушылардың қоршаған ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі

4.   Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру .

Қазіргі кезде жер шарындағы жаппай экологиялық апаттардың орын алуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын жаңа негізде жетілдірудің қажеттілігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан- 2030» атты жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту , ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Жолдауда айтылғандай, экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп болып отырғанын, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың 1/3 сапасыз ауыз суды пайдаланады.

Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру «Атамекен» (П.Р.Құрсабаев), «Елім-ай» (М.Х.Балтабаев), «Кәусәр бұлақ »(З.Ахметова) бағдарламалары ерекше орын алады. «Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбисінің – ұстанымдарына негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама . Оның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, әрбір мектепте халықтық, ұлттық тарихи – этнографиялық  мұражаймен бірігіп әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады . Оның негізгі міндеті  26 бағыттан тұрады . 1-11 сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу . Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды қоршаған табиғатты қорғау мәселелері , үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізу болып табылады . Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді ұйымдастыруда жүргізілетін сыныптан және мектептен  тыс жұмыстардың орны ерекше. Бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білгенде оқушыларға экологиялық тәрбие беру өз нәтижесін беріп, қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастырып, қастерлеуге , аялауға үйренеді . Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар толықтай кешенді шаралардан тұрады. Мектептен тыс мекемелерде жас натуралистер станциясында, жаздық  лагерьде әр түрлі табиғатты қорғау жұмыстары жүреді . Мұнда оқушылардың қызметінің негізгі бағыттары :

  • Мектеп маңын, шағын аудандарды және территорияларды көгалдандыру;
  • Бағалы жануарлар түрлерін қорғау (барлық құстар мен аңдарды қоректендіру) т.б.

Табиғатты қорғау мақсатындағы оқушылар жұмысынын мынадай түрлері тараған:

1.   жасыл және көгілдір жасақшылар отряды :

2.   жас орманшы ;

3.   топырақ эрозиясымен күрес отряды ;

4.   табиғаттың жас достар клубы ;

5.   демалыс және еңбек лагері ;

6.   арнаулы экспедиция мен жорықтар .

Сыныптан тыс жұмыстардан оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиелігін қалыптастыру  мұғалімнің жеке басына , оның жалпы кәсіби білімі мен шеберлігіне және сыныптан тыс түрлі көпшілік қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты . Осылардың бәрі бір-бірімен үйлесімді, байланыста жүру оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік  береді . Табиғатты оқытып үйретуде  мұғалімдер тек қана сыныптағы сабақпен шектелсе , онда оқушылардың білімін біржақты етеді. Ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмыстың, мектептің негізгі міндеттерін шешуге көмегін тигізетін алуан түрлерін қолдануы тиіс . Оның сыныптан тыс жұмысының басты бағыты – бағдарламада қаралған білімді тереңдету балалардың табиғатқа ұқыпты қарауы және пәрменді қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар жүргізу үрдісінде қарапайым  заңдылықтар анықталады , табиғаттың жекелеген түрлері мен құбылыстарының арасындағы байланыстар анықталады , сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейтеді. Балалардың дұрыс дүниетанымының , ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды. Мұғалімнің міндеті баланың жан дүниесіне білімқұмарлықтың  , талаптылықтың нәрін себу , балалардың табиғатқа деген тұрақты қызығушылығын, табиғат құбылыстарын зерттей білуге ынтасын қалыптастыру болып табылады .

Мектептен, сыныптан тыс экологиялық  жұмыстар:

1.   Оқушылардың білімі мен тәрбиелігінің дамуы оқу іс-әрекетінде белсенділігін арттыруға, бағдарлама бойынша берілетін экологиялық мазмұндағы материалдарды тез меңгеруіне жәрдемдеседі ;

2.   Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне мүмкіндік береді;

3.   Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары . Ол оқушылардың жеке басын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген жеке мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі .

Оқушыларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп , бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуға тиісті мынадай ортақ ұстанымдар бар :

  • Сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті түрде іске асырылады. Жүргізілген қандай жұмыстың түрі болса да оның белгілі бір қоғамдық бағыты болуы керек .
  • Сыныптан тыс жүргізілген экологиялық жұмыс түрін белгілеуде оқушының өзіндік көз қарасына, ұсынысына, қызығушылығына сүйенген жөн .
  • Ұйымдастырылған экологиялық жұмыс түрлері оқушылардың белсенді қатысуына ізденушілігіне бағыттайтындай болуы керек .
  • Жұмыс нәтижелі болуы үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, графигі болуы тиіс .
  • Экологиялық тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отырылуы қажет .
  • Сыныптан және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмысына оқушыларды түгелдей қатыстыру жолын қарастыру
  • Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізгенде  оқушылардың психологиялық-физиологиялық  дамуын және жеке бас ерекшеліктерін , қабілеттіліктерін ескеру қажет .

Жақында ғана елімізде экологиялық кодекс қабылданды. Бұл жерде еліміздегі  бүкіл мәселелерге талдау жасалып алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан істелетін шаралардың мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Экологиялық кодекс 9 бөлім , 47 тарау және 326 баптан тұрады . Кодекстегі мұғалімдер мен тәрбиешілер  үшін  ең қажеттісі 7 бөлім. Бұл бөлім «Қоршаған ортаның қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық» деп аталған.

ҚР-ның экологиялық кодексінде тағы бір ерекше алға қойған міндеттердің бірі – оқытушы кадрларының біліктілігін арттыру арқылы экологиялық  білім берудің сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда экологиялық кодекс барлық білім беру жүйелерінде кеңінен талқылануда. Ондағы көрсетілген шараларды барлық мекемелер қызу қолдауда. Біздің міндетіміз – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сөйтіп, өз жұмыстарымызда экологиялық кодексте айтылған міндеттерді үнемі басшылыққа алып отыру

«Экология және тұрақты даму» оқу құралы экологияға, оның негізгі бөлімдеріне қатысты сұрақтарды, тұрақты даму түсінігін және оның концепциясын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтарды ашып түсіндіретін материалдардан құралған.

Оқу құралы «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған дәрістер конспектісі болып табылады.

Оқу құралының жеке бөлімдері экология түсінігін, оның негізгі бөлімдерін (аутоэкология, демэкология, синэкология); тұрақты даму түсінігін және оның концепциясын; қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін, әдістерін және міндеттерін қарастыруға арналған. Сонымен қатар оқу құралында өздік бақылауға арналған сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілген.

Оқу құралы экология, тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын зерделеумен айналысатын магистранттарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.

Осы оқу құралын сәтті меңгеру және оның барысында сәйкес білім мен ілімдерді алу мамандардың кәсіби дайындығының деңгейін арттыруға көмектесіп, оларға әрі қарай өздерінің басқармашылық және өндірістік қызметін тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік стратегияларының тұрғысында іске асыруға мүмкіндік береді.

 

«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. 
 «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.

Тұрақты даму түсінігі 

 

 

 Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.  

      Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. 

 


Информация о работе Экология және тұрақты даму» пәні, оның мақсаттары мен міндеттері