Тұрақты даму концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 17:48, реферат

Краткое описание

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Содержание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Вложенные файлы: 1 файл

тұрақты даму.docx

— 53.94 Кб (Скачать файл)

Жоспар: 

 

1.Кіріспе. Тұрақты даму  концепциясы

2. «ХХІ ғасырдың күн  тәртібінің» негізгі бағыттары

3.Экологияны дұрыс қорғай  білейік  

 

 

         Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.       

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.       

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.         

1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.        

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.        

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).        

1992жылдың маусым айында  Рио-де-Жанейро қаласында өткен  БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму  бойынша өткен конференциясы  «Тұрақты даму» концепциясын  және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне»  атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта  тұрақты дамуды қамтамасыз ететін  жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде  көрсетілген. 

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің  алдын алу, ормандарды қорғау  мен биологиялық алуантүрлілікті  сақтау мәселелері бойынша қабылданды.       

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.       

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.         

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.        

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.        

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

-         бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-         суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

-         жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

 

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша  2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа  зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын  тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің  өздерінің балалрының саны мен  туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын  қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа  зиян қалдықтардан тазарту және  оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай дүниежүзінің  халқының жартысы қалаларда тұруы  тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық  малу процесінің бір бөлігі  болып табылады. Қалаларда жалпы  ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын  бір адамға шаққанда ең кемінде  күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз  ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық  шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.





 

 

 
ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
 
Жаһандық экономикалық дағдарыс шикізаттың даму үлгілерін алуды тағы бір насихаттай отырып, табиғи ресурстарды айналымға өлшеусіз тарту арқылы өндірісті қарқынды жолмен өрістетуді негіздейді. Бұл үлгі қоршаған ортаға орасан зор залал келтіруге итермелей отырып, ғаламдық экологиялық дағдарыс қатерін туғызады.  
 
Әлемде қазірдің өзінде өткір экологиялық ахуал қалыптасты. Оған мынадай негізгі белгілер тән:  
 
- табиғи, оның биологиялық процестерді бұзатын көлемде өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы; 
 
- су жүйесінің өнеркәсіптік және су қалдықтарымен ластануы; 
 
- табиғи ортаның жылу режимімен бұзылуы; 
 
- атмосфераның жанатын отын өнімдерімен ластануы;  
 
- зиянды және улы заттары бар, өмірдің геохимиялық және биологиялық жағдайына теріс әсер ететін материалдар мен өнімдерді пайдалану; 
 
- қоршаған ортаны шудың, тербелістің, сәулеленудің әртүрлі түрлерімен ластануы; 
 
- топырақтың, табиғи ортаның жойылуына жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына алып келетін жерді осы заманғы қалпына келтіру мен құнарландырусыз пайдалы қазбалар кен орындарын игеру; 
 
- орман алқаптарының оларды қалпына келтірудің төмен қарқыны кезінде бұзылуы; 
 
- қуаңдану процестерінің дамуына алып келетін егістік және басқа ауылшаруашылық жайылымдарының қысқаруы; 
 
- шикізатқа, азық-түлік тағамдарына және т.б. қажеттілікті қанағаттандыру үшін хайуанаттар әлемінің жекелеген түрлерінің жойылуы.  
 
Мұндай жағдай экологиялық шектеулер тұрғысындағы әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын әзірлеудегі қызығушылығын арттыруға алғы-шарт болып табылады. Экологиялық дағдарыс туралы айтқанда біз өзара байланысты қоғамдық (антропогендік) және тіршіліктік (табиғи) факторлардан туындаған қоршаған ортаның ластануын меңзеп отырмыз. Осы мәселеге және оларды шешу құралдарындағы ұстанымдарды шет елдерде айрықша дамыған үш теориялық бағыттармен бөліп көрсетуге болады.  
 
Бірінші бағытқа әлеуметтік-экономикалық өсуге жағымсыз көзқарас білдірген инженерлік кибернетика саласындағы мамандарды (Дж.Форрестер, Д.Медоуз және басқалар) жатқызуға болады.  
 
Екінші бағыт, егер нарықтық экономикалық тетіктерді табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің әртүрлі түрлерімен толықтырса, әлеуметтік-экономикалық даму негізінде экологиялық дағдарысты еңсеруге болады деп тұжырымдайтын әлеуметтік-экономикалық өсуді жақтаушыларды біріктіреді. Осы бағыттың шегінде реттеу әдістеріне қатысты ерекшеленетін екі бағытты бөліп көрсетуге болады. Оны жақтаушылардың бірі «бір сарынды дирижерлік әдістерді» жақтайды. Олар бағалық реттеуді қолдайтын жаңа классикалық қанаттың өкілдері. Басқа ағымның өкілдері - институционалистер – мәселелерді институттар жүйесін: заңнамалық, қадағалау және бақылау органдарын, стандарттарды және т.б. құру арқылы шешу қажет деп санайды.  
 
Үшінші бағыт көптеген мектептерді, ағымдар мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіреді, олардың өкілдері «даму мен өмір салтының балама үлгілері» жасау идеясы төңірегіне топтасады. Алдағы бағыттардан ерекшелігі осы бағыт өкілдері экологиялық ахуалдың әлеуметтік астарларына жіті назар аударады.  
 
Қазіргі тұжырымдамалар төрт негізгі мәселелермен, негізінен әртүрлі ұстанымдармен айрықшаланады: 
 
- экологиялық дағдарыс себептерін түсіндіру; 
 
- экологиялық дағдарысты еңсеру; 
 
- экономикалық өсудің қоршаған ортаны қорғаумен, экологиялық мәселелерді шешумен үйлесімдігі; 
 
Экологиялық дағдарысты еңсеру құралдарын, оның ішінде экологиялық реттеу және экологиялық саясат құралдарын таңдау.  
 
Осыған байланысты экологиялық шектеулерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың қолданыстағы теорияларын топтастырудың төрт негізгі өлшемін пайдалану ықтимал болып саналады (1-кесте).  
 
 
1 кесте – Экологиялық шектеу тұрғысындағы әлеуметтік экономикалық даму тұжырымдамасын топтастыру 

 
Топтастыру  
 
өлшемі

 
Тұжырымдаманың  
 
басты қағидасы

 
Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны)

 
Экологиялық дағдарыстың басты себебін түсіндіру

 
Өндіріс күштерін дамытудағы кемшіліктер 
 
Қоғам институттары жүйесінің жетілмеуі 
 
Нарықтық қатынастардың шектеулі дамуы мен таралуы

 
Техникалық детерминизм 
 
 
Институционализм 
 
 
Неоклассицизм

 
Экологиялық дағдарысты еңсеру мүмкіндігіне көзқарас

 
Жағымсыз: дағдарыс еңсерілмейді 
 
Оң: дағдарысты еңсеруге болады

 
Экологиялық пессимизм 
 
 
Технологиялық оптимизм

 
Экономикалық өсу мен табиғатты қорғаудың үйлесімділігі идеясына көзқарас

 
Жағымсыз: экономикалық өсуді тоқтату қажет 
 
 
Оң: экономикалық өсу мүмкін

 
«Өсуге қарсы» теориясы 
 
 
«Сапалық» және «үлгілік» 
 
өсу теориясы

 
Экологиялық саясатты  
 
жүргізудің ұсынылған  
 
құралдары

 
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері 
 
 
Жанама (нарықтық) әдістер 
 
 
Аралас әдістер

 
Дирижизм 
 
 
Неоклассицизм 
 
 
Неоклассикалық


 
 
Тұрақты даму тұжырымдамасында көзделген ұзақ мерзімді тиімділік пен әділдік материалдық және ізгіліктік негіздерді, сондай-ақ индустриалдық қоғам дамуының экономикалық тетіктерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін тудыратындықтан, бұл тұжырымдама әзірше жеткілікті деңгейде нарықтық экономикасы дамыған елдердің экономикалық саясатына әсер еткен жоқ. 
 
Экологиялық ақиқаттарға экономикалық өсу сәйкестігінің мәселесімен Қазақстан да кіретін шикізаттық экономикасы бар елдер үшін аса өзекті. Қазақстанды экономикасының шикізаттық сипатына қарамастан, индустриалдыққа дейінгі ел ретінде санауға болмайды, сонымен қатар ол индустриалды дамыған елдер қатарына да жатпайды. Қазақстан сияқты елдер индустриалды дамыған және дамушы елдер арасында аралық жағдайда қалып отыр (әлемдік экономиканың діңгегі мен орталығы). Оларда салыстырмалы жоғары даму мен артта қалушылық белгілері бар.  
 
Осы аралық жағдай қосарлы экологиялық жүктемеге алып келеді. Бір жағынан, мұнда ескі индустриалдық елдердегі сияқты техногендік дамудың жағымсыз салдары байқалады. Екінші жағынан, дамыған елдердегі сияқты табиғи ресурстарды пайдаланудың пәрменді әдістерінің нәтижесінде табиғи ортаның тозуы орын алады [1]. 
 
Қазақстанда бұл бірқатар жағдайларда тек республиканың мүддесіне ғана қатысты емес, ғаламдық салдары бар ірі экологиялық бұзушылыққа алып келді (Арал, Каспий жағалауы, бұрынғы Семей полигонының аумағы және т.б.) Кейбір мәліметтер бойынша, елдегі ресурстарды пайдалану мен биосфераның ластану көрсеткіштері Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі осындай көрсеткіштерден асып түседі, ал қоршаған ортаның бұзылуынан болған экономикалық залал ЖІӨ 20-30% жетеді [2]. 
 
Нарықтық экономикаға көшу кезеңі Қазақстандағы күрделі экономикалық ахуалды нашарлатты, бұл әлеуметтік-экономикалық даму процесіне де елеулі шектеулерді жүктейді. Экономикалық өсудің басталған кезеңінде, артынша экономикалық өсу кезеңінде республика өндірісті дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға инвестициялардың бір уақытта қатар өсуін қамтамасыз ете алмады. Әзірше экономикаға қатысты экологиялық мәселелер екінші орында қалып отыр.  
 
Сонымен қатар, елімізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа экологиялық саясат қалыптасып, оны қорғау жөніндегі шаралар әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына белсенді енгізіле бастады, 2004-2015 жылдарға арналған ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы бекітілді. 2030 жылға дейінгі – «Экология және табиғи ресурстар» Қазақстан Республикасының стратегиясын жүзеге асыру парниктік газдарды қысқарту, биоресурстарды сақтау мен тиімді пайдалану және т.б. жұмыстарды қамтиды. Қазақстанның экологиялық саясатында халықаралық ынтымақтастық кеңейе түсуде, көптеген халықаралық шарттар бойынша міндеттемелер орындалуда, бес Каспий жағалауы мемлекетімен, Каспий Экологиялық Бүкіләлемдік Банкісімен бірлесе отырып, бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылуда [3, 4]. 
 
Көптеген елдердегі сияқты «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттердің ұлттық жоспары» әзірленді (Алматы, 1999 ж.), онда ұлттық деңгейдегі бірінші кезектегі іс-әрекеттерді талап ететін экологиялық мәселелер белгіленді, табиғатты қорғау қызметінің аймақтары анықталды, басым жобалар мен шаралар, олардың болжамдық құны мен ықтимал демеушілері ұсынылды [5]. 
 
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отыра, Қазақстан құрлықтың табиғи және экологиялық жүйесінің дамуында осындай дәнекерлік міндетті атқаруда. Қазақстан аумағының көлемі климаттық жағдайлардың сан-алуандығы, өңірдегі су тепе-теңдігінің ерекшелігі бүкіл Еуразия аумағындағы экологиялық жағдайдың оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелділігін туғызып отыр. 
 
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі бүгінгі күнге дейін негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың едәуір көлемін пайдалану есебінен өтуде. Сондай-ақ табиғи капиталдың орасан зор шығыны мен бұзылуы орын алып отыр. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қоршаған ортаға әсер ететін жоғары эмиссиялармен қатар жүруде. Қолда бар бағалау бойынша ел аумағының 75% экологиялық тұрақсыздықтың жоғары қауіп-қатеріне ұшыраған. Шөлейттену мәселесі де өткір тұр. «Тарихи ластанулар», қалдықтардың жиналуы, стационарлық және жылжымалы көздерден шығарылатын улы заттардың күн арта өсуі табиғи орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қауіп төндіруде. 2006 жылы осы келеңсіздіктерді жоюға бағытталған «2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу» тұжырымдамасы қабылданды [6]. 
 
Сонымен қатар, Қазақстанда қабылданған құжаттар экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің бір-бірімен тығыз байланысын жеткілікті деңгейде анықтамайды. Экологиялық шаралардың маңыздылығымен қатар, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мәселелердің түйінін шешу жолдары экономикалық салада жатқандығын да ұмытпау қажет. Жоғары технологияларға негізделген күшті экономика ғана табиғатты қорғауға қабілетті. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы және өндірістік күштер дамуының жоғары индустриалдық сатысына дәйекті көшу процесінде ғана көптеген экологиялық мәселелердің шешілуі жеңілдейді. Соған сәйкес қоршаған ортаның ғаламдық жағдайына зиянды әсер ететін «лас» индустриаланған осы заманғы ресурстық және энергияны қажетсінетін кезеңді барынша қысқарту талап етіледі. 
 
2003 жылы экономикалық өсудің шикізаттық сипатынан арылуға бағытталған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы бекітілді. Алайда Стратегияны жүзеге асыру барысында Қазақстан экономикасындағы құрылымдық ілгерілеушіліктің жағымсыз бағыттылығын жою және тұрақты дамуды қамтамасыз ету әзірше мүмкін болмай отыр.  
 
Жалпы экономикалық даму әзірше көбінесе қоршаған ортаға жүктемесі жоғары дамудың шикізаттық үлгісіне бейімделген. Республиканың ИИД Стратегиясында экологиялық мәселелер кездеседі, алайда олар дербес топтаманы құрамайды. Стратегиядағы экологиялық саясаттың негізгі міндеті өнеркәсіпті экологияландыру болып табылады, ал бұл мәселені кешенді шешу ИСО халықаралық сапа стандарттарын енгізуден көрінеді. Стратегияда су ресурстарының, ауа бассейнінің ластану мәселесі қаралған, ал мұнай өндіру компаниялары негізгі көз болып табылатын топырақтың ластануы, климат өзгерісін ескерту, биосан алуандылығын сақтау мәселелері назарға алынбаған.  
 
Стратегияда бағыт беріледі, оған сәйкес экономика салаларын дамыту мен қалпына келтіру қоршаған ортаны ластайтын шығарындылар мен лақтырындылардың бір деңгейде тұрақтандыру кезінде жүзеге асырылуға тиіс. Стратегияда маңызды экологиялық мәселелер тұжырымдалған, алайда стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде экологиялық жүктемені төмендету бойынша қандай-да бір нақты міндеттер, бағдарлар қойылмайды. Жалпы осы топтама елдің және оның өңірлерінің экономикалық даму мәселелерінен алшақтау, онда жалпы нысанда экология аясындағы мәселелер нақтырақ көрсетілген.  
 
Тұрақты дамуға көшу үшін өнеркәсіпті әртараптандыру, оны жаңарту, технологиялық жаңғырту маңызды орын алады, сол арқылы табиғи ортаға экономикалық дамудың зиянды әсерін жоятын, ең болмағанда оны азайтатын өндіріс үлгісінің алғы-шарттарын енгізуге болады. Осы міндеттер өңірлік өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс.  
 
Бұл тұрғыда ҚР-ның 2020 жылға дейінгі қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру белгілі бір мүмкіндіктерге жол ашады. Бағдарламада тұрақты дамуды қамтамасыз ету міндеттері тікелей қойылмаса да, тұрақты даму мақсаты үшін оның табысты жүзеге асырылуы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттің Ұлттық жоспарына қарағанда, берерінің көп екендігін болжауға болады. Бағдарламаның басты міндеттері Қазақстан экономикасын әртараптандыру сервистік-технологиялық экономикаға, яғни жоғарыда атап өтілгендегідей, тұрақты дамудың негізгі шарты ретінде қарастырылатын экономикаға көшуге алғышарт жасау болып табылады.  
 
Шикізат экономикасы жағдайындағы тұрақты даму міндеттері аймақтық өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс.  
 
Дағдарыстан кейінгі кезеңде өңірлік құрылымдық өнеркәсіп саясатын жүзеге асыратын маңызды мәселелер қатарында қаржы ресурстарын іздеу мен инвестициялық белсенділікті артыру мәселесі тұр. Дағдарыстан шығудың қазіргі ахуалында айтарлықтай сыртқы қаржыландыруға – тікелей және жанама мемлекеттік қаржыландыруға (инвестициялар, дотациялар түрінде), шетелдік капиталды кеңірек тартуға есеп жасау мүмкін емес. Сондықтан өңірлер өнеркәсібін қайта құру, негізінен ішкі ресурстарға, жеке инвестицияларға бағдарлануы тиіс, бұл өз кезегінде инвестициялық кешенге қатысты икемді қаржылық саясатты талап етеді. Мысалы, осыған байланысты муниципальдық бағалы қағаздарды шығару тәжірибесін пайдалануға болады. 
 
Өңірдің өнеркәсіптік саясатының мақсаты, біздің пікірімізше, осы заманғы бәсекеге қабілетті өндіріс пен шаруашылық қызмет түрлерін қолдау мен дамыту, тиімсіз, экологиялық «лас» кәсіпорындарды тоқтату, жою немесе қайта құрылымдау, сыртқы және ішкі нарықтағы сұранысқа тұрақты даму мүдделеріне бейімделген өнеркәсіптің жаңа салалық құрылымдарын қалыптастыру есебінен өндірістің тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек.  
 
Оның негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс: 

  •  
    өнеркәсіптік дамуды қолдайтын облыстық бағдарламалар мен облыстық индустриялық карталарды жүзеге асыру;

 
- ұзақмерзімді келісім-шарттар мен мақсатты келісімдер негізінде облыс кәсіпорындары арасындағы тиімді байланыстарға қолдау көрсету; 
 
- өнеркәсіп кәсіпорындарының қайта құрылымдау үрдістерін ынталандыру; 
 
- Қазақстан аймақтарының, сондай-ақ ТМД елдері кәсіпорындарының тиімді сауда-экономикалық байланыстарын қалпына келтіру; 
 
- аймақтық өнеркәсіптік кешен мен еліміздің ірі корпоративтік құрылымдарын ынтымақтастыққа тарту;  
 
- жергілікті кәсіпорындарда әлеуметтік маңызы бар, оның ішінде экологиялық өнімдер шығаруға аймақтық тапсырыстар құру және орналастыру; 
 
- аумақтық басқару органдары мен жеке бизнес арасындағы өзара ұйымдық ықпалдастық нысанын дамыту. 
 
Әрине, өңірлерде дағдарыстан шығу кезінде кәсіпорындарды қолдау мүмкіндігі шектеулі болғандығын ұмытпаған жөн. Мұнда басты құрал мақсатты өңірлік бағдарламалар болуы мүмкін. Бұл нысан әзірше Қазақстанда жүзеге аспай отыр. Солай болса да, бағдарламалық тәсіл шетелдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттің бірыңғай өңірлік саясатымен байланыса отырып жекелеген өңірлерді дамытудың стратегиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Өңірлік бағдарламалар мемлекеттік бағдарламалармен салыстырғанда, біршама салыстырмалы жұмыс көлемімен және ресурстық шығындармен ерекшеленеді және қатаң нысаналық бағыттылығы, дербестілігі, уақыт аралықтардың нақты шектеулері бар және жалпымемлекеттік өңірлік саясатпен ерекшеленеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанда әзірленіп жатқан өңірлік индустриалдық карталармен үйлесуі қажет.  
 
Бағдарламалармен қатар, жекелеген кәсіпорындарды, мысалы бірқатар жергілікті салықтар мен жиымдар бойынша жеңілдік түрлеріне қолдау көрсетіледі. Кәсіпорындарда босаған ресурстарды айналым құралдарын толықтыру үшін, негізгі қорлардың белсенді бөлігін жаңартуға, жаңа өнім түрлерін игеруге жұмсау мүмкіндігі пайда болады. Жұмыс істемейтін активтерді ұстаудың қажетсіздігінен босату үшін мүлік салығын төлеуден босатуға байланысты консервациялау тәртібін енгізуде пайдалы болуы мүмкін. Сол арқылы бұл бір жағынан кәсіпорындарға ара-тұра салық жүктемесін әлсірету үшін металл ретінде сатуға мәжбүр қондырғыларды жақсы уақыттар келгенге дейін сақтауға көмектеседі. Екінші жағынан – осындай жолмен босаған құралдарды өндірісті дамытуға жұмсауға мүмкіндік тудырады.  
 
Тұрақты даму мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өңірлік, құрылымдық-инвестициялық саясаттың басымдықтары екі түрлі: тактикалық және стратегиялық міндеттерді шешу қажеттілігін есепке отырып, таңдап алынуға қажет. 
 
Құрылымдық қайта құрудың стратегиялық басымдықтары оларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді түбегейлі өзгерістер мен қомақты қаржыны талап етеді. 
 
Таяудағы 3-5 жылда аймақтардың дамуы ауқымды дәрежеде дағдарыстан кейінгі кезеңді қалпына келтіру қажеттілігінен туындайтын болады. Бұл кезеңде тұрақты даму міндеттері тікелей басым бола алмайды. Бар назар тұрақты даму қаупін төмендетуге, осындай даму мүмкіндігі үшін алғышарт жасауға бөлінуі тиіс. Мұнда үш бағыт болуы мүмкін: аймақ кәсіпорындарының даму мониторингі; инвестициялау үшін басым нысандарды сұрыптау; аймақтық органдардың кәсіпорындармен жұмысын жетілдіру. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 

Информация о работе Тұрақты даму концепциясы